Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:56

МӘДЕНИЕТ

Cырымбек пен Есентүгелдің айтысы

«Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен өткен айтыстың екінші күні ел алдына атыраулық Сырымбек Жақсыбекұлы мен ақтөбелік Есентүгел Әзиев шықты.

«Тәуелсіздік тағылымы» ақындар айтысына жиналғандар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
x
«Тәуелсіздік тағылымы» ақындар айтысына жиналғандар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бұл жұптың айтысы Сырымбек Жақсыбекұлының Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың шынайы бейнесін боямасыз жырлағанымен ерекшеленді. Көрермендер де жылы қабылдады.

– Сайлауда топтан озып алған бәйге,
Басшылар неге іске қамданбайды.
Қазақстан бай болса да, халқы кедей,
Өмірден келтірейін алған жайды.
Халықтың бәрі қарыз банктерге,
Кредит көңіліме салған қайғы.
Өзге ұлттар Қазақстанда коттедж салса,
Қазақтар азып-тозып үй жалдайды.
Студенттің оқу ақысы шарықтап тұр,
Бұл неге үкіметте талданбайды.
Ол ақшаны төлейтін ата-ана ғой,
Олар да дәл осыны армандайды.
Бала туар әйелдер базарда жүр,
Осыдан түсінесің қалған жайды.
Елу әйел пойызда тамақ сатып,
Елу жігіт базарда арба айдайды.
Мұның бәрі жоқтықтың белгісі ғой,
Әрине, суға кеткен тал қармайды.
Еуропаны басқарам деп мақтанатын,
Біздің үкімет осыған арланбайды.
Айтыста жолыққасын қастар аға,
Ал енді сөз майданы бастала ма?
Қазақстан елу елдің бірі болмақ,
Біз мұндай қарсы емеспіз бастамаға.
Алайда, сын айтылмай мін түзелмес,
Куәміз неше түрлі масқараға.
Өз байлығым өзіме бұйырмай тұр,
Бұйырып қайдағы жоқ қасқаларға.
Еу, бірақ та Құдай бізге бұл байлықты,
Таратсын деп бермеген басқаларға.
Жырымды төгейінші ақтарыла,
Қонғандай басымызға бақ дарыла.
Тәуелсізбіз деп кеудені кергенменен,
Саламыз көзімізді жат жағына.
Себебі, тәуелдіміз мұнайдың бағасы мен
Тәуелдіміз қытайдың заттарына.
Алайда, кемшіліктен жақсылық көп,
Болады жақсымыз деп мақтануға.
Таңдайы тоқылдақтай тақылдаған,
Ақындар сөз сөйлесін сахнадан,
Жақында ОБСЕ-нің саммиті өтті,
Бар әлем басшылары мақұлдаған.
Еу, осындай дүбірлі жиын жайлы,
Қандай ой білдіресіз ақын ағам, – деп қарсыласына сауал тастады Сырымбек Жақсыбекұлы.

Оның сауалына Есентүгел Әзиев былай жауап қатты:

– Қазағым тектіліктің төбесі едің,
Болжаған бабаларым келешегін.
Сол шалдар ырза болып жатқан шығар,
Ұрпақтарының байқап көп өсерін.
Ал, бүгін Қазақстан алшаңдады,
Төрағасы болып кеше ОБСЕ-нің.
Осындай Алла оң көз салып тұрса,
Несібең төмен болсын неге сенің.
Жанымнан ақтарайын жүлделі өлең,
Жырларым аламанда бір демеген.
Ойыны қысқы Азиада бізде өтеді,
Қарында Алатаудың шыңды елеген.
Алтыннан алқа тағып біздің спортшылар,
Көтерсін көк байрақты жүлдеменен.
Қазақ спортшылары танытар
Деп кетіп ед, бір көреген.

Ал Сырымбек Жақсыбекұлы сөз кезегі өзіне тигенде Қазақстандағы ұлттық спорт түрлерінің дамымай отырғанын айтты.

Сырымбек пен Есентүгелдің айтысын мына жерден тыңдай аласыздар:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: куаныш Қайдан: атырау
10.01.2011 16:58
+0 / -0
Айтыс сүйер ағайын-бауырлар,қалай мына айтыстарды жүктеп алуға болады?нұсқау засагандаыңызғы алдын-ала рақмет!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
21.01.2011 17:46
+0 / -0
Құрметті Қуаныш! «Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен үш күн бойы өткен ақындар айтысы сайтымызда толық жарияланып біткен соң ғана үнжазбаны жүктей аласыз.

Кімнен: Қазақ баласы Қайдан: Ауылдан
10.01.2011 18:07
+0 / -0
Ағайындар, барлық жұптың айтыстары шығып болсын! Содан кейін сілтеме берермін

Кімнен: Адай Қайдан: Маңғыстау
11.01.2011 03:42
+0 / -0
Жарайсың Сырымбек ел рухын ұлықтадың!Алла жар болсын.

Кімнен: Нұржан Қайдан: Атырау
25.01.2011 22:39
+0 / -0
Атыраудан азулы ақын шыққанына ризамын осы бетіңнен таймай халықтың жоғын жоқтайтын ақын бол бауырым.