Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:25

ҚАЗАҚСТАН

«Кеңқияқтағы ер адам қарсылық көрсеткен соң атылды» дейді Ақтөбе полициясы

Темір ауданындағы атыста қаза болған арнайы жасақ қызметкері Руслан Жолдыбаев бүгін жерленді. Ал арнайы операция барысында полицияның оғына ұшқан Кеңқияқ тұрғыны «қарсылық көрсетті» дейді билік орындары.

Қаза тапқан Руслан Жолдыбаевты жерлеу. Ақтөбе, 4 шілде 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

СОБР САРБАЗЫНЫҢ ЖАНАЗАСЫ

Темір ауданында 1 шілдеден бері үш полицейді өлтіріп, үш полицейді жаралаған  қарулы топқа қарсы операция өтіп жатыр. СОБР (жедел әрекет ететін арнайы жасақ) сарбазы Руслан Жолдыбаевты жерлеуге жүз қаралы адам келді. Көрші көшелерді автомат асынып, беренді кеудеше киген полицейлер қоршап тұрды.

Жолдыбаевтар әулетінің досы Марина Бралина ескі таныстар екенін, күйеуі мен Русланның бір сыныпта оқығанын айтады.
Қаза тапқан Руслан Жолдыбаевтың өскен үйі.Ақтөбе, 4 шілде 2011 жыл.


– Соңғы екі айда жиі жолығып, хабарласып тұратынбыз. 1 шілдеде балаларды алып серуенге шықпақ едік. Міне, қайтыс болып кетті. 18 тамызда 35-ке келер еді. Қызы биыл бірінші сыныпты бітірді. Тура әкесіне тартқан. Руслан «енді ұлым болса» деп армандап жүретін.

Русланмен бірге оқыған Динара Сағырова марқұмның көңілді, ешкімді ренжітпейтін, көмек сұраған адамның бетін қайтармайтын адам болғанын айтады.

– Өзінің бойы екі метрдей еді, ұлттық президенттік гвардияда борышын өтеген, - дейді Динара Сағырова.

Руслан Жолдыбаев әкеден жастай жетім қалып, ата-әжесінің бауырында өскен екен. Русланның жасы 85-ке келген атасы Айтқали Жолдыбаев:

– Өзім құдаласып, келін түсірген едім. Білім алып, адам болып, ішкі істер 
Қаза тапқан Руслан Жолдыбаевтың атасы Айтқали Жолдыбаев. Ақтөбе, 4 шілде 2011 жыл.

орынында жұмыс істе деген де өзім болатынмын. Аса тәрбиелі еді. Жуықта пәтер алып, медальға ие болған еді, – дейді.

Айтқали Жолдыбаев - соғыс ардагері, 35 жылдық стажы бар отставкадағы милиция майоры.

КЕҢҚИЯҚТАҒЫ АТЫС

Кеңқияқта жергілікті бір тұрғын полицияның оғынан мерт болды. 1 шілдеден бері қарулы топқа қарсы операция жүріп жатқан Темір ауданында жағдай шиеленісіп тұр. Ақпарат не ресми жауап жартымсыз болса, жергілікті тұрғындар арасында қауесет гу ете қалады.

Полиция 26 жастағы жергілікті тұрғынның қазасына байланысты ертеңінде ғана мәлімдеме жасады. «Ол - 1 шілдеде Шұбаршиде екі полицейді өлтірген топтың сыбайласы» дейді полиция.

Кеңқияқ ауылының тұрғыны Ардақ Құбашева 3 шілде күні түстен кейін болған осы атысты көргенін айтады.

– Қызым екеуіміз аудандық ауруханаға бара жатқанбыз. Түскі 3-тер кезінде №19 үйдің маңында атыс болды. Сол маңнан мұсылман әйелді ұстап, қолын кісендеп, полиция көлігіне мінгізіп әкетті. Сақалы бар, жасы 40-тар шамасындағы ер адамды аяғынан атып жаралағанын тұрғындар көрді. Жұрт қорыққандарынан есік-есікке кіріп кетті, – дейді ол.

Оның айтуынша, бұл кезде көшеде балалар ойнап жүрген, ересектер қауіпсіздік мәселесі жайлы жиналысқа қатыспақ болып, мәдениет үйіне бара жатқан.

Бұл ауылдың 48 жастағы тұрғыны Гүлнар Тұрмағамбетова 3 шілде күнгі атыстан соң қысымы көтеріліп кеткенін айтады.

