Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:02

РАДИОХАБАРЛАР / Айтыс - Азаттықта

Астанадағы айтыс: Айбек пен Сағадат

Желтоқсанның 2-сі мен 4-і арасында Астанада «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты айтыс өтті. Айтысты Азаттық радиосы сайтынан тыңдаңыздар.

Айбек Қалиев, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Аламан айтысқа қазақстандық ақындармен қатар Қырғызстан, Моңғолия және Қытай елінен айтыскерлер келді. Айтыстың алғашқы жұбы торғайлық Айбек Қалиев пен атыраулық Сағадат Нұрманов болды.
Айтыскер ақын Сағадат Нұрманов. Алматы, 22 наурыз 2010 жыл.
​​
Ақындар Қазақстанда болып жатқан саяси-әлеуметтік оқиғаларды сөз етті.

Айбек Қалиев Қазақстан әскерінің қазіргі жай-күйін былайша суреттеді:

– Ұялы телефонға «бірлік» сал деп,
 Сержанттар қанайды екен салықпенен.
Несие картасына пұл құйдырып,
Командирлер белгілі нарықпенен.
... Барған жастар үлгермей ел қорғауға,
Ертерек қоштасып жүр жарықпенен.
Әскерге аттанғандар шабытпенен,
Еліне қайтып жатыр табытпенен.

Айбек Қалиев Ақтөбе мен Тараздағы жарылыстағы  ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің әрекетін де сынады.

– Ақтөбеде бүлікші тоғыз жанды,
Арнаулы әскерімнің қайда алғаны.
Тоғыз жанға мыңының әлі жетпей,
Шоқ түскендей шабына ойбайлады.
Күні кеше Таразда да бір бүлікші,
Лаң салып, түске дейін тайраңдады.
Ұстатпай ҰҚК мен полицияға,
Ойына келгенді істеп сайрандады,
...Өзін қорғай алмаған ҰҚК-міз,
Ұлттың қауіпсіздігін қорғай ма әлі.​​

Бұл тақырыпқа келгенде атыраулық Сағадат Нұрманов та қарап қалмады.

– Түспейді ел аузынан содырлардың,
Адамды бомба қойып жарғандығы.
Өкірер исламды қаралаған,
Алладан сыбағасын алған күні.
Біздерде дәрі қымбат, бәрі қымбат,
Тек қана азаматтың арзан құны,- деді Сағадат.

Бұл айтысты алдағы уақытта Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Айбек пен Сағадаттың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: ereke
07.12.2011 14:36
+0 / -0
Mynau bir tamasha AITYS bolypty, Aibektin slabyi bolypty
Пікір алмасу

Кімнен: ДУЛАТ
28.12.2011 17:45
+0 / -0
Азаттык радиосы калган айтыстарды кашан бересиздер? 19 желтоксанда Астанада болган айтыстыда берсениздер! рахмет!!

Кімнен: Aqorda Explorer Қайдан: Барзақстан, Күстана
07.12.2011 14:59
+0 / -0
Беу де!

Кімнен: Қылаң Қайдан: Маңғыстау
07.12.2011 15:15
+0 / -0
Азаттық радиосы толық айтысты бересіздерме?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
07.12.2011 15:21
+0 / -0

Құрметті Қылаң!

Назар аударғаныңызға рахмет.

Бұл айтыс та бұрынғы айтыстар сияқты Азаттықтың сайты мен бейсенбі сайын әуе толқынынынан берілетін "Айтыс" хабарынан толықтай беріледі.

Кімнен: Қылаң Қайдан: Қызыл-Төбе
07.12.2011 16:02
+0 / -0
осы Айбектің дауысы мен өтірік әңгімелері миымды ашытты,айтысыңба түсінікті қылып айтшиш
Пікір алмасу

Кімнен: Абай Қайдан: Ақтөбе
07.12.2011 18:55
+0 / -0
қылаң, биліктің құйыршығы емессің ба? Болмасаң, кешіріп қоярсың.

Кімнен: Қылаң Қайдан: Маңғыстау
07.12.2011 16:04
+0 / -0
Жауап бергеніңізге рахмет!

Кімнен: ДАКЕ
07.12.2011 16:27
+0 / -0
Жарайсындар осы акындарды парламентке отыргызу керекко!

Кімнен: Қақе Қайдан: Жаңаөзен
07.12.2011 16:53
+0 / -0
Жарайсың Айбек. Билік қысып басып отырса да халыққа ақиқатты жеткіздің.

Кімнен: Azamat
07.12.2011 19:23
+0 / -0
атыстың толық нұсқасы барма?бар болса қайдан алуға болады????

Кімнен: акын Қайдан: астана қаласы
07.12.2011 20:56
+0 / -0
айттысты өз көзіммен барып көрдім, Айбек жақсы айтты,бірақ тезек теріп кетті деп жақсы баға қоймады көпшілігі 8-9 бал қойды соның нәтижесинде финалға шыға алмады, Айбек жасалған қиянат болды былтыр тыс қалып еді, биыл 1 ші жұпқа бірден шығарып төмен баға қойды

Кімнен: Сунгыла Қайдан: Астана
08.12.2011 00:07
+0 / -0
Айбек дұрыс айтыса алмапты! Жасанды! Бұрынғы әуені жақсы еді загатовкасын білдіртпей жіберетін. Қазылар жақсы бағалаған.
Пікір алмасу

Кімнен: Khacker Қайдан: Aktobe
12.12.2011 02:54
+0 / -0
Bauyrym, mumkin sen bul aitystyn magynasyn tusinbegen bolarsyn, Aibektei akyn zhigitterimiz zhasai bersin, shyndykty shyngyryp aitatyn sanauly akynymyzdyn biri ayauly akyn Aibek bauyrymyz.

