Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:08

ӘЛЕМ / 21 ғасыр монархтары

Халық көнген соң Орталық Азияда жеке басқа табыну жалғаса береді

Орталық Азияның кәрі-құртаң билеушілерінің жеке басына табынуды кім шығарды, қалай шығарды? Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстеліне қатысушылар осы сауалға жауап іздеді.

Солдан оңға: Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ТМД-ның бейресми саммитінде. Мәскеу, 8 мамыр 2005 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қырғызстанды айтпағанда, Орталық Азияның барлық елдерінде мызғымас президенттердің жеке басына табыну ғұрпы қалыптасқан. «Тирандар құлды жасамайды, керісінше құлдар тирандарды жасайды» дейтін ежелден келе жатқан даналық сөз бар. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі билеушілердің жеке басына табынуды ойлап тапқандар кімдер? Бүгінгі авторитарлық президенттердің орнын Түрікменстандағыдай ертең басқасы баспайтынына кепілдік бар ма?

Азаттық радиосында өткен кезекті дөңгелек үстелдің тақырыбы осыған арналды.

Пікірталасқа қатысқандар: Лидия Исамова – Тәжікстан жөніндегі сарапшы, саясаттанушы (Душанбе), Тәжігүл Бегмедова – Түрікменстан жөніндегі сарапшы, «Түрікмен Хельсинки қоры» құқық қорғау ұйымының жетекшісі (Болгария); Сейдахмет Құттықадам – Қазақстан жөніндегі сарапшы, саясаттанушы, журналист және Дилором Исхакова – ақын, саясаттанушы (Ташкент).

ЖЕКЕ БАСҚА ТАБЫНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Жүргізуші:

– Орталық Азия республикаларында мызғымас президенттердің жеке басына табынудың алғышарттары болды ма?

Құттықадам мырза, «Казахская драма на сцене и за кулисами. История современного Казахстана» деп аталатын таяуда жарық көрген кітабыңызға қарағанда Қазақстандағы саяси-қоғамдық оқиғаларға мұқият қарап, сараптап отырған сияқтысыз. Қалай ойлайсыз, тәуелсіздік алғалы Қазақстанды уысында ұстап келе жатқан президент Нұрсұлтан Назарбаевтан ұлт көсемін жасайтындай алғышарттар болды ма?

Сейдахмет Құттықадам:

– Қазақстанның басқа да жолдармен жүретін мүмкіндіктері бар еді. Бұл ретте мен жетекші болуға жарайтын басқа да мықты азаматтардың болғанын айтып отырмын. Мәселен, Еркін Әуелбеков, бірінші және соңғы вице-президент Ерік Асанбаев. Бұлар өте күшті тұлғалар болатын, бірақ ең өкініштісі олардың бойында материалистік өнер болмады, керек кезде жалтаруды білмеді, тура жүрді. Барлығынан Нұрсұлтан Назарбаев басып озды, сөйтіп біздің тарихымызға Назарбаев жүрген жолмен жүру бұйырды.

Жүргізуші:

– Исамова ханым, Тәжікстандағы жағдай туралы, 17 жыл президент болып отырған Эмомали Рахмонов туралы не айтасыз?

Лидия Исамова:

– Біріншіден, сіздің сөзіңізді аздап түзете кеткім келіп отыр. Біздің президентіміздің билікте отырғанына 19 жыл болды. 1992 жылы ол Жоғарғы Совет төралқасының төрағасы қызметін пайдаланып, президенттікке қол жеткізді.

Ал Тәжікстан - экономикалық тұрғыдан Орталық Азиядағы ең халі мүшкіл республика. Ұланғайыр шекарасы Ауғанстан және Өзбекстанмен шектесетін Тәжікстан Өзбекстанның аяқ астынан қырын қарауы салдарынан экономикалық тұрғыдан өте қиын жағдайда қалып, тығырыққа тіреліп отыр. Ислам дінін желеу етушілердің арқасында азамат соғысы өрістеді, шындығында бұл - билікке таласып жүрген бұрынғы коммунист, қазіргі демократтардың тартысы.

Осындай жағдайда Тәжікстан елді біріктіре алатын авторитарлық тұлғаға зәру болды. Кейбіреулер баяғы коммунистік режимнен айырылғысы келмесе, кейбіреулер демократиялық исламшылдықты қолайлы көрді. Діни жікке бөлінген, азаматтық соғыс өрті соғыс шарпыған Тәжікстан тізгінін 1992 жылы қарашада өзі жас, идеясы мол, харизмасы да жеткілікті Эмомали Рахмон қолына алды.

1994 жылғы сайлауда ол жалпыхалықтық дауыспен Тәжікстан президенті болып сайланды, содан соң билік бас айналдыра бастаған болуы мүмкін. Оның үстіне сол кездері оның жақтастарының кландары оны ұлт көсемі ретінде көрсете бастады. Бұлар президентке майдай жақты. Тәжікстан билігінде осынша ұзақ отыруыныңы сыры да осында. Сондай-ақ ол тек мемлекет басшысы ғана емес, саяси көсем, биліктегі Халықтық-демократиялық партияның жетекшісі болып саналады.

Жүргізуші:

– Бегмедова ханым, Түрікменстан Өзбекстанмен қатар Орталық Азиядағы ең жабық елдің қатарына жататын мәлім. Түрікменбашы культі – Түрікменстан тәуелсіздігін алғаннан кейін пайда болған жаңа құбылыс па, әлде оның да тарихи әріде жатыр ма?

Тәжігүл Бегмедова:
Тәжігүл Бегмедова – «Түрікмен Хельсинки қоры» құқық қорғау ұйымының жетекшісі


– Жеке басқа табынушылықтың алғышартары СССР құлап, тәуелсіздік аспаннан түскендей болғаннан кейін пайда болды. Түрікменстан коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Ниязов президенттікті мұраға алды. Осыдан келіп жеке басқа табынушылық шықты.

Жүргізуші:

– Исхакова ханым, Өзбекстан тәуелсіздік алғанға дейін немесе одан кейін президент Ислам Кәрімовтің жеке басына табынушылық пайда болатындай алғышарттар бар ма еді?

Дилором Исхакова:

– Әрине, бар болатын. Осылай болатыны әуел бастан-ақ мәлім еді. Барлық республикалар тәуелсіздік алып жатқанда, біздің республикамыздың басшылығына да ұзақ жылдар бойы коммунистік партияның көрнекті қайраткерлерінің бірі келді. Оның лауазымы да солай аталды - Өзбекстан Республикасы компартиясының бірінші хатшысы.

Бұл адамдардың бойында коммунистік партияның, жалпы советтік биліктің барлық жаман жақтары әбден сіңген. Сондықтан алдағы уақытта да олардың дүниеге көзқарасы өзгере қалады деуге болмайды. Жалпы, олар өздерін өзгерте алмады, сол себепті жеке басқа табынушгылықтың өрістеуі - заңды құбылыс.

ҚҰЛДАР ТИРАНДЫ ЖАСАДЫ

Жүргізуші:

– Егер «құлдарды тирандар жасамайды, керісінше құлдар тирандарды жасайды» деген байырғы тәмсілге қарайтын болсақ, Орталық Азия президенттерін кім деуге болады? Мызғымас президенттердің жеке басына табынуын кім, қалай жасады?

Лидия Исамова:

– Бір өкініштісі, Тәжікстан халқы көсем не айтса соған иланады. Президенттің сөзі Құдай сөзімен бара-бар. Тәжікстан билігінде өте қатаң субординация сақталған. Оған діни жетекшілер де үлес қосып отыр. Жеке дара билігін сақтау үшін біздің көсеміміз керек болса марапатты да аямайды, қажет кезде аяусыз жазалайды.

Басқа Орталық Азия елдеріндегідей Тәжікстандағы көсемшілдік те непотизм мен трайбализмнен туындады. Саяси жүйе «шах пен уәзірдің» қарым-қатынасы сияқты.

Тәжікстандағы көсемшілдікті тоталитаризммен тең деп санаймын. Барлығы көсемді дәріптеуге жұмыла кірісті. Біздің көсеміміз нағыз харизматикалық жетекші, кітап та жазады, спортты алға сүйреп, жүгіруге де қатысады, халықпен де кездеседі, балалар үйіне де жәрдемдеседі. Бір сөзбен айтқан тұла бойы тұнған талант, мейірбан әке, ізгі адам. Тоқ етері – ұлттың әкесі. Мұндай атағы ресми түрде болмағанымен халық солай атайды. «Мені телеарналардан азырақ көрсетіңдер» бірнеше рет айтқанына қарамастан, арада бірер ай өте баяғы сарынға қайта басады.

Наурыздың алдында президент жүретін көшенің бойында тұрған бірнеше портреттерін алдырып тастаған сияқтанды, бірақ басқа көшелердегі плакаттар сол күйі қалды. Яғни «жеке басқа табынушылықпен күрес жүріп жатыр» деп БҰҰ, ЕҚЫҰ сияқты ұйымдарды алдарқату үшін жасалды.

Қазір мұның үйреншікті жайтқа айналғаны соншалық, енді президенттің бейнесін көріп отырмаса халыққа ас батпайтын болды. Бұрын оны жай ғана «президент мырза» дейтін еді, қазір «жоғары мәртебелі мырза, құрметті президент» деп атайтын болды.

2007 жылы қараша айында өткен инаугурациясының алдында президентке арнап арнайы әуен жазылды, сөйтіп оны президенттің жүрген-тұрған жерлерінің көрсеткенде қолданатын болды.

Дилором Исхакова:

– Корольді король ететін – нөкерлер. Менің ойымша, Кәрімовты тірі пұтқа айналдырған өзбек халқының өзі. Егер өзбек, тәжік не түрікмен халқы қаламаса олар қазіргідей ойына келгенін істей де алмас еді.

Халық шыдап отырғандықтан олар өзгермейді, қайта жеке табынуды күшейте береді. Осылай болғанын өзіміз қаладық, енді зардабын да тарта береміз.

Жүргізуші:

– Яғни «тирандар құлдарды жасамайды, керісінше құлдар тиранды жасайды» деген баяғының даналық сөзі Өзбекстанда айна-қатесіз орындалғаны ғой?

Дилором Исхакова:

– Дәл солай. Тиранды жасайтын құлдардың өзі. Әрбір халық өз билеушісіне лайық. Біз бүгін Кәрімовке лайықты болып отырмыз.

Тәжігүл Бегмедова:

– 2007 жылы бізде билік ауысқанымен, жеке басқа табынушылықтың белгілері сол күйі қалды. Бас пайдасы үшін бұрынғы билікті дәріптеушілер енді жаңа билікке арнап ән салатын болды. Соның арқасында байлыққа да, мансапқа да, тағы да басқа жеңілдіктерге қол жеткізіп отыр. Мұның бәрін алдын ала ойластырып отырған биліктің өзі.

Байқасаңыз, президентке жаңа атақ беруді ұсынатын қарапайым мұғалім, жай шаруа емес, негізінен оның айналасында жүрген жағымпаздар ғана (мәселен, Түрікменстан президентінің «Арқадағ» деген атағы асқар тау, тірек деген мағынаны білдіреді)

Сейдахмет Құттықадам:

– Әрине, Назарбаев өзімен бәсекелес бола алатын адамдардан қисынын тауып құтылды. Саяси алаңнан ығыстырып шығарды, өзін көрсетуге мүмкіндік бермеді, т.б. Ол қолындағы билікті оппозициялық алаңды көбірек тазартуға жұмсап отыр.

Бастапқы кезде оның жанында тәуелсіз, озық ойлы адамдар болды. Бірақ уақыт өткен сайын олардың қатары селдірей берді, қазір өзіне мейлінше берілген, тіпті бір ауыз сөз айта алмайтын адамдар қалды.

Ең басында сол адамдарды өз төңірегіне топтастыруға ұмтылды, ал енді олар жаңа көсем жасаумен шұғылданып жүр. Президенттің өкілеттігі жыл сайын ұзартылып келеді. Қазір ол тек президент қана болғанымен, соттар да соның құзырында, барлық деңгейдегі соттарды түгелдей президенттің өзі тікелей тағайындайды. Бір партиялы парламентке дейін жеттік. «Нұр Отан» алдындағы «Нұр» - Нұрсұлтанның «нұры». Сөйтіп біздің отанымыз тек бір адамның ғана отанына айналды. Бұл процесс әлі де жалғасып жатыр.
Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар біздің биліктің де қатты мазасын қашырды. Бірақ Таяу Шығыста толқулар басталған кезде біздің елімізде сайлау өткізілетіні белгілі болып қойған еді. Енді билік халық алдындағы абыройын өйтіп-бүйтіп сақтап қалуға әрекет жасап жатыр. Бірақ соның бәрі - сырт көзге ғана жүзеге асырылып жатқан әрекеттер.

Қалай болғанда да, бұл жайт, менің ойымша ұзаққа созылмайды. Халық қатты шаршады, наразылық қатты күшейіп барады. Әрі кеткенде үш жылдан кейін бұл билік бәрібір ауысады. Реформа жоғарыдан басталады, егер жоғарыдан басталмаса төменгі жақтағылар өзі бастайды.

ОЛАРДАН КЕЙІН НЕ БОЛАДЫ?

Жүргізуші:

– Бүгінгі авторитарлық-тоталитарлық жүйенің Орталық Азияның болашағына ықпал қандай? Қазіргі диктатордың орнына басқа диктатор келмей ме? Бүгінгі режимдердің салдары қандай болмақ?

Тәжігүл Бегмедова:

– Түрікменстанда билік ауысады деп айта алмаймын. Өйткені белсенді азаматтық қоғам жоқ. Біздің билктің көзі қалт еткенді қағып түсетін қырағы, сондықтан бізде ондай алғышарт әзірге болмайды.

Дилором Исхакова:

– Кәрімов кеткеннен кейін халықтың жағдайын жасайын, еліміз
Дилором Исхакова – өзбек ақыны, саясаттанушы.
демократиялы мемлекет болсын дейтін адам билікке келеді деп айта алмаймын. Билікке келсе тек Кәрімовтің төңірегінде жүрген, Кәрімовпен ауыз жаласқан адам ғана келеді. Өзгерісті өзіміз талап етпесек, өз өмірімізде үлкен өзгерістер жасауға өзіміз кіріспесек, келесі президент те дәл осылай болады. Экономикалық тұрғыдан да, саяси-әлеуметтік тұрғыдан да билік шіріп біткен. Күйреп жатқан барлық сала енді жақсарады деп ойламаймын. Бүгінгіні көрген келесі президент бұранданы Кәрімовтен де қатаңырақ бұрайтын болады. Сондықтан Кәрімовтен кейін қуғын-сүргін күшейе түседі.

Лидия Исамова:

– 2014 жылы Тәжікстанда президент сайлауы өтетіндігіне қарамастан қазіргі уақытта бұл лауазымнан нақтылы үміткер тұлғаның көрінер түрі жоқ. Конституция бойынша Эмомали Рахмон ендігі президент сайлауына қатыса алмайды, қазір қоғамды «келесі президент кім болады» деген сауал мазалап отыр.

Үлкен ұлы Рустам мұрагерлікке дайындалып жатыр деген қауесеттер болған. Бірақ Конституция бойынша 35 жасқа толмағандар президент бола алмайды, ал Рустам 2014 жылы небәрі 26 жасқа шығады. Азаматтық қоғам енді «президент өілеттігін ұзарту үшін референдум өткізіле ме, әлде 25 жасқа толғандар президент сайлауына қатыса алады деген сұрау бойынша референдум жасала ма» деп күтіп отыр.

Біздің билік трайбализимге негізделген. Биліктің негізгі тұтқалары оңтүстік өңірден шыққандардың қолында. Сондықтан президенттіке үміткерлер де солардың арасынан шығары анық.

Менің ойымша, қалай дегенмен де азаматтық соғыстан кейін жергілікті өңірлердегі жікшілдікті бақылауға алып, ұлтты біріктіру тек авторитарлы биліктің ғана қолынан келеді. Біздің қоғам алдына қойғанды еш қарсылықсыз, талғаусыз жұта беруге беймделген. Авторитаризм, менің ойымша, әрі қарай жалғаса береді.

Сейдахмет Құттықадам:

– Меніңше, Орталық Азия республикаларының барлығында, әсіресе Қазақстанда сталиндік дәстүр байқалатын сияқты. Сталин өлген соң билікте бір де бір күшті тұлға қалған жоқ. Күштілердің барлығының көзі жойылғандықтан анархия орнады. Сөйтіп ешкім күтпеген кездейсоқ Хрущев билікке келді.

Қазақстандағы қазіргі жағдай осыған ұқсайды. Нұрсұлтан Назарбаев күшті, тәуелсіз саясаткерлерді мұқият ығыстырып шығарды, айналасында өңкей әлсіз адамдар қалды. Егер ол биліктен бүгін кететін болса, онда биліктің өз ішінде лайықты кандидатура жоқ.

Ең өкініштісі, оппозицияда да дәл осындай жағдай. Күнбе-күн жасалған қысымнан кейін оппозиция да қатты әлсіреді. Елдегі жағдай күрделі. Қаптаған қаржылық топтардың арасында, өңірлер арасында қайшылықтар бар. Кландық топтар әбден күшейді.

Сондықтан, менің ойымша, Назарбаев өзі кеткенше күшті тұлғаларды әзірлемесе бізді жаппай анархия күтіп тұр. Билікке кім келсе де ұзақ отыра алмайды, оны оппозиция ғана емес, жанында жүрген бәсекелестері де тағынан аударып түсіреді. Руаралық тартыс қатты күшейеді. Меніңше бұл жағдай жеті жылға дейін созылады.

Бірақ қалай болғанда да, қазір қолымызда бар аз-маз сөз бостандығы, саяси бостандық шамамен жеті жылдан кейін билікке дені дұрыс, күшті саясаткер келген кезде шын мәнінде орныға бастайды. Сол кезде ғана еліміз басқа жолға түседі.

Елдегі жағдай туралы аз жазғаным жоқ. Өкініштісі, менің болжамдарының 90 пайызға жуығы іске асып жатыр. Бұл - өте қауіпті. Қауіптенетін тек біз ғана емес, Назарбаевтан кейін не болады деп жүрген биліктің маңайындағы азаматтарды да білемін. Бұл сұраққа ешкім, тіпті Назарбаев та жауап бере алмайды.

Егер ол ең болмағанда соңғы екі-үш жыл ішінде күшті тұлғалардың көрінуіне жол ашса, мейлі билікте болсын, мейлі оппозицияда болсын, Қазақстан бұл тығырықтан шығады.

