Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 14:26


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Полицейлер соты

Сот үстінде «кім бұзақы, кім халық» деген дау туды

Сотталушылардың бірінің адвокаты полиция күштеріне халықты қарсы қоймауды, алаңдағылар туралы айтқанда басқаша атау қолдануды, не болмаса «бұзақылар» деген сөзді пайдалануды ұсынды. Ал айыптаушы прокурор бұл ұсынысқа қарсы шығып: «Алдын ала тергеу барысында да, қазір де оққа ұшқан адамдардың ешқандай да бұзақылар емес екенін, жай халық екенін біліп отырмыз» деді.

"Полицейлер соты" өтіп жатқан ауданды бақылап жүрген ішкі әскерлер. Ақтау, 4 мамыр 2012 жыл.
"Полицейлер соты" өтіп жатқан ауданды бақылап жүрген ішкі әскерлер. Ақтау, 4 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Ақтау қаласында өтіп жатқан «Полицейлер сотында» бүгін тағы да куәлардан жауап алынды. Түске дейін сұралған алты куәнің бесеуі желтоқсанның 16-сы Жаңаөзен қаласының орталық алаңына сап түзеп барған полиция қызметкерлері болды.

КОМАНДИРДІ «КӨРМЕЙ ҚАЛУ»

Осыған дейін куәлік берген басқа полицейлер секілді бүгінгі полиция қызметкерлері де өздерін алаңға кімнің бастап барғанын білмейтін болып шықты. «Алаңда көтеріліс болып жатыр деп, бізді дабылмен шақырып сапқа тұрғызды. «Сапқа тұр» деді, тұрдым, бірақ кім тұрғызғанын білмеймін» деді кейбірі. Полицейлердің сөзіне қарағанда олардың көбі «саптың ортасында тұрғандықтан» бұйрық берген адамды көрмей, естімей қалған.

Кейбір куәлар «аспанға аттым» десе, енді бірі «мүлде атқан жоқпын, оғымды түгелдей қайтарып бердім» деді. Мәселен, алаңға алғаш барған топтың ішінде болған СОБР қызметкерінің бірі, тіпті, полиция қызметкерлерінің оқ атып жатқанын байқамаған да, естімеген де екен.
"Жаңаөзен оқиғасында" оқ тиіп, мүгедек болып қалған жігіт "Полицейлер сотына" келіп тұр. Ақтау, 2 мамыр 2012 жыл."Жаңаөзен оқиғасында" оқ тиіп, мүгедек болып қалған жігіт "Полицейлер сотына" келіп тұр. Ақтау, 2 мамыр 2012 жыл.
x
"Жаңаөзен оқиғасында" оқ тиіп, мүгедек болып қалған жігіт "Полицейлер сотына" келіп тұр. Ақтау, 2 мамыр 2012 жыл.
"Жаңаөзен оқиғасында" оқ тиіп, мүгедек болып қалған жігіт "Полицейлер сотына" келіп тұр. Ақтау, 2 мамыр 2012 жыл.

Осыдан кейін прокурор сот төрағасына куәгердің жауап бергісі келмей тұрғанын, яғни «алаңда адамдардың шулап жүргенін естіген куәнің мылтық дауысын естімей қалатыны күмән туғызатынын» айтып, бұл жайтты ескеруді сұрады. Тек прокурор қайталап сұрағаннан кейін ғана куәгер-полицей «аспанға атып жатты» деп жауап берді.

Прокурор мен жәбірленушінің адвокатына жауап берген куәгер полицейлер алаңдағы халықтың қолында қару болмағанын растады, бірақ өздерінің каскасы мен қалқандарына тас, темір сияқты қатты заттардың тигенін айтты.

Олардың сөздеріне қарағанда «алаңда оқ тиіп құлап жатқан ешкім болмаған. Жеке өмірлеріне қауіп төнгендіктен ғана аспанға оқ атуға мәжбүр болған». Кейбір куәлар «бұзақылар өздеріне 1-2 метр жерге дейін таяп келгенін» айтса, басқа біреулері «30-40 метрге» дейін жақындады деді.

