Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:51

МӘДЕНИЕТ

Балғынбек пен Аманжолдың айтысы

«Тәуелсіздік тағылымы» деген тақырыпта Астанада өткен айтыстың үшінші күнгі финалдық кезеңінде ақындар Аманжол Әлтаев мен Балғынбек Имашев айтысты.

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев. Алматы, 22 наурыз 2010 жыл.
x
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев. Алматы, 22 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Шешуші кезеңдегі жұптың бірі болған екі ақын президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, Астанаға және осы қалада 2010 жылы желтоқсанның басында өткен ЕҚЫҰ саммитіне қатысты жылы сөздер айтты.

Ақын Балғынбек Имашев қазірде шетелде тұрып жатқан Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновты сөзге қосты.

– Басыңнан сұрағандай балғын бақты,
Бөрік деп ем ренжіп қалдың қатты.
Алты арыстың ішінде орта жүзде,
Апыр-ай, болады екен арғын қатты.
Қайын жұртқа бөрікті тіктіріп ал деп,
Босап қалған шелегін салдырлатты.
Шығысқа өткен жылы барып едім,
Жауғанын сонда көрдім қардың қатты.
Қансонарда шықсам да із таппадым,
Қанжығам майланбастан әр күн батты.
Алтын кенді Алтайдан Храпунов,
Алып кеткен секілді бар қымбатты.
Алтынның сыртқа кеткен есебі жоқ,
Бәлкім, бұл болмағандық заңның қатты.
Ұшаққа тиеп тұрып ұшып кетті,
Ешкім де шеше алмай жүр сол жұмбақты.
Храпунов Ләйла апамның мүлкі түгіл,
Алтайда қызыл түлкі қалдырмапты, – деп жырлады Балғынбек Имашев.

Ал Аманжол Әлтаев Қазақстанның Тәуелсіздігін сөз етті.

– Азаттықтың жолында Хан Кенелер,
Жүрегін намыс кернеп, жалын керген.
Алаштың ай маңдайлы арыстары,
Азаттықтың жолында жанын берген.
Сен болсаң құлағыңды сөз қыласың,
Айтысқа шықтым десем жалынды ермен.
Осынау тәуелсіздік айтысында,
Аяйтұғын неңіз бар барыңды елден.
Апыр-ау, тәуелсіздік жарысында,
Артық көріп тұрмысың жаныңды елден, – деп бәсекелесін қамшылады айтыскер Аманжол Әлтаев.


Балғынбек пен Аманжолдың айтысын тыңдаңыз:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Balgabai Қайдан: almaty
23.01.2011 05:53
+0 / -0
екеуи де саясат ойнагысы келеди...еки устелдин устинде бари бир отыра алмайтындарын тусинбейди

Кімнен: Jolaidin Nursultani Қайдан: Temirtai
23.01.2011 18:01
+0 / -0
assalamualaikum azattyk radiosi! aitysti kalai juktep aluga boladi?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
23.01.2011 22:38
+0 / -0
«Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен үш күн бойы өткен ақындар айтысы сайтымызда толық жарияланып біткен соң ғана үнжазбаны жүктей аласыз.

Кімнен: ара Қайдан: алматы
25.01.2011 12:38
+0 / -0
аманжолдын бир айтысы да унамайды маган!!!

Кімнен: Нурболат Қайдан: Жезказган
25.01.2011 20:13
+0 / -0
Aitistyn koroli atangan kazaktin dul-dul suirip salma akini Amanjol agamizga til tigizgeniniz-aitiska til tigizgeniniz,al aitiska til tigizgeniniz-kazaktin diline,tiline,ruhaniyatina til tigizgeninizben ten.

Кімнен: rasima Қайдан: almaty
27.01.2011 07:26
+0 / -0
kaidagy karol ol valet koi.karoldar ogan baige beredi. sozinde dym salmak jok.aaa ooo dep bir sozdi 2 sag aityp.mels siyakty tokpeima togip togip

Кімнен: Майболат Қайдан: Майқапшағай
28.01.2011 15:32
+0 / -0
Өз елінде өзгеден өр болатын,
Саясатта қанашанда төрге озатын.
Санасатын АҚШ та Қытайыңда,
Байқоңырдан ғарышқа жол салатын.
Орыс болгым келеди орыс болгым.
Күллі әлемде держава ел болатын!

Ғылымының ақ таңын атыратын,
Доп тебуге келгенде қатыратын.
Өндірісімен барлығын таңғалдырып,
Мәшхүр етіп әлемге жатыр атын.
Неміс болгым келеді неміс болгым,
Еуропаның төрінде отыратын!

Мүдесі үшін өзінің шу ғылатын,
Көшпендінің өр рухын тулататын.
ТМД-а жоқ конституция қабылдап ап,
Әділдікті қашанда ту ғылатын.
Кыргыз болгым келеді, кыргыз болгым,
Елді жеген президентті құлататын.

Жағымпазы жәдігой «нұрлы болған»,
Өзін алдап бақ таппақ нұрлы жолдан,
Казак болгым келмейді, казак болгым,
Нұрсұлтан мен Нұр Отанның құлы болған!

Тек патшаның көңілін жай қылатын
Қанаймын деп өз жұртын ойға алатын,
Казак болгым келмейді, казак болгым,
Өзі емес, келімсеге бай болатын...

