Сейсенбі, 21 мамыр 2013, Алматы 19:51


ӘЛЕУМЕТ / Діни төзімділік

Ақтөбеде «хиджаб мәселесімен» арнайы орталық айналыспақ

Ақтөбеде мұсылмандық шарттарын ұстанатын жастарға арналған «Ансар» атты кеңес беру - реабилитация орталығы ашылады. Облыс әкімдігі орталықпен бірлесіп жастар арасында «дәстүрлі исламды насихаттауды» және оқу орындарында хиджаб киген бойжеткендер санын азайтуды мақсат тұтатынын айтады.

Діни басқарма өкілдерімен кездесуге шақырылған хиджаб киетін студент қыздар. Ақтөбе, 27 ақпан 2009 жыл. Көрнекі сурет
Діни басқарма өкілдерімен кездесуге шақырылған хиджаб киетін студент қыздар. Ақтөбе, 27 ақпан 2009 жыл. Көрнекі сурет
Мәтін көлемі - +

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова сәуірдің 23-і күні Астанада әйелдер, отбасы және демография жөніндегі ұлттық кеңес өткізген жиында облыс орталығындағы жеті жоғары оқу орнында былтыр 3 700 студент хиджаб киіп жүрген деп мәлімдеген.

«Бүгіндері соның 600-і ғана принципті түрде хиджабтарын тастамай жүр. Біз олармен принципті түрде жұмыс жасап жатырмыз. Мұсылман сенімін қабылдағаны үшін емес, сенімдері дәстүрлі исламға жақындауы үшін... Қазір бұл жастармен жұмыс жасайтын «Ансар» атты консультативтік-реабилитациялық орталық ашып жатырмыз» деп мәлімдеген.

Нұрқатова ханымның айтуынша, бұл - 6 ай бойы үздіксіз жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесі.

«КӨМЕКШІЛЕР»

Азаттықтың тілшісі сәуірдің 25-і күні Ақтөбеге оралған Сара Нұрқатовамен осы орайда сұқбаттаспақ болған еді. Жұмысының көптігін желеу еткен шенеунік түсініктеме беруді дін істері жөніндегі департаменттің директоры Бауыржан Есмаханға жүктепті.

 - Біз ешқандай мәжбүрлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанымыз жоқ. Түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп жатқаны рас. Ал облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың мәлімдемесіне келсек, ол кісі орамалды емес, хиджабты меңзесе керек. Бұрын Ақтөбеде бетін бүркемелеп, қара жамылатындар көп болатын. Түсіндіру жұмыстарының арқасында азайды. Сара Нұрқатованың айтып отырғаны – осы, - деді Бауыржан Есмахан.
Бауыржан Есмахан Ақтөбенің бұрынғы бас имамы кезінде (оң жақ шетте) "Нұрғасыр" мешітінің ашылу салтанатына келген лауазымды қонақтармен бірге. Сурет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтынан алынды.Бауыржан Есмахан Ақтөбенің бұрынғы бас имамы кезінде (оң жақ шетте) "Нұрғасыр" мешітінің ашылу салтанатына келген лауазымды қонақтармен бірге. Сурет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтынан алынды.
x
Бауыржан Есмахан Ақтөбенің бұрынғы бас имамы кезінде (оң жақ шетте) "Нұрғасыр" мешітінің ашылу салтанатына келген лауазымды қонақтармен бірге. Сурет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтынан алынды.
Бауыржан Есмахан Ақтөбенің бұрынғы бас имамы кезінде (оң жақ шетте) "Нұрғасыр" мешітінің ашылу салтанатына келген лауазымды қонақтармен бірге. Сурет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтынан алынды.

Бауыржан Есмаханның сөзіне қарағанда, діндар жастарға кеңес беру үшін былтырғы қыркүйектен бері Ақтөбеге Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасынан 30 теолог келіп кеткен. Ал үш мыңнан астам студенттің хиджабтарын тастағаны туралы ақпарат дін істері жөніндегі облыстық департаментте де, Ақтөбедегі орталық мешітте де жоқ. 

- «Ансар» араб тілінен аударғанда «көмекшілер», «пайғамбардың сахабалары» деген мағынаны білдіреді, – дейді шілде айында ашылатын орталық директоры, теолог Асқар Сәбдин.

Құжаттары әзірленіп жатқан жаңа орталықта Асқар Сәбдинмен бірге үш имам дәстүрлі исламды насихаттамақшы.

«ОРАМАЛҒА ҚАРСЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ТОЛАСТАҒАН ЕМЕС»

Ислам дінін ұстанатын жастарға кеңес беретін орталықтың ашылатындығына Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлнәр есімді әйел «қатты қуанғанын» айтады. 19 жасар қызы Динара намаз оқи бастағалы бері Гүлнәр «кімнен кеңес сұрарын білмей жүрген».

 - Қызым Ақтөбедегі Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің 1-курсында оқып жүр. Жақында проректоры шақырып, «орамалын тастасын» деп ескертті. Мен оны Динараға алғашқы күннен-ақ айтып келемін. Тілімді алмайды. Үнсіз тыңдайды да, өз дегенін жасайды. Қызымның болашағына қатты алаңдаймын... Ұрыссам, қан қысымым көтеріліп, киіміне қарасам, көңілім нілдей бұзылады, - деді ол.