Жүргізуші:

– Құрметті қатысушылар, осымен Азаттық радиосы өзінің бүгінгі дөңгелек үстелін аяқтайды. Пікірталасқа қатысқандарыңызға редакция атынан алғыс айтамын. Сау болыңыздар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Сәуегей Қайдан: Алматы
18.04.2011 09:47
+0 / -0
Менің ойымша Нұрсұлтан Назарбаев осы жолы сайлануға мәжбүр болды. Оны сайлауға халық та, биліктің айналасындағы тұлғалар да мәжбүр болды. Егер ол кісі мұндай шешімге келе алмаса, қалыптасқан саяси жағыдай өзіне-өзі қол жұмысауға үгіттер еді.. Сондықтан әзірше "құда да тыныш құдағи да тыныш" жағыдайды бастан кешіп жатырмыз. Бір жағынан алып қарағанда мұндай тыныштықты өтпелі кезеңнің нышаны деп қабылдауға болады. Келесі Президент енді 7 жылдан кейін ғана пайда болады. Ол уақытқа дейін бүгінгі билік өз кандидатурасын мұқият дайындайды.

Кімнен: Балжан Қайдан: Алматы
18.04.2011 09:54
+0 / -0
Сәлеметсіз бе, Сейдахмет Құттықадам?! Сіздің айтқандарыңызбен келсіпеймін! Айтқандарыңыздың бәрі жалған! Көріпкелдік қасиетіңіз бар екенін білмеппіз...?! Пах, шәркін, десеңші, өзіңізді көрсетіп "атың шықпаса, жер өрте" амалын тапқан екенсіз?! Сіздің айтып отырғандарыңыз бос сөз! Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Сіз айтқандай ешкімді де ығыстырып шығарған жоқ! кезінде бмлікте болған, марқұм кісілерді айтсаңыз, меніңше оның бәрі жазмыштан болған жағдай. Өмірінің дәм тұздары сол күнге дейін жеткендер. Ол НӘН-нің де басқаның да емес Алланың жазғаны, қалауы! Неге мықты адамдар жоқ дейсіз, әрине бар?! ҚР билікте мықты адамдар болмаса, Біз мына бақытты заманда өмір сүрмес едік! НӘН-нің осы мемлекетті гүлдендіруге біреузінің шамасы жетпес еді, бұл - шындық! Ал оппазицияға келетін болсақ, негізінде оппазиция дегеніміз - актерлар мен актрисалар, яғни өнер адамдары! Өнер адамдары өзіңіз білетіндей екі жүзді адамдар! Біресе былай, біресе былай. Өздері білмейді не істеп, не қойып жүргендерін. "Үйде - батыр, түзде - қорқақ!" Өнер жолында жүргендердің сыртқы бейнесі мықты болып көрінгенмен, негізінде өте әлсіз болады өзіңіз айтқандай. Ал, енді болшақты Сіздің болжамдарыңызға емес, уақыт еншісіне тапсырып, еліміз аман, жұртымыз тыныш, Елбасымыз аман болсын деп, Аллаға құлшылық етейік!
Пікір алмасу

Кімнен: Olzhas
18.04.2011 10:58
+0 / -0
Тоқтар батыр құр бекерге жүр ме сонда екі жүзділердің арасында? Әлде басы істемей ма? Әлде ол да сондай ма??? Түк білмейді екенсің
Пікір алмасу

Кімнен: Патриот Қайдан: Астана
18.04.2011 19:59
+0 / -0
http://www.regnum.ru/news/polit/1379302.html
Пікір алмасу

Кімнен: ауылдан Қайдан: батыстан
18.04.2011 11:40
+0 / -0
О-о, бишара Балжан! Басың айналып, құлап қалма!
Елімізде жаппай мақтаншақтық, жағымпаздық, өтірік ақпар беру, жұмыссыздық т.с.с. белең алып тұрған жоқ па, көзілдірігіңді алып қарасаңшы. НӘН дұрыс саясат жүргізгенде 16млн халық оған рахметтен басқа ештеңе айтпас еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Провайдер
18.04.2011 17:13
+0 / -0
ҚР билікте мықты адамдар болмаса, Біз мына бақытты заманда өмір сүрмес едік! НӘН-нің осы мемлекетті гүлдендіруге біреузінің шамасы жетпес еді, бұл - шындық!
-----------------------------------------
Өте "ақылды " женшине екен өзі кімде болса. Тілі "жалаумен" шыққан.
Бұл сөзіме шамданбас деп ойлайм,ақылды адамдар шындықты айтқанға ашуланбайды ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
18.04.2011 17:26
+0 / -0
Балжан қарағым көгеректемей жайыңа отыршы...
Пікір алмасу