Бас пайдасы үшін шын қорымбайтын,
Ақшасына Дінұлының тойынбайтын.
Жүрсін болғым келмейді, Жүрсін болғым,

Бұйырығын биліктің мойындайтын...

Ринат Рустем деген балалардың айтысынан кейін туған ой.
Пікір алмасу

Кімнен: Darbisali UAK Қайдан: Cемей
11.02.2011 21:16
+0 / -0
Өзіңді қанша жеңсең, өмірді сонша жеңесің!

Айтыңдаршы Мықтыға!
Жүзбес кеме қашыққа,
Желкенінде желі жоқ.
Атпас жебе алысқа,
Жебе тартар, садақ жоқ.

Жолың болмас жүргенде,
Жол үстінде жарық жоқ.
Отқа піспес қазан да
Отын бар да, оттық жоқ.

Құрыш қалай шынығар?!
Темір бар да, ұста жоқ.
Оқушы кімнен үйренер
Оқушы бар да, ұстаз жоқ.

Ағайын қайдан бірігер?
Тізе қосқан тірлік жоқ.
Көре алмаса бір-бірін,
Күндестік бар, бірлік жоқ.

Ер жігіттер жараспас
Азаматтық ісі жоқ.
Кесектігі көрінбес,
Сөз бен істе ірілік жоқ.

Елден шыққан азамат
«Азамат» деген аты бар,
Ел билесе егерде,
Халықтың онда һақы бар.

Атқа мінген мықтылар,
Елге қарыз, мін жоқ.
Халқың, бабаң алдында,
Парызы бар, сөз жоқ.

Қайда біздің мықтылар?
Көк жағалы, көйлекті.
Қысылмай ма? тарылып,
Сұрай қалсаң көмекті.

Ел билегіш мықтылар
Шенді алып параға,
Кәсіп қылып билікті,
Арын сатты ақшаға.

Тіс батырып әлсізге,
Жәй адамға шалқайып,
Өзгереді бір сәтте
Мықтылауға бас иіп.

Таласады шен үшін
Кетті пейіл қарайып.
Есі-дерті көп ақша
Тойғанға мәз марқайып.

Лауазымды алдында
Әдепті болып, сызылып,
Шәшіп малын,жомарт боп,
Шырылдайды жүгіріп.

Керек адам болса егер,
Асты-үстіне түседі.
Қара бастың қамы үшін
Тақым үзсе, үзеді.

Мықты атын жоғалтар,
Игі жақсы істер жоқ.
Керегі не мықтылар,
Аты бар да, заты жоқ?!

Таяз суға шомылып,
Парасатсыз ел билеп,
Айтшы, «мықты», өмірден
Алар еншің осымед?!

Көз шоғы жанған балада
Негізі бар, жазық жоқ.
Қайтіп ісі оң алар?
Ынтасы бар, тірек жоқ.

Талпынған жігіт қиналар
Ниеті бар, демеу жоқ.
Сүйтіп жүріп шыңдалар
Мықты болса, тоқтау жоқ.

Болар бала боғынан
Ата сөзде мағына.
Дәулет бітіп жарлыға,
Атқа мінер жас бала.

Мықтылармен алысып,
Талай жерде бәйге алар.
Байлық-шенге таласып,
Өзі мықты атанар.

Келер сонда алдына
Кешегідей жас бала.
Кез келеді сыналар
Табылама азамат
Талапкерге жол ашар?

Айтылған сөз бос қалар,
Бекітпесе іспенен.
Өмір мәнін жоғалтар,
Игі істер болмаса,
Өтсе бекер күнменен.

Жаратқан ием - бір Алла!
Иесің ғой ғаламға.
Жануардан жараттың
Ақыл беріп адамға.

Өмір мәнін ұқсын деп,
Парасатқа бөледің.
Адамзаттың тағдырын
Адамға, Құдай, жүктедің.

Ғажайып әлем жаратқан
Мейірімді қолыңнан.
Кешірегөр пендеңді
Адасса, әке, жолыңнан.

Айтыңдаршы мықтыға!
Өмір мәні басқаша:
Бөлінеміз соңында
Жақсы менен жаманға.

Қалады сонда «боқ дүниең»!
Әкетпейсің арқалап.
Кіреді жерге әр пенде
«Екі құлашты» құшақтап.

«Қыл көпірге» жеткенде,
Кім кепіл айтшы, ей пенде!
Артыңа қарап ентелеп,
Тұрып жүрме өкініште
Бармағыңды тістелеп...

Е-е-ее! Қазағым-ай!
Сүйекке таңба тусірмеген,
Кесек ойға жол беріп,
Ар - Намыспен өмір сүрген
Тұлғалы Азаматтарың қайда???

Кімнен: ALAW Қайдан: ALMATY
31.01.2011 04:28
+0 / -0
Kazak bolgym kelmese tol kujatyndy auystyrda kete ber.Sen siyaktylardy ewkim joktamaidy.AKEM KAZAK BOLGANDA WEWEM KAZAK MEN NEGE KAZAKTYKTAN SAKTANAMYN degen babalarynnan sadaga ket sen.Jursin bol dep seni bireu kinap jatyrma?akmak