Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 19:02


ЭКОНОМИКА

Шаруалар «тезек салығына» наразы

Шаруа қожалықтары төлейтін салық саны артып келеді. Қоршаған орта министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстанда экологиялық кодекс арқылы енді малдың тезегіне де өндіріс қалдығы ретінде салық салынады. Биыл мұндай салық жергілікті биліктің үкімімен көптеген аймақтарда енгізіліпті. Ал мамандар «бұл - заңсыз» дейді.

Өрістен қайтқан сиырлар. Алматы облысы, Үмбетәлі ауылы, 25 наурыз 2012 жыл.
Өрістен қайтқан сиырлар. Алматы облысы, Үмбетәлі ауылы, 25 наурыз 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
 
Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны Нұрлан Алжанбаев мал шаруашылығымен айналысады.  

«САЛЫҚ ЕМЕС, АЙЫППҰЛ ШЫҒАР»

Нұрлан Алжанбаевтың негізгі мамандығы - механизатор, бірақ осы өңірдің барлық тұрғындары сияқты ол да мал асырауға мәжбүр. 

 - Қысы-жазы малдың бейнеті бірдей, бізде егістік жоқ, тек қана мал шаруашылығы. Біреуден арзан алып, басқаға қымбатқа сатасың. Былтыр Жезқазған облысынан мал әкеліп, қыстай бордақыладым. Тиімді екенін байқадым. Енді арнайы қора салмақпын», - дейді шаруа.

Ол  мемлекет тарапынан шаруаларға жасалып жатқан көмек туралы естіпті, бірақ оны алуға талаптанбаған. «Өз күшіммен өмір сүріп келе жатырмын» деген Нұрлан Алжанбаев үкіметтен көмек алуға тырысып, бірақ нәтижеге жете алмаған шаруалар көп екенін айтты.
Малшы ауылындағы киіз үй мен қамыс қора.Мерке ауданы, Жамбыл облысы 27 Мамыр 2011 жыл (Көрнекі сурет).Малшы ауылындағы киіз үй мен қамыс қора.Мерке ауданы, Жамбыл облысы 27 Мамыр 2011 жыл (Көрнекі сурет).
x
Малшы ауылындағы киіз үй мен қамыс қора.Мерке ауданы, Жамбыл облысы 27 Мамыр 2011 жыл (Көрнекі сурет).
Малшы ауылындағы киіз үй мен қамыс қора.Мерке ауданы, Жамбыл облысы 27 Мамыр 2011 жыл (Көрнекі сурет).

Шаруа мал тезегіне салынатын салық туралы естімеген екен. Ол «Егер қоршаған ортаны ластап жатса, салық емес айыппұл салынатын шығар, тезекке салықты қалай төлеуге болатынын білмеймін» - дейді.

Ал қоршаған орта министрлігінің Азаттыққа жіберген ресми жауабында «Салық кодексінің 495-бабының 6-тармағы 1,3,6-тармақшаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы қалдықтарына төлем 1 тонна үшін 0,009 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленген» деп жазылған. Қазіргі бір айлық есептік көрсеткіш - 1618 теңге.

Министрліктің баспасөз хатшысы Ғажайып Күмісбек өндірістік қалдықтарға белгіленген салықтар туралы айта келіп, «Жаңа экологиялық кодекс қабылданған жоқ. Ол бұрыннан бар» дейді.

«ЗИЯН БОЛСА, МАЛШЫҒА ТӨЛЕСІН»

Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Әуесхан Дарынов мұндай салыққа қарсы екенін айтты.

 - Бұл «Сау адамның тамағын ішіп, ауру адамның сөзін сөйледі» деген мақалға келетін жағдай. Экологтардың сөзінше, тезек иісі, әсіресе, су болғанда адамның денсаулығына зиян тигізеді. Оның зияны кімге тиеді? Малшыға. Ол зиян болса, сол адамға ақша төлеу керек қой. Олар керісінше, ақшаны малшыдан алып жатыр, - дейді Әуесхан Дарынов.
Экологтардың сөзінше, тезек иісі, әсіресе, су болғанда адамның денсаулығына зиян тигізеді. Оның зияны кімге тиеді? Малшыға. Ол зиян болса, сол адамға ақша төлеу керек қой. Олар керісінше, ақшаны малшыдан алып жатыр.
 
Оның сөзінше, бұл «ұсынысты» жасаған экологтар және ол өзгерістер 2011 жылы енгізілгенімен, тек биыл ғана көп жерде қолданыла бастаған. Әуесхан Дарынов:

 -  Былтыр бұл салық әр жерде ғана ұсталған, сондықтан ешкім шулаған жоқ. Ал биыл көп жерде ұсталып жатыр. Бұл салық барлық малға салынады. Кей жерлерде екі қойы бар адамдар да төлеп жатыр. Әр жерде әр түрлі. Негізі бұл - заңсыз нәрсе, себебі - заңда жоқ. Мұнда тек тарифтер ғана бар. Бірақ жергілікті жерлерде салық салынып жатыр, облыс маслихаттарында тарифты бекіткен ғой, -  деді.

