Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:22

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Полицейлер қазасынан кейін Темір ауданы майдан болғандай көрінеді

Шілденің 1-іне ауған түні Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылындағы атыста екі полиция қызметкері қаза тапты. Оқиға орнында оқ атқандарды қолға түсіру үшін ауқымды шара басталды. Оқ атқан, «уаххабит» делінетіндердің туыстары тергеуге алынды.

Жауап алуға қамалғандардың туыстары полиция бөлімшесіне келіп тұр. Ақтөбе облысы, Кеңқияқ ауылы. 1 шілде 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Биыл 17 мамыр күні Ақтөбе қаласында жанкештінің өзін-өзі жарып жібергені белгілі. Сол оқиғаның ыстық-суығы бaсылмай жатып, Ақтөбеде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Екі оқиғада да Қазақстанда теория жүзінде «радикалды исламистер» делінетіндердің ізі» турасында айтылып жатыр.
 
Шұбарши ауылында шілденің 1-іне ауған түні белгісіздердің қолынан полиция қызметкерлері: 30 жастағы Нұрлан Алпысбай мен 39 жастағы Айдос Боранбаев қаза тапты. Оқ атқандарды ұстауға тікұшақ пен бронотехника тартылды. Ауқымды операция басталды. Шұбарши тұрғындарының айтуынша, шабуылдаушылар Құмсай шатқалына бекінген. Онда кәдімгідей ұрыс болғанға ұқсайды. Бірақ әзірге  ешқандай ресми мәлімет берілген жоқ.
Шабуылдаушыларды ұстау кезіндегі тікұшақ. Ақтөбе облысы, Кеңқияқ ауылы. 1 шілде 2011 жыл.

Шұбаршиде соңғы жылдары билікке жақын Мұсылмандардың діни басқармасы құзыретін мойындамайтын консервативті ағымдағылар көбейе бастаған еді. Олар ресми тіркелген мешіттерге бармайды, исламдық дәстүрді Қазақстанда бұрын белгісіз болған шеңберде ұстанады. Жеке үйлерге жиналатын олардың киінуі де басқаша.    
 
Бұл мұнайлы өңірде жергілікті халық кедей тұрады. Әлеуметтік жік өсіп келеді. Мұнда аталмыш діни азшылық топтың жақтаушылары баршылық. Тіпті кейбіреулері оған құрметпен қарайды. Көптеген тұрғындар осы «уаххабит» аталатын топтан туысқан тауып отыр.
 
Полицейлердің өлімі туралы туралы хабар тарап, кейбіреулер сол атысты естігендерін айтып жатқанда, қудалауға түскен «уаххабиттердің» кек қайтаруы турасында сөз шықты. Шағын мұсылман қауымдастығының жетекшісі, осы өңірдің тумасы,  ел ішінде белгілі Азамат Кәрімбаев 2009 жылы Арқалық түрмесінде жұмбақ жағдайда қаза тапты. Тұрғындардың кейбірі мұнайлы Кавказдағыдай «жихад» жайлы айта бастаған.  
 
Ақтөбеден оқиға орнына барған журналистердің арасында Азаттық тілшісі де бар еді. Тілшілердің ресми тұлғалардан мәлімет алуға тырысқанынан ештеңе өнбеді. Шілденің 2-сі күні Темір ауданы әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов «Әзірге ақпарат жоқ. Ресми мәлімет күн соңына қарай болатын шығар, мен білмеймін. Әкімдерге қоңырау шалып сөйлесе алмай отырмын. Барлық әкім Шұбаршиден сыртқа кетіп қалған»,-деді.

Азаттық тілшісі оқиға орнына барған күні Темір ауданындағы ахуал майдан кешіп жатқандай әсерде қалдырды. Басшылардың барлығы қым-қуыт шапқылап жүрді. Полицейлер мен қарапайым киінген қолдарында рация мен ұялы телефон ұстаған адамдарда тыным болған жоқ. Жолдары нашар ауылда келесі күні келген көліктердің көптігінен жүру қиын болды. Азаттық тілшісі бронотехниканы да байқап қалды.        
 