– Күйеуім екеуіміз ауруханаға бардық. Әскерилер аурухана ауласында мені нысанаға алды. Қорыққанымнан не істерімді білмедім. «Артық-ауыс қимыл жасама, әйтпесе атып тастайды» деді күйеуім. Әскерилерге «бұларың не?» десек, «өз жұмысымызды атқарып жүрміз, хақымыз бар» дейді. «Уаххабтар да бізді нысанаға алмап еді. Сендер қорғауға келдіңдер ме, қорлауға келдіңдер ме!» дедім. Дәрігерлер шығып, маған дәрі салды, – дейді Гүлнар Тұрмағамбетова.

Шұбарши ауылының әкімі Роза Сәтенова 3 шілде күні атыс болды деген хабар өтірік  деп жауап берді:

– «Қорыққанға қос көрінеді» деген. Бұл өтірік ақпарат. Қайдағы атыс? Тұрғындармен әңгімелесіп жатырмыз. Қазір бізге тыныштық керек. Біз радикалдар емеспіз. Олар қазақты мойындамайды. Пәренжі киіп алса, қай елде жүргеніміз? Ұлттық дәстүріміз бойынша оразасын ұстап, намазын оқи берсін, – дейді Роза Сәтенова.

Оның айтуынша, Кеңқияқта төтенше жағдай жарияланбаған, аудандық ауруханада арнайы жасақтың жүрген себебі – клиенттердің қауіпсіздігін ойлаған амалсыз шара.

Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Нұрлыгүл Көшекбаева  «бір ақпарат болса, облыс әкімінің сайтында жарияланады; қазір ақпарат беріп жатқан – Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті» деді Азаттық тілшісіне.

ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАУАБЫ

Дүйсенбі, 4 шілде күні облыстық полицияда Кеңқияқ ауылы тұрғынының өліміне байланысты брифинг өтті. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев ол оқиғаның себебін былай деп түсіндірді:

– Биыл шілденің 3-і күні, шамамен сағат 14:10 кезінде Кеңқияқ полиция бөліміне телефон арқылы хабар жетті. № 18 үйдің ауласында белгісіз үш 
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев. Ақтөбе, 4 шілде 2011 жыл.

адам (біреуі – сақалды ер адам, екеуі – хиджаб киген әйел) ұра қазып жатыр деді. Осы хабар бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы мен Темір аудандық ішкі істер бөлімінің бір қызметкері, СОБР-дың екі қызметкері аттанды.

Алмат Иманғалиевтің айтуынша, оқиға орнынан 1985 жылы туған, кім екені анықталған жергілікті тұрғын ұсталған. Ол адам ұсталар кезде полция қызметкерлеріне қатты қарсылық көрсетіп, «Аллаһу акбар!» деп айғайлап, полицейлер жаққа бір дорбаны лақтырып жіберіп, қашып құтылмақ болған.

– Ол BMW маркалы, түсі қара көліктің маңында тұрған полицейге қарай қашты. Мылтық дауысына ұқсас екі тарсыл естілді. СОБР инспекторлары қашып бара жатқан адамды атты. Оқ оның жамбасына тиіп, Кеңқияқ аудандық ауруханасына жеткізген кезде жарақатынан қайтыс болды. Бұл қаза тапқан У. деген азамат - Темір ауданындағы екі полицейді -  Айдос Боранбаев пен Нұрлан Алпысбайды өлтіруі мүмкін деген күдікке ілінген, 1989 жылы туған Бектемір Оразовтың немере ағасы. Оқиға орнын, яғни ауланы тексерген кезде қазылған ұрадан полицей дорбасы табылды. Оның ішінен ИЖ маркалы 16-калибрлі аңшы мылтығы, діни мазмұндағы 16 беттік кітапша, мұсылман аяқ киімі – мәсі шықты. Мәсінің біреуінің ішінде 1 миллион 479 мың теңге салынған дорба жатыр екен, – дейді Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев.

Оның айтуынша, тағы бір полиэтилен орама табылған. Оның ішінде қара түсті ұнтақ бар екен. Қазір сараптамаға жіберіпті.

