Сенбі, 18 мамыр 2013, Алматы 19:10


САЯСАТ / Азаматтық қоғам

Астана әкіміне қарсы сот өткенше, тағы бір митинг өтті

«Келіспейтіндердің» ақпан айының 25-і күні митинг өткізуіне тыйым салған Иманғали Тасмағамбетов пен қала әкімшілігіне қатысты сот отырысы Астанада басталады дегелі үшінші айдың жүзі болды. Оппозициялық саясаткер Зәуреш Батталова, азаматтық белсенділер Болатбек Біләлов пен Ардақ Бижігітов биліктің қаулысын заңсыз деп тануды және ақшалай өтемақы талап етеді.

Қарсылық күні акциясына жиналған астаналық белсенділер. Астана, 25 ақпан 2012 жыл.
Қарсылық күні акциясына жиналған астаналық белсенділер. Астана, 25 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Оппозиция белсенділері мен Астана қаласы әкімшілігінің арасындағы тартыс ақпан айының 25-і күні митинг өткізуге рұқсат бермеуден басталды. Бұл күні бүкіл Қазақстан аумағында «Келіспейтіндердің» наразылық митингісі өтіп жатқан болатын. Жұрт Жаңаөзен қаласы мен Шетпе бекетінде болған қанды оқиғаларға байланысты наразылық таныту үшін жиналды. Мұндай наразылық шарасын өткізуге Қазақстанның бір де бір аймағының билік орындары рұқсат бермеді. Оппозицияның кейбір белсенділері мен саясаткерлері әкімшілік қамауға алынса, кейбіріне айыппұл салынды.

САЯБАҚТА ЕШҚАНДАЙ КВН ӨТКЕН ЖОҚ

Астанадағы наразылық шарасы еш шусыз, тыныш өтті. Ешкімді ұстап әкеткен жоқ. Шыны керек, бұл акцияны қолдауға шыққандардың қарасы да көп болған жоқ.  Акцияны ұйымдастырушыларға Астана билігі «Митинг өткізу жоспарланған орында КВН өткізілмекші» деген уәж айтып, ақпанның 25-і күні наразылық шарасын өткізуге рұқсат бермеді.

Белсенділердің бір бөлігі биліктің бұл ақпаратын тексеріп көріпті.  Бірақ Астананың Пушкин мен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы саябақ ол күні бос болып шыққан – жарыс өткізеді деген "Көңілділер мен тапқырлар клубы" өкілдерінің ешқайсысы ол жерге келмепті.
Болатбек Біләлов, азаматтық белсенді. Астана, 25 ақпан 2012 жылБолатбек Біләлов, азаматтық белсенді. Астана, 25 ақпан 2012 жыл
x
Болатбек Біләлов, азаматтық белсенді. Астана, 25 ақпан 2012 жыл
Болатбек Біләлов, азаматтық белсенді. Астана, 25 ақпан 2012 жыл

Сол күні қала әкімдігінің ғимаратының алдына жиналған ондаған адамның әрқайсысы өзінің азаматтық құқықтарының бұзылғаны туралы шағым-арызын  әкімдік кеңсесіне тапсырды. Сотқа да талап арыз түсті.

«Демократия және адам құқықтары институты» атты қоғамдық бірлестіктің директоры Болатбек Біләловтың пікірінше, Астана әкімшілігінің митинг өткізуге рұқсат бермеуі - заңсыз. Ол «саябақ бос болмаса, қала билігі басқа орын ұсынуы тиіс еді. Алайда олар бірден рұқсат бермеген» деді.

Талап арыз берушілер Астана әкімінен осы қызметте отырған сәттен бастап алып жүрген жалақысының төрт жылдық мөлшері көлемінде өтемақы талап етіп отыр.

САҒЫЗДАЙ СОЗЫЛҒАН СОТ

Осы іс бойынша сәуірдің 26-сы күні өткен кезекті сот отырысы басталмай жатып аяқталды. Сот отырысына жауапкердің бір де бір өкілі келмегендіктен, істі қарауды  мамырдың 10-ына қалдыру  жөнінде шешім қабылданды.

Әкімдік атынан сотқа қатысуы тиіс болған Астана әкімшілігінің құқық бөлімінің бас маманы Әбдікерімовтің науқастануына байланысты процеске қатыса алмайтынын хабарлаған хатын судья оқып берді. Астана әкімшілігінде бұл процеске қатысатын басқа өкіл табылмапты. Хатқа сәйкес, олардың барлығы басқа сот процестеріне қатысып жатқан көрінеді.