Оқиға Шұбаршиде болғанымен көптеген жергілікті тұрғындарды көрші Кеңқияқ ауылындағы полиция бөлімшесіне әкетіп жатты. Олардың соңынан туыстары да келді. Оқиғаға қатысты бірдеңе біледі дегендердің туыстары тергеуге алынды. Алайда белгісіз арпалыстан хаос сезіліп тұрды. Тұрғындардың айтуынша, полиция бөлімшесіне бір аяғы ауыр әйел мен омыраудағы баласы бар әйел де әкелінген.
 
Ресми мәліметтерден Азаттық тілшісіне белгілі болғаны Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиевтің айтқаны ғана болды. Ол 30 маусымнан 1 шілдеге ауған түні полицейлер мінген УАЗ көлігі нысанаға алынғанын, одан екі полиция қызметкерінің қаза тапқанын айтты.
Шабуылдаушыларды ұстау кезіндегі Кеңқияқ ауылының көрінісі. Ақтөбе облысы. 1 шілде 2011 жыл.

- Түнгі сағат он екілердің шамасында полиция пунктіне «Мицубиси Делика» көлігімен келген адамдар полицейлердің қызмет көлігін атқылады. Салдарынан Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаев қаза тапты. Қазір «екі және одан көп адамдардың өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды,- деді Алмат Иманғалиев.
 
Мұндай құрғақ тіркесте көп мәлімет болмайды. Шұбаршидегі жағдайға қарасақ, басқа да түрлі мәліметтер мен түрлі ықтимал себептер жайлы аз айтылмайды. Бірақ мұның бәрі бейресми мәлімет болғандықтан төркіні анықталмай жатады.    
 
Аты-жөнін атамауды өтінген Шұбарши тұрғыны түнде атыс дауысын анық естігенін айтады.
 
- Сағат түнгі 11-12 шамасында бір-бірлеп оқ атылды. Қаңғыған иттерді атып жатқан болар деп ойладым. Мен өзім діндар емеспін, бірақ ауылда «сақалдылар» көп. Полицейлерді атқан солар дейді ғой. Әйтпесе, былайынша бізде тыныштық,- деді жас жігіт.
 
Азаттық тілшісі тура оқ атылған жерді көргенде, көлік әйнегінің сынықтары мен құммен көмілген қан іздерін көрді. Тілші не болғанын сұрағанда, сол маңда жүрген балалар «уаххабиттер полицейлерді өлтіріп кетті» деп жамырай жауап берді.
 
Шұбарши, Саркөл және Кеңқияқ ауылдарының кей тұрғындары аяғы ауыр, немесе  омыраудағы баласына қарамастан намаз оқитын әйелдерді полиция бөлімшесіне әкетіліп жатқанын айтып, шағынды.
 
- Таяуда ғана босанған қызым Ботакөзді таңғы төртте ұстап әкетті. Маусымның 20-сында оған кесар операциясы жасалған еді. Күдікті - күйеуі Ақылбек Мәмбетов. Нәрестеге небәрі бірнеше апта болған. Дүйсенбіде ақ қан ауруына шалдыққан оны дәрігерге апару керек еді. Әйелі күйеуі Ақылбек Мәмбетовтің істегеніне жауап бере ме екен? Намаз оқуға рұқсат бергенінде қандай қылмыс бар екен? Таң атқалы «босатады» деп жатыр. Азық түлік алмайды, - дейді Бауыржан Маратов.
 
Кеңқияқ тұрғыны Ардақ Құбашева шілденің 1-i күні түнде әупірімдеп жүріп полицейлерден баланы емізуге рұқсат алды.
 
