Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:24

ӘЛЕУМЕТ

Темір ауданында тағы бір адам қаза тапты

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында Әділхан Ешниязов жерленді. Ресми болжам бойынша, ол өзін-өзі өлтірген. Бірақ марқұмның жақындары «Әділхан полиция бөлімшесіндегі азаптаудан соң қайтыс болды» деседі.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылындағы мешіт. 1 шілде 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Әділхан Ешниязовтың әулетімен таныс Айгүл «марқұмның үйі бірнеше рет тінтілгенін» айтады.

– Ештеңе таба алмады. Шілденің 12-сі күні кешке оны полиция бөлімшесіне шақырып алған. Бірнеше сағаттан соң үйіне еңбектеп әзер жетті. Полиция бөлімшесінде азаптап, скотчпен буындырып, бүйрегінен ұрғанын айтып келді. Мойнындағы жараны өз көзіммен көрдім. Түні бойы көз ілмеді. Таңертең балабақшада аспаз болып істейтін әйелі Гүлбибі жұмысына кетті. Түстен кейін демалайын деп жантайыпты. Күйеуі үйде екен. Сіздер, тілшілер, кеше жерлемей тұрып келгендеріңізде, марқұмның мойнындағы жарақатын көрсетер едік. Гүлбибі «енді қайыр жоқ» деп, ештеңе айтпайды. Мүмкін, қорқатын шығар. Білмеймін, – дейді Айгүл Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, 44 жастағы Әділхан Ешниязов екі ай бұрын бала бақшаға күзетші болып орналасыпты. Айлығы 30 мың теңге екен.

– Әділхан тоғыз жылдан бері намаз оқитын, жұма сайын Шұбаршидегі мешітке баратын. Онымен сөйлескен соң біраз жастардың намаз оқығанын айып қылып тағыпты. Бастықтар оны ылғи «жұмыстан шығып кетсеңші» деп үгіттейтін.  Артында екі баласы қалды. Әділханды бүгін жерлеп отырмыз, – дейді Айгүл.

Әділхан Ешниязов Шұбаршидегі Азамат Кәрімбаев салған «Ақмешіт» мешітіне барып жүретін дейді Айгүл.

Оның айтуынша, полициямен атысып қаза тапқандардың көбі – жұмыссыз жастар.

– Бәрін жақсы танитынмын. Әрине, қару қолданғандарын құптамаймын. Ересектердің бірі азғырған шығар. Ондай балалар емес еді, – дейді Айгүл.

Кеңқияқ ауылының тұрғыны Әділхан Ешниязовты шілденің 13-і күні өліп жатқан жерінен тапқан.

Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтың айтуынша, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған.

– Өзі үйінде асылып өлген... Онда енді немене... Қорада ма, бағанаға ма...
Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев. Ақтөбе, 4 шілде 2011 жыл.

Өзім түсіріп алдым. Маған оның керегі не? Асылса, асылған шығар, – деді Алмат Иманғалиев.

Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев Темір ауданында арнайы операция кезінде екі полицей, екі арнайы жасақ сарбазы қайтыс болып, бес адам жараланғанын растады.

– Қарулы топтан тоғыз адам өліп, екеуі ұсталды. Қазір жаңа мәлімет жоқ, – дейді Алмат Иманғалиев.

Кеңқияқ тұрғындарының айтуынша, қазір әскерилер кешке таман жаппай құжат тексеріп, «күдіктілерді» ұстайды.

Шілденің 1-інде Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауданында екі полицейді өлтірген қарулы топқа қарсы арнайы операция басталған еді. Шілденің 8-інде басталған атыстан 9 адам мерт болды. Билік көз жұмғандар «дінді желеу етіп, мұнай ұрлаған топтың» мүшелері дейді. Қаза тапқандар – Сарыкөл, Шұбарши, Кеңқияқ ауылдарының тұрғындары.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ALEN
14.07.2011 21:35
+0 / -0
Не айтуға болады. Ауылдың басқа тұрғындарының да пікірін беру керек еді, әйелінің ғана емес. Қайтыс болған адамның салафит тобына қатысы бар ма, жоқ па анық жазылмаған.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.07.2011 09:15
+0 / -0

«Соңғы кездері билік «негізгі емес» діни ағымдарға қатысты репрессияны күшейтті. Олардың өкілдерін саяси оппозиция өкілдері секілді қуғындайды.

«Діншілдерді бассыз, қатал әрі қатаң қудалаудың нәтижесінде олардың ең табандылары, наразылық ретінде өзін өзі өртеп немесе жарып жіберуге дайын радикал әрі фанаттар болуға мәжбүрлейді», - дейді Мұхтар Әблязов.