Талапкерлер процесті кейінге шегеруге келісім бергенімен, Болатбек Біләловтің пікірінше, жауапкердің мұндай мәлімдемесі орынды себеп болып табылмайды:

- Біз соттан жауапкердің сот отырысына келмеуін себепті сылтау деп танымауды сұрадық. Бірақ біз сот отырысын басқа күнге ауыстыруға келісім бердік. Өйткені сот бұдан бұрын ішкі саясат департаментінің басшысы Балаеваның келуін және біздің дәлелдерімізді растайтын бірқатар құжаттарды алып келуге міндеттеген болатын. Алайда олар сотқа келмеді.
Мұсағали Дуамбеков, экологиялық қозғалыс белсендісі. Астана, 26 сәуір 2012 жыл.Мұсағали Дуамбеков, экологиялық қозғалыс белсендісі. Астана, 26 сәуір 2012 жыл.
x
Мұсағали Дуамбеков, экологиялық қозғалыс белсендісі. Астана, 26 сәуір 2012 жыл.
Мұсағали Дуамбеков, экологиялық қозғалыс белсендісі. Астана, 26 сәуір 2012 жыл.

Өздерінің талаптарының заңды екенін айтқан Болатбек Біләлов «Астана әкімдігінің заңгерлері мұны жақсы білетіндіктен, процеске келмеген болар» деді.

«Жақында бір топ азаматтар мамырдың 31-і күні митинг өткізу жөнінде Астана қаласының билік орындарына өтініш берді» деген Біләлов:

- Өз басым әкімдіктің қазіргі ұстанып отырған позициясы мынаған саяды деп ойлаймын: егер сот «әкімдіктің әрекетін заңсыз деп тану туралы» біздің бірінші талабымызды қанағаттандырса, онда сот азаматтық-процессуальды кодекс аясында қала әкімдігін біздің бұзылған құқымызды қалпына келтіруге міндеттеуі тиіс. Бұл жағдайда бұзылған құқымыз қалай қалпына келмек? Менің ойымша, әкімдік мамырдың 31-і күні өткізілетін митингке рұқсат береді де, бір оқпен екі қоянды атып, сот шешімін орындайды. Әрине, бұл - менің субъективті пікірім, бірақ мәселенің басқа жағынан қарасақ,  біздің бұдан бұрын берген арызымызды да қанағаттандыруы мүмкін, - деді.

Сот процесіне қатысқан тағы бір адам - азаматтық белсенді және бір кездері Қазақстан президенттігіне үміткер болған Мұсағали Дуамбековтің айтуынша, өткен сот отырысында белгілі болғандай, Пушкин мен Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысында  ақпанның 25-інде шара өткізуге өтініш бергендердің бірінің арызында дәлсіздіктер бар:

- Біз олардың өтініш бергенімен, уақытын көрсетпегенін анықтадық. Біздің өтініште уақыты қойылған, ал олар басқа уақытты көрсеткен болып шығады. Біз осы себепті күдіктеніп қалдық. Сот отырысына тіркелген арыздың нағыз көшірмесін әкелу әкімдіктің заңгеріне тапсырылған. Біздің есебімізше, өткен жолы әкелген көшірме шындыққа сәйкес келмейді, - деді Мұсағали Дуамбеков.
Азаматтық белсенділер Зәуреш Батталова (сол жақта) мен Болатбек Біләлов Сарыарқа аудандық сотында. Астана, 26 сәуір 2012 жылАзаматтық белсенділер Зәуреш Батталова (сол жақта) мен Болатбек Біләлов Сарыарқа аудандық сотында. Астана, 26 сәуір 2012 жыл
x
Азаматтық белсенділер Зәуреш Батталова (сол жақта) мен Болатбек Біләлов Сарыарқа аудандық сотында. Астана, 26 сәуір 2012 жыл
Азаматтық белсенділер Зәуреш Батталова (сол жақта) мен Болатбек Біләлов Сарыарқа аудандық сотында. Астана, 26 сәуір 2012 жыл

Оппозиция саясаткері Зәуреш Батталова бұрын берген сұхбаттарының  бірінде митинг өткізу туралы өтінішті «Жігер» компаниясы да бұлармен бірге бір күнде бергенін сот басталғанда барып білгендерін айтқан еді. Батталова «митинг өткізуге өтінішті заңды тұлғалар емес, азаматтар ғана бере алады, бұл - заңды бұзу» деген болатын.