- Күні бойы қамаудағы Ботакөздің туыстары оны босату жөнінде сөйлесті. Тек кешке ғана біздің дегенімізбен әйел-полицей жылаған нәрестені емізуге бергізді. Мен полиция бөлімшесіне жақын тұрамын. Нәресте Фатиманы жуындырып, «Малюткамен» қоректендіріп, қайта алып келдім. Әйел құқығы, сонда да болса, омырауда баласы бар әйелдердің құқығы аяқасты болмауы тиіс,- дейді Ардақ Құбашева.   
 
- Бүгін кешке үйлену тойы болуы керек еді. Көшеге палатка да тігіп қойған. Таңертең полицейлер келіп, сақалы бар деп ұлымды алып кетті. Ол көзілдірік киетін, жанары әлсіз еді. Не болып жатқанын білмейміз,- дейді ауыл тұрғынының бірі Зәуреш Қаратаева шілденің 1-і күні Азаттық тілшісіне. 
 
Аяғы ауыр жас келіншек Арай Рысқұлова да бірнеше сағат осы бөлімшеде болып шықты. Оның күйеуі 23 жастағы Айбек Жұмағазин де мұсылмандардың айтылмыш тобынан болып шықты.
Шұбарши ауылының тұрғыны Айман Жұмағазина жауап алу үшін қамалған полиция бөлімшесі ауласында отыр. Ақтөбе облысы, Кеңқияқ ауылы. 1 шілде 2011 жыл.

- Ұлым Жұбанов атындағы университеттің дипломын алуы керек еді. Ол сырттай оқитын. Таңертең келінімізді алып кетті. Арайдың аяғы ауырлағалы төрт ай болды. Не болып жатқанын түсінбеймін,- деді Айбектің анасы Айман Жұмағазина.
 
Ауыл тұрғыны Арыстанбек Қазбағамбетов болса, мұсылмандық жолында жүрген отыздай адамның полиция бөлімшесіне апарылғанын айтады.
 
- Үлкен ағам Асламбек Қазбағамбетовті алып кетті. Мен және мына әйел полиция бөлімшесінде аяқ қолдары скотчпен байланған, кейбіреулерінің басына қоқыс салатын полиэтилен қап кигізілген адамдарды көріп қалдық. Ұсталғандардың біреуін ауруханаға алып кетті. Ағам анам қайтыс болған соңғы үш-төрт айдың ішінде нaмаз оқи бастаған еді,- дейді ол.
 
Саркөл ауылының тұрғыны, зейнеткер Иманғали Сабыр полицейлерді атып кеткен түнгі сағат төртте үйіне 20 шақты полицей келіп, немересін алып кеткенін жеткізді. Ауылда жағдайдың нашар екенін айтқан ол биліктің одан да мұнайлы өңірдегі халықтың денсаулығыа қамқорлық жасауы жөн екеніне тоқталды.
 
- Жерде, көкте, суда да мұнай! Өткенде мұнай өнімі ағып кетті. Экологтар бәрі де қалыпты деді. Ал адамдар естен танып, тыныс ала алмай жатты. Құрамында мұнайы бар сумен суғарған соң, қызанақ та ащы,- деді ол.
 
Қаза тапқан полиция қызметкерлері де осы ауамен тыныстаған еді. Шұбаршиде де барлық ауылдағыдай бәрі бір-бірін жақсы таниды. Марқұм болған полиция қызметкері Айдос Боранбаевтың жұбайы Бибігүл Түкбаева оның сағат 11 шамасында кезекшіліктен шыққанын айтты.

- Түнімен ұялы телефонына соқтым. Жауап бермеді. Алаңдай бастадым. Таңертең тоғыз жарымда полициядан келгендер болған жайды естіртті. Мен әлі ол жоқ дегенге сенбеймін,- деді ол.
 
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тумасы Айдос Боранбаев Ақтөбедегі заң колледжінде, «Күзет» қызметінде, екі жыл көрші Кеңқияқ ауылында жұмыс істепті. Соңында 13 және 15 жастағы қызы қалды.
 