Кімнен: кан Қайдан: астана
08.12.2011 02:03
+0 / -0
Айтыс маган унамады акындар дайндалмаган жаттанды жалпы айтыска керек жок акындар АМАНЖОЛ САРА калгандары журе беосин

Кімнен: Қара бала Қайдан: Алматы
08.12.2011 12:51
+0 / -0
Айбек ага жарайсыз!!! Бастысы жеңіс емес, соны ескеріңіз.

Кімнен: abah Қайдан: sanji
08.12.2011 17:44
+0 / -0
bizden xihpay tur bul aytis..haytsek boladi
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
08.12.2011 17:47
+0 / -0
Басқа браузермен ашып көріңіз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.12.2011 11:56
+0 / -0
"Үй артында кісі бар..." сол ғой Сізде шығартпай тұрған!
Пікір алмасу

Кімнен: Khacker Қайдан: Aktobe
12.12.2011 02:59
+0 / -0
http://get.adobe.com/ru/flashplayer/ osy adres arkyly flash playerdi zhuktep ornatynyz, sosyn web brauzerdi zhauyp kaitara ashynyz sonda korsetedi

Кімнен: Медя Қайдан: Актау/ Батыс
09.12.2011 01:16
+0 / -0
казагым уш жузге болiнiп бiрiмiздi болiп журмiз кiшi жузде аледе кушке мiнер содан кейн казак бiр болады казiр укiметтiн ауылында жырлай берiндер. Айбек досым донызга баланы тенеме, саган да маганда Саадат досымада 15 казак баласынан береберсiн.
Медя
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.12.2011 12:01
+0 / -0
Қап, әттеген-ай, Айбек аңғармай айтып қалған ғой...
Айбек жан, әділ айтқан ақ сөздерің ғой, сол үшін Сені жақсы көреміз!

Кімнен: бағлан Қайдан: астана
09.12.2011 02:49
+0 / -0
Саадат сөзден ұстаған мықты жеңген, Айбек қазақ санын көбейгенін доңызға итке теңеді. Ақын теріс сөйлемесін.

Кімнен: Уяты Бар Казак Қайдан: Казахия
09.12.2011 15:07
+0 / -0
Азаттык Радиосы Бул аитысты жуктеиін десем компютерге зиян деп тургой Атакующие вирусы деп калаи жуктесем болады ?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
09.12.2011 19:13
+0 / -0
Құрметті Уяты Бар Казак!
Азаттық сайтының компьютерге шабуыл жасауы мүмкін емес. "Шабуыл жасайтын вирус бар" деген сөзден кейін "Бұл веб-сайттан қорғанғыңыз келсе, мына антивирус бағдарламасын орнатыңыз" деген хабарландыруға жолықсаңыз, компьютеріңіздің әлден-ақ вирусқа душар болғаны - сенімді антивирус орнатып алыңыз.

Кімнен: Арман Қайдан: Аркалык
09.12.2011 16:22
+0 / -0
Айбек бұл жерде Сағадатты доңыз деп тұрған жоқ қой. Еркектік пен ерлікке байланысты айтқан.
Доңыз да тоғыз торай таптырады,
Ондай істі ерлік деп атақ қума.
Ит екеш ит те сегіз тудырады,
Ал оларды ел ер деп атап тұр ма.
Бес бала тудырғаным ұлы ерлік деп,
Ерлік пен еркектікті шатастырма деді Айбек. Астаналық Бағлан қазақты доңызға теңеді деп ақынның сөзін теріске бұрып, өзі теріс сөйлемесін. Ешкі егіз табады, ит сегіз табады, доңыз тоғыз табады деген қазақтың билер сөзінде де бар. Онда Айбекпен бірге билерімізді де теріске шығарайық.
Пікір алмасу

Кімнен: аман Қайдан: семей
09.12.2011 18:54
+0 / -0
дурыс

Кімнен: бағлан Қайдан: астана
09.12.2011 17:12
+0 / -0
Арман қазіргі сәтте қазақтың саныны көбейтуден артық ерлік жоқ, сондықтан айтыстың барысын тыңдап дұрыс әңгімеңе көш. Айбек үлкен ақын бірақ мына сөзі ұят.
Пікір алмасу

Кімнен: Жанар Қайдан: Астана
10.12.2011 12:37
+0 / -0
Бағлан мырза мүмкін сіздікі де жөн шығар, бірақ Айбек артық кеткен жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: қайсар Қайдан: бекке
12.12.2011 22:22
+0 / -0
бағлан мырза өте дұрыс айтасыз пайымыңыз бөлек екен қазір ақындар шөпті де шөңгеніде жырлап кетті.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.12.2011 16:34
+0 / -0
қырттар алдымен айтысты толық түсініп алып талдасаңдаршы

Кімнен: Айдос Қайдан: Астана
09.12.2011 17:32
+0 / -0
Құрметті модератор! Азаттық радиосы әуетолқынының радиожиілігі қай аралықта? Таба алмай қойдым
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
09.12.2011 17:45
+0 / -0
Құрметті Айдос!
Мына сілтеме бойынша іздеңіз: http://www.azattyq.org/howtolisten/default.html

Кімнен: Атырау Қайдан: Сол жерден
09.12.2011 18:14
+0 / -0
Оның аты Сағадат емес,Саадат - құран сөзі
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі