Жандарбек пен Бекарыстың айтысы
Желтоқсан айында «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында Астанада өткен мемлекеттік айтыстың шешуші кезеңіне шыққан екі жұптың бірі – Жандарбек Бұлғақов пен Бекарыс Шойбековтің жыр сайысын ұсынамыз.
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.x
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Қазылар алқасының шешімімен үш күнге созылған айтыстың соңғы күні екінші және үшінші орын үшін айтысқан Жандарбек пен Бекарыс та бұған дейінгі айтыстардағыдай президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, Астананың және осы қалада 2010 жылы саммиті өткен ЕҚЫҰ-ның атына жылы сөздер айтты.
Жандарбек Бұлғақов Астанадағы Конгресс-холл сарайында үш күн бойы өткен айтысқа Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің айтысқа келмегенін жырға қосты.
– Ақының айтар сөзден жаңылмасын,
Ағасы өзің едің сарындасым.
Кетерімде айтайын бір сөзімді,
Жас бала тектен-текке қағынбасын.
Байқаймын мына залдан көрінбейді,
Келеді деп еді Кәрім Мәсім.
Байқаймын, шаруаларымен келе алмады-ау,
Өз халқының жанынан табылғасын.
Мұхтар аға, өтініш жасайыншы,
Жас бала айтар сөзден жаңылмасын.
Ертең осы айтысым біткеннен соң,
Мәсімов бәрімізді қабылдасын, – деп жырлады Жандарбек.
Жандарбектің қарсыласы Бекарыс Шойбеков Қазақстан үкімет басшының айтысқа келе алмауын одан әрі жырмен сабақтап, түйреп өтті.
– Ақыннан аузын ашса өлең шығар,
Сөздердің сүбелісі сенен шығар.
Кәрім ағаң айтысқа келмей қалса,
Реті бәлкім солай келген шығар.
Премьерде ақылшы көп болады,
Біреуі ақыл-кеңес берген шығар.
«Кәреке, онда барып неғыласың,
Жылы сөз естімейсің» деген шығар, – деген Бекарыс Шойбеков қазылардың тарапынан 70 ұпай алып екінші орынды иеленсе, Жандарбек Бұлғақов 69 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.
Жандарбек пен Бекарыстың айтысы:
CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!
Құрметті оқырман!
Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.
Тіркелу үшін мына жерді басыңыз
Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.
Құрметпен,
Азаттығыңыз