«МӘДЕНИЕТ ЖАҒЫНА КЕЛЕТІН ЗИЯН» 

Алайда қоршаған орта министрлігінің өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ғажайып Күмісбектің айтуынша, бұл - тек ірі шаруа қожалықтарына қатысы бар салық. Мұны эколог Мэлс Елеусізов те растады. Ол осы ұсыныстарды жазуға қатысқанын айтты. Маман бұл салық қажет болғандықтан, оның заңды түрде қабылданатынына сенімді.  Ол:
Қазақстан кәсіпорындарының "Табиғат" экологиялық қауымдастығының төрағасы Мэлс Елеусізов. Алматы, 8 қазан 2008 жыл.Қазақстан кәсіпорындарының "Табиғат" экологиялық қауымдастығының төрағасы Мэлс Елеусізов. Алматы, 8 қазан 2008 жыл.
x
Қазақстан кәсіпорындарының "Табиғат" экологиялық қауымдастығының төрағасы Мэлс Елеусізов. Алматы, 8 қазан 2008 жыл.
Қазақстан кәсіпорындарының "Табиғат" экологиялық қауымдастығының төрағасы Мэлс Елеусізов. Алматы, 8 қазан 2008 жыл.

 - Жас тезек шіріген кезде газдар шығады. Метан деген жанатын газ бар. Сондықтан ондай салықты тезек көп болғандықтан жасаған. Оның зияны жоқ. Мақсаты – тазалық сақтау. Қазір қай ферманың қасына барсаң да тезек тау-тау болып жатыр. Сосын ол шіриді, одан табиғатқа зияны бар газ шығады, - дейді.

Экологтың сөзінше, қазір ауа райының жылуына байланысты «апатты жағдай туындап отыр». Мэлс Елеусізов:

 - Қазір жер (планета ретінде айтып отыр - ред.) температурасы жарты градусқа көтерілді. Қанша апаттар болып жатыр! Екі градусқа апарсақ, адамзат өле бастайды. Өте үлкен апат келе жатыр. Сондықтан да салықтың еш зияны жоқ. Әр фермердің биогаз құрылғысын қоюға мүмкіндігі бар. Газын шығарып алып, сосын оны жер тыңайтқышы ретінде қолдансын. Ал былай жата берсе, ол мәдениет жағына да зиянын тигізеді, - дейді.

Оның сөзінше, мұндай тәжірибе әлемнің бірнеше елдерінде бар. Ол «мұны қазақстандық экологтар ойлап тапқан жоқ» деген пікірін айтты.

 - Батыс мемлекеттерінің көбінде бар - Дания, Франция сияқты елдерде. Мен оны зерттеп көрген жоқпын, бірақ болуға тиіс. 

«ТЕЗЕККЕ, АУАҒА, ШӨПКЕ САЛЫҚ САЛАЙЫҚ»   

Фермерлер одағының алматылық бөлімінің өкілі Қанай Жүнісовтің айтуынша, «осындай бағытпен жалғаса берсе фермерлердің жағдайы қиындайды». Ол:

 -  Үкіметтен ешқандай көмек жоқ, онсыз да күйреп тұрған дүниеге, енді тезекке, ауаға, шөпке салық салайық. Бұл басшылардың ақымақтығын ғана көрсетеді, - дейді.

Әуесхан Дарынов тезекке салынатын салықтың қажеті жоқ екенін айтып қоршаған орта министрлігіне хат жазған. Одан нәтиже шықпаса, мемлекет басшыларына да хабарласуға дайын екенін ескертті. Әуесхан Дарынов:

 - Кімнің қанша малы бар екенін ауыл әкімдігінен біледі. Сосын шаруаға келіп «Осынша малың бар, тариф бойынша мынандай салық төлейсің. Төлемесең, айып пұл саламыз» дейді. Бұл заңды ма, жоқ па, ол жағын білмейтін шаруа айыппұл төлегенше, салық төлейін деп шешеді. Әр жерде бағасы әр түрлі, біреулері - 100 теңге, өзгелері 200 - 300 теңге төлеп жүр. Жергілікті билік ойына келгенін істеп жатыр, - дейді.

Маманның сөзінше, елдегі шаруа қожалықтары төлейтін салықтардың саны жылдан жылға артып отыр. Әуесхан Дарынов:
Техниканың 87 пайызы ескі дейді. Жаңарту үшін неге салықты азайтпасқа? Қытайда ауыл шаруашылығына мүлдем салық салынбайды.

 - Табыс салығы, экологиялық салық, әлеуметтік салық, бірыңғай жер салығы да бар. Жыл сайын осы салықтардың санын азайту мәселесін көтереміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруа қожалықтарындағы техниканың 87 пайызы ескі дейді. Соны жаңарту үшін неге салықты азайтпасқа? Оның орнына жыл сайын салықты көбейтіп жатыр. Алыстағы Батыс елдерін мысалға келтіріп шаршадық - көршілерімізді айтайық. Мысалы Қытайда ауыл шаруашылығына мүлдем салық салынбайды. Ресейде техника ақысының 50 пайызын мемлекет төлейді, - дейді.

