Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 18:32


ӘЛЕУМЕТ

Қаза тапқан актриса отбасының жаңа өмірі

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының актрисасы Шолпан Мұқышева 2008 жылы жаңа үйлердің біріндегі лифт шахтасына құлап, 35 жасында қаза тапты. Шолпанның сіңлісі Айман әпкесінен қалған үш баланы бауырына басып, жездесі Ислам Зейнуллаевпен отасқан еді. Ол отбасы жақында тағы бір сәбилі болды.

Астанадағы музыкалық-драма театрының актрисасы Шолпан Мұқышева 35 жасында қаза тапты. Астана, 21 қазан 2008 жыл.
Астанадағы музыкалық-драма театрының актрисасы Шолпан Мұқышева 35 жасында қаза тапты. Астана, 21 қазан 2008 жыл.
Мәтін көлемі - +
Шолпанның артында қалған Ақерке, Нұрлыхан және Әбдісәлімді жетімсіретпеу үшін жездесі Исламмен бас қосқан Айман жақында ғана босанып, отбасына Әлихан есімді ұл қосылды.

Айманның сөзіне қарағанда, кішкентай Әлихан қайғы-мұңды ұмытуға көп септігін тигізіп жатыр.

 - Қазір Ислам да кішкене өзгеріп, көңіл-күйі көтеріліп қалды. Жұмыстан келген соң, балаға көңіл бөледі. Балалар да кішкентай Әлиханның жанында мәре-сәре болып жүреді. Басында балаларды ойлап, олардың назарын басқа жаққа аударуға тырысатын едік. Олар аналарын ұмытпай, күнде келеді деп күтетін, - дейді Айман Азаттық радиосына берген сұхбатында.  

Ислам да бізбен тілдескенде Әлихан жайлы әңгіме қозғады.

 - 14 ақпанда Әлиханның дүниеге келуімен үйімізге ең үлкен қуаныш келді. Қазір бала-шағамызбен кішкентай Әлиханның жанынан шықпаймыз, - деді ол.

«ҚАЗАСЫ ҚЫЗЫНА ҚАТТЫ БАТТЫ»

Анасы қайтқанда ес біліп қалған Ақеркеге Шолпанның қазасы ауыр тиген. Тоғыз жасында зор трагедияны бастан кешкен Ақерке әлі күнге көп ойланады екен. Ол ​анасы қайтып келер деп ұзақ күткен.
Марқұм Шолпан Мұқышеваның отбасы. Балалары: қызы Ақерке, ұлдары Нұрлыхан мен Әбдісәлім және кішкентай Әлихан. Сурет жеке мұрағаттан алынған.Марқұм Шолпан Мұқышеваның отбасы. Балалары: қызы Ақерке, ұлдары Нұрлыхан мен Әбдісәлім және кішкентай Әлихан. Сурет жеке мұрағаттан алынған.
x
Марқұм Шолпан Мұқышеваның отбасы. Балалары: қызы Ақерке, ұлдары Нұрлыхан мен Әбдісәлім және кішкентай Әлихан. Сурет жеке мұрағаттан алынған.
Марқұм Шолпан Мұқышеваның отбасы. Балалары: қызы Ақерке, ұлдары Нұрлыхан мен Әбдісәлім және кішкентай Әлихан. Сурет жеке мұрағаттан алынған.
 - Шолпаннан айырылғанда Ақерке өте тұйық, ешкіммен сөйлескісі келмей, өзімен-өзі болып қалды. Қазір де сондай, түнгі екіге дейін ойланып жатады. Түнгі сағат екі-үште бөлмесіне келсем, ұйықтамай жатады. Ол анасын іздейді әлі, ес біліп қалған ғой ол кезде, - дейді Айман.

Оның айтуынша, Ақерке анасының неден қайтыс болғанын білмейді, ол туралы осы күнге дейін ешкімнен сұрамапты.

ҚҰН ТӨЛЕТУДІҢ ҚИЫНДЫҒЫ

Ислам Зейнуллаевтың айтуынша, «Москва» тұрғын үй кешенін тұрғызған «Астана лифт» және «Ер құрылыс» компаниялары Шолпан қаза тапқан кезде оның артында қалған үш баласына үш бөлмелі пәтер береміз деп келіп, соңында бір бөлмелі пәтерге де жетпейтін ақшалай көмек беріп қана қойған.

Ислам «әйелінің өлімі арқылы ақша тапқысы келген адамға ұқсамайын» деген 
Айман, Әлихан және Ислам Зейнуллаевтар. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).Айман, Әлихан және Ислам Зейнуллаевтар. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
x
Айман, Әлихан және Ислам Зейнуллаевтар. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
Айман, Әлихан және Ислам Зейнуллаевтар. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).
ұстаныммен тұрғындар қоныстана бастаған үйдің қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етпегені үшін лифт шахтасын ашық қалдырған компанияны сотқа бермегенін айтады.