Оның үстіне, талап арыз берушілер ақпанның 25-і күні мәдени шараны өткізу жауапкершілігі Астана әкімінің орынбасары Аида Балаеваға жүктелгенін айтады.

- Бұл шара өтпей қалды, демек Балаева кінәлі болып шыққаны ғой. Ол кісі бүгін сотқа келіп, кімнің кінәлі екенін айтуы тиіс болатын.  Шараның өтуін қадағаламаған Балаева кінәлі ме, әлде бұл шараға мән бермеген КВН-шілер кінәлі ме? Нәтижесінде, сотқа ешкім де – Тасмағамбетов те, Балаева да, бюллетеньді әкелуі тиіс заңгер де келмеді, - деді Мұсағали Дуамбеков.

Азаматтық белсенділер, әкімдіктің қаулысын да заңсыз деп тануды талап етеді. Олар моральдық шығынның өтемақысы ретінде Иманғали Тасмағамбетовтің Астана әкімі қызметінде отырған мерзім ішіндегі алған бүкіл жалақы көлемін талап етіп отыр. Белсенділер бұл ақшаны Жаңаөзен оқиғасы кезінде жапа шеккендерге көмек қорына аудармақ ниетте.

Сәуірдің 28-і күні Астананың оппозиция белсенділері тағы бір митинг – «Қарсылық күнін» өткізді. Олар Жаңаөзендегі шерушілерге оқ атудың ізінше басталған  қуғын-сүргінге қарсы наразылық білдіріп, ереуілге шыққан Батыс Қазақстан мұнайшыларын жазалауды айыптады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Жан Қайдан: Ақтөбе
30.04.2012 12:53
+0 / -0
Иманғалиға тиісудің жаңаша тәсілі ме бұл? 4 жыл бойғы жалақысын сұрау тым артықтық емес пе? Әділеттілік іздегенде де Құдайдан қорқу керек қой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.04.2012 14:27
+0 / -0
Жарайсыңдар! жеңіп шығуларыңызға тілектеспіз! Халық тілегін артына қыстырмайтындардың күні жақын! Болат Назарбаевтің 20 миллион тұратын үйі анау дау болып жатқан. Таң қаламын! әдетте бір мың доллардың қолға түсуі мен үшін қиындау, ал сонша ақшаны жұрттар қалай ғана уыстап ала салады? Бейна ата-бабаларынан бері жинап қойған сандық-сандық ақшалары бар сияқты. Иманғалидің қанша байлығы барын құдай білсін, әйтеруір Алматыдағы халықтың жерін тартып алған Шаңырақ оқиғасын білемін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.04.2012 13:25
+0 / -0
Имекеңе қарсы шыққандарыңыз өз-өздеріңді тығырыққа тірегендерің

Кімнен: Әсел Қайдан: Ауылдан
30.04.2012 17:24
+0 / -0
Иманғалидан басқаға тістерің өтпейтін болды ма,тиісетін басқа адам таппадыңдар ма? Көре алмайсыңдар-ау

Кімнен: Шаңырақтан Қайдан: Алматы
30.04.2012 19:34
+0 / -0
Иманғалиларыңның қазақты табанына салғаннан басқа ешқандай жақсылығы жоқ. "Қайтсем менің сөзімді сөйлейді" дегендей азғана зиялыларға өзінің ішкі сасық қулығын ғана пайдаланды. Сол сасық пендешілігінің арқасында Назарбаевқа жағынамын деп қаншама азаматтарды түрмеге салды. Осылардың барлығын көріп-біле отырып оның сөзін қалай ғана сөйлейтіндеріңді мен түсінбей-ақ келемін. Өз халқына опасыздық жасап отырған Назарбаев пен Иманғалидың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ, болған емес, болмайды да... Қысқасы қазіргі билік басындағылар сен өліп жатсаң да аузыңа су тамызбақ түгілі не соттап тынады, не ЖӨ-дей автомат оғымен қырып тынады.