Тап осындай келіспеушілік Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Шынар Мантайқызының да отбасында болған. Шынар - былтыр желтоқсан айында аталмыш университет басшылары «орамал таққаны үшін» бір апта сабаққа қатыстырмай қойған 8 студенттің бірі.
Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Шынар Мантайқызы. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жылСақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Шынар Мантайқызы. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл
x
Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Шынар Мантайқызы. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл
Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Шынар Мантайқызы. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл

 - Біз орамалымызды тастағанымыз жоқ. Қатарымызға енді қосылған бір студент қызды оқытушылар жақында «жақсылап ойланып кел» деп ауылына Шұбарқұдыққа қайтарып жіберді. Орамалға қарсы үгіт-насихат  университетімізде бір сәтке де толастаған емес, - деді Шынар Азаттық тілшісіне.

Ақтөбелік хиджаб киетін студент қыздар бұған дейін өздерінің киіну формасына қатысты оқу орны тарапынан жасалған сын-ескертпелерді конституциялық құқықтарының шектелуі деп сипаттаған болатын.

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық бюроның Ақтөбе филиалының заңгері Ағызбек Төлегенов Азаттық тілшісіне студенттердің киінуіне қатысты этикалық нормаларды «дәстүрлі Исламға» сәйкестендіру бойынша жүріп жатқан ресми шараларға қатысты былай деді:

- Адамның басқа құқықтары сияқты діни құқықтарына да қол сұғылмауы тиіс. Басқасының бәрі – бос әңгіме! Бұған дауы барлар Қазақстанның констуциясын тағы бір қарап шықсын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Асау Барақ! Қайдан: Жайықтан!
25.04.2012 17:14
+0 / -0
Ей қазақтың қыздары! Сол хиджапты тақпай ақ жүрекке иманды келтіріп, АЛЛА ның құлы болуға болады гой. Не болды соншама хиджапқа жабысып. Елбасы да, бас мүфти де айтты хиджапты кию міндер емес деп, неге соншама сол шүберекке жабысып, өздеріңді өздерің қорлап келесіңдер? Иман сыртқы пішінде болса барлық әйелдер оранып шыга келер еді гой. Иман жүректе екенін сендерге кірген ұйымдарың айтпай ма алде?
Пікір алмасу

Кімнен: Мекен
25.04.2012 17:54
+0 / -0
Сіз айтқан елбасыңыздың жүрегінде иман болса, жаңөзен де, жарылыс та, жемқорлық та, кедейшілік те, халықаралық қарыз да, жеке басқа табыну да, отбасылық берекесіздік те, орыс тіліндегі мәңгүрттік те болмас еді. Олар жүрек туралы айту үшін алдымен өз жүректерін жақсылап бір тексеріп алсыншы, байқұстар!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
28.04.2012 01:40
+0 / -0
президентшілін өзінің! президент Аллаһтан жоғары ма сонда?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.05.2012 15:43
+0 / -0
АЛЛАға қарсы шыққан оңбайды.Осы хиджабқа қарсы күрес өткен жылы наурызда елбасының Түркістандағы сөзінен кейін күшейді.Қас қылғанда бұрынғы коммунист, қазіргі муфти де қате болса да,президентті қолдады.АЛЛА ҚАҺАРына ұшырайтындар ғой олар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.04.2012 17:38
+0 / -0
жалпы,орамал таккан дурыс. Мусылман елдеринде бари де санмен тагады, Одан да арттарын ашып, зина жасап журген иманнан безген жастарды тыйсандаршы.Дамыган елдерде Тцуркия, Малазияда жур гой бари адеми киинип,Осы сендерде орамалдан баска шаруа жок па?!

Кімнен: барақ Қайдан: алматы
25.04.2012 19:21
+0 / -0
Басқаңды білмейм, бұтына шортик киген, емшегі жартылай жалаңаш келіннен гөрі өзіме үстіне ұзын көйлек киіп, басына орамал байлаған келінді қалар едім.
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат Қайдан: Алматы
25.04.2012 20:32
+0 / -0
Хиджабты Аллаһ Тағала парыз етті, бұнда президент не әбсаттар айтты демейміз, жалпы қазіргі күнде Қазақ қыздарының екеуінің бірі бала көтеру қабілетінен айырылып барады, өз күшімен босанатындар да күрт азайды, оның бәрі сол бас пен кіндігін көрсетіп, суық тигізіп әртүрлі аурулар туындауынан екеін медицина да сан мәрте айтып жатыр. Ал ұятты жерін оранып, Алланың парызын орындап, ибалы келін, ұятты қыз болып жүргендерге Аллаһ разы болсын! осы дүниеде денсаулықтарыңды күтіп, имандарыңмен ұяттарыңды сақтап, о дүниеде Алланың мейіріміне бөленіңдер Қазақ қыздары! сендермен мақтанамыз, Аллаһтың бұйырығына бұйсұнсаңдар сендер үшін хайырлы, келешекте сіздерден таза сұт емген, ақылды да иманды ұрпақ шығарына мен кәміл сенемін!
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
26.04.2012 01:26
+0 / -0
узында емес томенде емес кып адеми кинуге боладыгой осы соны вахабисттер акелген казахтар хиджап кимеген шалбардын балагында кимаган ауели казах болындар сосын мусылман боласындар ат жок жон жок озинин кайдан шыкканын билмейди де мусылман боламыз дейди ен куруганда бауырларым казах тилин билсендерши. Ауели казах болындар иманда динде сонымен бирге келеди. БАУЫРЛАРЫМ!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Нұр Қайдан: Алматы
26.04.2012 14:21
+0 / -0
Аллах қиямет күні мұсылмандығыңа қарайды,қазақ болғаныңа емес,жүрғой қазақпын деп христиан,буддист болып,тәнін сатып жезөкше,жынысын өзгертып голубой болып.....
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
26.04.2012 15:16
+0 / -0
Коке биринши озинин кайдан шыкканынды билмесен кайдан ат жок жон жок мусылман боп кетесин ар нарсенин шекарасы бар сол сиякты мусылмандыктында шекарасы баргой казах болсан соны билесин коктен тускендей боп орысша шаудирлеп турып кайдан мусылман боласын сондыктан биринши озинин 7 атанды бил содан олардын дастурин бил содан кейн мусылман бол кайдагы жок тажиктин не тагы биреудин кимин кип алып кайдан мусылман боласын казах куйеге шыкпаган кызга орамал тартканды кай атанан корип един БУЫРЫМ!
Пікір алмасу

