Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:02

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Атырау полициясы "терроршының көзін жойғанына" сенімді

Атырауда терактілер жасамақ деген күдікпен қамауға алынғандардың бірі қолға түсіру барысында оққа ұшты. Алайда марқұмның ата-анасы оның полицияға еш қарсылық танытпағанын айтады.

Айсұлу, қаза тапқан Сергей Лидің әйелі, ері оққа ұшқан жерде тұр. Атырау, 31 тамыз 2011 жыл
Мәтін көлемі - +

Тамыздың 31-і күні ресми брифинг өткізген Атырау облысы прокуроры Сейфулла Кемалов лаңкестік бағыттағы әрекеттер асамақ болған 18 адамның қамалғанын хабарлады. Олардың алтауына терроризмге қатысы бар деген айып тағылды.

ПРОКУРОР МӘЛІМДЕМЕСІ

- Тамыздың 29-ы күні осы топтың бір белсендісін тұтқындау барысында құқық қорғау органы қызметкерлеріне қарсы оқ  атқандықтан көзі жойылды. Оқиға орнын тексеру барысында  қолдан жасалған жарылғыш заттар, қысқа сапты қарулар мен діни тақырыптағы әдебиеттер табылды, - деп мәлімдеді Сейфулла Кемалов

Оның айтуынша тергеу барысында олардың Атырау облысы мен Қазақстанның өзге өңірлерінде іске асырмақ болған жоспарлары анықталмақшы. Қазір бірнеше бағыттағы және соның ішінде қылмыстық кодекстің  терроризм туралы 233-бабына сай  қылмыстық іс қозғалып отыр.

- Жедел жүргізілген жұмыстар ұсталған топтың радикалды діни ағым өкілдері екенін көрсетті. Мерт болған жалғыз адам. Басқа зақымданған бөгде адамдар және құқық қорғау органы өкілдері болған жоқ. Атыраудағы криминалды жағдай қалыпқа келді. Алаңдайтын ештеме жоқ, - деді прокурор.

Бұдан әрі тергеудің аяқталмағанын көлденең тартқан прокурор журналистердің Атырау облысындағы терроршы топ жайлы хабардың қашан және қайдан пайда болғаны жайлы сауалдарына нақты ақпарат айтудан бас тартты.

ЕЛ ІШІНДЕГІ ДАҚПЫРТ ПЕН ҮРЕЙ

Жалпы тамыздың соңында Атырауда әлдебір экстермистік-террористік топ жайлы алып қашпа әңгіме гулеп тұрды. Жергілікті тұрғындар құқық қорғау органдары операциясын өздерінше топшылап, бір-біріне қала ішінде әр жерде болып жатқан жарылыстар жайлы  дақпырттар тарата бастады. Елді үрей биледі. Конституция күніне орай өтеді деп жоспарланған мерекелік шаралардың бірқатары орындалмай қалды.

Тамыздың 30 күні Астрахан-Атырау бағытымен жолдан оралған Азаттық тілшісі жолай қойылған қатаң полиция бақылауларын көрген еді. Оның себебін өзінше түсіндірген такси жүргізушісі де «Сіз естімеген екенсіз, Атырауда атыс болып жатыр ғой. Уахаббшылар қақтығыс бастады» деп өзінше түсіндірді.

Соңғы бірнеше айда Қазақстанның батыс өңірінде бірқатар экстермистік элементтердің бой көрсеткені белгілі. Мамырда Ақтөбедегі қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратында жанкешті өзін жарса, маусымда осы облыстағы бірнеше полиция қызметкерлері атыста қаза тапқан еді.

«ШАБУЫЛ ЖАСАУ ҮШІН ЕМЕС, БЕРІЛУ ҮШІН ШЫҚҚАН»

Азаттық тілшісі тамыздың 29 күні лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен қамауға алу барысында қаза болған діндардың туыстарымен жолыққан еді. Ислам дінін қабылдаған кәріс ұлтының азаматы 28 жастағы Сергей Лидің ата-анасы ұлдарының полицияға қарсылық көрсетпегенін айтады.

