Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 07:59


МӘДЕНИЕТ

Алматы жастары «Жаужүрек мың бала» туралы

Көрермендер 12 миллион АҚШ доллары жұмсалған «Қазақфильмнің» жаңа картинасын «Көшпенділерге» ұқсатып тұрған жалғыз-ақ нәрсе – президенттің кіріспе және қорытынды сөздері екенін айтады.

Loading
12:00:00 / -:--:--

«Жаужүрек мың баладағы» президентті атап өту

Мәтін көлемі - +
Өткен аптадан бастап, Қазақстан кинотеатрларында режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты тарихи драмасы көрсетіле бастады.

Бұл фильм 18-ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының қиын-қыстау өмірінен сыр шертеді. Сондықтан фильмде соғыс өнері туралы көріністер өте көп. Туындыға жоңғарларға қарсы күресте ересек сарбаздармен бірге елі мен жерін қорғауға бел буған мың жас жауынгер туралы аңыз желісі негіз болған. Фильмнің аяғында жүз жылдық соғысты аяқтап, қазақ халқының жоңғар езгісінен азат еткен Аңырақай шайқасы көрсетіледі.

15 ЕЛДІҢ МАМАНЫ ТҮСІРГЕН ФИЛЬМ

Ресми ақпарат бойынша фильм 2011 жылдың ақпан айынан бастап 90 күн ішінде түсірілген. Түсірілім орны мезгіл-мезгіл ауысып отырған. Әуелі ақпан айында Қапшағай аумағында түсірілсе, көктемде - Шарын шатқалында, кейіннен - Қапал-Арасан өлкесінде, жаз мезгілінде - Қапшағай аумағында, Таңбалы тас шатқалында жалғасқан. Соңғы түсірілім Үлкен Алматы көлінде өтіпті.

Ресми сипаттамада: «Әскери-патриоттық толық метражды экшн жанрының элементтері бар көркем фильмнің бюджеті 12 миллион АҚШ долларын құрайды» деп көрсетілген.

«Жаужүрек мың бала» фильміндегі басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Аян Өтепбергенов пен Әлия Әнуарбек сомдаған. Онда сонымен бірге жанама рөлдерде Тұңғышбай Жаманқұлов, Досқан Жолжақсынов және Ерік Жолжақсынов сынды белгілі актерлар да ойнаған.
"Жаужүрек мың бала" фильмінің плакаты. "Қазақфильм" веб-сайтынан алынды."Жаужүрек мың бала" фильмінің плакаты. "Қазақфильм" веб-сайтынан алынды.
x
"Жаужүрек мың бала" фильмінің плакаты. "Қазақфильм" веб-сайтынан алынды.
"Жаужүрек мың бала" фильмінің плакаты. "Қазақфильм" веб-сайтынан алынды.

Фильмді түсіру жұмысына 15 елдің мамандары қатысқанымен негізгі рөлдерді қазақ актерлары сомдапты. 

- Түсірілім жұмыстары басталғанға дейін қаншама қыруар жұмыс жасалды. Актерлер екі ай бойы қызу дайындықтан өтті – шайқасу мәнерлерін меңгеріп, садақтан оқ атып, атқа мінуді үйренді. Картинаның ең негізгі бөлігі – Аңырақай шайқасын екі түсіру командасымен 9 күн бойы түсірдік. Алаңда шайқасқа қатысқандардың жалпы саны – шамамен 1000 адам, олардың 500-і – салт аттылар. Шайқас көріністерінің қоюшысы Тедди Чэн алаңда бізбен бірге жүрді – үнемі ақылдасып отырдық, - деді фильмге арналған баспасөз мәслихаты барысында режиссер Ақан Сатаев.

«МАДАҚТАУ МЫҚТЫ КИНОНЫҢ ТАСАСЫНДА ҚАЛДЫ»

Бұл фильмді Алматы кинотетрларының бірінен Азаттық тілшісі де көріп, көрермендерден пікірлерін сұрады.

Фильм Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елінің тәуелсіздігі туралы сөзінен басталып, соңында экран бетіндегі мынадай жазумен аяқталады:
«Аңырақай шайқасынан кейін азаттық үшін күрес басталды. Үш ғасырдан кейін Қазақстан бүкіл дүние жүзі мойындаған шынайы Тәуелсіздікке қол жеткізді. Ғасырлар бойы бабаларымыз армандаған жеңіске қазақ елін қол жеткізген - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев». 

