Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 04:45


ӘЛЕУМЕТ

Болат Назарбаев бұрынғы әйелін Нью-Йорк сотына берді

Қазақстан президентінің інісі Болат Назарбаев бұрынғы әйелі мен оның ұлын Нью-Йорктегі 20 миллион АҚШ доллары тұратын апартамент-пәтерін заңсыз түрде иеленіп алды деп сотқа берген.

Болат Назарбаев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.
Болат Назарбаев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.
Мәтін көлемі - +
Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы дауға айналған пәтер Plaza Hotel деп аталатын қымбат кешенде орналасқан.

Өткен сәрсенбі, сәуірдің 25-і күні Манхэттен сотына табыс етілген талап-арызда Болат Назарбаевтың бұл кондоминиумды 2008 жылғы ақпан айында сатып алғаны жазылған. Арыз берушінің сөзі бойынша кейін оның бұрынғы әйелі Майра Назарбаева мен оның ұлы Данияр Кесікбаев одан апартаментті иелену құқығын өздеріне беруді талап еткен.

Өзара жасаған келісім-шарттар бойынша пәтер Болат Назарбаевтың атына сатып алынғанымен, оны АҚШ-қа барып тіркеу және заңдастыру жұмыстарымен Данияр Кесікбаев айналысқан.

Сотқа тапсырылған арыз бойынша Кесікбаев пәтерді Болат Назарбаев пен өз шешесінің атына қатар тіркеп, кейін нөл долларға өзіне сатқан.
Сотқа тапсырылған арыз бойынша Кесікбаев пәтерді Болат Назарбаев пен өз шешесінің атына қатар тіркеп, кейін нөл долларға өзіне сатқан.
 
Кесікбаевтың сатып алу жұмыстарын Isaacs & Associates деп аталатын нью-йорктік заң фирмасы рәсімдеген.

Бұл фирма да, Plaza Hotel үй кешені де қандай да бір комментарий беруден бас тартты.

Сотта қарастырылатын құжаттарда Данияр Кесікбаевтың Болат Назарбаевтың ақшасына әрқайсысы 2 миллион АҚШ доллары тұратын Уолл стрит көшесінде тағы екі пәтер сатып алғаны жазылған. Жалпыға мәлім тіркеу құжаттары бойынша Кесікбаевтың өзі осы екі пәтердің бірінде тұрып жатыр. 

Болат Назарбаев Майра Құрманғалиевамен 2001 жылы үйленіп, 2011 жылы ажырасқан еді. Ол сотқа тапсырған арызында бұрынғы әйелінің аталмыш пәтерге қатысты жасаған іс-әрекетін енді ғана білгенін, Құрманғалиеваның Қазақстанда іздеу жарияланған сезікті екенін хабарлаған.
Кәсіпкерлер наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 10 маусым 2010 жыл.Кәсіпкерлер наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 10 маусым 2010 жыл.
x
Кәсіпкерлер наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 10 маусым 2010 жыл.
Кәсіпкерлер наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 10 маусым 2010 жыл.

Ол Манхэттен сотына бұрынғы әйелін Интерпол мен Қазақстан полициясы бизнес әріптесін ұрлап әкетті және қоқан-лоқы жасады деген айып бойынша іздестіріп жатыр деп хабарлаған. 

Майра Құрманғалиева Интерполдың вебсайтындағы  іздеу салынғандардың тізімінде жоқ. 

Азаттық радиосының Нью-Йорктегі тілшісі соттың алғашқы отырысы нақты қай күні болатынын анықтап жатыр.

Пәтер дауына қатысы жоқ тағы бір айыптау бойынша Болат Назарбаев Данияр Кесікбаевты Колумбия университетіне жалған құжат жасау арқылы түсті деп мәлімдеген. Оның айтуынша, Кесікбаев аттестатын Қазақстанда заңсыз жолмен жасап алған, шындығында мектепті Швейцарияда бітірген.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 14:31
+0 / -0
Әй, мәләдес!