Кімнен: Атыраулық
28.04.2012 20:26
+0 / -0
Бөгетсайдың Сабалағы! Мұсылмандарды ғайбаттап күнәға батқанша, қазақ деп жаныңыз күйсе, неге өзіңіз бас болып нағыз қазаққа ұқсап шапан киіп, жұбайыңыз бен қыз-келіндеріңізге бүрмелі қос етек көйлек, камзол кигізсеңіз құба-құп болар еді, Және де орысша шүлдірледі деп біреудің көзіндегі тікенді көргенше не үтір не нүкте не бас әріп жоқ болып түсініксіз жазылған өз көзіңіздегі бөренені алып тастағаныңыз жөн деп білемін.
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
29.04.2012 08:25
+0 / -0
Атыраулык бауырым кунага батсам оз мойнымен котерермин Мен мунда Диктант жазып отырган жок едим кеширерсиз
Пікір алмасу

Кімнен: Нұр
01.05.2012 19:41
+0 / -0
Сабалақ!сабалақ ит сияқты үре берме,қазақша білу парызба?құранда Аллах айтқанба?әрине өз тұған тілін үйрену керек,бірақ жөн жоқ адамды қазақша білмейді деп кінәләу ол надандық!жұртты фанат деп өздері фанат болып жүр.біреулердің әпкесі,қарындасы күн түні қыдырып,еркектердің астына жатып,соларға ешнәрсе айтпайдыда,арнамысын сақтап хиджаб кігені үшін қарындастарымызды кінәләйді,ол надандық,топастық.Субханналлах,кей адамдар исламды,мұсылмандарды жек көреді,оладан көрі ит,шошқа жақсығой!пайғамбар с.а.с айтқандай:[Жануарларда Аллах бар және жалғыз екенін біледі,және оны зікір етеді(өз тілдерімен)].Аллахқа мәлім
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
02.05.2012 15:58
+0 / -0
Нур мени итке тенеп отырып мусулмандар жонинде еш нарсе айтпай ак койганын жон болад барлык мусылман осындай деп ойлар журт Улы Абайды сози бар "Тындаушым соз тузелди сенде тузел" деген тап сол абайдан аскан мусылман емес шыгарсындар хиджапты куранда миндет кылмаган борлса сен озин кай атадан шыкканынды билу жане тарихынды билу миндет шыгар

Кімнен: Қырғи
25.04.2012 20:49
+0 / -0
Осы қазақ деген өзім де соған жататын ұлтқа таңым бар! Ұлтыныа, еліне пайдалы,зиянды нәрселерді,ажырата алмайды. Маған қалса, қазақ қыздары бәрі бастарына орамал, үстеріне ұзын етекті көйлек киюлері керек. Бұл порма қыздарды дұрыс жүріп тұруға итермелейді. Мысалы, мелиса, прокурорларға,тіпті мейрамхана даяшыларына неге порма кигізеді, жауакершілктерін арттыру үшін.Қазақ еліктегіш халық, мысалы, қыздың тойында қалыңдық артқа қарап тұрып гүл лақтырады бойдақ қыздарға қарап, кетейін деп жатқан қызды тамада әкесімен валс билетіп қояды және үлкен тортты ортаға әкеліп, жастар әке-шешелерінң ауыздарын қасықпен тыққылайды. Күлкілі. былтыр Крестный отец деген американдық италияндық мапия жөнінде сериал қарап отырсам, жоғарыдағы гүл лақтыру, торт жегізу, қыздың әкесімен билеуі бар. Міне, қазақтың топас асабалары қайдан көшіріп алған. Неткен еліктегіш халықпыз!

