Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:07

РАДИОХАБАРЛАР / Айтыс - Азаттықта

Астанадағы айтыс: Нұрдәулет пен Еркебұлан

2011 жылы Желтоқсанның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қызылордалық Нұрдәулет Махамбетов пен астаналық Еркебұлан Қайназаров айтыстың ақырғы күні алғашқы жұп болып сахнаға шықты.

Нұрдәулет Махамбетов жиырма минутқа созылған сөз сайысында қоғамдық-әлеуметтік тақырыпта бір ауыз үн қатпады. Ол айтысқа тақырып болған тәуелсіздік туралы:

– Тәуелсіздік  - бұл бақыты,
Бүгінгі біздің қоғамның.
Сезіну керек жүрекпен,
Сәулесі болса санаңның, - деді.

Желтоқсанның 3 күнгі айтысында президент пен Астана туралы ғана айтқан Еркебұлан Қайназаров ақтық кезеңде балабақша мәселесін тілге тиек етті:

– Бүгінде тұңғышымның тілі шығып,
«Әке, қашан бақшаға барам?» деп жүр.
Байқасам, 5 мыңыншы кезек деген,
Қартайғанда жетермін оған мен бір.
Сөйтіп жүріп балама ақыл кіріп,
Жағдайым одан бетер жаман боп жүр.
«Әкетай, бақшаңды іздеп әуре болма,
Бұйыртса мектепке енді барам» деп жүр.
Сөйтіп жүрім баламның есі кіріп,
Өзіммен айтысатын заман боп тұр.
Сен мені балабақшаға апарғанша,
Мен сенің немереңді бағам деп жүр.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
Еркебұлан мен Нұрдаулеттің айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Беріш. Қайдан: Атырау.
01.02.2012 15:40
+0 / -0
Еркебұлан өзің аитқан мақтаған Астана халқымның көз жасына салынған қала. Жалпы халықтың сүикімді ақыны болу бір рет берілетін бақыт.Халқынын жоғын жоқтап,мұңын аита білетін ақын,ақын болып қалады.

Кімнен: Сико Қайдан: Актобе
01.02.2012 16:52
+0 / -0
Еркебулан бауырым жарайсын!Керемет айтыстын.Мерей!н ос!п,айтыстын би!к шындарына жете бер!Курметт! азаттык радиосы с1здерд!н ужымынызга коп рахмет.Астанадагы Еркеблан мен Кайнардын айтысын беру!н!зд! сураймын.Рахмет!

Кімнен: ауыл Қайдан: атырау
02.02.2012 15:26
+0 / -0
бауыржан халиолланын айтысы барма.