Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:59

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Қарауылдағы айтыс: Мақсат пен Қарлығаш

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Қарлығаш Әубәкірова, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қарағандылық Мақсат Ақанов пен семейлік Қарлығаш Әубәкірова осы айтыста оныншы жұп болып сахнаға көтерілді.

Екі ақын айтысты қазақы әзілмен өрбітіп, көрермен қауымның көңілінен шыға білді. Айтыстың соңын ала Қарлығаш Әубәкірова ел өмірінің өткен күндерін өлеңмен тізбектеп шықты:

– Қасиетті Қарауыл, себебін айтшы мынаның.
31-дегі зұлматта бұралып аштан құлдың.
37-де ұлт сүю ауыры болды күнәнің.
Ібіліс жеңбес ауырды Сібірде жүріп сынадың.
41– қанды қасапта «Ұлы отан» болды ұраның.
Көмусіз қалды, кебінсіз, жат жерде қанша ұланың.
Ар-иманыңды қалқан ғып, полигонға да шыдадың.
Өзгелер құсап мұнайдың ағызған жоқсың бұлағын.
Қолдағы алтыныңның да қу орыс алды құлағын.
Сөйтсе де қылып шүкірлік, қанағат болды тұмарың.

Ал Мақсат Қазақстанның өзге жұрттардан айырмашылығын, өзі таныған артықшылығын айтты:

– Ұйғырларда әлі күнге астана жоқ,
Мақсат Ақанов, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
​​
Алты аласым жоқ шығар, бес бересім.
Шешендер егемендік ала алмай жүр,
Басынан ұстап алып қос кеменің.

...Қырғыздар қырықпышақ болып жатыр,
Солардың ертеңіне сескенемін.
Қиналғанда оларға көмек берген,
Біз сияқты мұсылманды дес көремін.





Мақсат пен Қарлығаштың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: konak Қайдан: tay
23.10.2011 02:34
+0 / -0
карлыгаш айтысты койсай отиниш,максат жарайсын бауырым
Пікір алмасу

Кімнен: Төлеген Қайдан: Алматы
23.10.2011 13:45
+0 / -0
Ағасы, керісінше Қарлығаштың айтысынан, ұрпаққа үлгі болар дәстүр мен өнеге үлгісі байқалады. Екеуінің де айтыстары жоғары деңгейде болған. Кейбіреулірдікі сияқты ел жұртқа пайдасыз, жөн-жосықсыз әңгімелерден ада.

Кімнен: Абай Вольник Қайдан: Жанаозен
25.10.2011 23:30
+1 / -0
Максат мыкты акын осы акынга ризамын

Кімнен: Жанар Қайдан: Алматы
26.10.2011 17:05
+0 / -0
Қарлығаш тамаша, негізі Семейдің қыздары шеттерінен ақын. Абайдың топырағында туғандар ғой, киелі жер. Сара, Айнұр, Қарлығаш, Әсем - барлықтарыңа бастарыңа бақыт тілеймін, сендер айтысқанда тақымын қысып отырады апайларың. Рахмет сендерге, қазақтың қара өлеңінен өрмек өрген сіңлілерім.