Кімнен: акикат
14.07.2011 22:56
+0 / -0
ален олген адам кiм болсада полиция кiнасi далелденбеген адамды урып-согуга кахысы жок, озин-озiн олтiруге мажбурлегенi ушiн сотка беру керек

Кімнен: ғалым Қайдан: алматы
14.07.2011 23:28
+0 / -0
Әйелінің айтқанына сенуге болады. Жоғарыдағы суреттегі полицияның түріне қарашы, оның қолына түссең аямайтыны анық. Оқиға басталудан Діни басқарманың өкілдері баруы керек еді, халықпен сөйлесуге, діндарлар болдыма болмады ма,соны ажратуға, қарапайым адамдарды жендеттерден арашалауға, бірақ бұлар сырттан қарап отыруды жөн көрді.Не деген масқара,жоғары лауазымды полиция басшылары қазақтың тоғыз қара домалақ балаларын өлтірдік, қырдық, жойдық деп жар салуда. Соларды терористікке апарған, соған жеткерген өздері емеспе.Сондай күшті ақылды болсаңдар,өлтірмей ақ аман алып қалып, соттаудың миллион жолын қарастыруға болатын еді ғой. Жоғарыдағы қайтыс болғанның балаларының ашудан не ойлап отырғанын кім біледі.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.07.2011 23:53
+0 / -0
біреудің кырсығы біреуге тиеді дегендей уаққабтардың әлегі бүткіл мұсылман қауымына пәле болып жабысары сөзсіз. бұлдеген мұсылмандарды іштен іріту шетелдің саясаты. біздің жастарымыздың санасын улап теріс жолға салған күнәхарлардың құдай жазасын берсін
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.07.2011 09:17
+0 / -0
осындай кырып-жоюмен, террормен билiк халыкты коркытып устайды бiзде

Кімнен: Аман Қайдан: Арал
15.07.2011 02:34
+0 / -0
Ешқандай да уаһһабтар емес,жәй жұмыссыз жүрген жігіттер,яғни үкімет жұмыс тауып бере алмады,олардың несібесін қытайлар алып жатыр,шамалы мұнай алғаны болмаса мемлекетке ешқандай да жазықтары жоқ,олардың қасында қанша мыңдаған тонна мұнай шетелге,одан қалса жоғарыдағылардың қалтасына кетіп жатыр,біздің қалтамызға түсетінді алып қоя ма деп жоғарыдағылардың жандары шығып,қызғанып,уаһһаб деп өтірік жала жауып қазақтың жігіттерін қырып салды,неге жасырмай ақ айтпайды екен солай деп

Кімнен: Қазақ
15.07.2011 03:15
+0 / -0
Осылардың біреуін де қалдырмай жоқ қылғандары өздерінің қылмыстарының ашылмауы үшін жасағандары сияқты осының артында бір гәп бар. оСЫНЫ ДҰРЫСТАП ТЕКСЕРУ КЕРЕК. ҚАНШАМА ОТБАСЫ ОЙРАН БОЛДЫ. СҰМДЫҚ ҚОЙ. ЕЛІМІЗГЕ ҚАРА ТАҢБА БОЛДЫ ҒОЙ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.07.2011 07:50
+0 / -0
Ешқандай да уахаб та емес, салаф та емес. Тек дінде жүрген адамдар құдайдан басқадан қорықпайды. Ал ішетін шегетін адамдар, менттардан қорқады, ішіп келе жатқанда ұстап алады, анаша шегіп алғанда ұстайды деп. Жұмыссыздар қатарында болғасын не істесін, шексіз мұнайдың шетінен алмағанда, бұған ментар салық салған деп жатыр крыша болып, сосын бұрыңғы планкасын көтеріп рекеттар құсап көбейткен, аналар көнбеген, сосын ұрып соққан, олар шыдамай іске барған.
Мұсылмандар одағының төрағасы Телібековтың айтуы бойынша, Алматы обылысының ба, қаласының ба имамына келіп ментардың, кыныбының адамдары келіп, жастарға ішімдік ішпе, анаша шекпе деп, уағыз жасамаңдар депті. Не сұмдық? Соған қарағанда жастар ішпесе, қылмыс болмайды, пара алатын адам қалмайды, анаша шекпесе, тауар өтпейді. ВОООТ!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.07.2011 09:14
+0 / -0
мынау халыкка карсы нагыз террор гой!!!!

Типти ол адам дастурли исламды устанбаса да оны олтируге ешкимнин хакысы жок!!! себеби казакстанда дини бостандык деген зан бар. онда неге баска динде жургендерди олтирмейди, мысалы, иегова куагелери, кришнаит, католик, олар да дастурли дин емес кой????

