Дүйсенбі, 21 сәуір 2014, Алматы 07:59


МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Жандарбек пен Сараның айтысы

Сахнада Сара Тоқтамысова мен Жандарбек Бұлғақов. Суретті түсірген Өркен Жоямерген. Астана. 9 желтоқсан 2012 жыл.
Сахнада Сара Тоқтамысова мен Жандарбек Бұлғақов. Суретті түсірген Өркен Жоямерген. Астана. 9 желтоқсан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Желтоқсанның 9-ы күні «Біздің ел осындай» деген атпен Астанада өткен айтыста Жандарбек Бұлғақов пен Сара Тоқтамысова сөз сайыстырды.

Жандарбек Бұлғақов пен Сара Тоқтамысова тақырыпты «Қазақстан – жемқорлық жайлаған ел» тұрғысынан жырлады. Айтысты бастаған Жандарбек Бұлғақов ауруханалардағы ақша мәселесін тілге тиек етті.

– Перзентханаға барғанда өз әйелім,
Көп былықты көзіммен тағы көрдім.
Жемқорлық ол жерді де жайлап апты,
Ақшасы тәуір екен тәуір емнің.
«Әдемі тусын десең ақша ту» деп,
Көкесін көрсетті олар әбігердің.
Бағасын шарықтатып саудалап тұр,
Халыққа тегін берілер дәрілердің.
Осыларды ескермей біздің билік,
«Өсіру керек» дейді санын елдің.
«Қазақтың саны өссін» деп қақсай бермей,
Санасын өсіру керек дәрігердің, - дей келе жырын:

– Мемлекет жемқорлықты жоймаса егер,
Жемқорлық мемлекетті жойып тынар, – деп өлеңмен өрнектеді.

Қарсыласының сөзін әрі жалғастырған Сара Тоқтамысова:

– «Гиппократ» деген шалға емес,
Алла атымен ант беріп,
Алдына келген ауруға,
Аманатындай қарасын, – деп .

Сара Тоқтамысова әзілмен астарлап айтқан шумақтарымен қарттарды да жырға қосты:

– Қазақтың кемпір-шалдары-ай,
Ендігі қалған өмірін,
Қара басына арнамай,
Немере-шөберелердің,
Кем-кетігіне жамалдың.
«Бақыты үшін» деп баламның,
Келінге келін боп отырған,
Қариялары-ай заманның.
... «Жылы суға қол малып»,
Деген осы, - дей жүріп,
Жаялық жуып, баламен,
Бала боп үйге қамалдың.

Жандарбек пен Сараның айтысы
Жандарбек пен Сараның айтысыi
|| 0:00:00
...
 
🔇
X



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Зайтова Ботагоз Қайдан: Аксай, БКО
16.12.2012 13:51
+0 / -0
Жандарбек жарайсын! Сендей ер азамат ғасырда бір туатын шығар! Көз тимей елдің алдында жүре бер! Осы айтыстың видео нұсқасы сатылымға шығады ма екен Астанада?Қайдан және қашан сатып алуға болады екен?...

Кімнен: Рахим Қайдан: Актобе
16.12.2012 16:32
+0 / -0
Айтыстың аудиожазбасын бергендеріңізге рахмет!
Көрермен болып отырғандардың дауысы қатты естіледі екен.

Кімнен: Каким Қайдан: Астана
16.12.2012 17:16
+1 / -0
Жандарбек бас жулде сеники! Киянатшыл албастылар тарих алдында карабет

Кімнен: Адай Қайдан: Атырау
16.12.2012 19:28
+0 / -0
мына еки корермен айел адам айтыс тындауга емес осек айтыуга келген ау дейдин шамасы айтыс дурыс естилмейди алдынгы жуптардында айтысында балгынбекпен мейрбектин айтысында да осек айтып отыр еди али айтып отырго уйлеринде отырып айтса кайтеди екен айтыска келгесин айтыс тындамайма екен видео нускасын салсаныздар алдын ала рахмет

Кімнен: Максут Қайдан: Таращ
17.12.2012 08:48
+0 / -0
Казылар обал сауап дегеннен журдай уятсыз екенсиндер.халыкпен санаспайтын болсандар неменеге жарнама жасап шакырасындар 5-6 казы жиналып кишигирим класспа аудиторияма сол жерде откизбейсиндерме

Кімнен: Курмет Қайдан: Астана
17.12.2012 11:55
+0 / -0
Амансыздарба ағайын,Расыменде бул жердеги аудио нускасын тындау мумкин емес,Казакстан каналы тусирген видео нускасы интернетке уже шыгып койды жартысы,Онда таза дауыспен жазылган видео сапалы турде ! Мына жерден коре аласыздар http://www.youtube.com/watch?v=EenCV1tZKw8

Кімнен: Құрметпен Астаналық Құрметке Қайдан: Қазақия
17.12.2012 21:08
+0 / -0
Құрметті Құрмет мырза мынауыныз бир жақсы жаңалық екен. Бірақ берген сілтемеңіз қате деп жатыр.мүмкіндігінше қайтадан қарап көресізба?
Пікір алмасу

Кімнен: Курмет Қайдан: Астана
19.12.2012 11:55
+0 / -0
http://www.youtube.com/watch?v=EenCV1tZKw8 дурыстап кориниз ,ашылу керек ,Егер ашалмасаныз www.youtube.com кирип айтыс деп жазсаныз ,сонын ишинин тауып алуга болады

Кімнен: Нағыз қазақ Қайдан: Ауыл
18.12.2012 00:33
+0 / -0
Жандарбек Бұлғақов Оразалы Досбосыновтан кейінгі Алматы облысының ендігі үкілеген жүйрігі.

