Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:48

МӘДЕНИЕТ

Жандарбек пен Айнұрдың айтысы

«Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында Астанада өткен айтыстың үшінші күнгі финалдық кезеңінде сахнада өзара бәсекеге түскен айтыскерлер Айнұр Тұрсынбаева мен Жандарбек Бұлғақовтың жыр сайысын ұсынамыз.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
x
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бұл жолы да мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтыстың тақырыбын ақындардың есіне қайтара салып, оларға президент Нұрсұлтан Назарбаевты, Астана қаласын жырлауды тапсырды.

– Осы Тәуелсіздіктің мына қолдарыңыздағы домбыра сияқты екі ішегі бар, жырлап қоя беретін. Оның біреуі – ел. Қазақ елі. Екіншісі – сол қазақ елін әлемнің биігіне көтерген елбасы. Сондықтан бүгінгі ақын сөзі де осындай болуы керек, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Жандарбек Бұлғақов министрдің тапсырмасын сөз басында бірер шумақпен орындаған соң, қоғамның кемшілікті тұстарына ойысты.

– Жүректе шындық дейтін ұшқан ән бар,
Тыңдаңдар, сол әуеннен тыс қалмаңдар.
Мемлекет қызметкерін қысқарт деген,
Жақында жарық көрген нұсқа заң бар.
Ол заңға жай қазақтар жылап отыр,
Былқ етпейді тіреуі күшті адамдар.
Несие қамыменен пәтер алып,
Жатқандар болып жатыр істі адамдар.
Қазақтың өсуіне үлес қосқан,
Көп балалы ананы қыстамаңдар.
Жеп отырған дәм-тұздан айырмасын,
Жоғарының тұтқасын ұстағандар.
Қысқарту идеясын мен айтайын,
Елімде үш тіл дейтін үш таған бар.
Төрде отыр қазақ тілін керек қылмай,
Өзге тілдің қаламын ұштағандар.
Қысқартуға ең бірінші ілінсе екен,
Қазақ тілге тілдері қысқа адамдар, – деп жырлады Жандарбек Бұлғақов.

Ал ақын Айнұр Тұрсынбаева мәдениет министрінің тапсырмасын бұлжытпай орындады. Және Қазақстан Тәуелсіздігін де жырға қосты.

– Абылайдың арманы орындалып,
Тәуелсіздік еліме ырыс болды.
Шекемізге бұйырған бақты жырлау,
Ақындарға бұйырған жұмыс болды.
Қай заманда қазақтың хан басына,
Қазіргідей бидай мен күріш толды.
Қай заманда қазақтың қоймасына,
Қазіргідей алтын мен күміс толды.
Қай заманда қазақтың қазанына,
Қазіргідей құт бітіп, ырыс толды, – деп шырқады Айнұр Тұрсынбаева.


Жандарбек пен Айнұрдың айтысын мына жерден тыңдай аласыздар:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ДАТ Қайдан: Бәйдібек
19.01.2011 17:47
+0 / -0
Жандарбек пен Айнұрдың айтысын теледидар арқылы тамашалағанмын.
Жалпы, менің жеке пікірім, цензураны қою керек. Ақынның аузынан не шықты, халыққа сол күйі жеткізу керек. Ақынның аузына қақпақ, арынына тосқауыл болатын нәрсе жоқ. Ешқашан болмаған, болмайды да. Билікті мақтап көлік мінгенше, ХАЛЫҚТЫ жақтап жаяу жүрген жақсы.

Кімнен: Ауыл баласы Қайдан: Ауылдан
19.01.2011 19:22
+0 / -0
Бул айтыстын нагыз женимпазы Жандарбек болу керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.01.2011 22:06
+0 / -0
Жандарбек халықтың сөзін айтты, Айнұр биліктің тапсырмасын орындады. Бұл айтыстың шын дүлдүлі Жандарбектің сөзі жағымпаз шенеунік қазыларға ұнамағандықтан мәреге жетпеді. Алайда қазақ баласы шын ақынның кім екенін жазбай таныды.

Кімнен: Balgabay Қайдан: Almaty
20.01.2011 08:27
+0 / -0
Jandarbek jaraisyn! kaita kaita tyndadym, Ainurdy esh tusinbedim, nege koigan suraktan kashkalaktai beretinine...Agayindar men biraz aitystan shet kalyp koyippyn, aitys songy jildary shynymen korinbei ketti me? eger solai bolsa onyn sebebi ne de? Myrzatai Zholdasbekov shyn maninde aityska ulken ules kosyp jatyr ma? alde kartaiganda jai biliktegilermen oinap jurme?