– Полицейлер BMW көлігі тұрған маңды тексергенде 16-калибрлі қосауыз шолақ мылтық тауып алды. Оның не екенін сарапшылар анықтап жатыр. Қашқан адамды атқан СОБР қызметкерінің ісі заңды деп танылды. Қазір облыстық ішкі істер басқармасы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Жолдарға блокпост, полицей қойылды. 1980 және 1968 жылы туған екі азаматшаның кімдер екендігі анықталды. Оларды тергеушілер тергеп жатыр, – дейді Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев.

Шұбарши ауылынан жарты сағаттық жердегі Кеңқияқ тұрғындары бұл атыстан кейін далаға шығудан қорқып отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
05.07.2011 01:22
+0 / -0
"– Күйеуім екеуіміз ауруханаға бардық. Әскерилер аурухана ауласында мені нысанаға алды. Қорыққанымнан не істерімді білмедім. «Артық-ауыс қимыл жасама, әйтпесе атып тастайды» деді күйеуім. Әскерилерге «бұларың не?» десек, «өз жұмысымызды атқарып жүрміз, хақымыз бар» дейді."
" Бояушы бояушы десе сақалын бояиды" деген осы ғой!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Казақ
05.07.2011 04:46
+0 / -0
СОБР неге СОБР қазақтын аты қурып қалдыма
Пікір алмасу

Кімнен: Qazaq Қайдан: Алматы
05.07.2011 13:48
+0 / -0
СОБР мен СОДыРдың айырмашылығы жоқ болды ғой :(

Кімнен: Нұрсолтан Қайдан: Астана
05.07.2011 08:11
+0 / -0
Полицейлердікі дұрыс емес, қолында қарұы жоқ адамға оқ шығарұға болама екен? соғыс кезінде де қарын тастаған жаұ әскеріне оқ атпайды. халқаралық норма. Ал мына бақайшығына дейін қарұланған соқтадай 3 әскерй адамның бір жігітті ұстар алұға шамасы келмеді дегенге кім сенеді? бұл шылғый өтірік әңгіме, олардың айтқанна еш ұақта сеніүге болмайды. халықаралық тәүелсіз тергеүшілердің көмегіне сүене отырып, сот арқылы(Қазақстан сотына сенім жолқтың қасы) кімнің ақ, кімнің қылмыскер екенін айтыу керек, олай етпесе Полицейдікі дұрыс болып шығадыда, қайшылық онан сайын шійленіседі, өлім одан кейін, 10 дап емес, 100 деп,1000 дап саналатын болады ....

Кімнен: Олжас
05.07.2011 09:11
+0 / -0
Мәсі қашаннан бері мұсылманша аяқ киім???

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.07.2011 09:14
+0 / -0
Я в Кандыагаше (город в 95 км от Актобе — авт.) нахожусь, но у меня там (в поселке Шубарши — авт.) родственники есть и друзья. Они говорят, что четвертый день там война идет.

- А из-за чего «военные действия»?

- Мужчина, один из жителей поселка Шубарши, говорит, что младшего братишку его зятя два дня избивали в полиции на прошлой неделе. Они и спровоцировали все. Его старший брат (избитого парня — авт.) не выдержал, попрощался с семьей, собрал своих соратников и пошел убивать обидчиков. Говорят (представители МВД — авт.), что на рейде полицейские были, когда их убили. Врут, что у опорного пункта в автомобиле убили двух этих полицейских, на самом деле их гоняли всю ночь по поселку, двоих нашли, одного еще не нашли, и он остался жив. Полицейских убивали дома. Одного дома застали, детей и жену закрыли в другую комнату, полицейского застрелили за избиения двадцатитрехлетнего парня. Другой у родственников прятался, но его тоже нашли.

- Что произошло дальше?

