Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:59

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Қарауылдағы айтыс: Мейірбек пен Сара

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Сара Тоқтамысова, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Айтыстың екінші айналымында жас ақын Мейірбек Солтанхан пен Сара Тоқтамысова сөз қағыстырды.

Сара Тоқтамысова өзіне сөз кезегі тиген бір сәтте полигон зардаптарын сөз етті:

– Сынақтан зардап көрген Абай елі,
Жалықты жүрдім-бардым жауаптардан.
Әлі күнге жарымжан ұрпақ туып,
Қайғысы күннен күнге қабатталған.
«Жоғары жақтан бір көмек бола ма» деп,
Үкіметтің қолына қарап болған.
«Полигонның ақшасын береміз» деп,
Ал үкімет аспай жүр әлі аттаннан.
Елбасына кіріп қағазбенен,
Жалықпайды-ау өтірік боратқаннан.
Ауылға көк тиын да жеткізбейді,
Жемқорлар жол ортада тонап болған.
Ауырды арқалаған Абай елі,
Өз жарасын өздері жалап таңған.
Мұндағы қойдан жуас қоңыр халық,
Қара су, қара нанға қанаттанған.
Тектіліктің тамыры қиылғалы тұр,
Бір жақсылық жетпесе жаратқаннан.

Мейірбек Солтанхан да қарсыласынан қалыспай, Сыр елінің көрген қиындығын айтты:

– Сыр елі мен Семейдің тағдыры ұқсас,
Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
​​
Жіпке тізіп айтайын бұл орайда.
Шиелінің ураны ушығып тұр,
Мекен болған Мұстафа, Бұдабайға.
«Мен ішпеген у жоқ» деп жылағанмен,
Уран ішіп көрген жоқ ұлы Абай да.
...Не болса да күтеміз жоғарыдан,
Бір қылса, билік қана қылар айла.
Ауылдың аңқылдаған адал халқы,
Алаңсыз сеніп отыр Нұр ағайға.

Айтысты әр аптаның бейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Мейірбек пен Сараның айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.10.2011 14:52
+0 / -0
Осы Сара қыз ба,келіншек пе?

Кімнен: Жанар Қайдан: Алматы
25.10.2011 17:02
+0 / -0
Азаттық Радиосына: К+ 6 шілдедегі Астана күніндегі айтысты Ютубқа іліп қойыпты. Ақындар патшамыздың туған күнінде Елорданың қақ төріндегі Ханшатырда отырып алып, билік пен патшамызды өткір сынға алыпты. Байланыстан ба білмедім, кейбір жерлері үзіліп қаған сияқты көрінді, мемлекеттік телеарналардан ол айтысты көрмейтініміз анық, сіздерден өтініш, сол айтысты қаймағын бұзбай, Азаттыққа іліп қойсаңыздар. Толық тыңдап, тамашаласақ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.10.2011 14:35
+0 / -0
ютубтан ол айтысты калай коруге болады?
ссылкасы бар ма?

Кімнен: Kulzhannyn nemeresi
25.10.2011 18:10
+0 / -0
Мейрбек болашагы зор акын тек тил козден сактасын!Жандарбекти женетн акын осы Мейрбек тек казр!
Пікір алмасу

Кімнен: Сикымбаева Сымбат Қайдан: Алматы
27.10.2011 12:17
+0 / -0
Суйiктiм-Мейiрбегiмдi осындай акын етiп жараткан Аллаhым оны тiл козден сактасын!

Кімнен: жанкуйер Қайдан: семей
25.10.2011 19:51
+0 / -0
Айтыс толық емес.3ши кезек қырқылып тасталынған.Толық нұсқасын неге жарияланбаған

Кімнен: Абай Вольник Қайдан: Жанаозен
25.10.2011 23:45
+0 / -0
Мейiрбек бауырым жарайсын Кулжаннын немересiне айтарым Жандарбектi женетiн акын коп Казакта АЛЛАга шукiр
Пікір алмасу

Кімнен: ара
27.10.2011 14:37
+0 / -0
ондай акын бар, бірақ аз!!!

Кімнен: Адай
31.10.2011 14:24
+0 / -0
Ангіме бірін-бірі женгенінде емес, халықтың тілегін, мун-муктажын дал тауып айтқанында!

Кімнен: макпал Қайдан: орал
31.10.2011 16:46
+0 / -0
Жандарбекке жететин акын жок

Кімнен: Рамазман Қайдан: АТЫРАУ
02.11.2011 10:56
+0 / -0
Zhandarbekke tilikwimiz.

Кімнен: Байтуғанов Данияр Қайдан: Астана
10.11.2011 05:34
+0 / -0
Мейірбек жаксы және жас ақын! Әрбір сөзі зіл тарихтағы Шал ақын статусын беруге лайық! Жарайсын Мейірбек! Әрбір шыңынды бағындыра бер!!

Кімнен: Айдос Қайдан: Астана
12.11.2011 11:18
+0 / -0
Жаксы айтыс болды. Сара жаксы айтысты