Кімнен: Жойқын
18.04.2011 22:45
+0 / -0
Мынау жеті атасынан, жетпіс жеті атасына дейін құлдықтың тұқымы болған мәңгүрттің буданының жазғанын оқысаң, мынау дүниеде жасағың келмей қалады екен. Онсыз да бұл ұрылар мен арсыздар билігінің бұралқы күшіктері телелер мен жарнамаларды жаулап елып, елдің құлағын өтірік пен қулық сұмдықпен бітеп тастаған еді, енді өздерінше малдық логикасын қасиетті азаттықтың бетіне де алып кіріпті. Бұл түрдегі адамдарды түсіну қиын, бұларда жүрек болмайды, бұлар тек ауыз бен құлақтың ғана адамы, мына жағынан қожасы бұйрық береді, мына жағынан көпіреді, өздері шеттерінен арсыз және тексіз, адамдық ар ұждан, әділет, мейірім, адамгершілік, түзулік деген мұндай шатаның күшіктерінде болмайды. Олар совет кезінде талай қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлғаларды құртқан, халық санасын сасытып, құлдыққа үйреткен, желтоқсанда олар жастарға қаратып оқ атқан, жоңғар шапқыншылығында бұл Малжан дегендер жоңғарларға қазақтардың құпиялығын сатып жіберген, ал бүгінгі күндері бұлар арсыз, ұятсыз сөздерімен халықтың, ұлтшылдардың жолын аңдып, олардың санасын салдандырып, оларды мал секілді өздерінің малқораларына көндігуге айтақтайды! Анау Сәрсенбайұлы мен Нұрқаділовтарды атқандар осы түрдегі бұралқы иттерден шыққан, желкесінен оқ ату бұлардың кәсібі. Бұлар ұлттың көз жасына нан жеп жүрген, биліктің есігін күзетіп жан сақтап жүрген екіжүзді шірік болмыстар. Бұлардың болмысы тарихтың қателігі! Өмірдің өз өзіне жат күштердің ырқына түсуі осындайлардың молығыуы мен жоғардағыдай міңгірлеуінен болған. Малжан деген бұл шатаның күшігі дәурендеп тұрған ұлттың болашағы жоқ! Мұндай адамдар өмір сүреді екен көптеген адамдар құсалықпен өзін-өзі өлтіреді. біздегі суицид дегендер осындайларға наразы болып түңілгендерден көбейіп отыр. Бұлар бұлақ атаулыны былғайды, бұлар шөп атаулыны жұлады, бұлар адамдық атаулыға арсыздық ауруын жұқтырады. Бейне бір Шайтан емізіп өсірген бұл түрдегі адамдардың қалай жер басып жүргеніне ақылы қайрандар болуы мүмкін, бәлкім оларға Алла да аң-таң болар! Бәлкім олардан ҚАсиетті Қазақ жері жиіркенетіні анық! ОЛар күннің атын жамылған қаратүнек албастылары. БАрша сұрқиялықтың қайнары осы балжан деп өздерін атап алған малжандардың арсыздығымен жер жүзін жайлаған.
Пікір алмасу

Кімнен: Арман Қайдан: Қазақстан
19.04.2011 11:29
+0 / -0
бәлкім оларға Алла да аң-таң болар!

Астафиралла! Бұл сөзің үлкен қателік!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2011 11:36
+0 / -0
"Балалық шағымның аспаны" деген Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмнің афишасы белгілі Голливуд фильмнің афишасына ұқсайды. Салыстырыңыз:

http://blog.daniyar.info/2011/04/17/%D1%88%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D1%82%D1%8B-%D1%82%D2%B1%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D2%93%D0%B0%D0%BD-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D0%BA%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%83%D1%88%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%80.aspx

