Жексенбі, 26 мамыр 2013, Алматы 08:28


МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Серікзат пен Ақмаралдың айтысы

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі күні «Қонаевтай ер қайда» деген атпен айтыс өтті. Астаналық Серікзат Дүйсенғазин көрермендер тартқан жеребе бойынша сахнаға Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Ақмарал Леубаевамен шықты.

Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Айтыскер ақын Ақмарал Леубаева. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
         
Екі ақын өздеріне дейінгі айтыскерлер секілді Жаңаөзен тақырыбына тоқталды.

Сөз бастаған Серікзат Дүйсенғазин:

 - Дәл биыл желтоқсанға 25 жыл,
Алау жаққан мұзға - 70 жыл үрленбеген.
Колбинді Қонаевтың орнына әкеп,
Жастарға «ұлтшылдар» деп күн бермеген.
Оны да біздің билік ескермеді-ау,
Жаңа жылды тойлауды білгенменен.
...Желтоқсанды Колбиннен көріп едік,
Жаңаөзенді, құдай-ау, кімнен көрем? - деді.

Серікзат ары қарайғы сөзін парламентті сынаумен жалғап:
 
 - Ұлттың сөзін сөйлейтін депутаттар,
Парламентке сайланбай қалып отыр.
Парламент елдің сөзін сөйлер десем,
Билікпен бір әуенге салып отыр.
Французшадан парламентті аударсаңыз,
Сөйлейтін орын деген мағына тұр.
Ал сонда түсінбеймін, парламентте,
Сөйлемейтін адамдар неғып отыр? - деді.
 
Ақмарал Леубаева қарсыласының үстіндегі киімін сынап, сөзін:

 - Түлкі тағып келіпті,
«Түлкі - заман» күн үшін, - деп бастады. Ақын ары қарайғы өлеңінде қазіргі әділетсіздіктерге наразылығын айтып: 

 - Тек қана, Серік, ескертем,
Керек емес қазаққа,
Тыныштық бұзар - аттандас.
Көкесі барлар бұл күнде
Көл жұтса да шашалмас.
Сүйеушісі бар адамдар,
Сүйек жұтса да қақалмас, - деді.

Айтыстың радиолық нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
Серікзат пен Ақмаралдың айтысы
Loading
12:00:00 / -:--:--



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: оппозиция Қайдан: астана қаласы
20.02.2012 15:56
+0 / -0
таяққа жығылсада, аяққа жығылмайтын елміз деп айтқаны әдемі шықты. ұтымды тапқырлық. намысқа тиіссе қазақ қазақ қарап қалмайды. қазақ оянса қиын болады.оны билікте біледі ғой

Кімнен: Әли Қайдан: Алматы
20.02.2012 21:11
+0 / -0
Мынау бір қызық айтыс болыпты. Серікзат әдемі-ақ айтқан екен, бірақ қазылардың бағасы әділ болмаған сияқты. Халықтың қол соққанынан білуге болады ғой. Айтысқа бара алмап едім, өкініп отырмын.

Кімнен: арман Қайдан: алаш
21.02.2012 01:54
+0 / -0
серикзат шашыпты жарайсыз

Кімнен: Айтыс жанашыры Қайдан: Шымкент
22.02.2012 08:48
+0 / -0
Осындай айтыстардың бағасын әділ бермейді ғой. Қазылар алқасы кімге бүйрегі бұратынын білдіріп алды. Әйтпесе жүлде алған ақындардан жақсы айтысқандар болды. Мына жерде Ақмарал жеңген жоқ. Бірақ балы жоғары болыпты. Осыдан ақ белгілі ғой. Қазыда айтысты ұғатын адам отырған жоқ. Ылғи бұрынғы шенеуніктер мен актерлер немесе айтысты жек көретін жазба ақындар!!!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?