Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:43

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Астанадағы айтыс: Иранғайып пен Жәмиға

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайлас «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген тақырыппен ақындар айтысы өтті.

Айтысқа қатысқан ақындар. Астана, 2 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Астанада өткен айтысқа Қытайдан арнайы шақыртумен келген Жәмиға Дәулет есімді ақын қыз астаналық Иранғайып Күзембаевпен сөз сайыстырды.

Екі ақын да айтыс барысында әлеуметтік мәселеден гөрі айтыстың тұрақты жүргізушісі Жүрсін Ерманға мақтау айтуды қолай көрді.

Қытайдан келген ақын Жәмиға Дәулет тәуелсіз жиырма жылдағы қазақ тілінің қазіргі күйі туралы:

– ...Тамақты ымдап сұрап, ымдап ішіп,
Орысша жанымызға жаман батты, – деді.

Қазақстанның 20 жылдағы жетістіктерін жіпке тізген Иранғайып Күзембаев айтысты түйіндер тұста ғана:

– Жүрсін ағам «тоқта» деп айтпай тұрып,
Өзімізде уақытпен санасайық.
Өз еркімен тараған парламенттей,
Өз еркімізбен біз дағы тарасайық, – деді.

Өзіне сөз кезегі тиген сәтте Жәмиға қарсыласына:

– Ақын деген ұқсама парламентке,
Халыққа сары қымызды сапырады.
«Парламентше өз еркімізбен тарайық» деп,
Бұл өзі басшылыққа бас ұрады.
Ол рас, парламентше тарап кетсек,
Сайлауға өзі қайта шақырады, – деп жауап қайтарды.

Иранғайып пен Жамиғаның айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 14:07
+0 / -0
Тамаша! Осы айтысты ұйымдастырушыларды түсінбеймін. Айтысты түгел интернетке салса қайтер еді.Еш қиындығы жоқ емес пе? бір көлік екінші көлікке ұрып соғып жатса да, интернетке салып жатпай ма, кез келген мектеп оқушысы.

Кімнен: Кайратжан Қайдан: astana
13.12.2011 14:18
+0 / -0
tamawa aytis

Кімнен: асхат Қайдан: шымкент
13.12.2011 16:28
+0 / -0
Мейіржан Әлібектің айтысы қашан беріледі?

Кімнен: aidyn Қайдан: astana
13.12.2011 16:54
+0 / -0
keremet aitys dei almaimyn jamigada terendik jok eken,degenmen syrttan kelgen kandasymyz goi...

Кімнен: Тоқтар Жетпісбай Қайдан: Түркістан
14.12.2011 02:49
+0 / -0
Айдын не демекшісіз? Сізге мынадан басқа қандай биктегі айтыстар керек? Жәмиғаның төкпе ақындығына қайсы қазы күмән келтірді...

Кімнен: Арман Қайдан: Астана
14.12.2011 08:52
+0 / -0
Айдын мырза, көре алмаушылық деген жаман қасиет. Жәмиғада тереңдік те, тектілік те бар. Сырттан келген деп емес, қазақтың нағыз дауылпаз ақын қызы деп бағалап, сыйлық бердік.

Кімнен: agajay Қайдан: astana
14.12.2011 15:57
+0 / -0
Казактын тол онеры Аламан айтыстын шашпауын кокке котерып унын уакытында жеткызген азаттыктын азаматтары Жамйга мен Муктардын айтысын калай тындауга болады ? кыска кат жолдай сала аласыздарма .... мен мунда таба алмадым отрмын...

Кімнен: Абзал Қайдан: Кереку
15.12.2011 11:00
+0 / -0
Азаттық радиосы алғысым сіздерге өте Мол. Бірақ бір өтініш: АЙТЫСТАРДЫ ҚИМАЙ ТОЛЫҚ БЕРІҢІЗДЕРШІ!!!

Кімнен: Дауылпаз Қайдан: Астана
22.12.2011 16:30
+0 / -0
Мейржан деген ким тагы?

Кімнен: Алтын Қайдан: Туркистаннан
22.12.2011 17:30
+0 / -0
Ирангайп деген сауатсыз акын гой создин шыны керек шумактары оте оте алсиз.Осымен 4-5 айтысын кордим бир айыз канатын соз жок.Айтеуир шаба береди мансиз.

Кімнен: serik Қайдан: kapshagai
28.12.2011 18:45
+0 / -0
baska aitysty da beresizder ma? ali kutip jurmin. bermesenizder jauap jazyp jiberinizder

Кімнен: Арай Қайдан: Алматы
29.12.2011 21:41
+0 / -0
Мына Жамиға деген токпелегеннің жөні осы деп, мадениет дегенди мулде умытады екен. Он тогызыншы гасыр емес кой казир бет жыртып айтысатын айтысатын. Кишкене адепти болса керек еди текти болса? Ал, ана Ирангайып мулде акын емес, шар-шар етип адамнын жуйкесине тиеди. Ким соны суйреп журген

Кімнен: serik Қайдан: almaty
30.12.2011 01:21
+0 / -0
azattyq radiosyna: 3 kunde bar jogy bes-ak aitys boldy ma? kashan kalganyn salasyzdar? neshe kun boldy kutip jurgenime?

Кімнен: Айдын Қайдан: Алматы
31.12.2011 00:41
+0 / -0
тамаша айтыс болыпты. Жамиға сол баяғы шабытты қалпы екен, Алтайдың асау өзендері секілді тентек тентек шығып жатыр, туған жерімді, туаған ауылымды көргендей болдым... Ал мынау менімен аттас бауырм Айдын мырза, сіз өзіңз сөз қасиетін білмей тұрып пікір айтпасаңыңызшы. Бұбұлға пікір берген есекке ұқсап қалды екенсің... Мен Жамиғаны жерлесім болғаны үшін емес, дарыны болғаны үшін мақтаймын. ақын осындай болу керек.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.01.2012 12:38
+0 / -0
осы аитыстын толык кощирмесин каидан алуга болад

Кімнен: Mukiyat Koishbai Қайдан: Arkalik
07.01.2012 15:48
+0 / -0
Бұл айтыста жамиға жарады.жалпы қытай қазақтарындағы ақындық сарын,тілдің өрнегі өте жақсы дамыған. Үйткені онда ақындық дәстүр мен салт-мұра, ана тілі,діні күні бүгінге дейін таза қалпында сақталып келеді.

Кімнен: nazik1990 Қайдан: тараз каласы
08.01.2012 19:30
+0 / -0
жамига мен мухтардын аитысын осы уакытка деиин неге салмай отырсыздар....жок азатта азат емес боп калган ба тауелди боп...

Кімнен: Бакеси Қайдан: кызылорда
11.01.2012 17:28
+0 / -0
Аитыс жаксы гои бар болса жаксы бермесе неси жаксы одан да сонына деин бериндерши отиниш .