Кімнен: jasyn
25.04.2012 20:50
+0 / -0
esti kyz etegin jabar deuwi edi al bugingi kyzdardyn kotenin jabuynyn ozi kiyn. oku oryndarynda emwegin jarkyratyf temekisin budaktatyf jurgen kyzdarga undemeimiz,al uiatyn jafkan kyzdarga kelgende wulaimyz,onkei arsyz

Кімнен: Жас_Қазақ
25.04.2012 21:51
+0 / -0
"Бәріміз мұсылманбыз, бірақ орамал тағудың не қажеті бар !? "- дейтін еслаң адамның сөзін естісем,қаным қараяды !
Адамның сөйлеген сөзінде зәредей болса да логика болу керек қой ! Ондай адамдар өздерін мұсылманмын деп айтып алады, Құранды қасетті кітап деп және айтады. Сөйте тұра, Алланың сөзін оп оңай жоққа шығара салады ! Өздері ғана дана, өздері ғана данышпан ! Адамзат баласына жіберілген елші Мұхаммет Пайғамбардан да ақылды олар ! Себебі олар ХХІ ғасырдың "озық ойлы" адамдары ғой қайтсін енді !? Олар Хэмингуйді оқыған, Шекспирді оқыған, Вольтерді оқыған прогрессивті буын ғой, Он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла тағаланың жіберген кітабын қайтсін оқып !?
Өңшең қарғыс атқыр найсаптар !
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
26.04.2012 14:40
+0 / -0
биле билсен бауырым казахтар катын болган адамга орамал жапкан бети ашылмаган кызга орамал неге керек вахабист болып
Пікір алмасу

Кімнен: Мөлдір Қайдан: Алматы
28.04.2012 10:27
+0 / -0
Сіз қазақ қазақ деп қоймасыз, сондағы қазаққа нендей пайдаңыз тиып жатыр екен.. Орамал таққанның бәрі вахабист деп ойыңыздың соншалықты төмендігін көрсетудесіз. Адам білмегені жайлы ақыл айтуының қажеті жоқ, алдымен ислам діні жайлы ілім алыңыз. Алдымен қазақ бол дейсіз қазақ болу 7 атаны білумен шектелмейді, орысша шәудірлейсың деп шалақазақтарға айтыңыз, бір қолында пиво бір қолында темекіні тұтатып жүрген қарындастарыңызға.. Орамал таққан қыздар жартылай жалаңаш қыздарға қарағанда өз ұлтын, тілін сүйетіндер көбі.
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
28.04.2012 12:05
+0 / -0
Айналайын карагым Молдир Казахка пайдан тиу ушин кейбир адамдардай сонда менде биржерди барып жаруым керекпе екен менин ойым томен леп санасанда мен оз ата баба салт дастурин билип турмын.Дин жонинде илим алмаймын алгымда келмейди де карап отсан мешиттерди сол орамал таккандар ушин кайта кайта жауып тастап жур.Казах болу 7 атадан шектеледи деп айтканым жок тек мусылман болмакшы мангуртерге онай жолын силтедим.Мен корген сол орамал таккыштар орысша сойлейд биз жакта. Халык корип жургой орамал тарткан кисилерде темеки шегип жургенин. Орамал тарткандар ултын тилин суйетиндер дейсин сол орамал таккан Тажиктердинбе тагы биреулердин кимдери солардын тилин ултын суйетин десек болады мен бир сондай кисимен сойлескенде бизге казах тилин билуге кажет емес деген араб тилин билсем болады дейд Аруакктын мазарына тас лактырсам ол сол тастан коргана алмайды деп ангиме айткан.
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
28.04.2012 12:28
+0 / -0
Орамал тагуга ешким карсы емес тек орамалды орнымен таккан жонгой тагы да айтам Казахтын салтында турмыска шыкпаган кызга орамал такпаган сосын Хиджап бир казах кимеген ол Тажик Сирия Парсы мемлекеттеринин дастурли кими Казахтардын саукеле камзол дегендей дастурли кими
Пікір алмасу

Кімнен: Мөлдір Қайдан: Алматы
29.04.2012 00:23
+0 / -0
Пайда келтіру үшін өз - өзін жару деген мағынада айтпаған едім. Сіздің ұлтшыл, өз елін сүйетініңізді байқадым, бірақ қазақ қазақ деп хиджап киген мұсылмандармен алысқанша елге пайдаңыз тиетін іспен айналыссаңыз дегенім.. Дін жайында ілім алғыңыз келмесе, ол өз шаруаңыз, пікіріңіз болашақта өзгере жатар деп үміттенем. Сіз айтқан жиіркенішті істердің қысқа юбка киып қалай болса солай жүретін қыздардан одан арғысын көріп жүрміз, мәселе сіздің мұсылмандарды жек көргеніңізде деп ойлаймын. Хиджап киген, намаз оқитын қазақтың бәрі вахаббист емес. Ал өздерін жарып жатқандар ислам дінінің жаулары, олардың қалағандары да сол, исламды жеккөрінішті етіп көрсету, солардың кесірінен кінәсіз мұсылмандар қиналуда, "Менім есімім Хан" деген киноны қарап көріңізші, сонда түсінерсіз.. Сіз айтқандай қазақтарды бізде көріп жүрміз, тілдерін шұбарлатып, ахти, ухти, брат, сестра деп, құран бағыштағанда бетін сыйпамай т.т. істеп жүрген қазақ жастарымызды, бірақ солар үшін орамал таққандардың бәрі ваххабист деп жала жабуға болмайды, артық кетсем кешірім өтінемін.. Алла сізге иман нәсіп етсін!
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
29.04.2012 08:21
+0 / -0
Ай Молдир жанай екеумиз тура урыскандай болдык халыктан уят болды артык кетсем кеширерсин Мен озим Мусылманмын сонда калай болганы озимди озим жек коргенимбе логикага жатпайды екен тагы айта кететин жайт хиджап киген адамга кимейтин адамдар оларга вахабист деп айтады сосын сол кисилерге тура бир ата жауындай боп коринеди хиджап ози дастурли кара болу керекпе билмейм мусылман болгасын таза ак тус киетин еди иманынын актыгын жолдасынын алдында актыгын билдирип Акка кудай жак деп боска айтылмаган деп ойлаймын казахтын дастурли дининде Хиджап деген мулде болмаган соны мойындаш кай тарихты актарсанда жок ол нарсе сонымен догарайык ел журттан уят
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
30.04.2012 19:23
+0 / -0
сондай-ақ қазақтың қыздары сәукелек киген, әйелдері кимешек киген,. ерлері шапан мен тақия киген. сен солардың бірін киесің бе әлде елге ақыл айтуға келгенде ғана қазақтың салты бойынша деп біреуге ақыл үйретесің бе?!?!?

