Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:45

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Астанадағы айтыс: Бекарыс пен Құлмахан

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайлас «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген тақырыппен ақындар айтысы өтті.

Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Айтыста үшінші жұп болып Ташкент (Өзбекстан) қаласынан келген Құлмахан Дүйсенов пен түркістандық Бекарыс Шойбеков сахнаға  шықты.

Қос ақын жекпе-жек айтыстан гөрі дайын шумақтарды айтуға басымдық берді. Айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерман сондықтан оларға «Айтысыңдар!» деп ескерту де жасады.

Айтысты бастаған Құлмахан Дүйсенов Қазақстанға былай деп мақтау айтты.

- Бүгінгі қазақстан кешегі емес,
Өркендеген елдердің бірі боп тұр.
ОБСЕ-ге төрағалық жасадыңдар,
Сөзімнің өтірік емес, шыны боп тұр.
...Отыз миллион биыл бидай жиып,
Осы жыл «Қазақстан жылы» боп тұр.

Ал Бекарыс Шойбеков Қазақстанның өткен тарихына шолу жасап, айтысты түйіндеді:

– Керей мен Жәнібегім хандық құрып,
Ел-жұрттың етек-жеңін жиып кетті.
Қасым хан бағындырған шекараға,
Түркінің тең жартысы сыйып кетті.
Онан кейін Абылай, Кенесары,
Беделіңді бұдан да биіктетті.
Желтоқсанда жауқазын жастарыңыз,
Өктемдік құрбаны боп күйіп кетті.
Көз жасы көк мұз боп қатқанменен,
Ет-жүрегімен отанын сүйіп кетті.
Азаттықтың азабын солар көріп,
Рахатын біздерге қиып кетті.

Бегарыс пен Құлмаханның айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Azamat Қайдан: Алматы
09.12.2011 15:33
+0 / -0
Айтыстың толық бейне көрінісін қайдан алыуға болады????білсеңдер айтып жіберіңдерші.....

Кімнен: Даке
09.12.2011 17:47
+0 / -0
Кадимги айтыс бопты!

Кімнен: глгина Қайдан: астана
10.12.2011 23:18
+0 / -0
жақсы айтыс!!! силастық,достық өрбіген екен.