Кімнен: Баке Қайдан: Актау қаласы
20.01.2011 09:37
+0 / -0
Ақ ордадаға бас сұғып ел басынын қолынан шай шпеседе ондағыларға жақындау журген Айнұр оларды махтмамай кімді махтасын,Жандарбек нағыз азамат бас жулдені соған берілу керек еді.Бәрін бұлдіріп журген Құл,

Кімнен: Қара Қожа Қайдан: АФрикадан
20.01.2011 11:56
+0 / -0
Бас жулдені Жандарбекке беру керек еді. Мақтап, мадақтап айтылған айтыс қызық болмады. Елдің жырын, қайғысын айтқан Жандарбектің айтысы қызық болды.Алға, Жандарбек! осы бетинен қайтпа.

Кімнен: Кара халыктан Қайдан: Өкіметке
22.01.2011 16:36
+0 / -0
Нағыз ақын Жандарбек. Әшейн Айнұрдын киеуі министірлікте істейді. Аманжолдан кейінгі жулде Жандарбектікі.


Кімнен: Ер Казак Қайдан: Алматы
22.01.2011 20:47
+0 / -0
Кайран елим казагым кайран жұртым ұстарасыз аузыңа тусти мұртың деген осы екен гой

Кімнен: Жулдызай Бакирова Қайдан: Кызылорда
23.01.2011 20:31
+0 / -0
Ең бірінші ақын дейтін ұлы халық улы болсада шындықтың шыбығын шарпып олай да бұлай халыққа, билік басшыларына тигізбей өткізе білу керек. Дегенмен еліміздің тыныштығы біздің тынысымызды ашады. Жақсылық қылсан өзіңе, жамандық қылсан өзіңе. Аспанға қарап түкірме, туседі бір күн көзіңе демекші мен екі жақты да қолдаймын. қыз бала болғасын шамалы Айнур өзінің қызға тән қылығын көрсеткен болу керек. Сол себепті қалай айтса да Айнурдын алаулы сөздері менің көңілімді ауласына еркін енді. Алга!!!

Кімнен: Берік Ержанов Қайдан: Астана
24.01.2011 17:15
+0 / -0
Қайтеміз енді екі жақтыда түсінуге болады

Кімнен: Жемқорбек Қайдан: Батыстан
25.01.2011 18:33
+0 / -0
Жынды айтыс!!!

Кімнен: Нұржан Қайдан: Атырау
26.01.2011 14:00
+0 / -0
Бұл айтыста жеңіс Жандарбектікі, ақындарға бағаны халық беру керек.Айнұрдың ұйқысы тыныш тамағы тоқ,көйлегі көк,проблемасы жоқ болар халықтың проблемасын қайдан білсін.Жасай бер Жандарбек!!!

Кімнен: Таңат Қайдан: Шымкент
26.01.2011 19:38
+0 / -0
жеңіс Жандарбектікі, дегендер оттапсыңдар. Айнұр таза жеңді. Жандарбектікі жылтыр сөз ғана, білімі таяз, Ринат сияқты.

Кімнен: RUSLAN Қайдан: ASTANA
27.01.2011 07:09
+0 / -0
БУЛ АЙТЫСТА ЖАНДАРБЕК ЕРЕКШЕ ЖОЙКЫН ЖЕНДИ АЙНУР САСКАЛАКТАП ОТЫР.КОРКЫТ ДЕГЕНГЕ ОСЫЛАЙ КОРКЫТАСЫНБА ДЕГЕНДЕЙ МАКТА ДЕГЕНГЕ ОСЫНША МАКТАЙСЫНБА АЙНУР КАРЫНДАС!УЯТЫН КАЙДА.ЖАНДАРБЕК БАЛАМЫЗДЫ КАЙ СОЗИНМЕН ЖЕНДИН? АМАНЖОЛГА БЕРГЕНЩЕ ЖАНДАРБЕККЕ БЕРМЕЙМИСИН ЖОЛЫНДЫ.СЕН ЖЕНИЛДИН

Кімнен: Айша Қайдан: Kyzylorda
27.01.2011 20:32
+0 / -0
Кай заманда казакта астык болып еди деген Айнурда билим жок.Кеше кенес одагында канша астык ондмргенимизди билема сол Айнур.Костанай Кызылорда отаны емеспе данди дакылдын.Сонын барин билик бизге берип отыр деген Айынурга 1 балл койу керек 1

Кімнен: гани Қайдан: Семей
04.02.2011 19:24
+0 / -0
Айнур өте жағымпаздықпен айтысты Ақындыққа сай мінез емес Адамгершіліктен жұрдай екен Бұрын жақсы көруші едім иттің етінен артық жек көріп кеттім Тфу недеген жеркенішті адам еді

Кімнен: Қаражігіт Қайдан: Аралдан
07.02.2011 23:11
+0 / -0
Жандарбек,қалқам тіл көзден аман бол! Қазаққа ортақ тұлпарсың,Байланып қалма қазыққа,Жырыңмен жүрші,дем беріп,Жүдеген мынау халыққа.Жар болып алла өзіңе,Қуат берсін сөзіңе.Тілекші боп жүр мың-мың жан,Көрінбеген көзіңе.

Кімнен: Габиден Қайдан: Жезказган
14.02.2011 22:57
+0 / -0
Жандарбек таза женді Айнур женілді!!!