Азаттыққа берген сұхбатында Ислам Зейнуллаев өзінің сол кездері тұрғын үйдің қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті бір-біріне сілтеген компаниялардың төрт айға созылған әуре-сарсаңынан қажып кеткенін айтты.

 - Ақыр аяғында кешірім сұрап, ақшалай өтемақы ұсынған соң, оны жылы жаба салдық. Оның үстіне заңды қарап көрсек, құрылыс компаниясы бір адамның өліміне себепкер болып жатса, оған мынандай көлемде өтемақы беріледі деген заң жоқ екен. Сол үшін соттасып, Шолпанның әруағын шулатпай-ақ қояйық деп ойладым, - деді Ислам Зейнуллаев. 

«АЙМАННЫҢ АРҚАСЫНДА ҮШ БАЛАМ ЖӘУТЕҢДЕМЕДІ»

Шолпанның балаларына ана болып қалған сіңілісі Айман әпкесін түсінде жиі көретінін айтты.

 - Шолпанымды көп ойлаймын, жылаймын. Бәрібір ортамызға қайтып келмейді. Жарқ етіп көтеріліп, ерте өшіп, арамыздан мезгілсіз кетіп қалды ғой, - деді ол.

Ислам Зейнуллаев «Бала үшін ананың орнын ешкім толтыра алмайды, бірақ 
Ақерке, Нұрлыхан және Әбдісәлім аналарының асында. 28 қараша 2008 жыл.Ақерке, Нұрлыхан және Әбдісәлім аналарының асында. 28 қараша 2008 жыл.
x
Ақерке, Нұрлыхан және Әбдісәлім аналарының асында. 28 қараша 2008 жыл.
Ақерке, Нұрлыхан және Әбдісәлім аналарының асында. 28 қараша 2008 жыл.
Айманның арқасында балаларым жәутеңдемей, ел қатарлы күлімсіреп өмір сүріп жатыр» деді.

 - Балам сабағын өте жақсы оқып, құрмет тақтасында тұрса, қызыл диплом алса деген Шолпанның арманы еді. Нұрлыханым қазір беске оқып жатыр, - деді Ислам Зейнуллаев.

Айманның айтуынша, балалары әпкесі армандағандай өсіп жатыр. 13 жастағы Ақерке мен 9 жасар Нұрлыханның сабақтары өте жақсы.

Айман жұма сайын мешітке барып, садақа беріп, марқұм апайының туған күнінде балаларды басына апарып Құран оқытатындарын айтты. Балалар да «анашымызға барамыз» деп дайындалады екен.

 - Шолпанның әруағы риза болса, үш баласы жыламаса - болды. Оларды өз баламдай жылатпауға тырысып жатырмын. Маған олардың көздері жәутеңдемей, жарқырап жүргені керек, - деді Айман Азаттыққа берген сұхбатында.

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының актрисасы Шолпан Мұқышева 2008 жылы қазан айында Астанада жаңа салынған «Москва» тұрғын үй кешеніндегі лифтінің ашық тұрған шахтасына құлап, 35 жасында қаза тапқан еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: казак
04.05.2012 10:28
+0 / -0
ата жолымен келе жаткан дастур апасынын балаларын бауырына басканы улкен адамгершилик аиманды алла колдап тлеген тлектерин орындалуына алла насип етсин
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 12:01
+0 / -0
Айман - қазақтың ақылды қызы екен

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы.
04.05.2012 10:34
+0 / -0
Үкіләй, бұл мәселені ұмыт қалдырмай, жақсы көтерген екенсің.Өз жағдайың жақсы ма.Мына сәбилердің анасының әруағы разы болсын. Өзінен үлкен әпкесі қайтыс болып, сіңлісі орнын басқан бірнеше оқиғаны білеміз. Апайының артында қалған балаларын жәутеңдетпей, асырап азамат қылғаны үшін жұмаққа баруы тиіс.
Пікір алмасу

Кімнен: Үкілай
04.05.2012 17:56
+1 / -0
Пікір білдіргеніңізге рақмет! Шолпанның қазасынан кейін оның отбасы туралы Азаттық өз оқырмандарына хабар беріп келе жатқаны рас. Ол туралы осы мақалаға қосымшадан таба аласыздар.