Марқұмның ата-анасы Борис Ли мен Елена Бурлакова ұзақ жылдар бойы ұстаз болған адамдар. Олардың отбасында үш ұлдары бар. Елена Бурлакованың айтуынша Сергей осыдан 7 жыл бұрын жеке басындағы сәтсіз оқиғадан соң ата-анасынан жасырын түрде ислам дінін қабылдаған. Ал жұбайы Айсұлудың дінге бет бұрғанына бес жылдай уақыт болыпты. Үй-ішінің қарсылығына қарамастан ол исламды ең дұрыс дін деп санайтындығын айтып, одан бас тартпаған.

- Ол намаз оқуға шамасы келсе орталық мешітке, кейде қаладағы ескі мешітке баратын. Тіпті уақыты болмай қалғанда құлшылығын үйде жасайтын еді. Сергей - өте еңбеккқор болатын. Өз қолымен үй салып, шағын шаруашылығын жүргізіп отырды. Соңғы ай бойы шағын жаздық үй құрылысымен айналысты. Мамандығы заңгер, арнайы лицензия алып, жеке күзет фирмасын ашып, бизнеспен де айналысқанымен, кейін кедергілерге тап болған соң тоқтатқан-ды. Содан соң су құбырлары кәсібімен айналыса бастады. Қала ішінде түрлі сыбыстар тарай бастағанда әйелі оның тіпті қоқыс шығаруына да тыйым салды, - дейді Елена Бурлакова.

Анасының айтуынша, Сергейді бұрын полицияға шақырған жайттар болмаған.

- Бір кездері әлде бір сұрақпен полицейдің келгені есімде. Бірақ  тұтқындап, қамау жайттары болған емес. Сергей ата-анасын уайымға салғысы келмейтін. Оның үстіне «сен қабылдаған діннің салдарынан осындай жағдайға тап болдың» дегенді де естігісі келмейтін болар, бұл мәселелер жайлы бізге ашып айтқан емес. Алайда оның құқық қорғау органдарына діндар мұсылман ретінде белгілі болғаны рас. Бұл тіпті оның бизнесінің өрістеуіне де кедергі болды.

Елена Бурлакованың айтуынша тамыздың 29-ы ері екеуі әдеттегідей немерелерін алып кетуге «Атырау» шағын ауданындағы Сергейдің үйіне барған. Жолай қарсы жолыққан келіні Айсұлу балаларды оларға тапсырып, өзі үйге кеткен.

- Алайда сағат 16.30 шамасында телефон шалған ол: «Мама, сіз шыға аласыз ба? Мұнда бір адамдар сөйлескісі келеді, тек жылы киініп шығыңыз» деді. Сыртқа шыққанымда джип машинасының қасында тұрған бейтаныс адам қол бұлғап шақырды. Машинаға келіп отырған менің қасыма танымайтын бір адам отырды. Ал алдыңғы орындықта отырған кісі өзін полиция бастығы ретінде таныстырды. «Сіздің ұлыңызға қатысты террористік әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар деген күдік бар. Балаңыздың өз еркімен берілуі үшін бізбен бірге баруыңыз керек» деді. Мен «Одан күдіктенердей қандай негіз бар? Құжаттарыңызды көрсете аласыз ба?» деп сұрағам. Ол маған тек «Барлық құжаттар бар, біз оны сізге көрсете аламыз» деді. Біз күйеуіміз екеуміз өз көлігімізбен полицейлерге ілесіп ұлымыздың үйіне келдік.