- Күйеуім аға сержант болатын. Оны басқа жұмысқа ауыстырған еді. Буынып- түйініп көшкелі отыр едік қой,- деп жылады Бибігүл.
Полиция қызметкерлерін осы жерде атып кетті. Ақтөбе облысы, Шұбарши ауылы. 1 шілде 2011 жыл.

Екінші қаза тапқан полиция қызметкері, сержант Нұрлан Алпысбайдың жасы - отызда. Шалқар ауданының тумасы. Үйленген, артында екі баласы қалды.

1 шілде күні кешке қарай Шұбаршиден бірнеше ондаған шақырым жердегі Құмсай шатқалында шабуылдаушылардың ауыздықталғаны жайында айтылып жатты. Ұрыс болғаны жайында да сөз тарады. Құрбансыз болмағанға ұқсайды. Бұл турасында Азаттық тілшісіне ресми мәлімет алудың сәті түспеді.
 
Шілденің 1-інде түн ортасында Шұбаршиге БТР-лар, әскери көліктер келіп, қызмет овчаркалары үріп, полиция көліктері дабыл қағып жатты. Қойылған бекеттерде оқ өткізбейтін киім киген полиция қызметкерлері құжат тексерумен болды. Олар жүргізушілерге жолда қол көтергендерді мінгізбеуін ескертті.
 
P.S. Шілденің 2-сі күні кешке Шұбарши ауылының тұрғындары Азаттық тілшісіне Құмсай шатқалына жақын Қостан орманына барғанда әлі атыс жүріп жатқанын айтты. Брон құрсанған және сарбаздар мінген көліктерді көргендер бар. Жергілікті тұрғындарды осы оқиға орнына жібермей жатыр. Азаттық тілшісіне байланысқа шыққандар полиция бөлімшесіне қамалғандардың барлығы ендігі босатылғанын айтты. Бірақ бұл мәліметтер ресми түрде расталған жоқ. Демалыс күніне орай ресми мекемелердің телефондары жауап бермей жатты. 



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Назар-Бегім Қайдан: Ақтөбе
03.07.2011 05:41
+0 / -0
Бұл қылмысты жасағандар екі отбасын ғана емес, бүкіл елді ойран еткісі келгендер ретінде аяусыз жазалануы тиіс. Ауылдастар, бауырларым, қылмескерді табуға қолұшын беріңдер. Барша қазақтың көзі мекн құлағы Сіздерде. Мен туған жерімнің бейбіт заманда қан төгілген жер болғаны үшін күйініп отырмын.

Кімнен: нур Қайдан: алматы
03.07.2011 09:26
+0 / -0
карапайым адамга бирдане болса созып карамай журип алады ал еки мент олип еди шулап букил ауылдын мазасын кетирип жатыр адамды ату онай емес менттер акша бопсалап корлык корсеткен шыгар мысалы бизде кошеде жайына журген адамнан кужат сурайды ол адамда кужат болмаса акша вымогать етеди
Пікір алмасу

Кімнен: нур емес
03.07.2011 15:04
+0 / -0
о не дегенің ? мент дегенде адам емеспе ? әлде , сен де содыр сыңба ? ол екеуі түнгі кезекшілікте оққа ұшқан, бауырым ,сөзіңе ие бол!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат Қайдан: Ақтөбе
04.07.2011 09:54
+0 / -0
Ол оңбаған "САТҚЫН БЙЛІК" тің қорғаұшысы болып, ал жеп отырған наны сол қара халықтың табан ет, маңдай тернен келгенін білмейтін, білседе білгісі келмейтін екі айақты қайұандарды түгелмен, ана ұры-қары басшысы мен қосып жанын "Жәһәннәмға" жібіріү керек!!! бұл жеке менің пікірім емес, елін, ҚАЗАҒын сүйген кез-келген алаш баласының ортақ пікірі, ГЙТЛЕР шілерден бүткіл адамзатты азат етіү үшін, Пашістердің 9 миллион армыйасын түгелдей жойыү керек болған болса, қазақтың "ЕГЕТЕНДІЛІГІН" аман сақтар қалыұ үшін,"САТҚЫН БЙЛІК" ті қолдар, қорғап отырған барлық қазақ халқының ішкі жаұларын түгелдей тұқымын дұздай, құртыұ керек....
Пікір алмасу

