Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:41

ӘЛЕУМЕТ / Баспана үшін күрес

Аслан Мусин зағип жанға баспана беруді бұйырды

Көзі көрмейтін Исраил Азнабкиевтің кішкентай үш баласы бар. Президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин үйі жоқ зағипты баспанамен қамтамасыз етуге бұйрық берді.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының тұрғыны Исраил Азнабкиев, Астана вокзалында наразылық шарасын өткізіп тұр. 1 ақпан, 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Азнабкиев бұл туралы Азаттық радиосына берген сұхбатында айтты. Азаттық тілшілері зағиптың Ақтау мен Астанада өткізген наразылық шаралары туралы бұған дейін де бірнеше рет жазған болатын.

Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының қабылдауынан кейін Ақордадан Маңғыстау облысы әкіміне телефон соғылған.

Баспанасыз азамат, үш баланың әкесі, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының тұрғыны Исраил Азнабкиев осыдан соң ғана әкімнің қабылдауына кіруге мүмкіндік алған.

Ол әлеуметтік жеңілдікпен берілетін баспананы ала алмай, екі жылдан бері түрлі наразылық шараларын өткізіп келеді.

 – Енді облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджанов мені Мұнайлы ауданында бірінші болып салынатын көп қабатты үйден пәтер алатындар тізіміне енгізді, - дейді ол.

«ПРЕЗИДЕНТ ҚАБЫЛДАҒАНША ЕШҚАЙДА КЕТПЕЙМІН» 

Исраил Азнабкиев сирек кездесетін аса ауыр Бехчет ауруына ұшыраған. Ол өткен аптаның сәрсенбісі, ақпанның 1-інде әйелі мен балаларын ертіп, Қазақстан президентінен көмек сұрап​​, Астанаға барған еді.

Мүгедек жан Астана қаласының темір жол вокзалындағы акциясын президент 
Исраил Азнабкиев отбасымен бірге Астана қаласының темір жол вокзалында тұр. 1 ақпан 2012 жыл.
x
Исраил Азнабкиев отбасымен бірге Астана қаласының темір жол вокзалында тұр. 1 ақпан 2012 жыл.
​​қабылдағанша жалғастыратынын айтқан. Оның айтуынша, Маңғыстау облысының басшылары мүгедек әрі баспанасыз екеніне төрт жыл бойы назар аудармай келген.

Исраил Азнабкиев өткен аптада Қазақстан президенті әкімшілігінде болып, мемлекеттік инспектор Жайсаң Ахметжановпен кездесті. Кездесуде басындағы бар қиындықты баяндап берген.

Ахметжанов оның мәселесін бақылауға алатынын, Маңғыстауға қайта беруіне болатынын айтқан екен. Исраил Азнабкиев шенеунікке «Мәселе түбегейлі шешілмейінше, Астанадан ешқайда кетпеймін, екі жыл бұрын да дәл осы кабинетте дәл осындай уәде естігенмін» деген. 

Исраил Азнабкиев шенеунікке өзінің Ақтауда өткізген наразылық шаралары туралы газетке шыққан мақалаларды беріп кеткенін, енді вокзалдағы наразылық акциясын жалғастырғанын айтқан еді.

«ЖАРЫЛҚАҒАН» - МУСИН 

 – Көп ұзамай қалта телефоныма хабарласқан адам кешкі сағат алтыдан кешікпей Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусиннің қабылдауына келуімді сұрады. – дейді Азнабкиев.

«Аслан Мусин Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановқа телефон соқты. Қасында үйсіз жүргеніне шағымданып шаршаған зағип адамның отырғанын 
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин. Астана, 1 маусым, 2010 жыл.
x
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин. Астана, 1 маусым, 2010 жыл.
​​айтып: «Бұл адамға пәтер беруге заңды негіз болмаса да, пәтермен қамтамасыз ету керек» деп нұсқау берді» дейді шағымданушы.

Исраил Азнабкиев ақтауға келген соң, ақпанның 6-сында облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджановтың қабылдауында болған.

Облыс әкімі Мұнайлы ауданының әкімі Елубай Әбілевке хабарласып, ауданда салынатын екі қабатты үйлердің алғашқысы салынып біткен бойда Азнабкиевтерге пәтер беруді тапсырған. 

Бірақ әлеуметтік жеңілдікпен берілетін мұндай үйлердің құрылысы әлі басталған жоқ, әзірше тек жоспары ғана бар.  

Исраил Азнабкиев «Маңғыстау облысы әкіміне кіру үшін міндетті түрде Астанаға барып наразылық шарасын өткізу керек пе?» дейді. Ол «облыс әкімінің уәдесін бір 
Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
x
Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
​​айдан кейін шенеуніктің есіне қайта салу керек, сонда ғана өз мақсатыма жетемін» деп ойлайды.

 – Мен  ешкімнің уәдесіне сенбеймін. Құрғақ уәделерді естіп болдым. Үндемей жүре берсең, «баяғы жартас бір жартас» болып қала береді. Ешкім сені қайтадан есіне де алмайды, - дейді зағип.

​​Қазақстанда заң бойынша тиесілі әлеуметтік баспанаға қолы жетпей наразы болып жүргендер аз емес. Бюрократиялық қағазбастылық ​​пен билік кеңселеріндегі түрлі қулықтарды жеңу үшін адамдар наразылық шарасын өткізудің түрлі айласын жасайды.

Балалар үйінде тәрбиеленген Анатолий Романов 2009 жылы әлеуметтік баспана алу үшін әкімдік ғимаратының алдындағы ағашқа шығып наразылық шарасын өткізді. Бұл туралы 2009 жылы Азаттық тілшілері жазған болатын.

Анатолийді сол әрекеті үшін психиатриалық емханада үш күн тексерген. Тал басына шығу арқылы ерекше акция өткізген Романовқа тиесілі пәтер ақыры берілген еді.

Ядролық жарылыстардан зардап шегіп, ауыр дертке шалдыққан Уәлихан Серікқалиев та 2009 жылы өзіне тиесілі пәтерді көп қиындықты көріп жүріп алды. Азаттық тілшілері бұл туралы да жұртшылықты хабардар еткен.

Уәлихан Серікқалиевті Семей қаласы әкімшілігінің хатшы қызы әкімнің қабылдауына кіргізбей қойған. Арызданушы қала әкімшілігінің шыға беріс есігін күзетіп жүріп,  арызын ақыры жеткізген болатын. Қала әкімі содан кейін ғана мүгедек адамға тиесілі баспана мәселесін жедел шешуді қолға алған еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Бахытжан
09.02.2012 11:10
+1 / -0
НЕ ДЕИД ҚҰДАИУ НЕ ДЕИД
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 12:04
+0 / -0
АСТАНАДА ҮЙСІЗ РЕТІНДЕ ТІРКЕЛГЕН 21 МЫҢ ОТБАСЫ БАР. АЛ, ОНЫҢ ЕСЕСІНЕ САТЫПАЛДЫ, ӘБІЛҚАСЫМОВ СЕКІЛДІ КӨПТЕГЕН БАЙ ШЕНЕУНІКТЕР БҮКІЛ БІР ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІН ТҮГЕЛДЕЙ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІП АЛҒАН. ЖАЛҒА БЕРІП АҚША ТАППАҚ БОЛҒАН ОЛАРДЫҢ ИЕЛІГІНДЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНДЕРІНДЕГІ ПӘТЕРЛЕРДІҢ САНЫ 60 МЫҢНАН АСАДЫ. БІРАҚ, БӘРІ БОС ТҰР. ОНЫ ЖАЛДАУҒА БАСПАНАСЫЗДАРДЫҢ АҚШАСЫ ЖЕТПЕЙДІ. БОС ТҰРҒАН ҮЙЛЕР ОЛАРДЫҢ АТА ДӘУЛЕТІ ЕМЕС, ХАЛЫҚТІКІ. СОНДЫҚТАН ҮКІМЕТ ИЕЛІГІНЕ АЛЫП, ОНЫ БАСПАНАСЫЗДАРҒА БЕРУ КЕРЕК. ӘКІМ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАНБЕТОВ ОСЫНЫ ҚОЛҒА АЛУДЫҢ ОРНЫНА БЕТАЛДЫ ӨТІРІК ЕСЕП БЕРІП ЛАҒЫП ЖҮР!
Пікір алмасу

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
09.02.2012 23:31
+0 / -0
Барин Астананын акими Имангалига жабыскандарын не? болмаса аржактан биреулер туртип калдыма.Сендер неде десендер де ол президент болады корде турын орыстын тыншылары.
Пікір алмасу

Кімнен: Амангелді Қайдан: Қарағанды қаласы
10.02.2012 16:43
+0 / -0
Құдай ау деп таңырқағанымыз жөн. бірақ басшының бұндай қамқорлығынан қателік іздемей ақ қойғанымыз жөн. Бірде біреу құдайға жалынып басшыларымызды аман қыла көр деп дұға қылып отырса керек.Мұны көрген бір әпенде жанына келіп : "басшысы несі, оданда отбасыңа аманшылық тілемейсіңбе" дегенде, әлгә міскін : "жоқ мен отбасыма дұға тілесем мен өзім ғана аман боламын, ал басшылар үшін дұға тілесем халқым аман болады деген екен. басшыларым иманды, елін сүйсін деп күніне бір мәрте ішімізден айтып қояйық ағалар. Әй бірақ салынбаған үйге, "кілеміңді " ала бір, скора кіресің дегені қызық болған екен. Абайдың айтқан "жарты адам" түсінігі сірә осы болса керек

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
09.02.2012 11:23
+0 / -0
Әлеуметтік жеңілдікпен берілетін мұндай үйлердің құрылысы әлі басталған жоқ, бірақ жоспарда тұр.

Не деген керемет сөздер а? "Берілсін" дейді мүгедекке. Бірақ ол үй жоспарда ғана екен. Осы ғой, осы. Осындайдан соң қалай ғана күймессің бұларға? Қалай ғана ішің жылиды оларға? Бәрі де ана қандықолдан үйренген. Айтатындары, беретін уәделері алдағы 10-15 жылдың көлемі, оны айтпаса ұрлаған дүнеиелері бойларына сіңбейтіндей-ау сіңбейтіндей...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 11:31
+0 / -0
казакка жан-ашыр к1м бар екен

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
09.02.2012 11:39
+0 / -0
үкімет басындагылар сокыр керендерді не кылсын оздерінін торт бес уйден уйлері бар шетелдеде қара халықтын жагдайын ойлайтын болса казір осындай куй кешерме еді бұл жұртым коп кабатты уйлерді салып жатыр сол пәтерлерде турып жаткандар бәрі жалдап турып жаткандар ал үй иесі кіл байлар тамыр танысы мыкты жауыздар гой шеттерінен акшага кунныккан олардын көздерін ертен бір уыс топырак толтырады былай олар тоймайды гой соларды үкімет керім болса кайтарып алып осындай жандарга бермейді соган көздері жетпей отырган жок соны көрмегенсіп отырган жауыз немелер кіл

Кімнен: атырау Қайдан: атырау
09.02.2012 12:01
+0 / -0
АТЫРАУДЫҢ ӘКІМІНІҢ ІНІСІ АСТАНАҒА ДЕПУТАТ АТАНЫП КӨШТІ СОНЫҢ АТЫРАУДАҒЫ УЙІН БЕРУ КЕРЕК ЕДІ МУСИННІҢ БІР СӨЗІ ЕМЕСПА АЗДАП БОЛСАДА ҮСТІНЕ ЖҰҚҚАН ҚАННАН ТАЗАРАР ЕДІ
Пікір алмасу

Кімнен: АТА Қайдан: Алматы
09.02.2012 16:07
+0 / -0
– Енді облыс әкімі Бауыржан Мұхаметжанов мені Мұнайлы ауданында бірінші болып салынатын көп қабатты үйден пәтер алатындар тізіміне енгізді, - дейді ол. Ол үй қашан салынады? оны Алла біледі, үйді салған компания оны бір жеп, онымен соттасып, сөйтіп жүріп ақыры қанша жыл өтетінін кім білсін! Оларда әдейі берілмейтін үйді (жоқ үйді) береміз деп отыр, ол бермейді деген сөз. Тап соны Аслан Мусин кілтін беріп, ішіне кіргізіп жібергендей сендерде Мусин үй беруді бүйырды деп, оны тақырып қып, түймедейді түйедей қылмаңдаршы, Азаттықтар! көп қыртпай!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 22:25
+0 / -0
"АТЫРАУДЫҢ ӘКІМІНІҢ ІНІСІ АСТАНАҒА ДЕПУТАТ АТАНЫП КӨШТІ СОНЫҢ АТЫРАУДАҒЫ УЙІН БЕРУ КЕРЕК ЕДІ МУСИННІҢ БІР СӨЗІ ЕМЕСПА АЗДАП БОЛСАДА ҮСТІНЕ ЖҰҚҚАН ҚАННАН ТАЗАРАР ЕДІ"
атыраулық, мойнында кісінің қаны бар адам ешқашанда тазара алмайды!

Кімнен: Абдулхамит Қайдан: Мангыстау
09.02.2012 22:49
+0 / -0
Ия ауыр жагдай, осы маселе жайында Астанадагы Имангалиды гулжан орг та жерден алып жерге тыгып жатыр. Бундай жагдай дуние жузинде адам баласы курып кетпей битпейтин нарсе. Бирак осы Азаттык радиосы аркылы елимизде не болып жатканын билип отырамыз. Агайын елимиздин тыныштыгын тилейк. Мумкин биздин ауылгада жанбыр жабар.

Кімнен: Жоран Қайдан: Жазық
10.02.2012 10:31
+0 / -0
«Бұл адамға пәтер беруге заңды негіз болмаса да, пәтермен қамтамасыз ету керек» деп нұсқау берді» - Қандай Заң? Не Заң? Ол қай жерде?Кімді қорғайды? Халық мүддесін қорғайтын Заң ҚР бар ма?!....Күлкілі... Ондай болғанда Халықтың қабырғасы қайыспас еді....