Қала кинотеатрларының бірінде өткен сеанстан соң көрермендердің пікірлерін сұраған кезде олардың көпшілігі киноның ұнағанын айтты. Алматы қаласының тұрғыны Дастан Тастанбекұлы:

- Фильмнің соңында Назарбаевтың қазақ еліне тәуелсіздік әпергені туралы сөз болды. Бірақ киноның мықтылығы сондай халық оған мән беретіндей дәрежеде болмады. Сол сөз жалпы автордың немесе «Қазақфильмнің», режиссердің идеясы болған шығар. Билікті, Назарбаевты мақтау үшін. Бірақ мұнысы жүзеге аспайтын сияқты. Себебі, бұл киноның мықты сюжетінің көлеңкесінде қалып тұр, - дейді.
Ол киноның көп жерлерде қазақ тілінде емес, орыс тілінде көрсетіліп жатқанына қынжылады.
Алматылық көрермендер. 14 наурыз 2012 жыл. Көрнекі суретАлматылық көрермендер. 14 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет
x
Алматылық көрермендер. 14 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет
Алматылық көрермендер. 14 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет

- Орысша дубляжы сауатсыз жасалған. Фильмдегі кейіпкерлердің сөзі бірінші қазақша естіледі де, сосын орысшасы кетеді. Аудармасы нағыз қазақтың көркем сөздерін дәл бояуында бере алмаған. Мысалы, «апа», «қорамсақ» т.б сөздер аударылмай қалады. «Қорамсақ, садақтарыңды жинаңдар» десе (садақтан кейін де басқа қару түрлері айтылады – Д.Т), ар жағынан «собирать оружия» деп қана қояды, - дейді Дастан Тастанбекұлы.

Жадыра Есімбекова атты медициналық университеттің студенті:

- Енді елбасымыз Қазақстанды әлемге танытып жатыр ғой. Қазақстанды бүкіл әлем біліп жатыр. Сондықтан ол кісінің атын киноға жазудың еш артықтығы жоқ деп есептеймін, - деп жауап берді.

Серік Саттархан есімді жігіт:

- Қазір кез-келген бір игі іске елбасының атын қосу үрдіске айналып кеткен сияқты. Бірақ мына «Мың бала» фильмінің соңғы жағында айтылатын қазақ тәуелсіздігі мына «Аңырақай шайқасынан» кейін Назарбаев қана алып берді деген шындыққа жанаспайды. Елбасының еңбегін бәрі біледі. Бірақ дәл осы тұста оның атын киноға жапсыру артық деп есептеймін. Бірақ кинода еңбек көрініп тұр. Режиссерлік жұмыс көрінеді. Актерлық құрамының ең мықты құрам екені көрініп тұр. Жұмсалған қаржының далаға кетпегені көрініп тұр, - деді.

Ал Мақсат Еркінбек есімді көрермен:

- «Көшпенділерде» де осындай (президент туралы сөз – ред.) бар еді. Бірақ бұл фильм одан гөрі озық тұр. Және мұнда өзіміздің қара домалақ балалар ойнаған. Бір ерекшелігі - сол, - деді.

Фильмнің YouTube желісіндегі үзіндісін төмендегі сілтемеден көріңіз.


Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 15:34
+0 / -0
Мундай казакша тарихи фильмдер биздей жас мемлекеттерге өте кажет.Әсіресе тілін,тарихын білмейтін мәңгүрттерге колданатын бірден-бір кару
Пікір алмасу

Кімнен: Мен Қайдан: Алматы
07.05.2012 16:24
+0 / -0
Кім не десе, о десін! Кино мықты. Ұсақ түйекті көйтіп миды қышыта бермеңдерші. Қазақшасы да жүріп жатыр. Өстіп өстіп адам болып кетеміз!
Пікір алмасу