«ХАЛЫҚШЫЛ» ПРОКУРОР

«Полицейлер соты» басталғалы бері айыптаушы прокурорлар да, жәбірленушінің адвокаты Абзал Құспанов та куәгерлерден «халықтың қолында қару болды ма» деген сауалды бірнеше рет сұраған еді. Бұл жолы сотталушылардың бірі Ерлан Бақытқалиұлының адвокаты Смағұл Әтенов «полиция күштеріне халықты қарсы қоймауды, алаңдағылар туралы айтқанда басқаша атау қолдануды, не болмаса «бұзақылар» деген сөзді пайдалануды ұсынды.« Әйтпесе, менің қорғауымдағы азамат «халыққа» қарсы қару қолданып отырған сияқты естіледі» деді адвокат Әтенов.
Полицейлер соты өтіп жатқан ғимарат маңындағы арнайы жасақ. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.Полицейлер соты өтіп жатқан ғимарат маңындағы арнайы жасақ. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.
x
Полицейлер соты өтіп жатқан ғимарат маңындағы арнайы жасақ. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.
Полицейлер соты өтіп жатқан ғимарат маңындағы арнайы жасақ. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.

Адвокаттың бұл ескертуінен кейін «халық» деген сөзді қай уақытта қолдану мәселесі шағын пікірталасқа айналды. Айыптаушы прокурор адвокаттың ұсынысына қарсы шығып: «Алдын ала тергеу барысында да, қазір де оққа ұшқан адамдардың ешқандай да бұзақылар емес екенін, жай халық екенін біліп отырмыз» деді. Сот адвокаттың өтінішін аяқсыз қалдырғаннан кейін прокурор одан кейінгі сөзінде де «халық» деп сөйлеп отырды.

«АЛАҢДАҒЫЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ БҰЗАҚЫ ЕМЕС»

Сот отырысының түскі үзілісінде Азаттық тілшісі жәбірленушілердің адвокаты Абзал Құспановқа «халық» деген сөзді қолданудың заңдық негізі бар ма, жоқ па деген сауал қойған еді.

Адвокат:

- Біріншіден, бұл процесте сот шешімі бойынша «бұзақылар» деп танылған ешкім жоқ. Мәселен, осы процесте жәбірленуші ретінде танылып отырған көптеген адамның алаңдағы оқиғаға мүлде қатысы жоқтығы анықталып отыр. Оларды бұзақылар деп қалай айтамыз, - деді.  
Полицейлер сотындағы жәбірленушілердің адвокаты Абзал Құспанов. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.Полицейлер сотындағы жәбірленушілердің адвокаты Абзал Құспанов. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.
x
Полицейлер сотындағы жәбірленушілердің адвокаты Абзал Құспанов. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.
Полицейлер сотындағы жәбірленушілердің адвокаты Абзал Құспанов. Ақтау, 3 мамыр 2012 жыл.

Абзал Құспановтан «прокуратура бұл сот процесінде алаңдағы адамдарды «халық» деп танығанымен, басқа сот процесінде алаңдағыларды бұзақылар деп есептеп, жауапқа тартып отырған жоқ па?» деп сұрағанымызда ол: «Басқа сот процесінде нақты қамалып отырған 37 адам, алаңға шыққандардың барлығы бұзақы саналған жоқ қой» деп жауап берді.

Ал сотталушы Ерлан Бақытқалиұлының адвокаты Смағұл Әтенов болса нақты сауалға, нақты жауап болуы керек дейді.