біреу хиджаб тақса (тіпті араб әйелдері болса да) атамыздан қалған салт деп тақпайды, бұл Аллаһтың Құрандағы бұйрығы деп тағады. себебі Құран түспей тұрғанда арабтар да басқа халықтар да хиджаб кимеген (яғни Аллаһтың бұйрығына бойы ұсынбаған)
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
30.04.2012 22:42
+0 / -0
Ара Бауырым дурыс айттын сол шапан саукеле кимешек дегендер аз екен базарда болган жагдайда ар кимнин колы жетпейди екен соны жогарыда отырган аткаминерлерге жеткизу керек Мен озим куранды окыган адам емеспин естумше онда хиджапты миндеттемеген екн тек уят жерлерин жауып журу миндет деп естидим .Баурларым тусининдерш ертен Уахабизм маселеси Баска алпауыт елдерге колайлы егер осы багытта кете берсек сол мемлекеттерге уахабизм осы елде деп жаулап алып не ел не улт калдырмай казба байлыктарды тартып алуга колайлы маселе СОНДЫКТАН АГАЙЫНДАР ХИДЖАПТЫ МИНДЕТТЕМЕГЕН БОЛСА СОНЫ КОЙСАК КАЙТЕДИ БУГИНГИ КУНДИ ОЙЛАМАЙ БОЛАШАК УРПАКТЫ ОЙЛАЙЫК МУСЫЛМАНДЫК САКАЛМЕН НЕМЕСЕ ХИДЖАППЕН БАСТАЛМАЙДЫ!!! Сосын МОНКЕ БИ деген бабамыз болган сол кисинин созинде Дудамалдау Динин болар деген.сол кисинин создери интернетте бар карасаныздар барлыгы соган келип тур ол тегин киси емес. оператор мырза оширменизши мумкун кей одамдар ойланар

Кімнен: Қазақ
25.04.2012 23:30
+0 / -0
Иманды қыздарымыздың орамалына қарсы приципті түрде жұмыс жасап, жалаңаштандыру?а атсалысып жатырғандар өздерінің принципті түрде тозаққа баруына атсалысып жатырғандарын білмейді ғой. Алла жүректеріне иман берсін.

Кімнен: қазақ Қайдан: елден
26.04.2012 00:13
+0 / -0
Хиджап киіуде еліктеуден басталған ,одан кейін анау харам! мынау жалаң! деген әр түрлі діни ағымдардың уысына түсіп қалғандарын сезбейде қалып жатқан жоқпа бұл жастар. Кезіндегі дұрыс идиалогия жүргізілмеген кесірінен әр кім өзінше ерекшелену бәсекесінің жемісі.бірі жиджап,бірі сақал,тағы бірі тағы бір пәле ,әйтеу бір өзінше ерекше болвп көрінгісі келгендіктен.Қой десе ерегесе түсетін жастардың бұл әдеті.Әйтпесе қайбір сол дінге бола істеп жүр дейсіздер.Оның үстіне сөзін сөйлейтін кейбір харам емес ағаларын қосыңыз. Қыз бен жігіт дос болып кездесіп жүр екен делік, арасына біеуінің әке шешесі түсіп қарсы болса ,қандай махаббатың драмасы ойналып кетер еді ! Қозы көрпешің ойнамай қалады. Ал егерде араларына ешкім түспесе біраз достасып жүредіде егер жараспай жатса өз жолдарыменен кете барады. Мінекей жастардың істейтіні, бала кезден әке шешенің айтқанымен ғана жүріп ,есейгенсоң ,енді мен есейдім бәрін өзім шешемін , өзім білемін басқалардан ақылдымын бәріне де қолым тез жетеді деген максималды мінезден осындай қылықтар шыіып жатады жастардан. Әркімдерге еліктейміз деп ,ата бабаларымыздың мұра етіп айтып кеткен тәрбиесін де ұмыттық,"баланы жеті жасқа дейін патша қылып ұста, он жетіге дейін құл ,одан кейін досыңдай көр" деген екен , Бір жғынан елге еліктегенде дұрысқой, бірақта өз ата салтың бар екенін ұмытпау керек саған да еліктесін біреулер, Бәсеке бар жерде елдің дамуы жүреді, Қысқасы қазақ баласы қазаққа ұқсау керекқой, Әркім өз баласын өзіне ұқсағанын қалайды ғой, көршіге емес.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 01:15
+0 / -0
Хиджап кию қазір дінге сенушінің мықтылығын, иманның асылдығын білдірмейді. Қазір бұл орамал тақуалықтан көрі қыздың қырсықтығын, алған бетінен қайтпатынын тоңмойындығын көбірек білдіреді. Себебі, хиджап киген соң да адамның жан дүниесіндегі бұрынғы бірде бұлай, бірде алай боп алабұртып тұратын өзімшілдік сезімі кейбір жерлерде қылаң беріп, дінге сенуші адамды ыңғайсыз жағдайға жиі қалдырады. Ал осындай ерегіс үстінде жүрген қыздарға түр-тұрпаты парақор шенеунікті көбірек еске салатын ресми дін басшыларының ақыл айта бастауы ерегісті қыздыра түседі. Нәтижесінде адамның жан-жүрегінде болатын даналық бұлағы ерегістің кесірінен көңіл кіріне көмілген үстіне көміліп, ой тереңдігі таязданады. Сондықтан да хиджап киген қыздармен рухани сұхбат құрып, кеудең кеңіп, ойың сәулеленіп отыра алмайсың. Хиджаптың айналасындағы құрғақ уағыз екі-үш кездесуден соң адамды жалықтырып жібереді. Егер қарындас сіз де хиджап киген соң осындай төмен деңгейде, тар өрісте дін ұстанып жүрсеңіз ары қарайғы таңдауыңызды қайта қарастырған жөн шығар. Діннің мақсаты адамды ерегіске емес келісімпаздыққа тәрбиелеу ғой. Ол нәтижеге қол жетпеген соң сыртыңмен алданып өмір сүру неге керек?
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
26.04.2012 09:32
+0 / -0
ауыз өзімдікі екен деп албаты оттай бермеңші!
бірінші байлық денсаулық,
екінші байлық ақ жаулық
деген балаларымыздың сөзі қай да қалады сонда?!

