Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:17

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Жандарбек пен Әлібектің айтысы

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі күні «Қонаевтай ер қайда» деген атпен айтыс өтті. Алғашқы айналымынан өткен астаналық Жандарбек Бұлғақов пен көкшетаулық Әлібек Серғалиев айтыстың екінші күні алғашқы жұп болып сахнаға шықты.

Жандарбек Бұлғақов, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
                            
Сөз бастаған Жандарбек Бұлғақов Астанаға «ақиқаттың моласы» деген ат беріп:

 - Ол жақта қымбатшылық қыз-қыз қайнап,
Қалың елдің қалтасын қағып жатыр.
Сақылдағанына қарамай сары аяздың,
Базармен жанын қазақ бағып жатыр.
Биік-биік зәулім үй салынғанмен,
Ол үйді кіл шенеунік алып жатыр.
Бір бөлмеге әкеңнің құнын сұрап,
Бағасы миллиондардың маңында тұр.
Ауыз су жоқ, жарық жоқ, не жолы жоқ,
Қаңыраған ауылдар жанында тұр.
Астанада, айтыста осылардың,
Айтқымыз-ақ келеді бәрін батыл.
Жасыратын несі бар - кім көрінген,
Қақпайлап, аузымызды жауып жатыр.
«Астана - сұлулықтың қаласы», - деп,
Жасанды, жалған айдар тағып жатыр.
Сұлулықтың қаласын емес олар,
«Ақиқаттың моласын» салып жатыр, - деді.

Айтыстың алғашқы күні көрерменнің қолдауымен екінші айналымға өткен Әлібек Серғалиев қоғамдағы келеңсіздіктерді тізіп:

 - Қыздарың жүр көшеде көбелек боп,
Қамданып ақиреттің азабына.
Ана тілін білмейтін ұлдарың бар,
Айналған басқалардың мазағына.
Бұл күнде ел тізгінін ұстар ерлер,
Айналды дүниенің тажалына.
Өзімізде бар мұнай - бізде қымбат,
Ешкім бас қатырмай жүр ол жағына.
Далада қанша бидай шіріп жатыр,
Уақытында салынбай қазанына.
«Айтысты да құртам»,- деп біреу жүр ғой,
Өнердің себеп болып ажалына.
Осылардың барлығын ретке келтірер,
Бір Димаш керек боп тұр қазағыма, - деді. 

Жандарбек пен Әлібектің айтысы

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыздар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: aday balasi Қайдан: adaistan
24.02.2012 13:52
+0 / -1
jandarbek bazar jok
Пікір алмасу

Кімнен: жандарбек булгаков Қайдан: алматы
24.02.2012 17:52
+0 / -0
модернатор ассалаумагалейкум. жуктелмей жатыр.акаулыкты жонденизши отиниш
Пікір алмасу

Кімнен: Анасхан Қайдан: Алматы
29.02.2012 18:04
+0 / -0
Жарйсыңдар қазақтың өр ұлдары. Екеуің де қандай жүлдеге болсын лайықсыңдар. Айтыстың болашағы сендер деп білеміз. Болашақта ел үмітін ақтай беріңдер. Жүкеңнің қаhары мен тіл көзден аман болыңдар.

Кімнен: Abylai Қайдан: Atyrau
24.02.2012 14:47
+0 / -0
мықты айтыс

Кімнен: это я Қайдан: Мадрид
24.02.2012 14:50
+0 / -0
айтыстар неге жуктелмейди
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
24.02.2012 16:10
+0 / -0
Құрметті это я,

интернеттен компьютерге жүктеп көрдік, аудиофайл көшіріліп тұр. Бәлкім, сіздің компьютеріңізде бір ақау болып тұрған шығар, тексеріп көріңіз.

Кімнен: Nursultan88 Қайдан: Shymkent
24.02.2012 16:15
+0 / -0
Курметти модератор кешели бери неге жуктелмей жатыр?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
24.02.2012 16:17
+0 / -0
Құрметті Nursultan88,

Азаттық сайтында кеше және бүгін жарияланған екі айтысты да тексеріп көрдік, аудиофайлдардың екеуі де Алматы бюросындағы компьютерлерге интернеттен жүктеліп тұр. Соған қарағанда, проблема сайттан емес.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.02.2012 17:51
+0 / -0
айтыс жуктелмейді .басқа сұхбаттарды естуге болады ,бірақ айтыс естілмейді .
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
24.02.2012 18:27
+0 / -0
Құрметті оқырмандар,

жұма күні түстен кейін біздің Алматыдағы бюромыздан да жүктелмей қалды, қазір тексеріп жатырмыз.

