Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:06

РАДИОХАБАРЛАР / Айтыс - Азаттықта

Астанадағы айтыс: Иранғайып пен Нағыман

Желтоқсанның 2-сі мен 4-ті аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Айтысқа келген көрермендер. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Астаналық Иранғайып Күзембаев үш күнге созылған сөз сайысының ақырғы күні Қытайдан келген ақын жігіт Нағыман Жұқанұлымен айтысты.

Қарсыласының Қытайдан келгенін меңзеген Иранғайып Күзембаев былай деді:

 - Не шықса да шығады сол қытайдан,
Көрсеңіз көз жауына ғажап болар.
Мысалы туфлиім де солардікі,
Анда-санда шұлықты қажап қалар.
Әй, бірақ шұлығымда солардікі,
Аяққа киген кезде ләзаттанар,
Шалбарым, шапанымда солардікі,
Арғы жағын айтпаймын мазақ болар.
Бастан-аяқ киімі солардікі,
Сондықтан еш жөнім жоқ наз ақтарар.
Ағайын, керек десең тауар түгіл,
Бұл күнде «китайский» қазақта бар.

Қарсыласының мысқылына уәж ретінде Нағыман Жұқанұлы былай жауап берді:

 - Апырау, қаңғыртқан ба құдай мені,
Бауырым, кекемеші бұлай мені.
Қасыңдағы қандасты «қытай» десең,
Қазақтың мына отырған шыдай ма елі.
Қытайдың өзі мені «қытай» демейді,
Ал, мұнда бір қазақ кеп қытай деді.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
Иранғайып пен Нағыманның айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: рустем Қайдан: атырау
08.02.2012 21:54
+0 / -0
Азаттык радиосы сиздерге біріншіден рахмет енбектерініз елене берсін. жалпы осы сайтка жарияаланган айтыстын барін Назарбаев тындаса гой шетелде журіп алып милларттаган шарттарга кол койа бермей. куранда билликке карсы шыкпа деген хадис бар дейдіго біракта АЛЛНЫН КАЗАК ХАЛКЫНА берген байлыгын осылай шаш беруге де болмайтын шыгар. Бизден кейнде урпактар барго Назарбаевка осыны ойлайтын тауыктын миындай мый берсе екен аллах тагалам

Кімнен: aydos Қайдан: mongolya
06.03.2012 21:06
+0 / -0
Nagiman aga tamasha aytisad eken Hitaydagi ahindarmizaga alla jar bolsn mende sizderden ylgi aluga tirisam ynshallah Yrangayip agagada Allahtin nazari tysip darn silagan ahin