жоқ әлде біреудің қызының басындағы орамалдан басқа проблема құрып қалды ма?! бәрін шешіп тастадыңдар ма????

кезінде аталарымыз қызын қалай киіндірем деп әлек болса, қазіргі атеист-кәпірлер біреудің қызын қалай шешіндірсем деп әлек..


Кімнен: akylwy Қайдан: kyzylorda
26.04.2012 04:18
+0 / -0
assaliamualeikum musulman bauyrlar!
Kazaktyn bolawak anlary dep senderdi gana elestetemin ya ol wyndyk,ALLAnyn amirine karsy wygyp jurgenderden umitimdi uzgenmin.sebebin aitayn men osydan 5 jyl buryn islam kabyldadym jane osy islam kabyldauyma osy akylsyz kyzdar sebepker boldy deuge de bolady men otkendi esime tusirgim kelmesede esime tusiresinder: osy makalaga pikir jazyp otyrgan akyldy symak adamdar kyzdarynyn ne istep jurgenderin ozderi bilmeidi sebebi ake weweleri myna kyrgyr duniemen bos emes,ogan ewkim karsy wyga almaidy,eger karsy wyksa ozderinin kyzdaryna karasyn.menin MUsylman kyzdarga aitarym osy dunie okuyn tastandar tukke kajeti jok,ahiretke kandai paidasy bar.Aiwa (r.a) anamyzdyn omirin karandar sender uwin kandai onege sol imansyz kaymnyn buymen jurgen muslylam symak adamdardan bizdin soz destip dinimizdi talkige saluyna jol bermeikwi,olardyn din turaly aitularyna tuk hakysy jok. sender bolawak anasyndar,bolawak mykty musylmandy tarbielep kazaktyn jerin korgaityn batyr tarbieleitin sendersinder,karandar erten sogys bolsa sol kazakka jany awyp jurgen wowaigan birdene symaktar satyp ketedi.sondyktan bauyrlarym oilanyndar!!!
salemmen: abu seifullah
P.S musulman bauyrlar degenim tek juregimen senip istep jurgenderi ALLAnyn amirine karysy is istep jurgenderge emes....

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 07:58
+0 / -0
бастарына орамл таққан, ұзынекетіі көйлек киген қыздарымызға тиісіетін, сөйлейтін ақымақтарға! Сендер ана мейрамханаларға барып көрші, шетелдікпен, басқа ұлтпен ашықтан-ашық отырған жырпылдақ қазақ қыздарын қара. Оларда керісінше, өте қысқа иубка киген, шаштарын жасырудың орнына шаштарын тоты құстай неше түрлі бояп алған. Бұл жерде үстін, түрін айтпай қояйықшы, қазақ деген ұлттың атына кір келітірп отрыған жоқ па?
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақия
26.04.2012 09:23
+0 / -0
Орамалды таққызбайтын жеңге бар,
Сақалдыны жақтырмайтын пенде бар.
Хиджап киген мұсылманды даттамай,
Кіндік ашқан өз қызынды жөндеп ал!!!!!!!!!!!!!!

Исламда әйелдердің сыланып, сұлулануына рұқсат берілгенімен, олардың жат еркектердің алдында көзі-қасын бояп көрсетуіне ти-ым салынған. Құран Кәрімде әйелдердің әуретін жауып, ашық-шашық жүрмеуі, сырт-қы көрінісімен жат еркек- тердің көзін қызықтырып, олардың нәпсіcін қоздырмауы туралы былай деп айтылған: «Пайғамбарым! Мүмін әйелдерге айт, бөгде ерлерден көздерін сақта-- сын, әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ, әуреттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Әуреттерін көрсетпесін» («Нұр» сүресі, 31 аят).