Кімнен: Керей Қайдан: Алматы
07.05.2012 16:35
+0 / -0
Мен фильмни примьерасын кордим алгашкы куни. Фильм шынымен жаксы болган жумсалган енбекти актайды деп есептеймин. мени кынжылтканы осындай тарихтан сыр шерткен фильмди неге орысша сакаулап айдарган!!!!! орысша сойлейтин мангурттер аз болып жаткандай не ушин казакшасын корсетпейди!!!! ар жагында казакша сайрап тур бер жагынан барлык киноны бир айел бир еркек окып шыкты аудармалары да дурыс емес. бул киноны коретиндер казактар гой неге казактарга казпакша корсетпейди !!! шынымен жылагым келди мангурттердин истегенине!! оган коса НН жапсырып койган, жениске жетти дейтиндей НН согыстан алып шыккан жоккой, кыскасы жалаксыганда кашан койады сорлылар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 16:21
+0 / -0
жок картиналар катарында жаксы,бирак жумсалган каржысына турмайды,сондай каржыга одан керемет етип корсетуге болар еди жупынды кылмай

Кімнен: Мөлдір Қайдан: Алматы
07.05.2012 16:24
+0 / -0
Иа, тамаша кино! Акан Сатаев жарайсың! Кино қатты ұнады, көрермендерге ұнағаны сонша, соңында орындарынан тұрып шапалақтады! Осындай кинолар көбейе берсе екен)
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 17:34
+1 / -0
Сөз жоқ қазақ киносында ойсыратып орын алатын фильм. "Көшпенділер" киносымен ешқандай да салыстыруға келмейді. Қанымызға, жанымызға, жүрегімізге жақын дүние екені көрініп тұр. Фильмді жылап отырып көрдім. Неге жылады дейсіз бе, бойымызға рух беретін, қазақтың намысын оятатын, өткенімізді құрмет тұтуға үйрететін, ата -бабамыздың ерлігін мақтан ететін сезім тудырса, ұлан -ғайыр даламызды қасықтай қаны қалғанша қорғаған ата бабамыздың жан кешті ерлігіне тәнті болдық та, сол аруақты бабаларымыздың алдында ұятты болғандай сезімнен көз жасым еріксіз сорғалады. Бір қызығы жылағандар көп болды...

Кімнен: маубас Қайдан: парламенттен
07.05.2012 16:31
+0 / -0
енді кино жақсы маған ұнады ... киноның міні тек сол НАЗАРБАЕВтың сөзінде болса ештеңе етпес ...жалпы кино Қазақтың рухын көтеріп , ҚАҚАҚИЯНЫҢ ерлігін әлемнің кино сүйер қауымына паш етіп тұрса болар еді ... айтпесе "жағымпаз жандардың" елбасы сөзін қосарлап жібергенін өзімізден басқа кім байқасын ............ Айбек ЖАЙЫҚТАН ))))

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
07.05.2012 16:47
+0 / -0
Бірақ мына «Мың бала» фильмінің соңғы жағында айтылатын қазақ тәуелсіздігі мына «Аңырақай шайқасынан» кейін Назарбаев қана алып берді деген шындыққа жанаспайды.

=========================

ӨТЕ ДҰРЫС АЙТАДЫ!
ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСА 1991 ЖЫЛЫ БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР ОРЫСТАН БӨЛІНІП КЕТКЕН НАЗАРБАЕВ БАСТАҒАН ҚАЗАҚСТАН ҒАНА БӨЛІНБЕЙ ҚОЙҒАН,. АРТЫНАН ОРЫСТАР ӨЗДЕРІ БІЗДЕН БӨЛІНІП КЕТКЕН

Кімнен: Бахытжан
07.05.2012 17:19
+0 / -0
мен 2011,16 желтоқсаннан кейін еш қандай кино еш қандай концерт еш қандай телевизор көрмейтін болғанмын еш нәрсе менің жүрегімді жылытпайды, қашан әділдік жеңбейінше ,мың жерден жақсы кино түсірсе де
Пікір алмасу

Кімнен: Адай
09.05.2012 00:41
+0 / -0
Мені де сол кезден бастап ештене кызыктырмайтын болды. Тек кана кегімді калай алсам деген ойдан арыла алмай журмін.Телевизордан казакстаннын каналдарын ошіріп тастадым. Корсем журегім айнитын болыпты. Кошеде гоблиндердін касынан отіп бара жатып козел деген создін аузымнан калай шыгып кеткенін байкамай каламын. Не істеуге болады? Тек назарбайдын олімі туралы кино болса гана баратын шыгармын.
Пікір алмасу

Кімнен: Халык Қайдан: Актау
10.05.2012 19:29
+0 / -0
Менде сен сиякты ойламын, жынып келеди Хабарга центральный телевидиянага,Кадекс деген коримге,жалпы Казакстанда болып жаткан отирик жетистиктерге жыным келеди,себеби биздеги халыкты кырып тастап,Казакстан дым болмагандай куанып жур,ал бизде Мангыстауда адамдардын каны кайнап жур.Тагы айтарым,мен ол кинода болдым онын алдында барлык кинотеатрга тел.соктым Актау да бир де биреунде Казакша версиясы ЖОК ПОЗОР!Ал кинозалда 100% Казактар болды,биледи бизде Казак коп туратыны неге бир копиясын казакша жибермейди?Оны мен ущемления каз,яз деп ойламын орыстарда сондай болса айкай шу шыгарады ал биздикилер оздери солай жасайды.Тагы айтарым фильм унады бирак сонында кол шапалак согып жаттыда Назарбаев деген жазу шыкан кезде бари ФУУУ деп айкалады,солай болды бизде Актауда.Казак тилин идеально билмейм катте болганга кеширим сурайм.
Пікір алмасу

Кімнен: бек Қайдан: Алматы
13.05.2012 21:48
+0 / -0
Түсинбедим сонда қалай 2011 жылы 16 желтоқсанда не болған, қазақтардың қырылғаны нес......? толық жазып беріндерші

Кімнен: Жан
07.05.2012 17:20
+0 / -0
Киноның былай тарихына, мағынасына үңілсек жап жақсы фильм. Бірақ «Аңырақай шайқасынан» кейін Назарбаев тәуелсіздік алып берді деген жері жағымпаздардың жағымпаз туындысына айналдырып жіберді деп қана айтар едім.

Кімнен: Сандугаш
07.05.2012 17:59
+1 / -0
Үшінші мамырда көптен жарнамаланып жүрген "Жаужүрек мың бала" фильмінің тұсаукесеріне бардық! Өз басым рухтанып, бір марқайып қайттым. Әрине, "біткен іске сыншы көптің" керімен сынап жатқан пікірлерді де көзім шалды. Дегенмен, кемшін тұсын іздеп әуре болғанша, отандық кинотуындыны қолдап, жақсылығына қуаныңыздар дер едім. Актерлер өте сәтті таңдалған, голливудтық әртістерсіз-ақ өте сапалы туынды жасай алатынымызды тағы бір дәлелдеген Сатаевқа рахмет! "Отан үшін отқа түсуге тайынбайтындарына" мені сендіре алды! )) Шайқасатын сахналары да "Спартакпен" салыстырмасақ та, өте сәтті шыққан! Сюжеттік желісі де соңына дейін бір деммен ұстай алатын жұп жұмыр жазылған екен. Жылайтын жерінде көз жасымызды аямай төгіп, әдемі әзілдеріне еркін күліп те алдық. Күллі тарихи оқиғаны толық қамти алмағанына келсек, меніңше әу бастағы мақсат та ол болмаған секілді. Бастысы, сол дәуірдегі жастардың отансүйгіштігін, адалдығын көрсете білген фильм! Және маған ұнағаны, залдағы көрермендердің отыз пайызға жуығы орыс ағайындар болды. Қанша фильмге барсам да, көрермендердің ұзағынан тік тұрып шапалақ ұрғанын көрмеген едім, бұл жолы сондай көрініске куә болып, қатты толқыдым. Орыс көрермендер де "Браво! Молодцы! Хорошее кино сняли, наконец" деп қошемет көрсетті. Ал, өзіміздің қандас бауырларымыз дәл сол сәтте еліміз үшін кез-келген соғысқа аттанатындай арқаланып тұрды. )) Біздің киногерлер тарихи фильм түсіруді әжептеуір меңгеріпті, енді осы бағыттан таймай, тарихи сценарийлерді көптеп жазып, кем кетігін түгендемей түсіре беру керек, түсіре беру керек. Бұл үлкен идеологиялық құрал! Қысқасы, бармаған ағайындар, барыңыздар, көріңіздер! Әсіресе, балаларыңызды, мектеп оқушыларын ертіп апарыңыздар! Отандық туындыға қолдау көрсетіп, өз тарихымыздың жоқтаушысы болайық! )))