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
18.04.2011 14:04
+0 / -0
Несін айтасыңдар, шіркін!
Қой аузынан шөп алмайтын жуас қазақ тексіз биліктің жүндеуіне таптырмайтын, жақсы ұлт болып тұр...
Әсіресе ауылдың қазақтары тамақтарынан бауыздап жатсаң да былқ етпейді ғой, «қуған жетпес, бұйырған кетпес» деп түйеге ұқсап маңқиып тарта береді ғой шіркіндер. (Оның ішінде өзім де бармын). Үйткені қаланың адамдарындай емес, біздер – ауылдың қазақтары көп жаңалықтардан мешеу қалдық. Хабардан басқа көретін бағдарламаларымыз болмаған соң әлемдегі өзгеріс, ауыс-түйістерден мақұрымбыз. Хабар теле арнасының несін айтасың, «алға қарыштап бара жатырмыз, өсіп кетіп бара жатырмыз, экономикамыз бәрінен де алда...» деп бөскендерінде бұндай жасанды «жұмақтан» қолыңды басыңа қойып бет ауған жаққа қашып кеткің келеді екен...
Қашқанда да қайда қашып кетер дейсің, менікі болашақтан үмітім күйрегендіктен айтып отырған жәйттер ғой сол баяғы.
Анда-санда ауылда тұратын ағам телефон шалып менен мынау өмірде болып жатқан шынайы жаңалықтарды естігісі келеді. Назарбаев турасында көп білгісі келеді. Ал мен ағама шындықты айта бастасам: «Соны қайтесіңдер, жүре берсін де, ол кетсе орнына жаңа бір ұры келіп одан бетер талайды. Өзі де, туыс-тумалары да, тіпті маңайы да тойынатын уақыты болды ғой, ақылы кіріп ұрлық-қарлығын, тонауын қойып, елге де қарасар» - дейді ғой сол баяғысынша...
Бір қызық жері, ағамның бітірген оқуы төрт-ақ сыныптық болса да сасаттың майын шағып жейді! Саясатта сайрап тұр. Мысалы мына жердегі биліктің «былбылы» Балжан Алтынбек Сәрсенбай мен Заманбек Нұрқадыловтың кісі қолынан қаза тапқандарын жуып-шайып, «жазмыштан болған жағдай» деп сызыле-еп отыр...
Ал менің ағам болса бәрін біліп отыр ауылда отырып. «Ертегі шындықтан шығады, ал биліктің Заманбекті өзін-өзі үш рет атып өлтірді деген ертегісіне менің жыртық шәркем де сенбейді! – дейді ол кісі.
Мысал-е Балжаннан сұрайықшы:
- Сен өз өзіңді жүректен атып екі рет дәлдеп тигіздің дейік. Өлмедің. Өлмеген соң ерегісіп үшінші оқты тап құлақ шекеңе қададың. Солай ғой? Жарайды осыған сенелік дейік. Ал сен бізге мынаны айтшы, үш рет атылып өліп қалған адам қалай ғана тіріліп өзінің мәйітінің үстіне көрпе жауып, онысымен қоймай «пестолетін» сүртіп, майлап, аялап жастыққа қояды? Бұл кездейсоқ жазмыш па?
- Егер Алтынбектей арысымызды Назарбаевтың арнайы жасағы ұрлап әкетіп, екі серігімен атып тастаса ол қандай кездейсоқ жазмышқа жатады?
- Осыны Ауылдың қазағына кім айтып бере алады?


Кімнен: Мұхтар Қайдан: Астана
18.04.2011 15:44
+0 / -0
Расында да НӘН Балжанның қолын жылы суға малып, өзін үлде мен бүлдеге орап, аузынан бал ағызып қойғанға ұқсайды.

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
18.04.2011 17:28
+0 / -0
– Меніңше, Орталық Азия республикаларының барлығында, әсіресе Қазақстанда сталиндік дәстүр байқалатын сияқты. Сталин өлген соң билікте бір де бір күшті тұлға қалған жоқ. Күштілердің барлығының көзі жойылғандықтан анархия орнады. Сөйтіп ешкім күтпеген кездейсоқ Хрущев билікке келді.

....бізден бір кездейсоқ келер, сосын Қырғыз еліндегідей жыл сайын президент ауыстырармыз... әйтеуір бәріне де шыдайтын болдық қой...

Кімнен: социал-демократ Қайдан: Марстан
18.04.2011 20:44
+0 / -0
Жалпы,біздің аймақта мұндай жағдайдың орын алуы заңды құбылыс.Дегенмен,егер кәрі тарихқа көз салсаңыздар,аты өзгерсе де,формасы өзгермеген авторитарлы билік болған және бола да бермек.Бұл процесс өте ұзаққа созылады.Халық құлдық санада деу мүлдем қате пікір.90%-і шаруалар болған сауатсыз Ресейдегі 1917 жылғы революция неден бастау алды? І дүниежүзілік империалистік соғыстан басталмады ма?Біздің аймақ қазір әлемдік алпауыттардың ықпалдастық шегі текетіреске айналған ошағына айналып келеді.
Біздегі өзгерістерге қай кезде де сыртқы факторлар әсер еткен.Мысалы,1916 жылғы А.Иманов көтерілісі,1930-шы жылдардағы Адай,Созақ көтерілістері нақты дәлел.Әрине,қазіргі билік халықты әлеуметтік тұрғыдан түрлі жағдайлар жасаймыз деп алдаумен алдарқатумен отыр.Әйткенмен,қарныңның тойғаны неге қажет,егер тілің,ділің,дінің жойылып,ұрпағың шетелге сатылып,бар байлығыңа келімсектер ие болса?! Бізге басқа жол керек.Біздің жүретін жолымыз мүлде басқа!Әттең,Алтынбек,Заманбек деп қайғыға салына бермеу керек.Біз кейінгі ұрпақ болашақта бәрін де орын-орнына қоямыз."Ит үреді,керуен көшеді"дегенді ұмытпаңыздар.Ал мына сұхбатшылардың сөзіне ренжімей түсіністікпен қарау керек.Өйткені бұлар -қандастарымыз ғой.Оларға да асау да болса,жабылармен өмір сүрулері керек.Бірақ,тәуелсіздік аспаннан түсті деген сөзге қосылмаймын.270 жылдан астам уақыт бойы ата-бабаларымыз қаны мен жанын берген бұл жолда!Жылы жұмсақ креслода отырып олай деуге ешкімнің хақысы жоқ!Сондай-ақ КСРО кезін де ансамауымыз керек.2000 жыл бұрын түркілер әлемді билегенде жаман болыппыз ба?Болашақта бәрібір Еуразиядағы түркілік тұтастығымызды қалпына келтіреміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Асау
18.04.2011 22:30
+0 / -0
Мәселе сауатта, білімде емес, қайта жүркетілікте, ерік жігерде! Еркік жігері жоқтар қанша білімі болса да ештеңе істей алмайды, ал білімі болмаса да жігерлілер жұлқынып болса да бірдеңені бастайды. Қазір ұлттың қарны аш, көңілі қаяу, рухы міскін, болашаққа сенім жоқ, ендеше оларда ерік-жігер жоқ, сосын бәрі де болмай отыр!