Шолпанның балаларын жылатпай, өз баласындай бауырына басқан Айманға Алла күш-қуат берсін деп тілегім келеді. Шолпанның жаны жаннатта болсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.05.2012 15:31
+0 / -0
Алла күш-қуат берсін деп тілегім келеді
-----
Тілегім келеді дегенше тілеймін демейсіз бе? Азаттықтың журналистер-ай осы....

Кімнен: Ару Қайдан: Алтайдың ар жағынан
04.05.2012 12:13
+0 / -0
Адамгершілігі бар қазақтар азда болса бар екен. Қазақта жақсы зат қалмаған шығар деп қорыққан кезде, бұндай әңгімені естігенде көзіңе жас келеді екен. Оқып отырып жыладым. ЖОдегі масқаралардан кейін шығар мумкін жылаған себебім.

Кімнен: Алаш БАЛАСЫ Қайдан: Ақжайық ҚАЗАҚИЯ
04.05.2012 12:53
+0 / -0
Әлбетте, үлкен жауапты әрі ауыр жүкті көтерген екен !!! Алла Тағалла бұл жақсылығыңды жауапсыз қайтармайды ... отбастарыңызға тек жақсылықты тілеймін !!! Көлденең көк атты дан сақтасын бір Жаратқан !!!!

Кімнен: Бақыт Қайдан: Шымкент
04.05.2012 14:02
+0 / -0
Марқұм әпкесінің орнын жоқтатпауға тырысқан Аймандай аяулы адамға Алла-тағала күш-қуат берсін!

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
04.05.2012 14:36
+0 / -0
басқа әйел алмай әйелінің сіңлісі алғаны өте дұрыс іс болыпты иншАллаһ!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 15:24
+0 / -0
Жаны қысылып жан-жағын қарманған шақта, жеке басын ойламай, осындай іс жасағаны үлкен адамгершілік. Бақытты болсын Айман мен Ислам.

Кімнен: Айнұр
04.05.2012 17:21
+0 / -0
Шолпан жанып тұрған жұлдыз болатын, даусы да керемет. Көптеген әншінің дауыс мәнерін келтіріп, оларға пародия жасайтын. Театрда бүкіл басты рольдерде ойнады. Жүрегімен ойнағанда, көрерменді жылататын талант еді, өмірмен ерте қоштасты. Көңілі сондай таза, бала сияқты ақкөңіл жан еді. Қалжыңдағанда ішек-сілеңді қатыратын. Ешкімге жамандық ойламайтын, ешкімді жек көрмейтін, бәріне кешіріммен қарайтын курстасым еді. Жаны жаннатта болсын, бала шағасы көрмеген қызығын көрсін енді. Өмірде жоқ екеніне әлі сене алмаймын.
Ислам мен Айманға бақыт тілеймін, Алланың шапағатына бөленсін, балалары жыламай өссін.
Пікір алмасу

Кімнен: Сәкен Қайдан: Алматы
04.05.2012 22:57
+0 / -0
Айманға қалай шексіз риза болмайсың Аяулы ару қыздарымыз бар екен ғой. Көшеде орыстармен сүйісіп тұрған, аузы мұрындарын жүн басқан шетелдіктердің қолтығында кетіп бара жатқан қазақ қыздарын көріп,не болдық, деп түңілуші едім. Айманның мынадай үлкен адамгепшілік қасиеті кеудемізге үміт сәулесін шашты. Аймандай аруларымыз көп болсын, ұлтынан безген, ата салтынан мақұрым қалған қыздар жоқ болсын. Исламның да абзал жігіт екендігі көрініп тұр. Екеуінің арқасында балалардың бақытты болатынына кәміл сенеміз.

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
04.05.2012 23:37
+0 / -0
Шолпанның аруағымен бірге біз де разымыз. Көптің тілегі бастарыңызға бақыт шуағын төге берсін!
Пікір алмасу

Кімнен: Асылбек Қайдан: Тараз
06.05.2012 21:21
+0 / -0
Шолпан өлімге қимайтын аяулы жан екен. Қандай өкінішті. Кінәлі адамдар тиісті жазаларын алуы керек еді. Алдағы уақытта мұндай қайғылы оқиғалар болмауы үшін.Бекер кешірім жасаған.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 18:11
+0 / -0
Шолпанның көзіне қарасам жәудіреген әлі тірі сияқты

Кімнен: Рахматулла Қайдан: Ақжайықтан
09.05.2012 08:45
+0 / -0
Айман сені Алла қолджасын! Жетімер турасында пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у. " кім жетімнің басынан сипаса қияметте менімен мына екі бармағымдай қатар тұрады " деген. ИншаАлла апаңыздың балаларына өте мейіріммен қарарсыз. Екі дүниеде жақсылығыңыз алдыңыздан шықсын!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?