- После убийства они группой ушли в поселок Копа, там рядом с ним болота, камыши. У них там окопы, блиндажи, продукты, арсенал оружия целый. Три дня назад туда отправили вертолеты, это мне сказал полицейский из РОВД. Думали, что их получится устранить, но не получилось. Позавчера отправили два БТР, один из них застрял или утонул, не смогли проехать. Вчера с Алматы перекинули спецгруппы. Два батальона стоят с первого дня против четырнадцати человек, которые в окопы ушли. Говорили, что двое полицейских (в официальных сообщениях речь шла об одном убитом спецназовце — авт.) были убиты, на самом деле еще двоих подстрелили, один из них в рупор кричал когда, чтобы те сдавались. А те из окопов снайперский огонь ведут по спецназовцам. Хотели взорвать нефтепровод, если их не оставят в покое. Все началось из-за нефти. Там контрабанда процветает, врезаются в нефтепровод и воруют нефть тоннами люди. Они платят полиции за это, ставку, говорят, завысили недавно. Парня того полицейские тоже задержали из-за нефти.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
05.07.2011 10:05
+0 / -0
Қанішер билік басы Назарбаев болып халықты осы сұмдық жағдайға жетелеп алып келіп, енді не істерлерін білмей алас ұруда...
Қазақ халқы ешқашан қанішер болмаған ұлт. Сол қазақ халқын болмай-болмай қанішер етіп отырған биліктің ақыры жақсы болмайды. Бүгін бір ауыл көтеріліп жатса, күні ертеі барша ауылдар болып көтеріледі, өйткені билік бізге - қазақ ұлтына басқаша жол қалдырмай бара жатыр...
Бақайды бақыртып сырған, Шаңырақты шайқалтып қырған, күні кеше Думаннның қазақтарын ат к-тіне байлап сабаған қанішер биліктің алар жазасы алдында...
Пікір алмасу

Кімнен: жоқ
07.07.2011 21:27
+0 / -0
Ауылдың қазағы Назарбаев сенің әкеңді өлтірді ме. Тыныш қана тамағыңды ішіп, малыңды бағып жатпайсыңба. Елді басқарған адам Нұрсұлтан Әбішұлындай болсын. Ол кісіге рахмет!!!!!!!!!!!!!!!"

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
05.07.2011 13:46
+0 / -0
Мәсінің біреуінің ішінде 1 миллион 479 мың теңге салынған дорба жатыр екен, – дейді Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Алмат Иманғалиев.
СЫҢАР МӘСІНІҢ ІШІНЕ 10 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК КУПЮРА БОЛСА ДА ОСЫНШАМА АҚША СЫЙМАЙДЫ! Так что это просто подстава :)
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ баласы Қайдан: Ауылдан
07.07.2011 10:52
+0 / -0
Бір бума 10 000 = 1 000 000 емес пе? Не деп отырсын... Озін бір бума ақшаны көрдің бе?

Кімнен: Арман Қайдан: Актобе
05.07.2011 15:25
+0 / -0
КУКУК КОРГАУ ОРЫНДАРЫНЫН АПДАМЫНАН КОРЫККАНША САКАЛДЫЛАРДАН неге корыкпайсындар ПОЛЕЙЦЕЙЛЕРДИКИ ДУРЫС: ТЕКСЕРУ КЕРЕК. ТУРГЫНДАР БОС БАЙБАЛАМ САЛА БЕРЕДИ.....масинин ишинде неге жатпаска...мунайлы олекеден миллирадтарды жеп жаткан шыгар..
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.07.2011 00:28
+0 / -0
Арман емес сормандай сорлы екенсин динин сатканнан барин кутуге болады.Казактар Аллахтын динине карсы болмандар акирет керек болса!

Кімнен: Жебе Қайдан: Талдықорған
05.07.2011 17:32
+0 / -0
Арманың өшкір арман дегені шықты жантайып! Мұнайлы өлкенің миллиардтарын кімдердің жеп жатқаны андағы шұнтиған танауыңа исі бармаса маңқылдамай артыңды қысып қана тиыш отыр сорлаған.

Кімнен: zheltocsan
05.07.2011 22:26
+0 / -0
қазақтың байлығын жоғарыда отырған мафиоздарға қосылып жебрейге, кәріске, индусқа, пендосқа тонауға болады да, басқа қазақтарға тонауға рұқсат жоқ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.07.2011 23:34
+0 / -0
Исматулла ақсақалды түрмеге тоғытқанда-ақ осы бір кесапаттың жақын қалғанын сезгем. Исматулла ақсақал бостандықта жүргенде осы қауіпті алдын ала ескертіп, қазақия ілімімен осы уахабиттерге қарсы тосқауыл қоя білген бірден бір жан еді. Енді өкпе-наз айтамыз? Исматулла ақсақал сынды қазақтың маңдайына біткен арыстан азаматтары еңсесін жазып, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосуын Алладан тілеп, дұғамызға қосайық ағайын!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
06.07.2011 01:04
+0 / -0
Исматулла ақсақалды түрмеге тоғытқанда-ақ осы бір кесапаттың жақын қалғанын сезгем.
_____________

сезгіш болсаңыз сол "әулиеңіздің" түрмеге тоғытылатынын алдын-ала айтып жібермейсіз ба, тақсырыңызды азап салып қойғанша. Іші-қарны боқ толған пендеден "құдай" жасап алуды қашан қоясыздар осы?
Пікір алмасу

Кімнен: көрсетілмеген
07.07.2011 21:24
+0 / -0
Исматулла тақсырыңыз сияқтылардың кесірінен осындайлардың болып жатқаны. Әйтпесе өзімен-өзі жатқан қазақтан мұндай шықпайды.