Кімнен: миниатюра
30.04.2012 23:54
+0 / -0
митингі....не митингі біздің өмірімізді жеңілдетеме?? не қиындықтардан құтыламызба??? адамдардың күнделікті қамын ойлайық

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
01.05.2012 00:32
+0 / -0
Осы Зауреш Батталованы бир унатпайым битирип журген дымы жок дам болсын.Имангалига тискен неси ТИСПЕНДЕР ИМАНГАЛИГА. Жалгыз умитимиз гой казирше жаудын ишинде жалгыз ози жур гой шыдап.Койындар. Амалсыздан жур гой биликте казак кой айтеур оган бирак билик ештеме айттырмайды.Билик режими озгергенде халкына коп енбеги тиеди али.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.05.2012 10:21
+0 / -0
Билік режимі өзгергенде бәріміздің де халыққа пайдамыз тиер деп ойлаймын, нағыз ерлер осындай қиын сәтте атақ пен абройдан бас тартып, халықпен бірге болады. Ал Батталова әйел болсада, сол Астанада бір еркек істей алмағанды істеп жүр, ол ісін заң аясында, тәртіпті түрде жалғастырып жүр. Қалғандарына айтарым: жау кеткен соң қылышыңды боққа шап!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.05.2012 19:41
+0 / -0
Мен Иманғалиды комсомолда жүрген кезінен жақсы білемін . Өте қатты , аяушылықты білмеитін адам . Ақша жеудің қас шебері , саулауды бұрмалаудыңда шебері , оның еліне жаны ашымаиды бар арманы президент болу оны Атыраудағы анасы менің балам президент боладыдеп күні кешегедеиін ашық аитып келді . Ол президентке шын берілген болып көрінгенмен аржағындағы оиы белгілі . Милйондап жеседе артын тазалап отырады , баилығы Атыраудағы ағаиын тумаларын тегіс қамтыған , облыстағы ең баи адамдар . Оның былықтары көп бола тұра , көкесі кетпеи ашылмаиды НӘН , Иманғалыи көп білетін болғандықтан әзірге тиіспей отыр . Егерде Имекең президен болатын болса бәрі бітті .

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
02.05.2012 02:36
+0 / -0
Улескерлердин баринин акшасы бар бай адамдар ойламандар бир уйге зар боп жур деп али салынбаган уйди алам деп акшасын салгандар.Имангали жауабын берген гой бирнеше уйлери бар жерлери бар керек десен шет елде де уйлери бар деп.Карапайым халыктын салатын акшасы жок типти ипотекагада уй ала алмай отырган жок па карапайым халык.Казирги салынып жатырган уйлердин бари элитный кымбат уйлер.Ондай уйлерде туратын адамдардын да комунальный услугасы да кымбат.Сонда акшасы бар адамдар турады бул уйлерде.Карапайым халыктар оларга жандарын ашымай ак койындар сол керек оздерине.Жок уйге акша толеп тупойлар акша деп олген.Салынып биткесин де алуга болады гой.Зауреш Батталова кимнин сойылын согып жур екен сонда.Тартип бузбай зан жузинде жумыс жасап жур дейди биреулер.Оданда болашак жастарымызды кол жетимди баспанамен камтамасыз ету сиякты бир дурыс карапайым халыкка пайдалы багдарлама мен жумыс жасамай ма екен.Не истеп жур оспейтин бала онбейтин дауды даулап.Казакстанда одан да баска манызды проблемалар бар гой.Сотка берип акимди акша талап еткени неси кулкули екен.Кайдагы сот кайдагы акша озинди камап озине толеттиреди али.Наразылык митигинди камалмай откизуге биликти кондирип алсын ауели.Казирги номери биринши проблема осы.Осы проблема шешилгесин баска талаптарды айта бастау керек емеспе.митигиге шыканын да шыкпай уйнде отырганды да камап жатыр.Осынынын зансыз екенин айтып сотка беру керек дамболсын квн келмеди алдадын сотка беремиз кур соз.Алшы ал Имагалидан акшаны откизши Жанаозенге болмаган да болмайтын да окига.

Кімнен: Асау Барақ! Қайдан: Жайықтан!
02.05.2012 10:08
+0 / -0
Иманғалида шаруаларың болмасын! Егер оған жамандық ойласаңдар, қолына найза алып жауға шабатын Кіші жүздің он екі ата Байұлы мен Беріш ұрпақтарынан оңбай таяқ жейсіңдер! Бәріңе де айтарым осы! Мейлі Елдің басы бол мейлі елдің аяғы бол!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?