Кімнен: Қарсы пікір Қайдан: Маңғыстау
03.07.2011 15:49
+0 / -0
Егер сол оққа ұшқан Милиция қызметкрі сенің ағаң не інің болса не істер едің? ойланып көрдіңбе? ОЛ қаза болған кісінің саған жеке басыңа жазығы жоқ болар! Адам ойланып жазу керекғой! Олда біреудің баласы, біреудің бауыры. Сенен милициялар құжат сұраса сенің түрін күдік тудыратын шығар? олардың міндетіғой! менде сенің мына жазғандарыңа қарап қандай адам екеніңді білдім!

Кімнен: Qazaq Қайдан: Qazaq Eli
03.07.2011 09:36
+0 / -0
Arine qazaq eli din sauatsiz boladi- www.meshit.kz ke kirip korinizshi-bari aqparat tek qana orissha-sonda qazaqtar din sauatsiz bolsindidima?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.07.2011 09:43
+0 / -0
Іштен шыққан жау жаман деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаған,енді, міне,елді вахаббистер жаулап болды,басқа діндерге басында сақтықпен қарау керек еді,бәріне ерік беріп қойған,енді, бетін қайтару қиынға түсетін шығар.... Діни басқарма не бітіріп отыр?Қазақтар ақыр соңында бір-бірімізді атып өлтіріп жер бетінен тып-типыл жоқ болып кететін шығармыз.Балаларының вахаббис болып жүргенін көріп отырып,ата-аналары қайда қараған, неге кезінде тиым бермеген?

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
03.07.2011 10:27
+0 / -0
Қазақтар ақыр соңында бір-бірімізді атып өлтіріп жер бетінен тып-типыл жоқ болып кететін шығармыз.
----------------------------------------------------------------------------------------------------

Қазақтың ата жауы - қарақшы билікке керегі сол болса не дерің бар?..
қысық көздер мен ойраттарға жер босайды...

Кімнен: наразы
03.07.2011 11:11
+0 / -0
Билік басындағыларға ! Ақтөбенің бар байлығын қара қытайға бөліп бердіңдер , не қалды қарапайым қазаққа ? халқы өз байлығын өзі көре алмай отыр , аш адам ештеңеден тайынбайды ! оны ақшамен басқа пиғылдағылар тез сатып ала алады, мынауда соның бір айғағы . облыс әкіміне өкпеміз жоқ , ол кісі қолынан келгенін еңкейіп тұрып жасап жатыр ! мәселе үкімет басындағыларда , неге бар пәле тек Ақтөбеде? сол сектанттар басқа облыста жоқпа? Мусин мырза туған жеріне жаны ашып ҰК-на кіріп Ақтөбеге жеке мән беруін өтінуі керек, сосынғы мәселе сот жүйесі , ол бізде әділдік емес ,әлімжеттікке еңбек етеді , оны да тексертіңіздер,солай!

Кімнен: Назар- Бегім Қайдан: Ақтөбе
03.07.2011 11:50
+0 / -0
Нұр бауырым! Неткен ұшқары ой сіздегі! Ментте адам баласы , ол да бауырымыз емес пе? қызмет бабында өлгендердің бірін жақсы танимын. Өте сауатты, парасатты азамат болатын. Ондай азаматтарды оққа қиғандағы сенеріміз балағын кесіп, түсініксіз ойлармен санасын шырмағандар болғаны ма? балалардың болашағы үшін қорқатын болдық.

