Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:16

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Жандарбек пен Сараның айтысы

Ақпанның 12-сі күні Алматыда Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен мен жасөспірімдер театрында «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыс өтті. Бұл айтыста төртінші жұп болып сөз қағыстырғандар – Жандарбек Бұлғақов пен Сара Тоқтамысова.

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
x
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қос ақынның жыр сайысы жеңге мен қайын арасындағы әзіл-қалжыңға құрылды. Сөз тізгінін бірден қолына алған Жандарбек Бұлғақов айтыстың араға екі жыл салып барып қайта оралғанын айта келе, Қысқы Азия ойындарын да ұмыт қалдырмады.

– Ерлеріміз орындап ел арманын,
Спорттан айшықталды төр алғаның.
Жарты әлемге жар салып Қазақстан,
Азиада өткізіп, дем алмадың.
«Біткен іске – сыншы көп» демеңіздер,
Дұрыс қой ақиқатқа жол алғаным.
Крутойдың әндері шарықтады,
Қақ төрінде еңселі елорданың.
Өйтіп-бүйтіп алдық-ау бірінші орын,
Білмейміз, қай сайыста не болғанын.
Орыстарды бәйгеге қосып қойып,
Бер жағында отырдық теларнаның.
Ал, қазақтар, ендеше құтты болсын,
Орыстар алып берген медальдарың, – деп жырлады Жандарбек.

Ал Сара Тоқтамысова айтыс ауанын Жандарбектің жеке басына аударып жіберді.

– Бес жыл бұрын Жандарбек,
Шынымен рас кім едің.
Мен – жиырмадағы бойдақ қыз,
Сен – мектептегі ұл едің.
Айтақын әкең қасыңда,
Көк тақияң басыңда.
Аузы-басың ашылып,
Аңқиып, қарап жүр едің.
Екі бұтың талтайып,
Екі құлағың қалқайып,
Бір түрлі еді ғой реңің.
Шатағың жоқ ешкімде,
Тап-таза еді жүрегің... – деп жырға қосты.

Он бір адамнан құралған қазылар алқасы екі ақынға да бірыңғай он ұпайдан берді.

Жандарбек пен Сараның айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: джаяни
17.02.2011 21:47
+0 / -0
хайлайлим бэйби
хайлайлим-ай
орыстарды орыс деп атама
олар хрестяндар
сосын олардын алып берген медальдары
тубине жетеди артынан
орыстарды одан да жаксы курсен орал каласына барып тур
немесе петербургка кет
сен бандитизмди гулдендиресиндер

Кімнен: Корермен Қайдан: Алматы
17.02.2011 22:00
+0 / -0
Бул айтыстын неге толык нускасын жарияламагансыздар? Арасындар біраз жерин кесіп тастапсыздар, осы жагы окінішті-ак

Кімнен: Асау
17.02.2011 22:41
+0 / -0
Азаттық сайттарының ішінде қырғыздардікі ең кемелді көрінді. Ал қазақша сәл жұпынылау! Сосын айтысты жарыстырмай, арнайы бір бөлек жетекке алып қойсаңыздар қайтеді. Хабар мен саяси мақалаларға айтысы жарысады да тұрады. Таза айтыс өлгелі біраз жыл болды, сондықтан осынау саяси ноқтаға түскен айтыстарды жарыстырғанда қаншалық мағыналылық тұр? Бұл менің жеке көзқарасым.

Кімнен: Өскемен Қайдан: Өскемен
17.02.2011 23:18
+0 / -0
Айтыс үшін азаттыққа алғысым шексіз

Кімнен: Kana Қайдан: Taraz
18.02.2011 12:20
+0 / -0
Асау, Таразда айтыс өлді дегенініз дурыс болмапты. Себебі, Таразда жас ақындар легі шыгып келеді. Аллах қаласа оларда Мухамеджан, Шорабектердей айтыстын музбалагына айналады деп сенемін. Таразда жаксы акындар бар, бірак оларды колдайтын адам табылмай тур. Айтыс откізсе тек откіздік деген кагаз ушин откізуде жогарыдагылар. Сондыктан болар Тараздагы айтыстын калі мушкіл, бірак жас толкындар енді додага кіріп келеді, оларга Аллах жар болсын!

Кімнен: Сали Қайдан: Ақтау
19.02.2011 13:32
+0 / -0
Өте тамаша айтыс

Кімнен: Максат Қайдан: Астана
21.02.2011 14:01
+0 / -0
Салем Азаттық радиосы!Журсин аганын туган кунинде болган айтыстардын калгандарын кашан косасыздар?Алдын ала рахмет!!!

Кімнен: Адам Қайдан: Қазақстан
27.02.2011 22:16
+0 / -0
Жандарбек інім жолын болсын!

Кімнен: Ботагоз Қайдан: Батыс Қазақстан
02.03.2011 22:46
+0 / -0
Жақсы айтыс! Осындай талантты суырып- салма айтыскерлер көп болса екен деп тілеймін!!! Жандарбектің көп оқып ізденген бала екені көрініп тұр. Қазақ баласына сай қасиет!

Кімнен: Үсенбаев Серік Қайдан: Байконур
04.03.2011 16:14
+0 / -0
Бұл айтыста Жандарбектің жеңіске жететіне сенімдімн

Кімнен: ДАНА КАРЖАУ Қайдан: Жер Жаннаты
14.03.2011 11:19
+0 / -0
"Азаттыкка" рахмет! Ешкимнин колынан келмейтинди жасап отыр! Казактын намысын кайрай бериниздер! Жандарбек, алга! Жарайсын! Сара, аман-есен босанып, аяк-колынды бауырына алуына тилектеспин. Сенин бойындагы жигер-кайратына тантимиз.