Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:57

МӘДЕНИЕТ

Балғынбек пен Жандарбектің айтысы

2010 жылы желтоқсанда «Тәуелсіздік тағылымы» атты айтыстың бесінші жұбы болып сахнаға шыққан астаналық Балғынбек Имашев пен жетісулық Жандарбек Бұлғақовтың екеуара жыр сайысы әзіл айтыс түрінде өтті.

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
x
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Өздеріне дейін айтысқан ақындардан айырмашылығы бұл жолы қос ақында президент Назарбаев пен Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитін бірер тұста ғана айтып өтті. Керісінше, Жандарбек Бұлғақов әзілмен шымши отырып, саммитті сынай жырға қосты.

– Ал, аға мерейіңді асырайын,
Сахнада бар құлашпен ашылайын.
Молдалар пышағымен қорқытса да,
Қасында жас баладай жасымайын.
Ақындардың бәрі де саммитті айтты,
Мен де қазір соны айтып тасынайын.
Патшалар Астанада қауышты ғой,
Бірлік деп қатып жүрген басы дәйім.
Халыққа ерекше бір талап қойды,
Шындық қой, оның несін жасырайын.
Балкон мен көшелерге шықпа деді,
Түсіндіріп кетейін осы жайын.
Жұртпен бірге үйіңде сен де отырдың,
Дегендей барша заңға қосылайын.
Молданы қамап қойса дұрыс бопты,
Бәрімізге боп еді осы уайым.
Қазақстанды масқара қылар ма едің,
Бір патшаның кесіп ап насыбайын, – деп жырлаған Жандарбек Бұлғақовқа қарсыласы Балғынбек Имашов айтыстың екі жыл бойына теледидардан көрсетілмей кеткенін уытты әзіл жырмен түйреп өтті.

– Оу, көп болды Конгресс-холға кірмегелі,
Айтыстың ақ боз атын мінбегелі.
«Бас кеспек болсадағы тіл кеспек жоқ»,
Қадайын нысанаға сұр жебені.
Қызыл тілім қылмыскер болып қалып,
Айтыстың басылмады дүрбелеңі.
Эфирден екі жылдай аласталып,
Орнын басты шетелдің кірмелері.
«Он күнәнің тоғызы тілден» деген,
Өзімізде бүлдірдік-ау бірдеңені.
Екі жылға созылып өкпе-реніш,
Үкімет ләм-мим деп үндемеді.
Тәуелсіздік қарсаңы Құдайға шүкір,
Патшаның рақымшылық күндері еді.
Айтысым амнистия алып қайта шықты,
Босаған қылмыскердей түрмедегі, – деп айтыстың эфирден таратылуына билік тарапынан салынған тыйымды астарлы мысқылмен өлеңге қосты.

Жандарбек пен Балғынбектің айтысын мына жерден тыңдай аласыздар:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Adai Қайдан: KAzak eli jeri
04.01.2011 18:04
+0 / -0
Azattik rahmet senderge kimai Rinattin tilimen aitkanda abort jasamai tolik nuskasin bergeninizge!!!!

Кімнен: Қаракесек
04.01.2011 19:04
+0 / -0
Сара мен Бекарысың айтысында Сара қарсыласынан оқ бойы алда болды. Алайда қазылар ұпайын Бекарысқа беріп жатты. Бұл немене, ұпайды сатып жатқаны ма, астыртын? Мен сенімді болып отыр едім 100 пайызға Сараның жеңетініне, керісінше болып шықты. Айтыста да әділетісіздік бар екен, біздің сайлау науқанында, билік,сот жүйесіндегі сықылды.

Кімнен: Қаракесек.
04.01.2011 20:40
+0 / -0
Және,Түркістандық Бекарыс айтыс-өлеңінде айтады,Сара қызымызға арнап: күйзеліп жүрмін, жақында кішкентайлы болып қуанышты едім, 40 өтпей, әйелімнің отауына кіре алмай жүрмін, сондықтан бүгін кешке сені жеймін, деп. Ұят-ай! Осындай ұятсыз сөздер айтқан ақынға жоғары ұпай берді. Сара ақын жақсылап тұрып тойтарыс берді, мен саған иілетіндей, мені кімге санап тұрсың,деп. Жалпы, Сара бұл қарсыласынан өткірлігі жағынан да, тілінің шеберлігі жағынан да өте жоғары болды. Қазақтың бір жақсы ақын қызының алдында өзімді де кінәлі санадым,қазылардың әділетсіздігі үшін.

Кімнен: нурлан акмолдин Қайдан: караганды
04.01.2011 23:54
+0 / -0
Бекарыстың жеңгені әділ болды. Сара жаттанды жырын сапырғаннан басқа не айтты. Жулкынғаннан басқа жұғымы жоқ. Қазылар көзі ашық адамдар ғой, дұрыс бағалады, эмоцияға берілмей. Жалпы Бекарыс Сарадан кашаннан да бір бас биік тұрады. Мен осы айтысты өз көзіммен көргем, Бекарыстың әкімдер хақындағы пікірін алып тастапты, жүздері шыдамаған ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: айкумис
05.01.2011 16:16
+0 / -0
сара барлыгын орынды айтты;бул айтыста менде отырдым артык айтып кажет жок

Кімнен: Ардақ Бижігіт Қайдан: Астана
05.01.2011 13:31
+0 / -0
Ағайындар, кім жеңді ол басты мәселе емес, мәселе ақындарымыз шенеуліктердің тұсауын бұзып, айтыс қайта жанданды. Жеңіс сол! Соқыр шенеуліктер жас күшіктерше көздерін аша бастады. Ақындарымыз керемет, нағыз тәуелсіз ой айтатын да осы ақындарымыз. Сол себепті бөліп жарары болмау керек. Қазақстанның тәуелсіз ақындары жасасын. Ал тәуелді ақындар референдумды жырлап жүр ғой.

Кімнен: Айсулу
05.01.2011 16:18
+0 / -0
Сара барлыгын орынды айтты,бул айтыста менде отырдым!агайындар артык айтып кажет жок

Кімнен: Мейіржан Қайдан: Семейден
06.01.2011 01:04
+0 / -0
Түсінгенім, айтысты енді мемлекет қаржыландырады екен. Бұл айтыскерердің шенеуніктердің сөздерін сөөйлеуіне әкелмей ме?

Кімнен: Адай Қайдан: жер
08.01.2011 21:07
+0 / -0
Ассалаумагалейкум бауырлар!!!! Осы қазақтың айтысын театрга Жүрсиннин театрна дәлирекайтсақ ауыстырып бара жатқан жоқпыз ба? шынында Аманжол бас жүлдеге лайық па?