Кімнен: Мейрам Қайдан: Астана
03.07.2011 12:32
+0 / -0
Барлық дінге еркіндік берген билік,"НӘН" енді жемісін көріп жатыр. Діни соғыс өте қауіпті. Биліктін Солидарнос дегені осы болды. Барлық діннің басын біріктіреміздеп шатты.Діни ағымдардын да басы ешқашан қосылмаған және қосылмайды да.

Кімнен: .. Қайдан:
03.07.2011 13:16
+0 / -0
жазындар жазындар тагы не жазасындар кур жазганнан баска не билесиндер сендер

Кімнен: али Қайдан: атырау
03.07.2011 14:15
+0 / -0
кезинде дурыс бакылау жасамаи елди емес кара бастарынызды оз калталарынызды оилап 20 жылды откиздиндер енди тым кеш ел басында отырган аррам тамактар

Кімнен: АҚ-ТӨБЕДЕН
03.07.2011 15:15
+0 / -0
Машкеевич, Қытай басшысы, Кұлыбаев, т. б. Ақ-төбеде бизнестері бар халықты сорғандар құлақтарын тігіп отырса болады , мына шахидтерді солар біржақты қылсын, себебі Ақ-төбенің АЛЛА берген байлығы солардың қойны-қоныштарында, ол жердің халқы жуынды ішсе де бері-бір. Баяғы да ата-баба , , бер жағында әкелеріміз Отанды солар үшін қорғапты, ал негізгі сол батырлар ұрпағы өлмес күнін көруде. .. не айтасыңдар бұған, өтірік пе?

Кімнен: ваххабиден қорқатн қазақ Қайдан: маңғыстау
03.07.2011 15:59
+0 / -0
Заман емес Адам не боп кетті? Ваххабилер арамызда жүргені қорқынышты!!!!! Діннен сауаты жоқ халық.................. өз тілін білмеген адам дінінде білмейді! тілін енді үйренген кезде дінде көбейіп кетті қайсы дін дұрыс қайсысы бұрыс екенін білмейді! Өзбекстанда сақал қойып, хиджап киген адам болса барін қамап тастайды, қамағандада өмірінң соңына дейін қамайды. түрмелерінің биіктігі 1 метр өмір бойы еңкеип жүреді! Қазақта сөз барғой аурудың алдын алған жақсы емдегеннен -деген! ол жақта аурудың алдын алатын сияқты! Ал бізде емдейді емдеу қиын әрине! алдын алғаннан!

Кімнен: Shortan Қайдан: Ertisten
03.07.2011 17:08
+0 / -0
Dindi jalau etip,eldin berekesin ketirgen oraishyldarga aiausyz jazalau kerek,Kazakh ka jetpegeni endi sakaldy jalanaiak dindarsymak nadandar edi...Kazakhstan Afghanistan emes ekenin bile juretin bolat!! Dindi syltau etken toptarga eshkandai mumkindik bermeumiz kerek jalpy halyk bolyp.Islam alemide bulardan sharshaganyn korip jatyrmyz..

Кімнен: Абдул Азиз Қайдан: Алматы
03.07.2011 20:54
+0 / -0
Сіздердің пікірлеріңізше барлық сақал қойғандар мен балағын кескен және Бұқар жырау айтпақшы "Бес уақытта бес намаз, біреуі қаза болмасқа"- ға амал етіп, сендер сияқты жөн - жорықсыз мұсылмандарды ғайбаттамай Аллаһтын алдында тізерлеп бас ұрғандар надан да, ал сендер данышпансыңдар ғой иа!? Адамның кемшілігі ол- ИСЛАМНЫҢ кемшілігі емес!!! Егер сендерге артынан ергесуге үлгі болатын эталон керек болса, онда Пайғамбарымыз Мұхамметке (с,а,у) ергесіп, құранға жармасыңдар!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Арман Қайдан: Қазақстан
04.07.2011 16:15
+0 / -0
Абдул Азиз бауырым!
Бұл жерде ешкім Исламға қарсы жазып жатқан жоқ, тек Исламды жамылып, елдің арасына іріткі салып, АДАМ өлтіріп жатқандар туралы жазылып жатыр. Құр бекер елдің бәрін қаралай берме, ұят болады! Сенің жазған пиғылың ұнамады, кешір.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.07.2011 21:20
+0 / -0
Аллаһтың үйін салдыруға барынша кедергі келтіріп, мұсылмандардың аяғынан шалған Аралдың арам имам-молдаларын аудандағы орталық мешіттен қашан қуар екен?
"Бұлар уахабист екен, жынұрып зікір қылатындар екен, тыржалаңаш шешініп тастап, қараңғы бөлмеде еркек-әйел қосылып билейтіндер екен, адасқан секталар екен" деп неше түрлі зұлым өсектер таратып мешіт салуға дайындалған жердің көрші тұрғындарын үгіттегендерді Аллаһтың қарғысы атсын, егер олар тәубелеріне келіп жазықсыз мұсылмандардан кешірім сұрамаса!!!
Тіпті кешірім сұрағанның өзінде де ондайлар Аллаһтың үйінен қызметтен аласталынуы тиіс.