Пайғамбарымыз (с.а..с.) былай дейді: «Тозаққа кіретін екі қау-ымды мен көрмеймін. Олар: сиырдың құйрығындай ұзын қамшымен адамдарды ұра-тын қауым; шашын басына түйенің өркеші сияқты үйме төбе етіп, жиып алатын, жұқа, денесіне жабыстырып киім киетін, еркектердің назарын өздеріне аударатын ашық-шашық әйелдер. Олар ешқашан жәннатқа кірмейді. Жәннаттың иісі алыстан сезілсе де, олар оны сезбейді».
5. Хиджабтағы жалпы әйел- дердің киімі еркектердің шаһу-аттарын қоздыратындай иіс шығармауға тиісті. Әбу Дәуд, Тирмизи, Насан және Ахмадтың (р.а.) риуаятындағы хадисте Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар былай деген: «Ер адамдардың шаһуатын қоздыру үшін әтір жағып, үйінен шыққан әйел бұзық болып табылады».
6. Хиджаб (хижжап) ер адамдардың киіміне ұқсамау-ға тиісті. Себебі, «Пайғамбар (с.ғ.с.) әйел киімін киген еркектер мен еркек киімін киген әйелдерді қарғайды» (хадисті Әбу Дәуд пен Ахмад (р.а.) риуаят еткен).
Хиджаб – қыздардың ұят пердесі. Ол қыздарды зорлыққа ұшыраудан да қорғайды. Оны әжелер киімі деп санап, одан бас тарту – қателік. Қазақ – «қызға қырық үйден тыю» жасаған халық. Қыз-келіншек- тердің үйде, көшеде, қоғам- дық орындарда ашық-шашық жүрмеуі, әйелдердің әуретін жабуы – мәдениеттіліктің де, имандылықтың да белгісі.
Және тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а..с.) былай дейді:"Әйелдердің намысын қорғау, оны қызғану арлы, намысшыл адамның қолынан келеді."- Құрметті мұсылман бауырлар иманды апа-қарындастарымыздын ар-ожданын қорғап, батыстын шайтани азуынан сақтайық. Әйтпесе хадитерде айтылған адамдарға сай болуымыз мүмкін. Одан Алла сақтасын! Баршамызға Ұлық Алла жар болсын!!!!!!!!!!!!!! АМИН!!!!!!

Кімнен: ашулы ара!! Қайдан: ұядан
26.04.2012 09:28
+0 / -0
"дәстүрлі исламды" насихаттағыштар неге өздері бірінші сол "исламды" ұстанбайды?!?!?
Назарбаевтан бастап елге ақыл айтуға құмар, бірақ неге сол ақылдарымен өздері жүрмейді бірінші????
"Дәстүрлі ислам" заңы бойынша елуден асқан әйел басына кимешек киеді, ал 70-тен асқар Сара апамыз тізеден келетін юбка киіп әлі жалаңбас жүр! Нұрсұлтан неге соған кимешек кигізбейді, елдің қатынының басындағы орамалмен алысқанша??
өзі неге ана үстіндегі еврейдің костюмін шешіп қазақтың шапанын кимейді?
Сауд Арабиясы, Ауғанстан сияқты мемлекеттердің президенттері жүр, өз ұлттық киімдерін киіп.
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ қызы Қайдан: қазақстан
26.04.2012 11:21
+0 / -0
оте дурыс айтасыз сизге АЛЛА РАЗЫ болсын!!!!басқа айтатын сөзім жоқ!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: ДӘУРЕН Қайдан: Актөбе
26.04.2012 17:29
+0 / -0
Накты қысқа нұсқа жауап осы болды.толық қосылам
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
16.05.2012 15:01
+0 / -0
"дәстүрлі Ислам", "Ханафи мазһабы" деп жүрген "дәстүршілдер" мен "мәзһабшылдардың" құр байбалам сылтаулары ғой. Әйтпесе, сол пақырлар біле білсе Ханафи мәзһабының кейбір шарттары басқа мәзһабтардан да ауыр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 11:11
+0 / -0
Нұрқатоваға адвокат боп отырған Бауыржанды жаман аяп отырмын. Қайтсін байғұс-ай.Шенеунік боп кетсем, мен де сөйтем шығар, ә?

Кімнен: Камиля
26.04.2012 12:57
+0 / -0
Мына суреттегі қыздардың хиджаб кигені өте ұқыпты, салиқалы, әрі тартымды екен. "Хиджаб мәселесі" деген жасанды, еріккеннің ойлап тапқан мәселесі. Біздің елдің конституциясында сенім еркіндігі (свобода совести) жарияланған емес пе? Мен өзім салафит емес, жәй қарапайым адаммын.