Көшені қарулы полицейлер қоршап алыпты. Операцияны ішкі істер бөлімінің бастығы басқарып жүрді. Сергейге телефон алып, сөйлесе бастадық. Ол Ақтөбедегі жайттарды мысал ете отырып, «дінге қатысы барларды көшеде себепсіз ұстап тұтқындап жатыр, мені де қамайды, мен шықпаймын» деді. Даусынан үрей араласқан әрі үмітін үзген адамның ырғағы аңғарылады. «Мама, сізді мұнда әдейі әкеліп отыр ма? Кетіңіздер бұл жерден. Менің балаларым саған аманат» деді. Мен оған «Ешқайда кетпеймін, маған сенің өлгенше түрмеде тірі отырғаның керек» дедім. Ол маған «Сен мені шығара аласың ба, ондай мүмкіндігің бар ма?» деді.

Біз онымен телефонмен жиырма минуттай сөйлестік. Содан соң бірнеше «Газель» көліктері келіп, одан бетперде киген, автомат арқалаған адамдар түсіп, оқ ататын орындарға орналаса бастады. Кейін Айсұлумен сөйлескен соң «жақсы, жаным шығамын» деп ұлым келісім берді. Ал әкесі сол жерде тұрғандардың басшысынан қару қолданбауды сұрап, «Ұлым шығады, оқ атпаңдар!» деп өтінді. Оған жауап берген полиция бастығы оқ атылмайтынына уәде берді. Аз уақытқа Сергеймен байланыс үзіліп қалды. Ол әрі қарай телефонға жауап берген жоқ. Мен болсам полициядан «Мені балама жіберіңдер! Ол менімен бірге шығады!» дегенмін. «Жоқ болмайды, ол сізді кепілдікке алып қалуы мүмкін» деді. Туған шешесін қалай кепілдікке алмақ?

Сергей шығады деп күтіп отырғанда қасымызға ақшыл түсті костюм киген әлгі операцияны басқарып отырған офицер келіп біздің көлігімізді әрі әкетуді талап етті. «Қазір мына жердің сау тамтығы қалмайды, ол үсті- басына жарылғыш заттар асып алып шығып келеді» деп айқайлады. Мен өзімнің кетпейтінімді айттым. «Кімді жармақ ол, өз әке-шешесі мен әйелін бе?» деп сұрадым. 

Полиция талабы бойынша көлігімізді ары жылжыттық. Әкесі «Оқ атпаңдар, ол шығады!» деп айқайлаумен болды. Мен қақпаның кілтін шығарып өзім ашқым келген, бірақ мені ары қарай итеріп жіберді. Сол кезде атыс естілді. Бұл кезде уақыт кешкі 19 сағат 10 минут еді. Ол жақсы есімде. Шамасы осы уақыт менің баламның ажалы жеткен тұс болуы керек. Аздан соң қараңғылық түсе бастады. Әбден қараңғылық қоюланғанда қақпаға «Газель» көлігін әкелді. Әрекеттердің барлығы жарықсыз жүргізіліп жатты. Қақпаны қоршай 7-8 адам тұра қалды. Онсыз да тас қараңғыда не болып жатқанын аңғару, көру мүмкін емес еді. Баламның денесін бізге көрсетпестен алып кетті. Тек содан кейін ғана біздің үйге жақындауымызға мүмкіндік берді.

Мен «Ұлыма не болды?» деп сұрадым. Маған «Кешіріңіз, сіздің ұлыңыз қайтыс болды» деді. «Денесін қашан аламыз?» деген сауалыма «Әзір емес, алдымен сараптама жасалады» деді. Бірақ бізді үйге кіргізген жоқ. Ол жерде бізді қатыстырмай іздеу жұмыстары жүріп жатты. Денені алып кеткен соң 10 минуттай уақыт өткен кезде терезенің сынған дыбысын естідік. Үйдің артындағы терезеге оқ тиіпті. Оны не үшін атты – түсініксіз. Саперлер жарылғыш заттар іздеп жүрді. Олардың қасында куәлар деп аталған адамдар болды. Сонда біздің өмірімізді «қорғау» мақсатында баламыздың үйіне жолатпауларын түсіндік делік, ал куә болып жүрген бөгде адамдардың өмірі үшін неге сақтық шаралары жасалмады? Оларды неге кіргізді? 

ЖАРЫЛЫССЫЗ АТЫС

Туғандарының айтуынша Сергейді ол үйінен шыға берген тұста табалдырықта атқан. Оның әкесі, 35 жыл бастапқы әскери дайындық сабағынан берген тәжірибелі мұғалім Борис Ли алдымен мергеннің бір рет атқан оғының дауысын естігенін айтады. Содан соң бірнеше автоматтан оқ атылған және соңында тағы мерген оғының дауысын естіген.

- Полицейлер оның қолында «Ф-1» гранатасының болғаны туралы айтқанымен ешқандай жарылысты естігенім жоқ. Ал егер «Ф-1» жарылса, ол жердегі үйлердің де күлі көкке ұшар еді, - дейді ол.

Азаттық тілшісі марқұмның үйінде болған еді. Аулада ешқандай жарылыстың да, қанның да, оқтың да ізі байқалмайды. Тек үйдің артындағы оқ тиген жалғыз терезе болмаса.

СЕРГЕЙДІ МҰСЫЛМАНША ЖЕРЛЕДІ

- Біз тек көргенімізді айтып отырмыз. Біздің қолымызға тінту хаттамасын да, алынған заттардың тізімін де берген жоқ. Үйден ноутбук, резеңке қолшоқпарлар мен Құран және сунна кітаптарын алып кетті. Олар осы орталық мешіттен сатып алынған кітаптар еді, -дейді Елена Бурлакова.

Ал Сергейдің жұбайы Айсұлу тінтуден кейін күйеуінің әмиянындағы жеке құжаттарына қоса 240 мың теңгенің де қолды болғанын айтады.  

- Ұлымызды оның өзі қабылдаған ислам дінінің талабына сай ақ жуып арулап жерледік. Ол осы дінді қабылдады, сол үшін мерт болды. Енді өлген адамды тәрбиелеп қайтемін, -дейді марқұмның анасы.

Қаза болған діндардың әкесі Борис Ли көкейінде қалған сауалдарын Азаттық арқылы  құқық қорғау органдарына жолдады

- Неге полиция басшысы қару қолданбау туралы айтқан уәдесін орындамады? Неге баламыздың денесін көруге рұқсат етпеді? Іздеу жұмыстарын неге бізсіз өткізді?



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Атыраулық Қайдан: Атырау
01.09.2011 03:23
+0 / -0
Қай ата ана өз баласын жамандыққа қисын. Өздері христиан бола тұра, өзге дінге өтіп кетуіне жол беріп қойғаннан кейін-ақ Сергейдің ата анасымен жолының айырылғанын байқауға болады. Сондықтан да, әке шешесі баласының жайын шынымен бақылаудан шығарып алған. Балам еш қарсылық көрсетпеді деуі де сондықтан.

Ал, құқық қорғау органдары операцияға тыңғылықты дайындықпен және салқынқандылықпен келгенін байқауға болады. Қателесіп оқ атуы мүмкін емес. Операция басталмастан бұрын ҰҚК қызметкерлері Сергейді және оның үйжайын толықтай бақылауда ұстап, нақты мәліметтері болған. Ол яғни, үйде қандай қару жарақтың барлығы және Сергейдің психологиялық портреті түріндегі мәліметтер.

Жеке өз басым, полиция мен арнайы жасақтың іс қимылына өте сауатты деген баға беремін.

Сергейдің ата анасынының жағдайына да түсіністікпен қараймын. Дегенмен, ұлдарының тектен текке өлтірілмегенін олар да түсінулері керек. Себебі, олар жағдайды баяғыда ақ бақылаудан шығарып алған болатын

Кімнен: ссс Қайдан: атырау
01.09.2011 09:38
+0 / -0
Үйден ноутбук, резеңке қолшоқпарлар мен Құран және сунна кітаптарын алып кетті.Сонда резеңке қолшоқпарларды не үшін сақтаған. Ол тек ҚҚО өкілдерінде болмай ма?

Кімнен: ара Қайдан: уя
01.09.2011 09:44
+0 / -0
бул бейбит халыкка жасалган нагыз - ТЕРРОР!!!!
МВД мен КНБ-нын террористтерi осылай онсыз да момын халыкты коркытып, уркiтiп устамакшы!!!!

бiреу айтуы мумкiн, неге онда баска дiндегiлердi кырмайды деп, себебi, мусылман елдерiнде 20-30 жыл билiкте отырган залым патшаларга карсылык басталды. Содан бiздiн коркау шекпендiлер коркып, бiздегi мусылмандар да алемдегi баска мусылмандардан улгi алып котерiлiске шыга ма де елiмiздегi мусылмандардын мойнына кыл бурау сала бастады.......

ал адiлетсiздiкке конбей азат омiр сургiсi келетiндердi уакабист, террорист деп артурлi аттар койып кугындай бастады. Сонда египет, тунис, сирия, йемен сиякты елдердегi кошеге шыккан елдiн бари уакабист пе..?

немесе ауганстан, ирак, палестинадагы баскыншыларга карсы шыгып оз отанын коргаган мусылмандар террорист пе????

Кімнен: Атыраулық Қайдан: Атырау
01.09.2011 14:25
+0 / -0
Кешегі оқиғаларда бейбіт халыққа нақты қандай террор жасалыпты? Факт бар ма? Өзіміз Атырауда тұрамыз, билік тарапынан дәл кешегі операция барысында қарапайым халықтың зардап шеккенін байқамадық. Керісінше, қарапайым халық вахаббизм ағымында жүргендердің көзінің құртылуына құлықты. Тіпті билікке "кешіктіңдер, сылбыр қимылдайсыңдар" деушілер көп. Оған куә Ақтөбедегі атыстар. Бірақ бұл жолы, Атырауда, құқық қорғау органдары сауатты қимыл жасады.

Халықтың дәл осы тұста билік жағында болуының себебі біреу, халық үрей қорқынышсыз өмір сүргісі келеді. Балаларының болашағының жарқын болғанын қалайды. Мүмкін бұл сөздер Сізге күлкілі де болып көрінетін шығар. Тас түскен жеріне ауыр демекші, Атырау халқы үшін вахаббистер ат үсті қарайтын мәселе емес. Қарапайым мысал, бірінші қыркүйекте өз баласын мектепке жібер
алдында адамдар кәдімгідей қобалжи бастады. Кейбіреулері балаларын жіберген де жоқ.

Сондықтан мәселенің тонын ауыстырып билікке деген өкпе ренішіңді дәл осы арқылы жеткізуің орынсыз деп білемін. Араб елдеріндегі жағдаймен, олардағы мұсылман жамааттың ұстанымымен қазақ елінің ахуалын салыстыруың өте қате. Мүмкін вахаббизм ол елдерде қалыпты ағым ретінде қабылданатын болар, бірақ ол ағым қазаққа мүлдем бармайды

Кімнен: Гүл Қайдан: Гүлзар
01.09.2011 15:24
+0 / -0
Ара, "елiмiздегi мусылмандардын мойнына кыл бурау сала бастады..." деп жазбас бұрын жақсылап ойланып алғаныңыз жөн. Бұл нағыз арандатушылық. Қазір халық діндарлардан қаймығатын, тіпті қорқатын халге жетуге сәл-ақ қалды. Ал сіз лаңкестік әрекет жасауға дайындалып жүргендерді "мұсылмандар ғой" дейсіз. Жұрттың берекесін қашырып, көңілдеріне үрей ұялатып, тыныштыққа нұқсан келтіргелі жүрген жандарды қалай мұсылман деуге болады. Автобустар жарылып, дүкендер өртеніп, қара халық қырылып жатса "Бейбіт халыққа жасалған нағыз ТЕРРОР" сонда болады. Құдай оның бетін аулақ қылсын.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уя
02.09.2011 11:21
+0 / -0
Ол жарылыстардын себебин билдиниз бе? егер мусылмандар террорист болса неге дубайдагы арабтар (ол жерде 800 мын араб, 4.2 млн сырттан келген келимсектер) сырттан келгендерди шетинен жара бермейди? немесе неге халкынын 90% мусылман сауд арабиясынын мусылмандары шетинен террорист болып бир-бирин жармайды? немесе елдериндеги жумыска келген европалыктарды жармайды?


ал ауганстан, шешенстан, ирак, палестинадагы жарылыстарга келсек, ол баска амалы калмаган абден шарасы таусылган адамнын амалы. БАскыншы жау, ата-анасын, туган туысын кырып тастаган сон баска амалы калмай абден омирден тунилген адам озин жарады, жане озимен бирге сол туыстарын олтирген жауды жарады.
НЕГЕ СИЗДЕР СОЛ БЕЙБИТ ЖАТКАН ХАЛЫКТЫ КОЙДАЙ КЫРГАН АКШ ПЕН НАТО АСКЕРИН ТЕРРОРИСТТЕР ДЕП АЙЫПТАМАЙСЫЗДАР?!

ал казакстандагы террорларга келсек, казир екинин бирин сталиннин кезиндегидей террорист деп атып жатыр.
ал актобедеги жарылыстарга келсек, билiктiн колшокпар милициялары абден момын мусылмандарга кешке дейин тиiciп, унеми устап алып кинап титыктатканнан кейин ашуга булыккан адамдар тура сол менттерди жарды. АЙТПЕСЕ ЖАЙДАН-ЖАЙ АДАМ БИРЕУДИ ЖАРМАЙДЫ, БУЛ АБДЕН АШЫНГАН АДАМНЫН ICI!

ал биздин билiк бунын барин баскаша корсетедi!!!

Кімнен: қонақ Қайдан: өзен
01.09.2011 21:44
+0 / -0
ИЯ бәріде орынды секілді кәрисің не үшін өлді кім үшін дінге бет бұрды сол үшін өлді,өз қазағымызды жөнге сала алмай жүргенде мынау қызық болды-ау.Әлі бұл бастамасы, бетін аулақ қылсын дейік балдарыңды қатаң бақылауға алмасаңдар жер тоқпақтап қалуларың әбден мүмкін.

Кімнен: Ғалымжан Қайдан: Атырау
01.09.2011 23:20
+0 / -0
Азаттықтың оқырмандары мен комментаторларының шу ете қалатын бір бөлігін ескере отырып ойлаймын, сірә мына комментімнен кейін бір топ адам мені пәлен түгенсің дер, дегенмен де айтайын, мені пәлен түгенсің демес бұрын алдымен тексеріп алыңдар, шынымен де мен пәлен түген бекенмін, әлде қара халықтың мың түрлісінің бірімін бе. Ал комментіме келер болсақ:
Кімнен: Атыраулық Қайдан: Атырау
01.09.2011 14:25
пенен
Кімнен: Гүл Қайдан: Гүлзар
01.09.2011 15:24
- дің пікірлеріне толықтай қосыла отырып айтарым, шынымен де бүгін кішкентәй 2 ұлымызды мектепке 1-ші қыркүйекке апара жатып қобалжығанымыз рас. Атырауда шыныменен де гуілдеген әңгіме, қайсысы өтірік, қайсысы расын білмейсің. Және мектеп алдында кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлерін (офицерлер) көріп көңіліміз орныққаны да рас.
Мен де осы қара халықтың бірімін, менің де әртүрлі жәйттарға өз пікірлерім бар, алайда негізгі пікірім - не де болса бейбіт жолмен болуға тиіс, жазықсыз адамдардың қаны төгілмеуге тиіс, ал ондай нәтижеге террордың күшімен жету мүмкін емес. қандай да болмасын қару алып алып қарсылық көрсетемін деген күшке қарсы күш те табылады. пәленбай түрлі күштер күшенген кезде жазықсыз халық зардап шегіп қалуы мүмкін. не де болса бейбіт жолдарын іздестіру қажет.
Ғалымжан.