Кімнен: Шындық
29.04.2012 15:46
+0 / -0
Нұркөкеміздің тума туысқандарының былықтары бір бірін итше талауы азғындықтың белгісі , баилықтан бастары аиналып қырқысулары әзірге тоқтамас . Кеше Болат сол Маираны үлдемен бүлдеге орап ақшамен көміп , бар жақсылықты жасап алақанына салып жүрді емеспе , бүгін жау болып шықаннын қалаи түсінуге болады . Қазақта ұиықтап жатқан жыланның құирығын баспа деген сөз бар , Маирада бір жарылып Назарбаевтар әулетінің былықтарын жариалап жіберуіде мүмкүн . Арыстандармен тышқандардың соғысын қарап бақылаудан басқа ештеңе қалған жоқ . Бір әулетте сең қозғалды , дауыл тұрды , бұның бәрі кешегі Өзендегі қанды қырғынның киесінің соғып өтуі , бұдан зоры алда , балық басынан шіріп сасыған күннің бір көрнісі . Ардан безгендердің адал жіптері үзіліп , ыдырап бара жатқандаи . Қашанда шындық осылаи ірітіп , шірітіп , қинап әкеліп орнығады .Жақында өлген жастарымның киесі ұрған , қарғысына қалған биліктің көз алдымызда азып тозғаннының куәсі боламыз .

Кімнен: барақ Қайдан: алматы
29.04.2012 16:01
+0 / -0
Тура биде туган жоқ дейді ғой, ал енді мынаған не дейсіңдер, інісінің жагыдайынан-ақ ағасының қалай билік құрып жүргені көрініп тұр емес пе ... Мұнайшыға ақша жоқ, жұмыс жоқ, айтсаң мемлекетке жау боп шығасың, қамаласың, сотталасың, бас көтерсең қырып салады... Қарадан хан қойсаң қара басынан аса алмайды деп ата-бабамыз текке айтпаған ба дейсің . Дегенмен көпке топырақ шаша алмайсың, көп қорқытады терең батырады, көп көтерілсе хан тағынан таяды деген де біздің ата-бабаларымыз ...

Кімнен: albah Қайдан: narynhol
29.04.2012 17:02
+0 / -0
айелден олгендей майраны байынан тартып алып енди жигиттикке жатпайтын ис танытып отыр гой

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
29.04.2012 17:54
+0 / -0
Нұрекең жайлы кинода Бәкең көрінбеді-ғо? Нұрекңді тұқымда жалғыз ба десем, тағыда бір жалмауызы бар екен-ғой, иманды болсын, сөзіміз ауыр болмасын Әбіш әкейдің!

Кімнен: Бөкен Қайдан: Орал
29.04.2012 18:24
+0 / -0
2 миллион АҚШ доллары тұратын Уолл стрит көшесінде тағы екі пәтер сатып алғаны. Сонда Назарбаевтардың еріп келген баласында осындай ақша, күйеу балаларының, өзінің некесіз балалары, тоқалдары. Сонда, қазақстандағы бүкіл баспанасыздарға жететіндей пәтер салып береуге жететіндей қаражат

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 18:51
+0 / -0
Ие-е, бұлар шетелден хан сарайынан да артық үй-жәй сатып алып, бастарына күн туып, тықыр таянғанда тайлы-таяғымен қашып кетуге дайын жүр екен ғой.

Кімнен: Хат
29.04.2012 19:42
+0 / -0
Маира әліақ саирайды . Сосын сырыттаи он жылға соттаи салады . Болат сол Маирадан өмірге келген баласының шілдехана тоиына үш жүз киіз үи тігіп , спортық оиындарға атшабысқа тоғыз джип , тоғыз мерседес су жаңа көліктерін салып , екі вертолетпен бес мыңдық ақша шашқаны күні кеше еді , енді міне итпен мысық құсап қырқысып сотқа беріп жатыр . Маира үнсіз қалма іштегі мұң зарыңды сырытқа шығарып жасқанбаи бәрін аитарсың . Болат сені аиайтын түрі көрінбеиді , сенде аианып қалма .
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 21:53
+0 / -0
Азғын отбасының шашып жүрген ақшалары қазақ халқының байлығы, табиғи мол шикізаттың тоқшылығы. Оған халық ие болуға тиіс еді. Назарбаев бәрін ұрлады. Ұрыларды соттау керек, Нұрсұлтан Назарбаевқа импчмент! Президенттіктен тез кетсін! Ендігі талап осы болуы керек!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 21:30
+0 / -0
Дауа болған!!! Мен Майра мен оның баласына ризамын. Олардың сотта жеңіп шығуыңа тілектеспін.