Кімнен: Махамбет Қайдан: Жет3сайдан
26.04.2012 14:31
+0 / -0
не болды бізге, сонша хиджабқа қарсы болып? Бірдеңе болса болды салт-дәстүр, ол арабтың киімі деп шыға келеміз ( как будто өзіміз дәстүр сақтап жүргендей), біздің қазақ қыздары оранбаған деп шығамыз. Біздің ата-бабаларымыз көшпелі тірлік кешкен, бір ру бір көшіп жүрген яғни қыз алыспайтын, шариғатта неке жүрмейтін туыстар арасында(апа-қарындас т.б.) шашын көрсетіп жүрсе болады. Қызды қонақ деп өте құрметтеген, исламда да өте құрметке ие аел заты. Ал енді басқа руға келін болғанда ешқашанда шашын, балтырын жалтыратпаған ( аса діндар еместердің өзі), кимешек орап оның ішінен шашты шашау шығармай тұратын және орамалы болған. Сол ата-бабаңдада болған өте дінсіз, надандары ішінде. ол кездеде болған сүннат киім киіп сақал қойғандары. Ал қазіргі қыздар киіп жүрген хиджабыңыз ол ешкандайда арабтың ұлттық киімі емес, батыс мұсылман аелдерінің казіргі заманға сәйкестендіріп шариғат талабына сай етіп жасаған дүниесі, оның несі қорқынышты? Сен мың жерден шыңғырғанмен енді кимешегіңмен шапанды кимиді ешкімде. Мен өз басым сол орамалы бар аелді көрсем аел көргендей боламын, мейлі олардыңда ішінде мінезі, басқада кемшілігі бар шығар, бірақ имандылыққа деген ұмтылысқой ең болмағанда. Совет үкіметі еркекпен аелді теңестіремін деп орамалын шешкізді апаларымыздың, сосын тракторға отырғызып бар пейнетті ҚАЗАҚ аелдерінің мойнына асып қоя салды негізінде. Қазір міне соның жемісі еркектің көбі жауапсыз отбасына, тіпті аелін істетіп өзі соны жеп отыра береді арланбаі, міне діннен безгендіктің бір қасіреті. Қазақ аелінің баріне имандылық тілеймін және сол имандарыңыз сыр көрінісіңізден көрініп тұрсын. Мен діндерда емес, салафиде емеспін, жүрегімдегіні айттым!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.04.2012 14:31
+0 / -0
Хиджабға қарсы болу Аллах пен ант етемін ешқашан жақсылыққа апармайды,бұл дүниеде зиянға,қияметте азапқа ұшыратады

Кімнен: Сезім
26.04.2012 15:08
+0 / -0
Жақында маған туыс тәтем хиджап кеюді талап етті. Бірак ме көнбедім. Адамның жүрегі таза бір жаратушы АЛЛА тағалаға сенсе болдығой. Өйтіп оранып алып журсен үлкен орындарда жұмыс жасай алмайсынғой тіршілік керек қой. Өз басым уағызды естіп бір күн үйіне қонып едім басым айналып қаным түсіп кетті түні бойы маған және апама уағыз айтты. Таңертең тәлімге қатыстық сөйтіп хиджап кей деп үгіттеді. Мен айттым АЛЛА тағаланы ешқашан ұмытпаймын, пендешілікке салынбаймын, ниетім түзу бисмилиям аузымда болдығой дедім.

Кімнен: көктем Қайдан: жылдан
26.04.2012 16:17
+0 / -0
Хиджап киіп бүркенгендердің, иманы ұйып жүректерінен нұр тамып берекелі отбасы болып жүргендері шамалы.Хиджапсыз-ақ ісіңмен мұсылман болуға болады.

Кімнен: асқар Қайдан: шығыстан
26.04.2012 17:26
+0 / -0
Е,мұсылманмын дейді,осы хижапқа қарсы сөз айтып жатқан бауырлар өздеріңіз мұсылмандық парыздан қайсысын орындап жүрсың? білесіңбе?кешегі кеңестік дәуір бізге ата бабаларымыздың дінін ұмыттырып жібермедіме? аллаға шүкір дінімізге қайта оралып жатқанымызға.ал ана хижапқа қарсы кеп жатқандар әуелі анамызға ,әйелімізге,апке қарындастарымызға қарайықшы?! көңілің толама ? сен онанда өз напсіңнің ашық киініп жүргенді ұнататынңды айта алмай түрсыңдар ғой?!
Пікір алмасу

Кімнен: қазақ мұсылманы
27.04.2012 00:46
+0 / -0
Хиждаб киген қыздар,жарайсындар!Алла сендердің имандарынды арттырсын,білімдеріңді арттырсын!шайтан иманға дұшпан,хиждабқа қарсы шыққан кәпірлердің жазасын Алла өзі береді.олар қазақ емес азғындар!

Кімнен: Қазақ
27.04.2012 05:16
+0 / -0
Ата-анаңды құрметте,олардың алдындағы парызыңды орында, мұны істемей, тыңдамай қарсы шықса?дар олардың қарғысына ұшырайсыңдар дейсіңдер,ал сол сендерді тапқан,баққан ата-аналарыңды жаратқан, кеудеміздегі жанымыздың иесі - Алланың алдындағы парызды қайда қоямыз. Кімге, нені түсіндіріп жүрсіңдер. Бұл қыздарға сендерден бұрын Алласы түсінік беріп қойған,оны өзгерту біздің құзырымыздағы нәрсе емес оған біздердің тісіміз батпайды. Сондықтан Алланың алдындағы дәрежемізге, шамамызға қарайық. Анау қан қысымы көтеріліп жүрген шешелері , егер қыздарының естерінің дұрыс екендеріне сенімді болса сол қыздарының не үшін осылай киініп жүргендерін білгісі келсе ізденсін, сауаттары болса қазір діни- танымдық кітаптардың түрі бар оқысын,білімділерден сұрасын,жүрек көзі ашылар.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?