Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:51

МӘДЕНИЕТ

Әлібек пен Мұхтардың айтысы

Астанада былтыр желтоқсанда өткен «Тәуелсіздік тағылымы» айтысының үшінгі күні - шешуші кезеңінің алғашқы жұбы - Қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Солтүстік Қазақстан облысынан келген Әлібек Серғалиев.

«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына жиналған ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
x
«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына жиналған ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Екі ақында айтыс басталар сәттегі мәдениет министрі Мұқтар Құл-Мұхамедтің «Бүгінгі айтыста елдікті жырлаңдар, елбасын жырлаңдар» деген тапсырмасын естен шығарған жоқ. Астананы ондағы өткен ЕҚЫҰ саммитін және Қазақстан президентін мадақтап жырға қосты.

Солтүстік Қазақстаннан келген жас ақын Әлібек Серғалиев бұл жолғы сайыстағы бәсекелесінің дін жолына түскенін тілге тиек ете келе, сақал қою мәселесін де сөзбен қағытып өтті.

– Ей, Аллахуакбар деген ұраны бар,
Біз халықпыз қасында құманы бар.
Негізі Мұхтар ағам дұрыс айтады,
Жас бала демеңіздер, сірә, бұлар.
Алла деп бұл айтысты біз бастадық,
Жөн білетін ағайын дұға қылар.
Армысың-ау, бармысың Мұқтар ақын,
Аузында Алла, қолында құраны бар.
Мен сіздерге бір қызық айтайыншы,
Бұл айтыста сақалдының құрамы бар.
Бекболат, Сәбит аға, Көпен аға,
Сүннетті ұстанатын қырағылар.
Мұхаметжан секілді қыраны бар,
Алласына адал ғой, сірә бұлар.
Бер жағында құба сақал Мұхтар отыр,
Ар жағында Жүрсіндей сыңары бар.
Бір түрлі жыбыр етіп денем барады,
Баланың оған қалай шыдамы бар.
Қалың түктің ішіне еніп барам,
Қалың жұртым өздерің шығарып ал, – деп шырқады Әлібек Серғалиев.

Ал өз кезегінде Мұхтар Ниязовта қарап қалмай:

– Ау, адасқан адам құсап түн ішінде,
Әлібек нағып жүрсің жүн ішінде.
Денең қышып бара жатса моншаға бар,
Біз кінәлі боламыз ба бұл үшінде.
Бегарыс бастап келген бір топ ақын,
Бетімізді мазақтап күлдіңдер ғой.
Бір сағатқа шыдамай сахнада,
Сын сағатқа ауық-ауық ілдіңдер ғой.
Мүміннің сақалының зияны жоқ,
Түзу отыр көздерің күлгінденбей.
Бұзып шыққыш болсаң сен шықпады ба,
Бұданда сорақысын білдіңдер ғой.
Маркстің сақалының ішінде де,
Адасып жетпіс жыл бойы жүрдіңдер ғой, – деп жауап қатты.


Әлібек пен Мұхтардың айтысын тыңдаңыз:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: zhiger.zeken ule Қайдан: hetai
20.01.2011 15:18
+0 / -0
Әлібек інім шабысыңнан тайма ,Алла жар болсын!

суырып салма Ақын Әлібектің қолфон нөмірін аллыуға болама?!
Пікір алмасу

Кімнен: Көрермен Қайдан: Конгресс-Холл
21.01.2011 09:48
+0 / -0
Әлібек ешқандай да суырып-салма ақын емес. Жаттанды ақын. Бұл айтыста Мұхтар жеңді. Екі жерде сөзден ұтылды Әлібек. Сақал жөнінде және Телефон нөмірі жөнінде айтылған жерлерде. Әділ баға беру керек. Жас бала екен деп жалпақшешейлікке салынбай. Ал тойда асабалық еткенде айтатын сөзін айтыс сахнасына алып шыққан Әлібектің ой-өресінің қандай деңгейде екенін шамалай беріңіздер!

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
22.01.2011 08:28
+0 / -0
Сөз қадірін білген дұрыс! Мұхтар деген уахабизмды насихаттап жүргенін байқағанмын,бұл таза сектантпа деп тұрмын,оның крышасы М.Тазабеков уахаб болып кеткен ініміз,арабтардың қуыршақтары,ертең елді арабтарға тегін сатпасына кім кепіл! Мен сөздерін тыңдап көргенмін,жағамды ұстап қалғаным бар. Құдай сақтасын мұндай тыңшылардан!
Пікір алмасу

Кімнен: abdullah Қайдан: kazakhiya
29.01.2011 02:12
+0 / -0
bauirim baikap soile,,, Uahab degennin ne ekenin bilmei, kaidagi bir europaliktardin bergen tusindirmesinin jeteginde ketpei. Uahab degen Allahu Ta'alanin bir esimi... Jaratkan iemizden korikpaisin ba? patriotsina bermei barin teren tusin. sonda bilesin ozinnin patriottiginnin kai dengeide ekenindi...

Кімнен: birzhan Қайдан: Ақтау
26.01.2011 19:21
+0 / -0
Әлібек таза жеңіске жетті. Жарайсың! Осы айтысты қалай жазып алуға болады?

Кімнен: Азамат Қайдан: Көкшетау
17.02.2011 01:04
+0 / -0
Айтыс қазақтың асыл маржаны. Әлібек еш сүрінген жоқ. Бәріне жауап берді. жарайсың Әлібек!!!!