Кімнен: қазақбай Қайдан: қазақстаннан
02.09.2011 02:31
+0 / -0
пікір білдіргенде де адамда бір тиянақты ой болуға тиіс. әркімнің дақпыртына ілесіп сандырақтай беру бірге оңды болғанмен бірге теріс болуы да мүмкін. қарадай қалтылдап отырған қара халықты қара басыңыздың қамы үшін қалқан қылуларыңыз жөнсіз. мемлекет халықсыз кім, халық бірліксіз, яғни мемлекетсіз кім? ойлауға шамаңыз келмесе ой білдіріп қайтесіз. онсыз да уахаб кім, шын мұсылман кім, немесе кімнің кім екенін әлі тани алмай келе жатқандар үшін бұларыңыз жүректегі қанжар іспетті емес пе?!.
Пікір алмасу

Кімнен: Ғалымжан Қайдан: Атырау
02.09.2011 14:19
+0 / -0
не де болса бейбіт жолдарын іздестіру қажет деген "сандырақтың" несі теріс? әлдебір "ойды" түсінбесе ааа дей салуға да болар, тап тап бермей, түсінгендер түсіне жатар. жалғыз емессіз ғой.

Кімнен: Үрей мен үміт Қайдан: Жиде
03.09.2011 12:39
+0 / -0
Иә жаратушы ием! Егер қаза болған раббың нағыз мұсылман болса, онда оның жанын жаннаттың жоғарғы шеіне орналастырып кінәлілерді осы өмірде масқаралап ал сот күнінде қатаң жазаға салуыңды сұраймыз. Шын жүректі, таза ниетті мұсылман құлдарыңа көмек көрсет, олар жалғыз саған сеніп жалғыз саған ғана құлшылық жасайды, жаулардың жүректеріне үрейді қоныс ете гөр.

Кімнен: мусылман Қайдан: атырау
03.09.2011 17:19
+0 / -0
Алланын суйген кулын олтіру улкен куна,полицейлер бул ушін Алланын алдында жауап беретіні хак

Кімнен: қазақбай Қайдан: нөкіс
04.09.2011 01:53
+0 / -0
Билік қандай болсын мейлі ол парақор билік я нағыз парақорсыз ақиқатты билік бола ма әйтеуір ел тыныштығын сақтайтын мемлекет болу керек. полициялар олар халық сақшысы біздің тыныштығымызды ойлайтын халық сарбаздары. мен олардың алдында бас ием жұмыстары да өте қиын. ойлап көріңдер егер де полиция болмаса елде не боларын.

Кімнен: Мүслима.
04.09.2011 03:54
+0 / -0
Құрметті оқырман! Бұл жердегі бізге күмән нәрсенің бәрі де АЛЛАҺқа аян. Өйткені Ол, көруші, естуші де білуші, сол үшін куәлік беремін. Себебі АЛЛАҺ тағала біздің әулетімізге Өзінің бар екендігін, Оған мойын ұсыну ымызды бұйырып, тікелей бұйрық берді. Намаз оқы деді. Мойындамағандарымызға, Өзіне тіл тигізгендерімізге зауал жіберді, жүрегімізге үрей жіберді, бауыр ет ба-ламыздан айырды, мүгедек қылып тастады, қиямет қайымның шет жағын көрсетті. Қүранда бар ғой қиямет қайым болғанда өз балаңнан, өз анаңнан қашасың деген, сонытірі кезімізде көрсетті. Бізге намаз оқуға болмайды, офисте отыра мын деп жүрген қызымды бір түнде намазға тұрғызды, жұма намазға бармай жүрген ұлымның қолына сәждеде жатырған кісінің сүгіретін түсірді. Бұл дүниеде бізден де басқа көзге көрінбейтін бір әлемнің, жын дар әлемінің бар екенін көрсетті. Олардың бізді азғырушылар екенін білдірді. Арысын айтпай-ақ қояйын. Бізге сұмдықтарды білдірді сол ар қылы шындықты мойындатты. Осыларды біле тұра бір біріне қиянат жасаушыларды аяймын, қиянатының зардабын тартады -ау деп. Бұл айтып отырғандарым тек біразы ғана. Құдайдың құдіретінен қорқайық. Аузымызды байқап ашып, аяғымызды байқап басайық. Кім екенімізге, қайдан келгенімізге, не істеп жүргенімізге, қайда баратынымызға есеп берейік, өйткені бұл сұрақтың алдымыздан шығатынына еш күмән жоқ. АЛЛАҺ жүрегімізге Иман, Дінімізге қуат, Елімізге тыныштық берсін !