Кімнен: muslim Қайдан: islam
05.07.2011 23:56
+0 / -0
it is start of game we should wait up to end of game what will happen ,this game will spread to all city and village of kazakhstan ,if we couldn't stop salafiest way of un islamic version , we should promote soft version of islam which is sufisim,way sultan khoja akhmet yassawi ,abai, shah karim, rumi.
Пікір алмасу

Кімнен: Real muslim Қайдан: Kazakhstan
07.07.2011 11:43
+0 / -0
Sufism is not "soft Islam", in fact, it is NOT Islam at all! Because sufism violates the most important principles of Islam. Abay and Shakarim were not sufis! May Allah save our people and country from the sufists!

Кімнен: жибек
06.07.2011 20:08
+0 / -0
Ей казак агайындар оянындар бунын барлыгы оздерин мусылман санайтын бирак мусылманга жат кылыктар жасайтын баримиз иштей билип отырганымызбен мойындамай отырган адамдар ягни сакалдылар.Мусылман болма демеймиз бол бирак казакы салтыннан ар уятынан аттама агайын .Казак оян азгындама

Кімнен: Жибек
06.07.2011 20:12
+0 / -0
Ауылдын казагы Назарбаевта шаруан болмасын кайта осы кунине таубе ет Сенин тойып тамак ишип, тауда ойнап жургенин тауелсиз елде омир сургенин бари бир Назарбаевтын аркасы.Коп кокиме.Есинди жи Казак корыксан сакалдыдан корык олар мусылман емес олар елди арандатушылар
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.07.2011 22:11
+0 / -0
сакалдылардан неге коркамыз?олардын ар турлиси барго.арким ар турли багытпен журедиго. сиз олай кателеспениз..

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.07.2011 09:02
+0 / -0
Сақалдылардан қорықсаңдар, Абай, Шәкәрім, Ахмет.Б, Ыбырай.А және менің әкем мен атамнан да қорқыңдар!
Пікір алмасу

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
07.07.2011 11:25
+0 / -0
Қаба сақалдыларды Абаймен араластырма! Уахабшылдар мен салафистердің суфизмге еш қатысы жоқ!

Кімнен: zheltocsan
07.07.2011 14:56
+0 / -0
өкінішті! Қазақта "уаххабизм" бұрыннан болғанда қазақ осы кезге дейін кәпірлерге құл болып келмеген болар еді... "Ой-бай, патша не істесе де оған қарсы шықпа, ол Аллаһтың жердегі көлеңкесі!", "ой-бай, мал боп жүре бер" дейтін сорлылар мұсылмандардың көрінбейтін тасадағы жаулары ғой.

Кімнен: АЙБЕК Қайдан: АҚТӨБЕ
11.07.2011 01:36
+0 / -0
ҚЫЗЫЛ ЖАҒАЛЫЛАРДАН ҚОРЫҚ ОЛАРДАН БӘРІ ШЫҒАДЫ.ТАЛАЙ АСЫЛДАРЫМЫЗДЫ ДА ОСЫЛАР ЖОҚҚЫЛҒАН ТАРИХТА.ОЛАР СЕНЕН ҚЫЛМЫСКЕР ЖАСАҒЫСЫ КЕЛСЕ ҚАЛТАҢА АНАША САЛАДЫ,ЖАТҚАН ТӨСЕГІҢНІҢ АСТЫНАН ҚАРУ-ЖАРАҚ ТАБАДЫ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Актобе
11.07.2011 16:56
+0 / -0
Жибек,сен сакалга тиыспе,коре алмасан сенде осир бейшара.Ешким казир тойып тамак ишип тауда журген жок сказка айтпа.

Кімнен: Айта алмайм Қайдан: Астана
21.07.2011 15:40
+0 / -0
БТЕР машинасымен басып олтиргенин неге жазбаган ана 9 адамды Арлан ба мыкты жасак олтирген! неге оны жокка шыгарып отыр! Казыр ешкимге сенбеу керек болып кетти гой