Кімнен: ара Қайдан: уядан
24.02.2012 16:18
+0 / -0
Мухаммеджан Тазабеков бастап казак акындарынын кобi ата дiнiмiз исламга бет бурды. Мына Жандарбектер де сол исламнын жыршылары.
осы нарсе менi катты куандырады
Пікір алмасу

Кімнен: Дархан Шонбаев Қайдан: Орбита 38.31
24.02.2012 17:58
+0 / -0
Курметти Модератор!!!
коширилмей жатыр.жогарыдагы еки кисникимен келисемин.Алматыда коширилип жатыр дейсиздер.менде Алматыда турамын...Акау бизде емес,сиздерде.екинши кун жуктеу токтап калды.Рахмет)

Кімнен: Жас_Қазақ
24.02.2012 20:56
+0 / -0
Жандарбек те және Әлібек те жас ақынсыңдар. Айтыстың ертеңі мен болашағы сендер десем ешкім өкшең қисық дей қоймас.
Жандарбек, сен бәйгеңді шапқызбай беретін жүйріксің ғой. Жас ақындардың алды сен болып тұрсың. Өнерің үстем болып, тасың өрге домаласын ! Әрқашан осылай ақиқатты осып осып айта бер ! Ооооу деп қойып )))
Әлібек сен енді енді ел ауызына ілініп келесің, кеше Астанадағы айтыста дүйім жұртты аузыңа қаратып, сойқанды бір салдың ау !
Сөз таныр әлеумет сол күндері, іштей "ә мынау болатын бала" дегендей болды.
...Талаптарыңа нұр жаусын ! Алла тағала ауызынан жалын шашқан, орақ ауыз от тілді ақын бабаларыңнан жолын берсін!

Кімнен: АЙТЫСТЫҢ ФАНАТЫ Қайдан: ҚАЗАҚ ЕЛІНЕН
24.02.2012 21:50
+0 / -0
ҚАЗАҚТЫҢ БАЛА СҮЙІНБАЙЫ ОСЫ ЖАНДАРБЕК ПЕ ДЕП ҚАЛДЫМ!!!!!!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 03:01
+1 / -0
Алибек жаттанды акын емес пе

Кімнен: Шобан Қайдан: Aқтөбе
24.02.2012 22:02
+0 / -0
Айтыстың 13 минуттан артығы жүктелмейді:
"Өйткені біздің қазақ желтоқсанда
Қонаев кетпесін деп көтерілді"
Ар жағы жүктелмейді.
Тыңдағанда да 23 минуттан соң тоқтап қалды

Кімнен: это я Қайдан: Мадрид
25.02.2012 12:02
+0 / -0
айтыс неге жуктелмейди себебин таптыныздарма
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
25.02.2012 17:23
+0 / -0
Құрметті это я,

осы Жандарбек пен Әлібектің айтысын сайттан бүгін өзімізге жүктеп байқаған едік, ұзақтау күтуге тура келсе де, дегенмен толық түсіп тұр. Тағы да тексеріп көреміз.

Кімнен: Шобан Қайдан: Ақтөбе
25.02.2012 23:18
+0 / -0
Бүгін де тыңдап және жүктеп көрдім.
Тыңдағанда 23.51 минутта тоқтап қалды.

Кімнен: Біржан Қайдан: Шымкент
26.02.2012 18:35
+1 / -0
Ассалау мағалейкум Жандарбек бауырым! Алла разы болсын саған Сені нағыз ұлтты ойлайтын, ел үшін тер төгетін батыр ұл деп білем Сені!!! Отбасына береке, шаңырағыңа шаттық, Аллах ардайым колдап тіл көзден аман бол!!!

Кімнен: Куаныш Қайдан: Семей-Абай
27.02.2012 00:27
+0 / -1
Жандарбекте Алибекте соз жок мыкты акын. Казак айтысынын болашагы деп киалмай айтар ем. Жасайбериндер самгай бериндер жырларынды халыкка арнай бериндер акындар. Ал Алибекти суырып салма емес дейтиндер колдарына домбыра алып оздерин айтыска шыгындар керемет болсандар

Кімнен: Доскали Қайдан: Карасу
27.02.2012 15:42
+0 / -0
Айтыс керемет ....Жандарбек Алибек жарайсындар
Пікір алмасу

Кімнен: Салтанат Қайдан: Алматы каласы
27.02.2012 17:02
+0 / -0
оте керемет айтыс

Кімнен: Казак ел!
27.02.2012 16:38
+1 / -0
Ал!бек финалга лайыкты акын емесс!н.Оданда финалга Дидармен Мей!рбек шыгу керек ед!.Жалпы бул айтыска Ал!бект!н орнына Тоба немесе Нуржан катысканы дурыс ед!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.02.2012 09:50
+0 / -0
Әлібектің сөздерінде көркемдік жоқ, әйтеуір шатып-бұтып ұйқастырған. Жас баланың мәселе көтергенін керемет деп түсінбеу керек. Айтқан мәселелері 2000 жылдары Мұхамеджан, Бекарыс, балғынбек, Дәулеткерей, Айбек, Ринаттар айтып, әбден таптаурын болған мәселелер, мұнікі ой қайталау ғана. Ешқандай жаңалық емес. Астанадағы айтыста да Мырзатай мен Жүрсіннің сүйреуімен бәйгі алды.

Кімнен: Акерке Қайдан: Алматы
29.02.2012 01:30
+0 / -0
Өте тамаша айтыс. Жарайсыңдар жигиттер!

Кімнен: Өр-Керей Қайдан: астана
01.03.2012 22:31
+0 / -0
Әкеден ұл туса Жандарбектей-ақ болсын!!!

Кімнен: Кеңес Алма Қайдан: Кызылорда, Казалы ауданы.
08.03.2012 15:59
+0 / -0
Сәлем айтыстың шан жұқпас майталмандары. Біздің айтыскер 2 ағамыз жарадыңдар! Керемет айтыс болды. Болашақ айтыста өлтірмей, аман алып қалайтын сендер деп білеміз! Алла осы ақ жолдан айырмасын! Барып көрмесек те сендерді ылғи интеренеттен қалдырмай тындап жүрік. Алға қазақтың қайсар жігіттері!