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.09.2011 16:41
+0 / -0
Полицейлердин ози терорис неге берилейн деген адамды атып тастайды.Кандай опасыз урликтирип бир адамга бола ок атып.бейбит жолмен кандай маселе болсын шешуге болады емеспа.Казак осы ма еди оз динине кирген адамды осындай жолмен олтиру керек па еди.неге сонша надан болдык.Оз динимизди озимиз жау жасап бейбит жолды билмедин бе?Анау отырган назарбаевтан бастап ит болгансындарма билик басындагылар?Атыраудын окил сымак топас Нурбеги неге аузын ашып отыр.Жумага келген жамагатка дурыс уагыз неге айтпайды?Атананалет акшадан олген.Оразадан тускен табысты болисе алмай жатканда жазыксыз мусылман болган азаматтан айрылдык

Кімнен: Мусылман
06.09.2011 15:57
+0 / -0
Егер де усталган мусылмандар мен атылган мусылман жазыксыз жала жабылган болса, осы жалага катысы бар арбир адамга Алланын каргысы болсын!!! Амииин!!!

Кімнен: Адай Қайдан: Жаңаөзен
06.09.2011 18:21
+0 / -0
НЕ болып кетті? Ислам дініне кіріп ұстанып, Алланы мойындаған адамның бәрі террорист болып, билікте отырып халықты тонап, саунада ойнас жасаған шенеуіктер кім болғаны? О Аллай не болып кетті?

Кімнен: вввввввввввв
06.09.2011 19:45
+0 / -0
Орыс тілді қазақтар исламның жауы екенін бүгінгі биліктің зорлық істернен көреміз. Өкінішті

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.09.2011 20:14
+0 / -0
«Битва экстрасенсов» байқауының жеңімпазы Б. Жұматованың айтуынша, 2012 жыл – жаһандық деңгейде бәрі асыға күтіп отырған дінге деген көзқарасты қайта қарау жылы.

«Мен Жерге басқа планеталықтардың келетінін бірнеше мәрте айтқан болатынмын. Алайда, бұған қоса, мен жаңа құдайдың дүниеге келуін күтіп отырмын. Ол 2011 мен 2012 жыл аралығында тууы керек. Сонда біздер, еврейлер мен арабтар тәрізді, оның жерге түсуінің куәсі боламыз. Менің болжауымша, ол Шығыс өңірлерде дүниеге келеді», - дейді Б. Жұматова «Караван» газетіне берген сұхбатында.

Кімнен: Ғалымжан Қайдан: ҚАЗ
07.09.2011 01:12
+0 / -0
Не масқарашылық мынау, халқымыз дінмен, тілмен уланып жатыр, қашан біліммен уланамыз???

Кімнен: Мұсылман.
30.09.2011 00:00
+0 / -0
Жұматоваң жынмен байланысқан, соның сөзін сөйлеп отыр. Олар Алла тағалаға-біз қияметке дейін адамдарды тозаққа түсіруге жұмыс жасаймыз деп сөз берген. Екінші Құдай деген не масқарашылық, осы пікірді жазушы Алладан кешірім сұра, тәубәңа кел, Алланың жазасы қатты.