Кімнен: Заманауи Абай
29.04.2012 21:34
+0 / -0
Алла-ай! Ұлыбритания королдігінің отбасындағы ер бала түгілі қыз баласын да сыйлап, құрмет тұтып, соған бас иіп жатады.Сол королдің тұқымдарныа несіне табынады десем, олардың тегі мықты екен. Себебі, ол тұқым Ұлыбританияға жер шарын жаулап беріп, елдің , ағылшынның атағын шығарған екен. Ұлыбритания жерінде күн батпайды деп бекер айтпаған, бір колониясында күн батып жатса, екіншісінде енді батайын деп жатады, үшіншісінде тал түс! Ал бізде қойшының тұқымдары өздеріне табындырғысы келеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 22:55
+0 / -0
Заманауи, дәл тауып жазған екенсіз ,жарайсыз!осыма Өзеннен қыз ба, келіншек па алған?Түрін қараңыз құнныққан жалмауыздар сыйяқты

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 22:21
+1 / -0
Болатқа бұтіл базарлар аткат төлейді,базар башыларының құтыруы соның кесірі аренда бағасын ойына келген баға қойады базар маңайын онтайландырамыз деп халықты қудалайтын соның кесірі мемлекеттің қыруар ақшасын да айамай көгалдандыру жұргізіп саудагердің бәрін ішіне қуып тығып салық төлемін көбейту кеденнен бір тоналып базар арендасына бір тоналып таварларымыздың аспанға шарықтаудың негізгі кесірі , парламентте бағанын шарықтауын тоқтатамыз деп тексеру болғанымен түбі жоғары жақта жатқан соң ешкім ештеңе нәтиже шықпады

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
29.04.2012 23:00
+0 / -0
әй жетесіз неме байлыкты бөлісе алмай аталарынан калган байлык кусап бул қара халыктын салыктан тускен акшасы түқымдарымен елді тонап от басыларын ұйытқысы боламай отырған адамдарға үлкен киелі халыкты баскаруды беріп койган біздінде мандайымыздын соры ғой тек бір тәңірден сұрайтыным осыларға бір қақарын көрсетсе екен деп әмин!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.04.2012 23:24
+0 / -0
Жас тоқалдың буына мастанған кәрі қортықай.

Кімнен: zheltocsan
30.04.2012 02:20
+0 / -0
ай Майра, Майра, енді сен сайра. Қанішер Рахат шашты біраз ағартып шалды қартайтып тастап еді.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
30.04.2012 10:14
+0 / -0
Халық байлығын ұрлау-бұл арам дүниеге жатады. Ал сол арам дүние ұрлаған адамға бұйырмайтынын бұл иттер 70 жасқа келсе де әлі білмей келеді. Бұл әлі бастамасы. Сорақылары алдан шығады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.04.2012 12:30
+0 / -0
Ттіпті, Еуропа, Ақш елдерінің өз еңбектерімен байыған(машина, телепон, кампутер ойлап тапқандар) милиардарлаердің түріне қарасаң, сыптай, арық, қарындары жоқ, ұрттары да жоқ. Бұлардың ойлағандары тек боққарын екен деп ойламайсың. Тіпті олар қайрымдылыққа деп, милиондап жыл сайын кедей-кепшікке, ауру-сырқауларға көмктесіп жатад. Ал бізідң жоғарыдағы халықтың ақшасын ұрлап байығандар, қайырымдылық түгілі, сол кедейдің малын тартып алады. Құдай-ау, ана байғұс оралмандарды жылына 10 отбасын көшіріп әкеліп, үй беріп, жұмыспен неге қамтамасыз етпеске? Қазақ көбейсе, көрші жаулардан қорықпаймз емес пе?