Кімнен: Әбеке Қайдан: Алматы
03.07.2011 21:25
+0 / -0
Алматының орталығы көк базарда жолдасымыз Мұрат Нүсіпті тапа-тал түстің өзінде ұры-қарақшы күш көрсетіп ақшасын тонап кетпек болғанда
полиция қызметшілерінің ұрылармен бірге екендігі істі жаппақ болғандығынан көрініп қалды. Ал осы полицей қызметшілеріне күш көрсетілгенде жапа-тармағай жау тигендей үрке түрегеледі. Адам өлімі ғана қынжылтады, әйтпесе полицейлерге жаның да ашымайды екен бұндайда.

Кімнен: Назар-Бегім Қайдан: Ақтөбе
03.07.2011 22:15
+0 / -0
Ел ішіндегі ахуалға ықпал ете алмаған біздің билік пен идеологияның дәрменсіздігі қынжылтып отыр. Журналист ағайындар айтудай-ақ айтып, шырылдап бағуда. Алаш айнасы газетінде осыдан 1 жыл бұрын, дәлірек айтқанда 12 маусым 2010 ж. жарияланған мына бір мақаланы оқып көріңіздерші. мәселенің мән - жайына сонда қанығасыздар.”Бір ауылдың хикаясы немесе Сарыкөл синдромы“

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.07.2011 07:31
+0 / -0
Әбеке! Дұрыс айтасыз! Базардағы қалтаұрылары менттармен бірге. Пәтерұрыларының ішінде де менттардан келіп жолдама алып, шаруасын бітіріп, сосын бөлісетіндер бар сықылды.

Кімнен: асем
04.07.2011 11:29
+0 / -0
мент, мент дейтіндей олар басқа алемнен келген жок, казахтын өз баласы, біреудін інісі, біреудін жиени, биреудин нагашысы — оз тумамыз. Ал ваххабиттер — казахтын курып битуин тилейтин сырткы куштерге сойыл болып отыр. Олар диннин сойылын согып отыр дейсиздер ме? Әр қазақ — өз бауырын. Өз бауырын кинасы үшин атпайды, тарбиелейди. Өз бауырын аткан адамда дин, иман болмайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.07.2011 14:15
+0 / -0
Bauirim Nur... Akwa?
Mumkin ol senin oin bolar. Ar adam ozinin oindagisin jazadi. Jaksinin jaksiligin ait nuri tasisin deidi atam Kazakh. Aitain degenim Aidos Boranbaev menin dosimnin agasi, 2 balanin akesi,Bibiguldei jengemizdin joldasi edi. Oz kizmetin maktan tutatin. Elinin,halkinin aldinda oz boriwin otedi. Mundai jagdai orin alatinin kim bilgen? Eli uwin kaza bolgan jandardin jayi jannattan bolsin. Bauirim Nur...
Otan uwin otka tus-KUIMEISIN...
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі