Сенбі, 1 қараша 2014, Алматы 14:35


МӘДЕНИЕТ

Тарас Шевченконың Қазақстандағы мерейтойы

Украин ақыны Тарас Шевченконың тағдыры мен шығармашылығы үш елді – Украина, Ресей және Қазақстанды байланыстырды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы Украинадағы дағдарыспен тұспа-тұс келді.

Алматы облысы украиндары мәдени орталығының хоры Тарас Шевченко портреті фонында ән айтып тұр. Алматы, 4 наурыз 2014 жыл.
Алматы облысы украиндары мәдени орталығының хоры Тарас Шевченко портреті фонында ән айтып тұр. Алматы, 4 наурыз 2014 жыл.
Наурыздың 9-ы күні туған, қысқа ғұмырының жеті жылы қазақ жерінде өткен Тарас Шевченконың 200 жылдық мерейтойын Қазақстанда да атап өтіп жатыр. Кирилл-Мефодий мәдени-ағарту қоғамының мүшесі болғаны үшін және әсіресе орыс патшайымы туралы пародия-өлең жазғаны үшін айыпталып, қатардағы солдат болып қызмет ету жазасына кесілген оны Қазақстанға жер аударған.

ЮНЕСКО ҚОЛДАУЫМЕН

Ұлттық кітапхананың үлкен залында отырған көрермендер. Алматы. 4 наурыз 2014 жыл.Ұлттық кітапхананың үлкен залында отырған көрермендер. Алматы. 4 наурыз 2014 жыл.
x
Ұлттық кітапхананың үлкен залында отырған көрермендер. Алматы. 4 наурыз 2014 жыл.
Ұлттық кітапхананың үлкен залында отырған көрермендер. Алматы. 4 наурыз 2014 жыл.
Тарас Шевченконың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласындағы ұлттық кітапхананың үлкен залында әдеби-музыкалық кеш өтті. Кеш Тарас Шевченко атындағы «Просвита-Жетісу» украин мәдени орталығы және ЮНЕСКО қолдауымен ұйымдастырылды.

Кітапхананың 200-ден аса адам сиятын залы лық толды. Кешке украин диаспорасы өкілдері көп келді, бірақ жұмыс уақыты болғандықтан ба, көбі қарт кісілер болды. «Просвита-Жетісу» украин мәдени орталығы төрағасы Денис Стадничуктің айтуынша, орталық өткізетін іс-шараларға бұрын-соңды мұнша көп адам жиналып көрген емес.

- Филолог мамандардың айтуынша, Тарас Шевченконың классик Әбділда Тәжібаев аударған өлеңдерінде украин тілі мен қазақ тілі дыбыстық және мәндік тұрғыдан ғажап үндестік тапқан. Соған қарағанда, ерте замандарда екі халықтың арасында терең байланыс болған тәрізді. Мұны Тарас Григорьевич Шевченко сияқты данышпан ғана жеткізе алды, - дейді ақын Дүйсенбек Нақыпов.

Оның айтуынша, Шевченконың қазақ жерінде жазылған өлеңдерінде дала тұрмысынан алған ырым-жоралар көп. Тарас Шевченко Қазақстанда жанына жұбаныш, рухтас дос-жаран, бауыр тапты.

ШЕВЧЕНКО - ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ 

Кештің әдеби-музыкалық бөлімінде ұлттық кітапхананың жас қызметкерлері Тарас Шевченконың өлеңдерін қазақ тілінде оқыды. Кештің көп бөлігінде украин мәдени орталығы хоры ақын өлеңдерін оқып, оның өлеңдеріне жазылған әндерді шырқады.

Тарас Шевченконың әні
Тарас Шевченконың әніi
|| 0:00:00
...
 
🔇
X
Негізінен украин тілінде өткен кештің сахнасына хор мүшесі Ольга Заводяева шығып, Тарас Шевченконың өзі аударған «Кешкі шапақ» («Зори мои вечерние») өлеңін  ағылшын тілінде оқып берді.

Тарас Шевченконың ағылшынша өлеңі
Тарас Шевченконың ағылшынша өлеңіi
|| 0:00:00
...
 
🔇
X
Украин мәдени қоғамына қарасты хор Қазақстанда 10 жылдан бері жұмыс істейді. Кітапханада өткен кеште өнер көрсеткен хордың көбінесе қарттардан тұратыны байқалды. Хор мүшелерінің бірі «жастар келгенімен, оларға қарттармен қызықсыз» дейді.  

Тарас Шевченконың Алматыдағы ескерткіші.Тарас Шевченконың Алматыдағы ескерткіші.
x
Тарас Шевченконың Алматыдағы ескерткіші.
Тарас Шевченконың Алматыдағы ескерткіші.
Мерейтойға арналған шара тақырыбына саясаттың қатысы болмаса да, Украинадағы саяси жағдайдың лебі сезіліп тұрды. Кеште сөз алғандардың кейбірі Украинадағы биліктің ауысуына байланысты саяси дағдарыс пен Қырым түбегінде Ресей әскерінің пайда болуы туралы да айтты. Кейбір ақпарат құралдары өкілдері де Украина консульдығы өкілдерімен осы жайында әңгімелесіп жатты.

«Просвита-Жетісу» украин мәдени орталығы төрағасы Денис Стадничуктың айтуынша, Қазақстан украиндары қауымдастығы мен Алматы облыстық украин орталығы басшылары шиеленісті дипломатиялық жолдар арқылы реттеуге күш салуды, Қырымда қан төгіске жол бермеуді сұрап Қазақстан президентіне, парламентке хат жолдаған. 

ШЕВЧЕНКО ЕСКЕРТКІШІН АШУҒА КІМ КЕЛЕДІ?

Тарас Шевченконың 200 жылдық мерейтойы аясында Алматы және басқа аймақтарда тағы қандай шаралар өтеді? Украинаның Алматыдағы консулы Сергей Бобошконың Азаттық тілшісіне айтуынша, ақынның туған күні – наурыздың 9-ы күні Алматыдағы Тарас Шевченко ескерткіші жанында еске алу шарасы өтеді.

Сәуір айында Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында «Шевченко әлемі» ғылыми конференциясын өтеді. Бұдан кейін 200 жылдық мерейтойға арналған ән фестивальдерін өткізу жоспарланған.  Қазақстандағы Украина елшілігі де бірқатар іс-шаралар, оның ішінде түрлі көрмелер өткізуді жоспарлап отыр.

Украинаның Алматыдағы бас консулы Сергей Бобошко. 4 наурыз 2014 жыл.Украинаның Алматыдағы бас консулы Сергей Бобошко. 4 наурыз 2014 жыл.
x
Украинаның Алматыдағы бас консулы Сергей Бобошко. 4 наурыз 2014 жыл.
Украинаның Алматыдағы бас консулы Сергей Бобошко. 4 наурыз 2014 жыл.
- Астана қаласында Тарас Шевченконың ескерткіші ашылады деп үміттенеміз. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жайында толық ақпаратты елшілікке хабарласып, сұрауға болады, - дейді Сергей Бобошко.

Шевченко патша армиясының қатардағы солдаты болып қызмет атқарған Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында да мерейтойға арналған шаралар өтеді. Арал қаласында ақынның мүсінін ашу жоспарланған.

«Украинадағы саяси жағдайдың күрт өзгеруі Тарас Шевченконың мерейтойына орай Қазақстанда ұйымдастырылатын іс-шаралар бағдарламасына әсер етті ме?» деген сұраққа Сергей Бобошко: «Әрине, әсер етті. Ескерткішті кім ашатыны, делегацияны кім басқарып келетіні әлі белгісіз» деп жауап берді.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Руза Қайдан: Кереку
08.03.2014 13:31
+0 / -0
Біз әруақытта украин жағындамыз!

Кімнен: Кекілді Қайдан: Майдан
08.03.2014 14:16
+0 / -0
- Филолог мамандардың айтуынша,Тарас ШЕВЧЕНКОның классик Әбділда ТӘЖІБАЕВ аударған өлеңдерінде украин тілі мен қазақ тілі дыбыстық және мәндік тұрғыдан ғажап үндестік тапқан.Соған қарағанда,ерте замандарда екі халықтың арасында терең байланыс болған тәрізді.
**********************************************************************************************************************************
І.
Жоғарғы суреттегі 14 панидің (ханым) үшеуі ғана сары шашты,қалғандары қой көзділер мен қара шашты ханымдар.Осыдан кейін Алматыдағы Украинаның бас консулының суретін көрген адам,кекілді ұлт орысқа жақын дей ме,немесе түркілерге жақын дей ме ?
Сергей БОБОШКОны түрік деуге де,татар деуге де,әзербайжан деуге де болады.
"Украинцы - наши кровные братья" деген,орыстардың өздері ойлап тапқан ("кровный братының" үйіне есі бар адам автомат асынып бармайды !) сандырақтары.
ІІ.
Украин ұлты словактар мен чехтарға жақын.Және олардың түркілерге жақындығын кекілді ұлттың ғалымдары әлдеқашан дәлелдеген ("Арийский стандарт" ? gazeta.zn.ua/SOCIETY/ariyskiy_standart.html)."Новое или позабытое старое ? (zn.ua).
Совет заманында мектептерде СССР тарихы (негізі - Ресей тарихы) оқытылғаны,ЖОО-да КПСС тарихы оқытылғаны ешкімге сыр емес.
Қазіргі таңда кекілді ұлттың тарихшылары өз ұлтының тарихын өздері жазып жатыр,біздің орысқұл "тарихшыларға " ұқсап (Хангелди Абжанов) "ОРЫСКЕЛДІ" деген тарихыңды орыстармен бірлесіп жазып беремін" деп,орысқа жалтақтап отырған жоқ.
ІІІ.
Кекілділерде "Ғ" дыбысы бар,ол дыбыс орыстарда жоқ.Гәптің қысқасы - украиндар үш қайнаса да,орыстарға қосылмайды."Старший" акалар маған ренжімесін,украиндар олардан гөрі маған жақын.

Кімнен: Аткатбай Қайдан: Семей
08.03.2014 14:23
+0 / -0
Осы жанымыз ашып отырған халқымыз, Ресей мен Қазақтың арасында кикілжің туса, Ресейді қолдамасқа не кепіл

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Редактор таңдауы

Қазақстан делегациясының БҰҰ-да адам құқығы есебін жариялап отыр. Женева, 30 қазан 2014 жыл. (Скриншот webtv.un.org сайтынан алынды).

Қазақстанға адам құқығы жайлы ұсыныстар жасалды

БҰҰ-да адам құқықтары жөнінде есеп берген Қазақстанға ұйымға мүше елдер бірқатар ұсыныстар жасады. Толығырақ