Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 00:51


МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Астанадағы айтыс: Мақсат пен Нұрмат

2011 жылы желтоқсанның 2-і мен 4-і аралығында Астанада «Тәуелсіз елдің таңы жарық» тақырыбында өткен айтыстағы қарағандылық Мақсат Ақанов пен қызылордалық Нұрмат Мансұровтың айтысы.

Айтыскер ақын Мақсат Аханов. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 ж.
Айтыскер ақын Мақсат Аханов. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 ж.
Мәтін көлемі - +
Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орайластырып өткізілген айтыстың екінші күні сахнада қарағандылық Мақсат Ақанов пен қызылордалық Нұрмат Мансұров кездескен еді.

Бүкіл айтыстың барысында бір-бірін жеңіл сөзбен қағытпалаған қос ақын Астана мен биліктің мақтауын асырды.

Сөз бастаған Мақсат Ақанов Сарыарқаның төріндегі қаланы былайша суреттеді:

– Сарыарқам бейбітшілік бесігіндей,
Жүректен махаббатын өшірмеуде.
Сыбыры тыныштықтың естіледі,
Еппен ағып жататын Есілден де.
Елбасым көрегендік жасаған-ау,
Астананы арқаға көшіргенде, – дей келе:

– Ұйғырларда әлі күнге Астана жоқ,
Алты аласым, жоқ оларда бес бересім.
Шешендер егемендік ала алмай жүр,
Басынан ұстап алып қос кеменің, – деп бұған дейінгі айтыстарда айтқан шумақтарын қайталап шықты.

Айтыс ақыны Нұрмат Мансұров. Алматы, 2 мамыр 2011 ж.Айтыс ақыны Нұрмат Мансұров. Алматы, 2 мамыр 2011 ж.
x
Айтыс ақыны Нұрмат Мансұров. Алматы, 2 мамыр 2011 ж.
Айтыс ақыны Нұрмат Мансұров. Алматы, 2 мамыр 2011 ж.
Қарсыласы Нұрмат Мансұров Мақсаттың кіші қажылыққа барып келгендігін есіне сала отырып қазақ қоғамындағы ислам діні жайын да жырға қосты:

– Тақ етіп тасқа неше тиген маңдай,
Жүреміз ғой жанарды жасқа малмай.
Террорлық әрекеттер қоғамдағы,
Тұнығын исламның ластағандай.
Бүлікшілер мұсылманның кейпінде жүр,
Арыңа ашық күнде дақ салардай.
Сақалды көрсек бүгін шошынамыз,
Айтайық ақиқатты жақшаға алмай.
Бәрінде діннен көріп отырамыз,
Сыртынан сын айтқанда жақсы адамдай.
Аққа күйе жақтырмай, ата дінді,
Біз неге қорғамаймыз басқалардай.

Айтыстың радиолық нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.

Мақсат пен Нұрматтың айтысы
Loading
12:00:00 / -:--:--



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 16:46
+0 / -0
Aй, жағымпаздар-ай! Мына түрлеріңмен қасиетті айтысты да құртасыңдар-ау...
Пікір алмасу

Кімнен: Жомартбек Қайдан: Атырау
13.01.2012 17:40
+0 / -0
Аманжол Алтаев кашан Ринат Заитовпен айтысады екен алде ешкашан айтыспай отеме

Кімнен: айт Қайдан: айтстан
13.01.2012 18:14
+0 / -0
Сарай айтыскерлері,,,

Кімнен: айтыс жанкүйері
29.01.2012 00:13
+0 / -0
Оразалы марқұм соңғы Мәскеудегі айтыстан оралғанда, "Айтыс қалай болды?" -деп, сұрағандарға:"Айтыс қайтыс болды". - деп, жауап беріпті, дегенді естіп едік ел аузынан, тура солай болғаны күннен күнге дәлелденіп келеді.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?