Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:02

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Қарауылдағы айтыс: Төреғали мен Айнұр

Қыркүйектің 15-і күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Төреғали Төрәлі, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Ол айтыста сахнаға алтыншы жұп болып байқоңырлық Төреғали Төрәлі мен астаналық Айнұр Тұрсынбаева шықты. Айтысты бастаған Төреғали бүгінгі қазақ билігіне қатысты былай деді:

– ...Біздің билік қазаққа сараң боп тұр,
Көмек берсе, қалардай қол кесіліп.
«Білімді ақылға емес, ақшаға ал» деп,
Оқудың төлемақысын берді өсіріп.
Билікте ұлтты ойлайтын ұл азайды,
Ел үшін тебінгісі терге шіріп.

Ал Айнұр Тұрсынбаева ауыл мен қала арасын жалғайтын ескі жолды жырға қосты:

– Астанам қалай гүлдейді, 
Айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
​​
Ауылдың халқы жүдесе.
«Ауыл жылы» дейді біресе,
«Жол картасы» дейді біресе.
Айғайлай бермей ағалар,
Халыққа тілеу тілесе.
Той біткен соң басшылар,
Семей мен осы Абайды,
Жалғайтын жолды түзесе.

Төреғали Төрәлі айтысты:

– ... Семей де, Өскемен де, ау, ағайын,
Орыстың атын теріс жамылмасын.
Семейге Әуезовтің атын беріп,
Өскемен Қабанбайды қабылдасын.
Облысқа Абайдың атын беріп,
Үкімет бұл сөзімнен көп үлгі алсын.
Елбасына ақпарат тез жетеді,
Біреуден естіп алар Кәрім Мәсім.
Менің бұл кісілерден өтінерім,
Елдің осы тілегін орындасын, – деп түйіндеді.

Айтысты әр аптаның бейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Төреғали мен Айнұрдың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: шынгыс Қайдан: астана
17.10.2011 15:33
+0 / -0
Жарайсыздар! Білімді қозғап ақын қосыпты жырына, қолдаймыз бәріміз бірігіп ұлт жанашыры. саламыз ұранымызға оқу тегін, ұстаздар еңбегін мұнайшылармен теңетсін, ұстаздың ешқайсысы кем емес сол мұнайшыдан, алғанбыз бәріміз білімді сол ұстаздан! Керек десен ел тізгінін ұстаған азаматтар да сол ұстаздан қаламын қай қолына алатынын үйренген. Күн туар Абай обылысын тойлайтын, Қабанбай деген қаладан келдім деп сол тойға жетерміз сол күнге де ұрандатсақ ҚАЗАҚ тілі жасасын, бабаларымның рухы қолдасын. Сенемін ұлт қамын ойлайтын азамтатарға!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.10.2011 16:19
+0 / -0
Азаттық радиосы осы Алматы қаласында үстамайды, айтысты қалай ести аламыз, мүмкін болса осы сайтта толық мәтінін берсе екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
17.10.2011 17:27
+1 / -0
Құрметті оқырман!
Айтысты осы сайттан, "Айтыс – Азаттықта" деген арнайы беттен тыңдай аласыз.

Кімнен: Абай Вольник Қайдан: Жанаозен
25.10.2011 14:34
+0 / -0
Торегалимен Айнурды неге кайта кайта жуптай бередi

Кімнен: Bagdat Қайдан: Taraz
15.11.2011 16:21
+0 / -0
Айтыс тамаша болған.жарайсың Төреғали.жеңiс сенiкі еді