Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:56

МӘДЕНИЕТ

Сара мен Бекарыстың айтысы

«Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында Астанада өткен айтыстың үшінші күнгі финалдық кезеңінде сахнада өзара бәсекеге түскен айтыскерлер Сара Тоқтамысова мен Бекарыс Шойбековтің жыр сайысын ұсынамыз.

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
x
Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бұл жұптың алдында Айнұрмен айтысқан Жандарбекке қазылардың 69 ұпай беруіне наразы болған көрермендер қиқулап қол соғып, залдың әр жерінен ақынға берілген бағаның әділетсіздігін айтқан дауыстар құлақ тұндырды. Ақыры, айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман қазылар алқасының мүшесі Көпен Әмірбекке 9 деп берген бағасын 10-ға өзгерттірді.

Алайда, осы сәтте мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед көрермендерді тәртіпке шақырып, қазыларды құрметтеуге үндеді. Айтысқалы отырған жұп – Сара Тоқтамысова мен Бекарыс Шойбеков «дәстүрлі қыз бен жігіттің айтысын жасайды» деген Жүрсін Ерманның сөзіне қарамастан, министр тағы да тақырыптың шеңберінен шықпауды бұйырды. Әрі әр жұптың алдында сахнаға шыққан қос ақынға өзі ақ тілегін айтып отыратындығын ескертті.

– Біз бүгін мәдениет көрсетіп, өзіміздің өнерімізге, ақындарымызға деген құрметімізді көрсетіп, мынау өзіміз таңдар алған қазыларға деген құрметімізді көрсетіп, ішінде бір осал адам жоқ. Әй, айналайын, тұра тұр. Кімсің кәне? Тыныш отыр! Сондықтан мынау үлкенді сыйлау... (Осы тұста көрермендер шуылдап министрдің сөзін бөлді) Мынау не деген адамдар, ей?! Кәне, қайсың сонша айғайлап отырған? Тыңдайыншы мен, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед айтысқа жиналған жұртқа.

Бұдан кейін сахнада басталған айтысты ақын Бекарыс Шойбеков дағдарыс жайлы жырмен өрнектеді.

– Біз қазақ, әуелден-ақ байрақты едік,
Атынан ат үркердей айбатты едік.
Атымыздан бір сәтте атып ұрды,
Дағдарыс деген кеше жайлап келіп.
«Бағаны тұсаймыз» деп әкімдер жүр,
Баланы алдағандай қаймақ беріп.
Қаланың бір көшесін жабады олар,
Елде жоқ бір нәрсені ойлап келіп.
Өтіріктен жәрмеңке өткізеді,
Базардағы халықты айдап келіп.
«Біздерде ет арзан» деп мақтанады,
Өлуге дайын тұрған қойды ап келіп.
Жалдамалы журналист жазады оны,
Отырған соң аузына шайнап беріп.
Дағдарыстан шыққанда біз осылай,
Көз бояп шығамыз деп ойлап па едік.
Жаратқан ием өзің жар бола гөр,
Менің дархан еліме қайрат беріп, – деп қоғамдағы түйткілді мәселелерді қозғады Бекарыс ақын.

Ал Сара Тоқтамысова Қазақстан тәуелсіздігін жырға қосты.

– Арыстан туған Алашым,
Белгісі болған көкбөрі.
Бөрідей жортқан бабамның,
Басынан нелер өтпеді.
Тәуелсіз Қазақстаным,
Туыңды биік ұстадың.
Азияның барысы таниды,
Шетел деп сені.
Шырқырап шығып, шыбын жан,
Желтоқсанда қырылған.
Маңдайдағы жұлдызың,
Ұрандаған ұл-қызың,
Қыршын кетеміз деп пе еді?
Төгілген жасы анамның,
Төгілген қаны бабамның,
Тұғырлы Тәуелсіздігім,
Ғұмырлы Тәуелсіздігім,
Өзінен-өзі кеп еді.
Жыр керіп көңіл арнасын,
Көк аспанға самғасын,
Көңілімнің көк кептері.
Қарашасына қарасын,
Арашасына жарасын,
Елімнің төре, бектері, – деп жырлады Сара Тоқтамысова.

Сара мен Бекарыстың айтысын мына жерден тыңдай аласыздар:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: kazakh Қайдан: almaty
21.01.2011 13:03
+0 / -0
keremet!!!!halai jukteu kerek??????
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
21.01.2011 17:48
+0 / -0
Құрметті kazakh! «Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен үш күн бойы өткен ақындар айтысы сайтымызда толық жарияланып біткен соң ғана үнжазбаны жүктей аласыз.

Кімнен: Жандар Қайдан: Москва
22.01.2011 02:40
+0 / -0
Бул айтыста акындар емес.КАЗЫЛАР айтысыпты.Айбек Калиевсиз айтыс ,айтыс емес деп ойлаймын.

Кімнен: фара Қайдан: алматы
27.01.2011 07:20
+0 / -0
Sara degen akyn emes koi moindasandarw jattap alyp toktamaidy kanwa mykty adam bolsyn olda kidiredi suyryp salganda oilanu kerek bul bolsa toktamai sogad dausy jagymsyz ote wowan wowan etip semeiden wykkan rinat karlgaw asem tamawa akyndar sara bolsa kopkr barmaid
Пікір алмасу

Кімнен: Куттыбай Қайдан: костанай
03.02.2011 23:10
+0 / -0
Сарага жететин акын али тумаган бул омирге!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Абсадык Қайдан: Туркистан
05.02.2011 05:49
+0 / -0
Бул айтыста биринши орын Сараныки еди!

Кімнен: Гулим Қайдан: Актау
27.01.2011 17:46
+1 / -0
Сара мыкты акын кыз!Маган онын айтыскандары катты унайды.Бекарыспен айтысканда Сара женгенин калап едим!

Кімнен: Bahber Қайдан: almaty
01.02.2011 15:25
+0 / -0
Bekaris jane Sara kazahimizdin duldul akyni.
osi aytistin Vidio tusirilimin kalai aluga boladi?

Кімнен: Айбол
11.02.2011 19:20
+0 / -0
Сара тым асқақтап кеткен секілді, Бекарыс ақылды ойлар айтты.

Кімнен: Aspanbek Қайдан: Pavlodar
17.02.2011 05:23
+0 / -1
Sara akyn emes jattap algan