Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:52

МӘДЕНИЕТ

Бекарыс пен Мұхтардың айтысы

Астана қаласында «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбымен өткен айтыстың төртінші жұбы болып ел алдына Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Бекарыс Шойбеков пен Қызылорда облысының жас ақыны Мұхтар Ниязов шықты.

«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына қатысқан ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
x
«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына қатысқан ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бұл екі айтыскер де көпшілік алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Астанаға және ЕҚЫҰ саммитіне мадақ жырларын арнады. Мұхтар Ниязов Оңтүстік Қазақстандағы өзекті мәселелерді жырға қосты.

– Жалғайын көңілімнің көлемді әнін,
Көкейде жүрген сауал көп еді ғой,
Сыздықдатып сұрайын деген бәрін.
Оңтүстік жылда бір шу шығарады,
Білмеймін бұл жандарға не болғанын?!
Қай жылы СПИД-пенен дүрліктіріп,
Көпке дейін өз-өзіңе келе алмадың.
Бұдан кейін айқасып шегірткемен,
Күттіңдер бар егінді жеп алғанын.
Қырым қанды безгегі болып жатты,
Қарқ қып оған соққы бере алмадың.
Хандық құрған Кененің ұрпағы едік,
Жәндік туған кенені жеңе алмадың.
Көп жағдайда көрерміз шекарада,
Қазақта өзбектерден төмен халің.
Бұрын-соңды болмаған шекарамды,
Нұр-ағам бекітті ғой кемел әрім.
Соның өзін үлгерткен жоқсыздар ғой,
Бер жақта отырып алып көрем бәрін.
Ташкент сол Төле би жатқан жер ғой,
Ерекше құрметтейді ел аруағын.
Барлық сол өзбекке ұстаттың да,
Қайтарып сынық сүйем жер алмадың.
Аталарың қалдырған қанша жерді,
Акалардың қолынан неге алмадың, – деп аймақ мәселесін жырмен өрнектеген Мұхтар Ниязовқа қарсыласы Бекарыс Шойбеков қайтарма жауабында шенеуніктерді сынай келіп, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы туралы өз ойын да бүкпесіз жеткізді.

– Мен сені деп жүр едім саналы ғой,
Аямай ағасына қарады ғой.
Кене менен шегіртке басты екен деп,
Баяғы тонды әкеліп жабады ғой.
Шегіртке бізге келсе айып па екен,
Себебі, іздегенін табады ғой.
Шенеуніктер секілді шегіртке де,
Мұхтаржан жейтін жерге барады ғой.
Қызыққа бөлеп отсың осы араны,
Өлеңі шашу етіп атағаны.
Аталар жатқан жерде алмады деп,
Өнбес дауды қуғанда не табады.
Шекараны сызуды маған берсе,
Әлдеқашан қосар ем екі араны.
Қазақтың ең алғашқы астанасы,
Орынбордан бастар ем шекараны.
Мәлім ғой өзімізге өткеніміз,
Саналы, сергек елміз өйткені біз.
«Қазақта бұрын шекара болмаған» деп
Көкитін көкелерге өкпеліміз.
Оларға қажет емес біздің мұндай,
Жерге қандай азаппен жеткеніміз, – деп жырлады Бекарыс Шойбеков.

Бекарыс пен Мұхтардың айтысын мына жерден тыңдай аласыздар:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: проф. Совет-Хан Ғаббасұлы
30.12.2010 20:56
+1 / -0
Қадыры мен қасиеті биік, еш халықтың табиғатына сыймайтын ұлттық өнеріміз АЙТЫСТЫ қастерлемеу, Мемлекет пен Еліктегіш қоғамның есерлігі десе болады. Әйтпесе, мұндай өнер Жержүзі елдерінің қайсысында бар? Осылай дей тұрсақта, кезкелген өнерді мәпелеумен қоса, оны жетілдіру мен жүйелеуді талап ету заңды құбылыс ?! Болмаған жағдайда, ұйқас қуалаған айтыскерлердің шатты-бұттысы көбейіп, сөз қадырын түсіріп алатыны жиі ұшырасып жатады. Мұны М. Әуезов атындағы ғылыми зерттеу институтының ескергені жөн. Сонымен қоса, азғана топпен топырлай бермей, айтыс
бәсеке өнері болғандықтан, оның жүйесін - аудандар аралық, содан облыстар аралық - осыдан оза шыққандарынан Республикалық айтысты ұйымдастырылса, міне сонда ғана Жүзден - жүйрік, Мыңнан - тұлпарды көрер едік. Мұны Мәдениет министрлігі қолға алуға тиісті.

Кімнен: Қайсар Қайдан: Бұрынғы астанадан
01.01.2011 23:31
+0 / -0
Бекарыс қатырған екен."Бізде мемлекеттілік болған жоқ, шекара болған жоқ" деп қазақ халқын кемсітіп, қорлаушылардың бірі жаңадан шыққан жас "таришы" Мырзатай Жолдасбеков қой.Бекарыстың тура сөздері кімге айтылып отырғанын сезді ме екен бұл жәдігөй.Ай, қайдам.Күн көрістері үшін жағымпаздануды кәсіпке айналдырып алғандар ар- ұят дегендерді біржола жауып қоятын шығар.Олар "жарылқаушысының" жолында ар- ұят түгіл,өмірлерін қиюға даяр ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.01.2011 16:08
+0 / -0
Мырзатай дегенің әлгі Еуразия университетінде 35 жатақхананы жекелендіріп, сатып жерген табан жалағыш бизнсмен бе?

Кімнен: Руслан Қайдан: Алматы
03.01.2011 15:00
+0 / -0
Айнур мен Торегали Тореалиулынын айтысы бар ма?
Пікір алмасу

Кімнен: леп
03.01.2011 16:06
+0 / -0
Олар ең нашар айтысыпты, сүйем, күйем дегендей былжырақ бірдеңе!
Пікір алмасу

Кімнен: Руслан Қайдан: Алматы
05.01.2011 13:52
+0 / -0
Тауелсиздик туралы Торегали жаксы айтты!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
21.01.2011 17:38
+0 / -0
Бар. Мына адресті теріңіз: http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_astana_december_aitys_ainur_tursynbayeva_toregali_toreali/2267857.html

Кімнен: hazah Қайдан: hetay
06.01.2011 14:07
+0 / -0
ata jurettaqe handastardeng aytes onerining denggeyi joqare dep tusinemiz,ose salada ter togip jurgen aqa-bawerlardeng oneri ustem bolsen,ardayem otan uxin,ulet uxin jalehpay engbektenip kok tude biyikten-biyikterge jelbirete beringizder,bul barimizding huanexemez.

Кімнен: Жайлау Қайдан: Теріскей
10.01.2011 20:00
+0 / -0
«Қазақта бұрын шекара болмаған» деп
Көкитін көкелерге өкпеліміз. десеңдер Бекболат ағаларыңа өкпелеңдер.

Кімнен: Ystirtten Қайдан: Ystirt
27.01.2011 20:57
+0 / -0
Moderator? myna aitystardy kalai jazyp aluga bolady?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
27.01.2011 22:37
+0 / -0
1. "Тыңдау" деген түймені басыңыз.
2. Үнжазба ашылған соң "Жүктеу" деген түймені басып, сақтап алыңыз.