Сәрсенбі, 19 маусым 2013, Алматы 07:54


МӘДЕНИЕТ

Жансая мен Қайнардың айтысы

2010 жылы желтоқсанның 13-16 аралығында Астанада өткен «Тәуелсіздік тағылымы» жыр сайысының бірінші күнгі соңғы жұбы болып жас ақындар Жансая Мусина мен Қайнар Алакөзов шықты. Бұл екі ақын да үлкен айтысқа тұңғыш рет қатысып отырғандығы айтылды.

«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына қатысушы ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына қатысушы ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
x
«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына қатысушы ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына қатысушы ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.

Мультимедиа

Дыбыс
Мәтін көлемі - +

Қос жас ақын екеуара әзіл айтыс жасады. Арасында Астананың, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты, Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитін мадақ жырға қосты.

Қайнар Алакөзов Тәуелсіздік туралы жырында Алашорда және Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұлын да сөз етті.

– Ақылдың шекарасын шектемейін,
Тәуелсіздік айналса тақырыпқа,
Қалайша Алашордаға беттемейін.
Әлихан, Ілияс, Мағжандарды,
Айыпсыз атқандарға кектенейін.
Елім, жерім қазағым оянсын деп,
Жүрегін жүдетіп ед дертке дейін.
Қайрат, Ләззат, Ербол мен Сәбиралар,
Қарыштап өсер ме еді көкке дейін.
Алтынбек пен Заманбек ағалардың
Өліміне кінәлі оқ демейін.
Солардың артындағы Қайнар едім,
Әр күнімді халқыммен өткерейін, – деп жырлады ақтөбелік жас ақын Қайнар Алакөзов.

Ал, Қайнардың қарсыласы Жансая Мусина қалжың жырмен қарсыласын қағытып отырды.

– Көмейде тасығасын жыр кемері,
Тиек қып кетсем екен тілге нені.
Қайнаржан, сен ашқұрсақ студент ең,
Сондықтан жағдайың да күрделі еді.
Сен жайлы достарыңнан сұрап едім,
Жағдайы нашар оның мүлде деді.
Айына сабағына бір келеді,
Оқудан шығайын деп тұр деп еді.
Екі алып, емтиханнан құлап қалып,
Арбасын әре-е-ң сүйреп жүр деп еді.
Тақтаға шығарғанда түк айта алмай,
Тұрад дейд былықтырып бірдеңені.
Ау, Қайнар бұл рас па деп сұрап едім,
Ол өзі үндемеді, дым демеді.
Ал, енді айтыстағы жас ақынсың,
Санаса шексіз көп қой жүлделері.
Екімен оқитұғын баланың да,
Әйтеуір болады екен бір керегі, – деп қарсыласын әзілмен қағытты Жансая Мусина.

Жансая мен Қайнардың айтысын мына жерден тыңдай аласыздар:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: жуктеу Қайдан: астана
05.01.2011 15:49
+0 / -0
калай жуктеп алсам болар екен азаттык комек
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
21.01.2011 17:41
+0 / -0
«Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен үш күн бойы өткен ақындар айтысы сайтымызда толық жарияланып біткен соң ғана үнжазбаны жүктей аласыз.

Кімнен: Көпкөрген
05.01.2011 17:24
+0 / -0
Жансая айтқан әнгіме дұрыс емес. Қайнардың білімінде, оның оқуында несі бар? Жоғарыда отырғандардың барлығы білімді емес. Кеңес өкіметі тұсында оқымағандар колхоздан бастап келіп, ел басқарды. Осы күнге дейін ел басқарып отыр.

Кімнен: Көрген
05.01.2011 17:26
+0 / -0
Айтыста қара әдісті қолданатың ақындарды /қыз болса да/масқаралап қуып тастау керек еді.

Кімнен: Айтыскер Қайдан: Алматы
05.01.2011 17:39
+0 / -0
Азаттық радиосы тағы бір жаңа бастама көтеріп отырған сыңайлы. Ол радиоының "айтыс алаңына" айналғаны. Ең дұрысы жұмыссыз жүрген Жүрсінді Прагаға шақырып, жұмыс беру.

Кімнен: айтысқұмар
06.01.2011 17:01
+0 / -0
Құрметті азаттық редакциясы!!!

Бұрында болған айтыстарды қайдан алуға болады? Мысалы Оразалы Досбосыновтың айтыстарын...?

алдын-ала рахмет жауабыңызға

Кімнен: jasulan bauryn Қайдан: ARAL
08.01.2011 22:18
+0 / -0
Кайнар жарайсын!!! каншамен окысанда тас жаратын тилин аман болсын аман бол Шалкардын мандай алды айтыскер акыны

Кімнен: zaysan
10.01.2011 13:26
+0 / -0
jandarbekke eng mekte shekte . azamat eken !

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?