Бейсенбі, 23 мамыр 2013, Алматы 19:44


РАДИОХАБАРЛАР / Айтыс - Азаттықта

Астанадағы айтыс: Төреғали мен Нұржан

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Төреғали Төреәлі, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.Төреғали Төреәлі, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
x
Төреғали Төреәлі, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Төреғали Төреәлі, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қызылордалық Төреғали Төрәлі мен семейлік Нұржан Өмірбаев айтыстың екінші күні айтысты. Екі ақын да өздеріне дейінгі айтыскерлер секілді «Астананың көркін жырлауды» ұмытпады.

Төреғали Төрәлі бұл жолы өз туған қаласы – Байқоңырдың мәселесін сөз етті.

– ...Нұржан туған жерімді сұрап жатыр,
Байқоңырдай елімнің болашағы,
Көрінбейтін бұлыңғыр тұманда тұр.
Атырабы айналып Ресейге,
Жапырағы елімнің қурап жатыр.
Байқоңыр бүкіл елге ұнап жатыр,
Астында мұның үлкен күмән жатыр.
Өз әкесі өз қолымен бергеннен соң
Өгей әке өкіртіп сынап жатыр.
Шыдамай Ресейдің тепкісіне,
Байқоңырым еңкілдеп жылап жатыр, – десе, енді бірде Желтосанды тілге тиек етті:

– Төбемізге қара бұлт үйірілді,
Құлаған күн Қонаев Димаш аттан.
«Желтоқсанда мен бүйттім, мен сүйттім» деп,
Батырлар шығып жатыр би-манаптан.
Шын батырлар сол кезде алаңда өліп,
Жалған батыр тығылып үйде жатқан.
Шын батырлар кеудесін оққа тосып,
Жалғандары жебесін қиғаш атқан.
Шын батырлар бүгінде көрде жатыр,
Жалғандары коттедж, вилла соққан.
Қазақтың қаһарманы болғысы кеп,
Сыбаға дәметеді сыйлы ошақтан.

Ал Нұржан Өмірбаев айтыс ақындарын сол тұстағы тарап кеткен парламентпен шендестірді:

– Ақындар – тәңір қойған депутаттар,
Бағынбаспыз жағымсыз заңға көп біз.
Бірақ та бізді ешкім тарқатпайды,
Сайланған мәңгілікке сардар ек біз.
Үш жүз мың жалақысы болмаса да,
Үш жүздің мұңын айтқан парламентпіз.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
Төреғали Төрәлі мен Нұржан Өмірбаевтың айтысы
Loading
12:00:00 / -:--:--



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қылаң Қайдан: Қызылтөбе
27.01.2012 20:10
+0 / -0
Осы Нұржан бұрын өткен Аламан айтыста 2ші орын алдыма?
Пікір алмасу

Кімнен: Менмін!!! Қайдан: Жетінші көк тағы да
29.01.2012 16:42
+0 / -0
Иә, екінші орын алған. Ол жолы Нұржан шын жеңіп тұрған жерінен бас жүлдені Садықтың ұлына берді ғой. Нұржан, сізге тілеріміз алдағы айтыстарда бас жүлдені жеңіп алыңыз деймін)) Алдында осы айтыс қашаааан жарияланады деп тосып жүр едім, ақыры жарияланыпты ғой, рахмет сіздерге Азаттықтың ұжымы!

Кімнен: мәдениетті Қайдан: Алматылық
28.01.2012 18:46
+0 / -0
Менің комментімді неге жазбайсыздар? Әлде сіздерде бәрі ақшалы ма? Шындықтан Жүрсіннің ақшасы қымбат па№
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
29.01.2012 12:53
+0 / -0
Құрметті мәдениетті,

сауалыңыз бұған дейін "ұлтшыл" деген оқырман атынан түскен жазбаға қатысты қойылған болса, ол жазбада нақты адамдарға қатысты диффамациялық айыптаулар болғандықтан шығарылған жоқ. Себебі, соттың үкімінсіз адамды "қылмыс жасаған" деп айтуға болмайтынын еске саламыз. Алдағы уақытта пікір жазғанда осы мәселені ескеруді өтінеміз.

Құрметпен, Азаттығыңыз

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
29.01.2012 02:22
+0 / -0
Құлағыңа жып-жылы естілумен,
Жүрегіңе жұп-жұмсақ ұялайтын,
Өнер міне өшпейді есті ұлмен ,
Төреғали секілді қыялы айқын!

Кімнен: Менмін!!! Қайдан: Жетінші көктен
29.01.2012 16:09
+0 / -0
Нұржан мына қысқа минуттар ішінде ештееңе айталмапты ғой, финалға өте алмайтындай жөні бар екен. От боп жана алмапты. Төреғали да мадес))Екеуі де айтып жатыр енді, сонда да Нұржаннан күткенім мынау емес еді, Құдай ай. Астана мен Бәйтеректі мақтағаннан ештеңе де өзгерген жоқ. Мақтамай ақ қамшының сабы болуға болатын еді. Туууй, сенен күткенім бұл емес еді. Бағың бар, бабың келіспеген сияқты. Жарайды қойш, басқа айтыстарда әлі ақ басқадан оқ бойы алға озатыныңызға мен сенімдімін. Тәңірі жарылқасын.

Кімнен: Сер!к Қайдан: Актобе
01.02.2012 15:53
+0 / -0
Нуржаннын бойында суырып салмалык дарыны бар.Болашакта тагы буйыртып 1-2 айтыска катысса,Нуржан ашылып шабады.Торегали суырып айту жагынан алс!з.Мойындау керек.Уй!нен дайындалып келген шумактарымен андет!п кетед!.Артык кетсем кеш!р!п койыныздар!
Пікір алмасу

Кімнен: Мен!!! Қайдан: Жетінші көк
14.02.2012 19:00
+0 / -0
Иә, рас айтасыз! Өткендегі Алматыдағы Қонаевтың құрметіне болған айтыста көзіміз жетті ғой. Шынында да Төреғали үйден дайындап әкелген шумақтарымен бірталай жерге барды. Ертесіндегі финалда тоқырап қалды...

Кімнен: амангелды Қайдан: атырау дамбы
18.02.2012 00:01
+0 / -0
жарайсындар бауырларым.сендерды тындасам аркам козады..аттен онерым жок сиздерше

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?