Кімнен: Кетпен ұстаған бала Қайдан: Қорғантөбе
18.04.2011 20:58
+0 / -0
Жамағат! 50 жылда ел жаңа!!!
Біздің бір ұлттан, бір халықтан бөлінгенімізге 100 жыл да өтпепті!
Мына советтік бюрократ-партократ-номенклатурадан шыққан каримовтер, назарбайлар, отынбай-бакиевтер, рахмондар ежелгі Тұранның шынайы интеграциясына күш салуына құлқы жоқ. Бізге шыдап-төзу ғана қалып отыр. Барша үміт Орта Азияда тұратын халықтардың жас буындарында ғана. Соларды бірлікке үйрету керек, баптау керек. Сонда ғана бірігіп, С.Қожанов пен М.Шоқай армандаған үлкен мемлекет бола аламыз.
Халықтар бірікпейінше, билік басындағы жантық та тексіз құлдар бірікпес.

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иранбақ
19.04.2011 18:30
+0 / -0
НӘН дегенге алданба ,
Сынаса да арланба .
Сұға берме бұққанды ,
Салып та көр ұжданға .
Белдес егер болмаса ,
Қайта - қайта шалқайма .
Одағын көрдің советтің ,
Күйреді әбден асқанда .
Мамандары мол бола ,
Жол таппады сасқанда .
Енді келіс елменен ,
Өлиес бұрын жан барда .
Көппен бірге көрмесең ,
Елден шыға берсең сен ,
Боларсың жем шайтанға .

Кімнен: AL-ASTER Қайдан: Kazakhstan
20.04.2011 00:29
+0 / -0
Келіспеймін. Жалпыға құм шашуға болмайды. Бүйтіп пессимисттік көзқарастағы қырсық мақалалар адамды еріксіз "отарлауға" әкеліп соғады. Вот солай. Әйтпесе, бізден басқа елдер жырғап жүр ма екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Анық
20.04.2011 01:24
+0 / -0
ауру қоғамда адам да ауырады. Қазақстан адамды жынды ететін, суицидті өршітетін саяси жүйе қалыптастырған. сондықтан торығу (пессимисттік) кезектегі жазымыш!
Кім түреді білмеймін,
Тылсым тірлік түндігін!!! ғ.б.

Кімнен: Өзімғой
20.04.2011 00:43
+0 / -0
Сол 1917 жылғы топас шаруалар үкіметі халықты қынадай қырған
жоқпа, ал ел болғанымызға 100 жыл күту деген не сандырақ, соғыстан
күйрей жеңілген Германия, Жапония тура 10 жылда Кеңес Одағын
басып озған жоқпа еді, гәп халықты жұмылдыра білуде, ықылас-ниетте,
бүгінгідей өзі айтқанын өзі ұмытып сандырақтап, өз өтірігіне өзі
иланып жүрсе қайдағы даму, "Ілгері басқанның - иті оттайды, кері
кеткеннің - келіні ұры қылады" деген осы. Айтпақшы, БАЛЖАН,
сүйіншіңді әзірлей бер, кеше жасанды ассамблеяның жинағында
көкең 2030-ға дейін отыра берем деді, шамасы сен қар өлмейтін
дәрі тауып, болмаса Әзірейіл періштеден справка алып бердіңау.

Кімнен: қара бала Қайдан: Таудан
25.04.2011 01:55
+0 / -0
Балжан сіз өнер адамы екі жүзді деп айтып тұрсыз. Ата-бабамыздан келе жатқан өнерді ары қарай жағастырған адамдардын барлығына күйе жақтыңыз бір ауыз сөзіңізбен.. Осы ісіңіз құлшылыққа жата ма. Сірә ойландыңыз ба? Құлшылық ететін адам әр бір сөзене мұқият қарау керек. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледінің кейпі ғой сірә...