Кімнен: Жан Қайдан: Ақтөбе
30.04.2012 13:15
+0 / -0
Дүйім халықтың алдында ер азамат деген атқа лайықсыз іс екен бұл!

Кімнен: Бахытжан
30.04.2012 13:18
+0 / -0
қайдағы бір суретерді тауып қоясыңдар Азатық ,түрін ай түк жоқ қои мынаның бетінде ағасының да қабылеті осымен шамалас шығар қаны бір ғои, қан мен кірген нәрсе жан мен шығады деген бұлардың жаны шықпайынша Қазақтың маңдайының соры ашылмайды ,бұларға айтың не жаздың не митинг не бәрі бір емеспа

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
30.04.2012 15:09
+0 / -0
Тағы да қаттылау кетсем керек, пікірім шықпай қалыпты, бірақ ештеңе етпес, Азаттық радиосы бәрібір біздің Азаттық радиомыз!
Менің айтайын дегенім осы кәдуелгі газеттерден оқыған мақалам еді. Атын ұмытып отырмын, бір газетте жазып еді, Назарбаев "совмин" болып тұрғанда бір көксоққандар көрсетіп жіберсе керек оны тым бай адам деп... Содан "обхс-никтер" келіп Нұрсұлтанның інісінің үйін келіп сантиметріне дейін есептеп артық дүние таба алмай пұшайман болып қайтқан екен. Бұл сөздің авторы тағы да қазіргі Елбасымыз. Ол кезде Болат Назарбаев мырза совхоздың сантехнигі екен, тек "зарплатасына" қарап отырған жан болса керек. Ал сонда енді келіп 20 жылдың ішінде 20 миллиондап доллармен ақша шашатын байлық қай атасынан қалған мұра деген орынды сұрақ туады екен...
Естіп қана емес, көзімізбен көргенді айта кететін болсақ бірге жүріп "рюмка" соғыстырмасақ та осы Болат мырзаның "под шофе" кездерін көргенімізді неге айтпасқа. Қазір енді пайғамбар жасына келген соң аракеңді қойып та жүрген шығар, бірақ онысын көрсетпейтін оның қарулы күзеті мықты деп естиміз. Бұрынғыдай көше арасында аяғын шатып-бұтып баспайды, ондай кезде керек десе тікұшақпен тік көтеріп ұшырып алып кетеді екен дегенді де естіп жүрміз. Ал енді тоқалдан тоқал шыдатпай бірін алып бірін тастап жатыр дегендерге айтарым іштерің күйсе тұз жалаңдар! Ол біледі кімге еліктеу керек екенін!
Бар айтпағым осы еді, ал енді не десеңдер де Майра маладец! Осы бетіңнен қайтпа Майра, әрі-беріден соң қолды анау үлкенінің жағасына сал, құласаң есектен емес түйеден құла деген де бар ғой...
Ал осы жазғанымның қай жері заңға томпақ болып тұр?

Кімнен: ару Қайдан: атырау
01.05.2012 12:54
+0 / -0
бұлар қалай ел билейді. өз отбастарындағы проблемаларды шеше алмай, проблема дегені жекебастарындағы қатынның тірлігі. кешегі жаңа өзен, одан қалса қазақстандағы қасіретті қалай жеңеді. не абырой, не бедел қалды. бұлар осылай еткенде басқаларға не жорық, өкпелеп қажеті жоқ. ақша өздерінікі емес, әр қазақтың маңдай, тері, табан ақысы. осыны шетелге барып суша шашып жүр. жемқорлық, пара деп әуендетеді. бұл көзбояушылық қашан жойылады. майрасы да, болаты оңып тұрған жоқ, ағасы нұрсұлтан да. осылардың ақша үшін қырқысқан тірлігінің бір тиынға қажеті жоқ. қазағым, көзіңді аш. оянатын уақытың жетті. әйтпесе әлгілердің үстерінен ұялғаннан жерге кіріп кете жаздап отырмын. кірерге тесік жоқ, тесік...
Пікір алмасу

Кімнен: 111
04.05.2012 12:17
+0 / -0
Зор істеген жаксы боылыпты
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?