Кімнен: Спортсмен Қайдан: Казахстан
07.05.2012 18:13
+0 / -0
Кино өте мықты! Казах сағынған, қазақ жалықпай көретін фильм келді дүниеге... Шүкір осыған! Қазақтарда кино түсіре алады және түсе алады. 2 рет көрдім екі түрлі әсер... Үшінші рет барсам ба деймин)))

Кімнен: 5-еркек Қайдан: Алматы
07.05.2012 19:51
+0 / -0
Иа фильм жақсы түсүрілген.. тек тілі XVIII ғасырдың емес осы күннің тіліне көбірек ұқсайды және неге Жоңғарлар керемет киінген және сарайлары да жақсы отырған. Неге қазақтарды жұпыны көрсеткен, соны түсіне алмадым. Қазақтың қыз балдарға арналған керемет ұлттық киімдері де көп емес пе..
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Ақтаудан
07.05.2012 20:36
+0 / -0
Отбасымыз болып көрдік.Әсері мол.Шынымен Елбасын әр жерге тыға берген келіспейді екен.Фильм аяқталғанда зал бір кісідей қол соқтық.Айналамызға барып, көріңдер деп жарнмалап жатырмыз.Біз қазақша нұсқасын көрдік.Жаса Қазақстан.Міне, азаттық бізге оңайлықпен келген жоқ.Қазақстан бір адамдікі емес.Халықтікі.
Пікір алмасу

Кімнен: калкан
10.05.2012 12:57
+0 / -0
Маган да казактардын киген кими жупыны коринди. Асиресе аскер киимдери. Бирде бир жони тузу батыр киимин коре алмадым. Керисинше жонгарлардын киими муздай, бари бирдей, бир фабрикадан шыккандай :) Шетелдиктер корсе
Тагы бир айтарым, жонгарларды согыса алмайтын байкус кылып корсеткен, 3-4 жас бала барып 20-30 адамды кырып келеди, кисынга келе бермейди.
Оз жеримизде отырып, оз тарихымыз туралы киноны орысша коргеннин оз неге турады..

Кімнен: қара қазақ баласы Қайдан: болашаққа үңілуші
07.05.2012 20:29
+0 / -0
Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер"трилогиясындағы-"Алмас қылыш", "Қаһар", "Жанталас"кітаптарындағы кеңестік таптық мүдде,орыспен соғыстырып кейін дос қыла қоятын жерін қайта өңдеп кино етсе керемет болар еді.Осы үлгіде М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопиясын да түсіру кезегі келген секілді көрінеді. Бір түсінбейтінім,бізде неге әлдеқашан жойылып кеткен жоңғармен соғыс көрсетіледі? Атақты хун қағаны Мөде неге жоқ?Әйгілі 754 жылғы түркі-апаб пен қытай арасындағы ұлы айқасымыз қайда?1754 жылға дейін тура мың жылға қытайдың бері қарай аяқ баспауына сабақ болған ірі айтулы оқиға емес пе?Орыспен 15 ғасырдан кешегі 1991 жылға дейінгі арпалыстарымыз неге кино тілімен сөйлемейді?Әйтпесе,орыстар Лениннің арқасында ел болған надан қазақ деп айтады қазір.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 22:45
+0 / -0
Сіздікі әбден дұрыс! Ақтар мен қызылдарың озбырлығын неге түсірмеске?" Оспан батыр да киноға сұранып тұр емес пе? 1929-31 ж.ж. халық көтерілістері... Айналып келіп жоңғарларды қаузай береміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Спортсмен Қайдан: Казахстан
08.05.2012 00:29
+0 / -0
ай казахтар ай казахтар... дурыс емес буларын... сол жонгарлармен кыргында каза тапкан батырлардын аруагын сыйласандаршы... шыдайык бари уакытымен келе жатыр гой шыда кут

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 22:19
+0 / -0
Президентті қостың қостың бұратала фильмнің атауының алдын нұр деп бастай салмады ма. Жағынғасын тиіп қашпай, жалап жұқтап шын пейілмен жағыну керек қой.
Пікір алмасу