- Мәселен, куәгердің өзі бізге біреу тас, не болмаса шөлмек лақтырды» дейді де «оны халық лақтырды» деп айтады. Бұл – дұрыс емес. Әр іс-әрекет пен қимылды бөліп көрсету керек қой. Жауапқа тартылып отырған азаматтардың оқ атқан, атпағаны сот шешімінен кейін айтылады, - деді ол.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
08.05.2012 16:52
+0 / -0
Бұл соттар ақыры еш жазықсыз мұнайшыларды алдын-ала тергеу айыптары бойынша соттауды жүзеге асыратын сияқты. Өйткені прокурорлар УҚИ-да азаптаулар болғанын жоққа шығарды, сондай-ақ куәгерлер мен жәбірленушілердің көрсетілімдері бойынша еш бір тексеру шарасы жүзеге асқан жоқ. Соттың тапсырыспен жүріп жатқаны осыдан-ақ белгілі болды емес пе?!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ауыл қазағы Алмас Қайдан: Алматы облысы
08.05.2012 17:47
+0 / -0
Мемлекеттік телеарналардан Жаңаөзен соты туралы хабар өте аз беріледі. Бұл оқиға бірте-бірте жай халықтың есінен ұмтылып бара жатыр. Тек Азаттық радиосынан естіп отырады ел. Интернет бағасы қымбат болғандықтан біздің ауылда оны қостырған адамдар жоқ. Танысымның үйіне келіп жаңалықтарға құлағым қанып отыр. Үйге жаздыртқан үкіметтік газеттер де бұл жайында толық ақпарат жоқ. Б...-н көмген мысық сияқты бұл билік қылмысын жасырмақ па? Жаз шыққан соң бәрі де ұмытылатын сияқты ғой...

Кімнен: Оңғар Қайдан: Ақтау
08.05.2012 18:29
+0 / -0
Кімнің кім екені елдің бәріне белгілі болды ғой. Тек Назарбаевтың тағайындаған соты сол иесінің айтқанын шешім қылып шығарады ғой. Осы Назарбаевтың демократиясының түрі. Бұл жүйе демократия емес, Нұрсұлтанкратия.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 18:53
+0 / -0
Ана Үштөбеде де елді елең еткізетін оқиға болыпты. 13 жауынгер капеде ішіп алып,төбелес шығарған, ішінде описер де бар көрінеді. Соны неге жаңалықтан айтпайды екен? Бұндай оқиға керісінше директива ретінде , келесіде бұндай келеңсіз жағдай қайталанбас үшін керек емес пе?

Кімнен: Мерген
08.05.2012 19:41
+0 / -0
Аиқайды мылтық дауысын естімеген саңырау оргнда қалаи жұмыс жасаған , бұл не болғандада сасу , абыржу сияқты . Бұлар көп оқиғаны жасырып шындықты аиытпай отыр . Бұирық берген басшыларының аттарын атамаи бәрі бір ауыз болып отырғаны анық . Қолыңмен істеген нәрсеңді моиныңмен көтеру керек . Атқандар жазадан құтылып , жазықсыз мұнаишылар сотталар болса арты жаман болатын сиқты , барлық жерде билікке көңілдері қалған адамдар өте көп . Жалпы Қазақ елін құлдырауға алып келген адам қалаи ұялмаи лидер болып отыр , ұлт көсеміміндеп өз өзіне ат қоиғанша ана дүниеге тезірек кеткенің жөн сияқты , халық осыны күтеді , жер бетінің , қазақ жерінің құдаиы бола алмаисың қанша жерден армандасаңда . Сен бүлінген саланың , бүлдірген адамысың , қазақ халқының жауысың .