Кімнен: амангелди Қайдан: сейтхан
18.12.2012 05:21
+0 / -0
Сара Тоқтамысова қыртымбай дегенди неге коп айта бергенсиз, кулакка турпидей тиеди екен тындауга деген ынтаныкуртат
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2012 22:47
+0 / -0
Құрмет айтысты калай көшіруге болады?
Пікір алмасу

Кімнен: Курмет Қайдан: Астана
21.12.2012 11:13
+0 / -0
download master 5.13.3.1321 осы программаны коширип алыныз !www.youtube.com сайтындагы кез-келген видеоны осы программа аркылы коширип алуга болады.

Кімнен: Асыл
21.12.2012 20:34
+0 / -0
Жандарбекті айтыста әлі шындап ешкім жеңген емес,Жюрилер осы уақытқа дейін бұрмалап келеді,Бірақ іштей бәрі мйындайды,

Кімнен: Рахим Қайдан: Ақтөбе
22.12.2012 00:20
+0 / -0
Қайнысы мен қайын сіңлісіне еркелетіп ат қоя білуі - жеңгенің тапқырлығын, ой ұшқырлығы мен әдептілігін, сыпайлығы мен сыйластығын көрсетеді.
Пікір алмасу

Кімнен: мейрам Қайдан: астана
24.12.2012 16:02
+0 / -0
Қайнысын қыртымбай дегени сараның ой ұшқырлығын емес, надан әдепсіздігін корсетеді. Жалпы, дұрыс тарбие кормеген қыз сияқты гой ози. Дөрекі сойлейди. сонымен коса, кеудесин котерип сойлейди. Акылы аз адамның кеудесин котеретинин билемиз. бир куни кудай басады гой кеуденди сара. Азаматты корлама

Кімнен: майра Қайдан: семейден
24.12.2012 16:05
+0 / -0
Сара, айналайын, мен озим мугалим адаммын. Сен калай кырт, кыртымбай деген созди коп айттын. Ол создин мадениетсиз соз екенин тусинуге орен жетпегени кынжылтты мени. Озимиздин семейдин кыздарына тилеулеспиз гой, ана озиндей Асемнен улги ал. Кандай тарбиели, текти кыз. сендер бир елдин абыройын аркалап журсиндер гой. ар создерине абай болмасандар артагы ел-журттарына намыс кой...

Кімнен: Айко Қайдан: Алматы
25.12.2012 00:50
+0 / -0
тема жандарбек толька вперед мы с тобой дарю милион аллых роз ты эт заслужил

Кімнен: Акыл Калданов Қайдан: Тараз.Б.Момышұлы
25.12.2012 16:40
+0 / -0
Ақын қыздардын мықтыларын сұрыптасақ
1 Айнұр Тұрсынбаева
2 Сара Тоқтамысова
3 Ақмарал (ОҚО ) фамилиясы есімде жоқ
Қалғандары ақынсымақ
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.12.2012 18:26
+0 / -0
Ақмаралдың фамилясы Леубаева
Пікір алмасу

Кімнен: Айдархан Қайдан: Керекуден
27.12.2012 12:08
+0 / -0
Бул тизимге миндетти турде Асем Ережекызын косу керек. Оте жаксы акын. Оз оленимен келген акын айтыска, биреудикин жаттап емес. Журсин ага да тегин мактамайды бул кызды
Пікір алмасу

Кімнен: Аружан Қайдан: сарыагаш
27.12.2012 12:06
+0 / -0
Акын кыздардын мыктысын аныктайтын сен ким един?!
Сараны мыктылардын санатына киргизбей-ак койсай. Корингенге олен жаздырып, жаттап алатын акын. соны жазып берген акындардын оздери-ак жыр кылып айтып журген жок па?! Дым билими жок ,дореки. Сырты кандай кара болса, иши де сондай кара. Ал, Акмарал Леубаева мен Айнурга дау жок
Пікір алмасу

Кімнен: жанар Қайдан: караганды
08.01.2013 13:04
+0 / -0
Сара слабая на счет айтыса, она только про себя вечно хвалу гонит и все ,а глобальные вопросы не поднимает.
Вот действительно акыны - это Леубаева, Ренат Заитов, и Абылхаир с Кызылорды, Жандарбек и его отец Айтакын .

Кімнен: Акыл Калданов Қайдан: Тараз
27.12.2012 21:17
+0 / -0
кешіріңіздер жоғарыда жазған пікір өз жеке пікірім.сондықтан оған кімді қосып кімді алсамда өз шаруам.Ақынның мықтылығы Жүрсін ағамның мақтауымен өлшенбейді.

Кімнен: БАҚ Қайдан: Астана
01.01.2013 21:12
+0 / -0
Айтыстың атасы саналатын Жүрсін Ерман Жан­дар­бек жөнінде «айтыспен бірге өскен бала, Мұхаметжанның деңгейіне дейін өскен ақын. Қазіргі айтыстың бағын ашып отырған – Жандарбек», депті баспасөз бетінде

Кімнен: Махамбеттен Қайдан: Сексеуілден
02.01.2013 00:23
+0 / -0
Ағайындар Жандарбек пен Жәмиғаның айтысын кайдан көруге немесе тыңдауға болады? Алдына ала рахмет!

Кімнен: Маржан
07.01.2013 11:59
+0 / -0
Осы айтысты4 видеосын калай коруге болады айтыныздаршы

Кімнен: жанар Қайдан: караганда
08.01.2013 13:00
+0 / -0
неужели не подготовили смену, почему только 6 нашлось? и еще мне не понравилось что они задевали нацию спортсменов ,так нельзя, все они за Казахстан выступали, вообще неверно выразились.

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Сұрақтың фотосы

Украинадағы сепаратизм, АҚШ наразылығы және жүргізушілер ереуілі