Кімнен: Спортсмен Қайдан: Казахстан
08.05.2012 00:30
+0 / -0
НАНга тисе бермендер! онын тапсырмасы емес бул... анау жагымпаздарга тисиндер
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Жақып
08.05.2012 08:11
+0 / -0
Спортсмен, ол жағымпаздарды жинап алған кім? НАНның өзі! Халық сайлап жиып берген жоқ. Жағымпаздар көбейген сайын НАН рахаттанады. Өзін жер-көкке сидырмай мақтағандарды атақпен, орденмен, силықпен жарылқап жүр емес пе? Әрине! Ендеше, осындай байғұс жүйе жасаған НАН бірден-бір кінәлі. Ертең ол тырқиғанда ол туралы көпіртіп жазғандар, спектакль, кино жасағандар, оның сөзі тықпаланған дүниелер не мүлде құриды, не архивке салып тасталады. Мына киноны түсірген Сатаев та соны ойламапты. Одақтас республикаларға тәуелсіздік бергендер Ельцин бастаған үшеу болды ғой, ал Назарбаев бит сыққан ғұрлы еңбек сіңірген жоқ!

Кімнен: Айкүн
08.05.2012 05:26
+0 / -0
"Фильмнің аяғында жүз жылдық соғысты аяқтап, қазақ халқының жоңғар езгісінен еткен Аңырақай шайқасы көрсетіледі." мына сөйлемнің мазмұны түсініксіз ғой, кешіріңіздер. Фильмнің аяғында жүз жылдық соғысты аяқтаған, қазақ халқының жоңғар езгісіне қарсы "Аңырақай шайқасы" көрсетіледі.- осылай жазсаңыздар түсінікті болар еді деп ойлаймын. Қазағымның рухын сөнбесін. Фильм құтты болсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
08.05.2012 10:47
+0 / -0
Құрметті Айкүн,

Рахмет ескертпеңізге. Түзетілді.

Азаттығыңыз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 09:08
+0 / -0
"Соңғы түсірілім Үлкен Алматы көлінде өтіпті"

Құрметті Азаттықтар! Бұл сол көлдің орысша атауы. Ал қазақшасы - "Жасылкөл" болса керек. Орысшадан калькалап аударудың қажеті қанша? Қазақтар Жасылкөл деп атап қойған ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
08.05.2012 14:20
+0 / -0
Құрметті есімі белгісіз оқырманымыз! Сіз айтып отырған "Жасылкөлдің" жергілікті жұрт үшін таныс атау екенін жақсы білеміз. Бірақ ресми географиялық құжаттар мен жер-су атаулары қамтылған энциклопедияларда "Үлкен Алматы көлі" деген тіркес негізгі атау ретінде қалыптасып кеткенін ескертеміз. Азаттық жер-су атауларын соңғы қабылданған стандарт бойынша барынша дәл жазуға тырысады. Форумға қатысып отырғаныңыз үшін көп рақмет. Азаттығыңыз
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 14:42
+0 / -0
Елбасын әйтеуір жарнамалап, қайда болса сонда тыға беріңдер!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 16:04
+0 / -0
Беспрецедентный случай для казахстанского кинематографа произошел в первые дни проката самого долгожданного казахстанского экшн-фильма 2012 года «Жаужүрек Мың Бала». Впервые за историю Независимого Казахстана отечественная лента «Жаужүрек Мың Бала» побила рекорды кассовых сборов за первый уикенд с начала проката (с 3 по 6 мая) собрав по Казахстану около миллиона долларов (147 млн. 600 тыс. тенге). Об этом сообщает информационная служба Zakon.kz со ссылкой на пресс-службу АО «Казахфильм» им. Ш. Айманова.

Отечественные прокатчики запросили дополнительные копии фильма на государственном языке. «Казахфильм» им. Ш. Айманова предлагал прокатчикам выпустить копии в соотношении 70% на казахском языке и 30% на русском. Но из-за необъяснимого страха казахстанских прокатчиков «потерять основного зрителя», привыкших к прокату иностранных фильмов, картина вышла в соотношении 30 копий на русском и 21 копия на казахском.

