Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:43

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Астанадағы айтыс: Аманжол мен Әсем

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайлас «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген тақырыппен ақындар айтысы өтті.

Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
Астанада өткен аламан айтыста Аманжол Әлтаев пен Әсем Ережеқызы сахнаға ақындардың төртінші жұбын құрап шыққан болатын.

«Қыз бен жігіт айтысы» үлгісінде сөз сайыстырған қос айтыскер әлеуметтік мәселеден гөрі жеке басты сөз етуге басымдық беріп отырды.

Тәуелсіздіктің жиырма жылында талан-таражға түскен қазақ даласын тілге тиек болған тұста Әсем Ережеқызы:

– Мастанбай Машкевичтер не қылады,
Ақ адал болмаған соң ұлы елімнің.
Сенімін, үмітімен ақтамады,
Ел сенген елбасыдай тірегімнің.
Байлығын Храпунов жеп кеткенмен,
Ай-күнім аспанымның тұр орнында, - деді.

Әсем Ережеқызының «Ай-күнім аспанымның орнында тұр» деген сөзіне Аманжол Әлтаев оған өз уәжін айтты.

– Ай-күнің аман болғанымен,
Сыпырып кеткен жоқ па алтыныңды.
...Ұрының арты қуыс, нанды ұрлаған,
Алаяққа жол берген балдыр заман.
Жеріңді сатып-сатып, ұры күйеу,
Ұшақпен ұшып кетті-ау алғыр қалам.
Қазақстанға ап келіп соттау керек,
Ондай күйеу көп бізде, алдырмаған.
Алтай мен Жетісуды ата-бабам,
Храпунов жесін деп қалдырмаған.
...Тарихта Біржан салдың аты қалған,
Шоқанның мәңгілікке хаты қалған.
Киелі Көкшетаудың жер шұрайын,
Кулагин деген әкім сатып алған.
Солтүстіктің егін мен қоймаларын,
Терещенко, Лужковтар тартып алған.
Мәскеулік алтын қалпақ Лужков мырза,
Жыл сайын бидайын кеп артып алған.
Көкшетауға барғанмен орындалмас,
Әсем қыз кеудеңдегі алтын арман, - деп жырлады Аманжол Әлтаев.

Аманжол мен Әсемнің айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.12.2011 16:04
+0 / -0
ушакпен ушып кетти алгыр калам деген не магына береди, сосын улан байтак жерди урласын деп ата бабам калдырмаган деген ой Сырымбектин биракта кудай бизге бул байлыкты,таратсын деп бермеген баскаларга деген ойымен уксас,тауелсиздиктин 19жылдык тойында айткан жалпы бул айтыс унаган жок бурынгы маселе арзан соз рушылдык бул жеке пикирим
Пікір алмасу

Кімнен: Жанар Қайдан: Астана
12.12.2011 16:52
+0 / -0
Сіз қатты қателесесіз, бұл Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған айтыс. Айтысқа баға бермес бұрын, осы сияқты қателесуге болмайтын даталарды есте ұстанғаныңыз жөн сияқты. Артық кетсем кешірім өтінемін...

Кімнен: жол Қайдан: аман
12.12.2011 22:32
+0 / -0
''Кекілін кербестінің тағаладым'' деген қызық екен жылқыны маңдайдан тағалайды ма екен. ҮЛКЕН АҚЫН ҮШІН БҰЛ ҮЛКЕН ҚАТЕ.

Кімнен: Гульфайруз Қайдан: Еуропа, Милан
13.12.2011 00:38
+0 / -0
Маган өте қатты ұнады. Қазақтың салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті сақталған айтыс болды

Кімнен: Балғынбек
13.12.2011 01:26
+0 / -0
Бірінші қонаққа..алғыр кадам... деген шыгар...Аманжол әр сөзіна жауап бере алатын сауатты ақын .Ал "Сырымбектің" жыртысын жыртып отырған Сырымбектің өзі боларсың!!! Әйтпесе қазақтың сөзі бір біріне ұқсай береді, Аманжол Сырымбектің сөзін, шумағын сол күйінде қайталап жатқан жоқ қой

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 09:18
+0 / -0
кекилин кербестинин калай тагалайды

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 09:28
+0 / -0
откен жылы сарамен аргын шапырашты деп айтыскан Аманжол биылда руды айтып мыжыды ултты жырлайтын айтысты усактатып

Кімнен: Аманжол Қайдан: Астана
13.12.2011 16:38
+0 / -0
"Алгыр калам"емес "алғыр ғалам" яғни жүйрік,ғаламат ұшакпен ұшып кетті деген мағынада."Кекілін кер бестінің тағаладым"емес"Тұяғын кер бестінің тағаладым"деген болатынмын ,айтысты талдағанда сауатты талдауды өтінемін.Жалпы мен ешкімнің созін кайталап көрген емеспін,жақсы болса да,осал болса да өз өлеңімді айтамын.Әділ пікір білдірген қонақтарға рахмет.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 23:39
+0 / -0
Тұяғын емес кекілін деп айттыңыз ғой тыңдасаңызшы айтқаныңызды. Әлде шатасып кеттіңіз бе?

Кімнен: Аманжол Қайдан: Астана
15.12.2011 12:03
+0 / -0
Дұрыс айтасыз шатасып кеткенмін,дұрысында" тұяғын" болады.Бірақ білмей әдейі қолданған сөз емес.Аттың тұяғын тағалайтынын бес жасар бала да біледі ғой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.12.2011 13:50
+0 / -0
Ия, әйтпесе сіз сөздің парқын білетін ақынсыз ғой, оған дау бар ма екен.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.12.2011 23:21
+0 / -0
Ащы шындықты айтатын ақын қалмады ғой әтең Оразалы ...!

Кімнен: Абай вольник Қайдан: жаңаөзен
26.12.2011 23:59
+0 / -0
Балғынбек аға сіз Сырымбек екенін анық білмесеңіз олай айта көрмең!

Кімнен: Марат Қайдан: Астана
29.12.2011 12:10
+0 / -0
Жалпы, менің бұл айтысқа қояр еш кінәм жоқ. Аманжол да, Әсем қарындасымыз да өте сауатты, деңгейі биік ақындар. Бұлардың қайда, кіммен айтысқанын көрсеңіздер де ешқашан арзан сөз, жеңіл қалжыңға бармайды. Ризамын