Кімнен: Patriot Қайдан: Karagandy
15.07.2011 10:03
+0 / -0
ҰЛТЫМА ОҚ АТЫЛДЫ

Оқ атылды!
Ұлтыма оқ атылды –
Жауыз билік қазаққа қан татырды!
Билік пен қазақ халқын қаққа жарып,
Қызыл жалау байланған жіп тартылды...

Оқ атылды!
Қазаққа оқ атылды –
Қорқытпақшы пиғылмен доқ атылды!
Тұншықтырмақ ұлтымды қанға малып,
Жығатын кезі келді «Ақ шатырды»!

Алдымен жоғалтқаным – жерім еді,
Жөргегінде тұншыққан – тілім еді!
Тапталған ар-рухымның арты міне –
Оқ атылып қазаққа – ажал келді!

Ажал келді үйіме – Отаныма!
Қасқыр шапты бейбіт ел қотаныма!
Ажал келді,
Уа, жұртым, ажал келді!
Қауып төнді туған жер – Отаныма!

Жаңаөзеннен бастау ап «қанды өзен»,
Жалмамақшы ұлтымды қанға жүзген...
Оқ атылды!
Қазаққа оқ атылды –
Талай-талай қыршынның жанын үзген!
Пікір алмасу

Кімнен: Омар
15.07.2011 15:30
+0 / -0
Мынау Дарынның өлеңі ғой!

Кімнен: Саддам Хусейн Қайдан: Ирак
15.07.2011 10:17
+0 / -0
Адамның азуы осы ғой, қазақтың қара домалақ балаларын қырып тастады,бұл не деген сұмдық! Қолдарынан ештене келмейтін біздің билік, әлі жететіні тек қазақтар,қазақтарға ойларына келгенін жасаған мына билікке не істеуге болады? Ұрысұлтан ауыспаса бұл билік түбінде тағы не істерін Алла Тағаланың өзіне ғана аян екені мәлім!!!!!!

Кімнен: Қазақ
15.07.2011 12:45
+0 / -0
Сөздеріңнің жаны бар, жұрттың бәрі дінге кірсе кейбіреулердің көлеңкелі бизнестері жүрмей қалып оларға ақша түсетін каналдары жабылып қалад. Алла сақтасын не айтарымды білмей отырмын. Шындықты бәрібір жасыра алмайсың ақ қарасы анықталады ғой.

Кімнен: Ислам деген не? Қайдан: Конституция
16.07.2011 18:55
+0 / -0
Ислам дини ол Аллнын жиберген дини ягни конституциясы, ол адамнын ойлап шыгарган демократия, комунизм ж/е де т.б сиякты жалган конституция емес ол Ислам алемди, жерди, адамды жараткан Алланын конституциясы ягни заны сол ушин Алла бизге Мухаммед пайгам барды сол конституцияны тусиндиру ушин уйрету ушин жибеди ж/е оган куран китап тусирди ол куран китаптын ишинде Аллах жиберген Ислам конституциясынын статьялары мен баптары. Егер жер бетиндеги букил Ел мен мемлекет осы Ислам конституциясын устанатын болса. Олардын корупциясы, арак заводтары, шылым фабрикалары, ж/е де алкоглизм, куреие, наркомания, гомсекссуализм, порнография, дейтин олардын сол аркылы халыкты согыссыз кырып акша тауып жаткан нарселери токтап калады. Ол жогарыдагы укиметкеде ж/не томендеги урылар мен криминалгада унамайы да ж/е оны каламайды.

Кімнен: қазақ
16.07.2011 20:16
+0 / -0
қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
оңың менен солыңды айырмадың,
бірі қан бірі май боп енді екі ұртың...

қыршыннан қиылған қайран жастар-ай. екі адам емес, талайды өлтіргендер бостандықта жүр, елде, шетелде. бай-қуаттылар қашан да әділ жазадан құтылады, ал қарапайым халық жазасын толық тартады. не деген әділетсіздік!

Кімнен: usama ben laden Қайдан: argi dunye
17.07.2011 10:38
+0 / -0
Sol 9 jigittin istegeni negizi duris bolmadi. Bilik sol 9 jeleu etip bukil musilmandarga tise basraydi endi koisha kirip

Кімнен: Тәке
17.07.2011 11:04
+0 / -0
Ақтөбедегі жағдай басқа жақта да қайталанып жүрмесін. Билік осыны қадағаласа екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Бәке
17.07.2011 13:04
+0 / -0
Ия, соны айт бәрінен де, әйтпесе Тәкеңнің жаны шығып кетейін деп отыр билікке жаны ашып...................................