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
08.05.2012 19:47
+0 / -0
Соттаушылар - мұздай қаруланған билік, сотталушылар - битін сығып қанын жалап отырған аш-жалаңаш қарусыз қазақ ұлты. Билікке қарусыз халыққа автоматтан оқ төпеуге рұқсат та, бейбіт халыққа тіпті қиыршық тас лақтыруға болмайды өзін қорғап, сонда бұл қандай жүйе? Назарбаев айтады "биліктің көзі халық, одан асқан құндылық жоқ" деп, ал нөкерлері сол биліктің көзін ұрып қырып салады "еңбекақыңды талап етпе!" деп. Сонда еңбекші халық не істеулері керек? Ұрлық жасама дейді де өзіне және туыс-тумаларына бола қылмыстық жазадан босататын заң шығарады. Егер мен алаяқ ұры болсам қалайша біреуге жөн айта аламын?! Осыған ешкім де жауап бере алмайды, мен соны білемін. Жауап бере алмайтындарының себебі біз бұрын ұлт едік, ал қазір кім екенімізді айтуға ауыз бармайды, тіпті барған күннің өзінде ондай сөзді модератор шығартпай тастайды. Сол еді менің жуасып отырған себебім...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 19:49
+0 / -0
Мына сот мектептегі тентек баланың бұзақылық жасаса да мен емес деп,қасындағылардың партизан болып айтпаймын деп қырсығуыда мына полицейлердің бұйрықты орындаушылар екенін,сот пен прокурордың да пешкалар екенін көрсетіп тұр ғой ап-анық етіп.Әйтеуір бұларға жоғардан былай үкім шығар демейінше өтірік сотын жүргізе береді.Алдаркөсенің әні ғой бұл соттың әлейлеуім біткен соң,халейлеуім тағы бар деген.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
08.05.2012 20:12
+0 / -0
айыптаушы прокурор бұл ұсынысқа қарсы шығып: «Алдын ала тергеу барысында да, қазір де оққа ұшқан адамдардың ешқандай да бұзақылар емес екенін, жай халық екенін біліп отырмыз» деді.

========================

МЫНАУ ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ ҚОЙ!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Атырау
09.05.2012 01:43
+0 / -0
Мына прокурор АЗАМАТ екен!!! Аман бол!!

Кімнен: Оникс Қайдан: Ақтау
09.05.2012 09:25
+0 / -0
Кімнің бұйрық бергенін және командирі кім екенін білмейтін мына куәгерлергдіде, айыпталушыларға қоса соттау керек.

Кімнен: Шындық
09.05.2012 14:14
+0 / -0
Жаңаөзендік қаисар бауырларым Азаттық радиосы ұжымы 9 мамыр жеңіс күні құтты болсын таудаи талаптарын орындалып биіктерден көріне беріңіздер , елдің ертеңін оилаған адал жүректерің сөнбеи жақсылықпен , қуанышқа толы болсын , өздеріңнің алдарыңда басымды иіп қанаттарың талмасын дегім келеді . Санама күш жігер беріп намысымды ту қылып көтеруге жол аштыңдар , өздеріңе қарап отырсам келешекте әділдік орнарына сенгім келеді , батылда батырсыңдар езілген елде шындықтың шырағын жағып көзімді ашып , жаныма үміт отын жағып өттің . Қашанда жол бастап ,қол бастап жүре беріңіздер , артыңда өздеріңді қолдаитын қалың елің тұрғанда биіктерді бірге аламыз . Өмір аидынында алға оза шапқан дүбірлі қадамың жақсылықтың белгісі , қанаттарың талмасын самға биікке самғап ұшшы жақсылықтың ауылы жақынбекен , қашанда халқыңды жұбатып , қуантып самғаи бер Өзенім , Азаттығым .

Кімнен: Томирис Искакова
12.05.2012 08:56
+0 / -0
шынымен де, біз халық азаптанған халық деп айтамыз, ал оны айтқанда кімді елестетеміз, мүмкін осы оқиғалардан азап көрген жәбірленушілерді ма? не болса да, кінәләлер жазасын тартсын!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 11:32
+0 / -0
"аттық .тағы да атамыз"-деген министр Қалмұқамед қасымов жазалануы керек.Комендант А.ҚАБЫЛОВТЫҢ ДА ОРНЫ ТҮРМЕ...осының бәріне 2 апта бойы полицейлердің жаңаөзендіктердіі тонауына жол берген өмірзақ шөкевті сот алдында жауап бергені дұрыс.

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 21:32
+0 / -0
Соттың да, прокурордың да бастары әбден қатып кеткен болар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.05.2012 12:53
+0 / -0
мына соттын адил отуине бар халык ат салысуы керек. Онсыз да олгендер енди кайтып келмейди, Канды желтоксан тагы канга уласпасын десе, сот та,билик те ойлануы керек кой

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?