Учитывая, что фильм полностью был снят на казахском языке, киностудии «Казахфильм» удалось переубедить прокатчиков в пользу увеличения копий на казахском языке. Выпускается дополнительно еще 6 копий. Благодаря поклонникам казахстанского кино, работ режиссера Акана Сатаева, легендарной киностудии «Казахфильм» им. Ш. Айманова и ошеломительному успеху фильма тенденция увеличения копий на государственном языке ежедневно растет. По данным пресс-службы киностудии, наполняемость залов 100% как в крупных городах, так и в регионах.

Впервые за историю Независимого Казахстана отечественная лента «Жаужүрек Мың Бала» побила рекорды кассовых сборов за первый уикенд с начала проката (с 3 по 6 мая) собрав по Казахстану около миллиона долларов (147 млн. 600 тыс. тенге).

Кімнен: абылай Қайдан: тараз
08.05.2012 18:57
+0 / -0
Жаксы кино, корермендер коп эсер алды
К..ен жалагыштар да Назарбаевты тыкпалап оз улесiн косып калды,
в общем барлыгы риза

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.05.2012 22:48
+1 / -0
Қазақтың қорықпайтын бір ұлты бар ол жоңғар
Пікір алмасу

Кімнен: Азат Қазақ
10.05.2012 13:58
+0 / -0
Ха-ха-ха...! Өте дұрыс пікір, әрі айызды қандырады екен. Егер жоңғар халқы бүгінгі күнге дейін аман-есен жеткен кезде, ұлтаралық келісімді ту етіп ұстаған ресми идеология бұндай кино түсіруге рұқсат ете қоймас, жоңғар ұлтының намысына тиеміз, ұят болады деп...

Кімнен: Серік Қайдан: Ақтау
10.05.2012 13:54
+0 / -0
Ұнаған жоқ. Көшпенділерден айырмашылығы қазақтар ойнады демесең, асып кеткені шамалы. Жоңғар батыр халық болған, Қытаймен де орыспен де соғысып оларды санасуға мәжбүр қылған ел. Айналдырып келіп жойылып кеткен сол халықты жұлмалай берген де онша келісе бермейді екен. Тарихтан хабары шамалы адамға болатын шығар. Жақында қытайдың "Троецарствие. Возрождение дракона" деген киносын көрдім. Хунну патшалығы құлағаннан кейінгі қытайдың ішіндегі тартыстардың бірі суреттеледі. Көріп отырып сол заманға барып келгендей боласың.

Кімнен: Даниял Қайдан: Маңғыстау
10.05.2012 18:39
+0 / -0
Ақан Сатаевтың фильмі өте сәтті шыққан туынды. Енді ол жігіт Ілияс Есенберлиннің Қаһар романының желісі бойынша, Кенесары мен Наурызбайдың күресін және Досан мен Иса батырлардың соғысын киноға түсірсе жақсы болар еді.

Кімнен: АЛМАТ РАХЫМБЕКОВ Қайдан: ALMATY
11.05.2012 10:16
+0 / -0
КАРАКЕРЕЙ КАБАНБАЙДЫН ЕНБЕГИ АЙТЫЛМАЙ КАЛГАН,ЖОНГАР ШАПКЫНШЫЛЫГЫНАН АЗАТ ЕТУШИ 70 ПАЙЫЗ ОЛ КАБАНБАЙ БАТЫР
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 15:54
+0 / -0
Былшылдама! Аңырақай шайқасында қазақтың әскерін басқарған кім екенін дұрыстап оқып біліп алып, сосын сөйлерсің. Кез келген жерге Қабанбай, Бөгенбай; Абылай; аты бұрын естілмеген қаяақтағы ойдан шығарылған батырларды қоса бересіңдер. Аттары тарихта қалған, документальный подтвержение табылатын батырлар да жеткілікті бізде. Қазақта бір батыр болса ө ол Әбілқайыр болатын. Қалмақты да жеңгенде әскер басы сол болатын. Оны айтқыларың келмейді! Неге? ауызың қисая ма? Шындықты айтуға дәтің бармайды! Себебі, өтірік айтасың!
Пікір алмасу

Кімнен: Сырым Қайдан: Астана
12.05.2012 16:42
+0 / -0
Сені батыстың қызы шығар деп отырсам, қаяқтағы деген сөзіңнен ақ кім екенің белгілі боп қалды! Яғни анау Өмір ағайдың өзі шығарсың! Арам масыл аталарыңынды ерлік жасады деп жұртпен алысып отырғаН!
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?