Жексенбі, 26 мамыр 2013, Алматы 04:44


РАДИОХАБАРЛАР / Айтыс - Азаттықта

Астанадағы айтыс: Нағыман мен Серікзат

Желтоқсаннның екісі 2-сі мен төрті 4-і аралығында Астанада қазақстан Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
                         
Осы айтысқа Қытайдан арнайы шақыртумен келген Нағыман Жұқанұлы астаналық Серікзат Дүйсенғазинмен айтыстың екінші күні сөз сайыстырды. Айтыскерлер екі елдегі кейбір саяси саяси тақырыптарды да тілге тиек етті.

Сөз бастаған Серікзат Дүйсенғазин оралмандар мәселесін сөз етті.

– Отанға келгісі кеп жүрген қандастар көп,
Келтіруге келгенде кембағалмыз.
Жылына 15 мыңдай квота бөліп,
Үкіметтен үнемдеп теңге алармыз.
Ол жақтағы консулдық виза бермей,
Күттіріп алты ай елді алдағанбыз.
Келгендерді кемсітіп «оралман» деп,
Орысша білмейсің деп қорлағанбыз.
Тезірек көшірмесек қандастарды,
Біз қалай 20 миллион ел болармыз.
Кеудесінен итеріп бауырлардың,
Неге біздер тар жерде тар боламыз.
Қытайланып кеткен соң ондағы ұрпақ,
Келтірудің өзіне зар болармыз, - деді.

Нағыман Жұқанұлы қарсыласының айтқанын әрі қарай былайша өрбітті :

– Көшкен елді тонатпас көрінгенге,
Кемелді шекараның заңы болса.
Көпшілікке жетпейді берген көмек,
Көк аттылар көлденең қағып алса.
«Нұрлы көшке» нұқсан кеп жатса егер,
Ағалар арғымаққа тағы қонса.
Делқұлы делдалдардың демін басып,
Жемқорлардың жемсауын жарып алса, - деп жырлады.

Айтыстың радиолық нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
Нағыман мен Серікзаттың айтысы
Loading
12:00:00 / -:--:--



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Уяты бар Казак Қайдан: Казахия
30.01.2012 17:42
+1 / -0
Азаттык радиосы Аибек Калиевтін айтысын кашан коре аламыз ?
Пікір алмасу

Кімнен: adaybalasi Қайдан: adaistan
29.02.2012 03:07
+1 / -0
assalaumagalikm azattik aktauda kawagannin 170 jildigina orai otken aitisti sala alasizdarma aldinala raxmet
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
29.02.2012 07:31
+1 / -0
Құрметті adaybalasi,

өкінішке қарай, Ақтаудағы ол айтыс қорымызда жоқ әзірге.

Кімнен: кана Қайдан: мангыстау
30.01.2012 20:29
+1 / -0
еки акынга алла разы болсын

Кімнен: Айбын Қайдан: Астана
01.02.2012 20:10
+1 / -0
Тамаша айтыс болыпты!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?