Ауыл шаруашылық өндірісі қалдықтарына салық төлеу туралы толығырақ ақпарат алу үшін Азаттық радиосының тілшісі ауыл шаруашылығы министрлігіне ресми сауал жолдаған болатын. Алайда министрліктің баспасөз хатшысы бұл сұрақты оларға емес, қоршаған орта министрлігіне бағыттауды сұрады. Ал қоршаған орта министрлігі салық туралы сұрақтарды салық комитетіне жолдау қажет екенін айтты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
16.04.2012 12:39
+0 / -0
Алдымен адамның "тезегіне" салық салсаңыздаршы, малды сосын көре жатармыз
Пікір алмасу

Кімнен: Амангелді Қайдан: Қарағанды қаласы
16.04.2012 14:07
+0 / -0
Ызалы Маңғыстаулық сәл сабыр етіңіз! С"рә сіз ауылда тұрмағансыз-ау деймін.Расында да, көзіңізбен көрсеңіз, сіз де осындай заң шығарар едіңіз.неге дейсізбе ауылда әр жиырма метр сайын үйілген боқтық.Онысымен қомай кей білгіштер оны жаз шыға өртеп құртамыз деп жағады ай келіп.Боқ жансын ба, жаз бойы бықсып жатады.ауыл көк түтін, ауасын да жұтатын өздері.және де бір бірімен ерегісіп оны сөндірмейді де,ол боғымыз қыста боранда әрең сөнеді.келесі көктемде тағы да жаңағы жағыдай.Рас салық салып, арнайы орындар ашып, боқтарын навозға айналдырса құба құп! Мен қолдаймын бұл салықты!!!
Пікір алмасу

Кімнен: ауыл баласы Қайдан: Ауылдан
17.04.2012 11:28
+0 / -0
Амангелді, сен жақты білмейм, бізде қар ерісімен СЭС сымақтар ауылға жетіп келіп, боқтықтарыңды шығарыңдар деп тиісіп болады. Уақытында шығармасаң айыппұл да жазып беріп кетеді. Ол боқтықты коөліктермен ауыл сыртына шығарып тастайды. Малдың жем, шөбі бар, оның боқтығын шығаратын бәрінде бірдей көлік жок, көлік жалдайды, енді оған салық қосса онда мал баққаннан не пайда? Одан да отырайық Беларусьтің етін жеп. Қазір қаптап кетті сол жақтан келіп жатқан ет?, олар сиыр етін жемейді екен, тек сүтін ғана пайдаланады. Соларды байытамыз сонда

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
16.04.2012 13:00
+0 / -0
ей шәбәз дәр жарайсыңдар нағыз Боратстан ,құдайдан жатсақ та тұрсақ та тілейік болмасын деп,тағыда бір құтырған ел дем алып жатқан ауаға төлейтін заң шығарыпты десе онда құрыдық, осылар бір заң шығарғанда трезво оиланып шығара мекен я бар болып боғаны қабылеті осындай мекен сорлылардың ,және өкпелейді Бораттың Гимнне

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
16.04.2012 13:16
+2 / -0
Негізі біздің билік ана басшылары сияқты алжып тынды. Өздері сырттан ядролық қалдықтарды әкеліп көмбекші. Ал мында малдың тезегін "әңгіме" етіп отыр.

Совхоздардың бар малын талан-таражға салып тауысып тынды бірер жылдың ішінде. Елде мал да қалмаған кез болды. Шаруа байғұс жоқтан бар жасап өзі ішіп-жемесе де қолындағы азғана малын енді көбейтіп келе жатқанда оның тезегін "тексерер" болса не болғаны сонда? Әлде сол азғана мал көздеріне күйік болды ма екен? Малдың тезегіне көз салғаны-сол малды құрту амалы емес пе? Мал-қазақтың ата-бабасынан бері келе жатқан бар байлығы. Күнкөрісі де осы мал.
Малдың тезегіне салық салып "шошынар" болсаң, онда тасыңды-атауыңды неге жемейсің билік?!!

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
16.04.2012 13:41
+1 / -0
мына жоғарыдағылардын естері тек акша болып акылдары ауыскан екен онда багып отырган малдарымыздын артын бітеп коятын шыгармыз сосын апарып корсетерміз міне біздікі тышпайды тек кусады деп ай жексұрын неме төрде отырып алып ойларына келгендерін жасап отырган жетсесіз неме кіл мына Мэлсінді кой бұда жогарынын тотысы гой сол жакка карап сайрайтын ертен тагы кандай зан тауып шыгарар екен ол байғұстар колдарынан тук келмейді тек өз қазағын тонаудан баска
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.04.2012 14:56
+0 / -0
мынау уят нарсе екен,Енди калганы малдын тезегине салык салу ма еди, Оны кайта газы жок ауылдар, жаздай басып, "тапай жасап"формага келтирип, кыстай отын кылады гой. акылсыз екен, ана министрлерлдин де дени боктан шыккан,тексиздер екен,

Кімнен: Адайдың баласы Қайдан: Қазақ елі!
16.04.2012 14:33
+0 / -0
Бұл салықты "тезек" түрінде төлеу керек!
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
16.04.2012 16:32
+0 / -0
Өте дұрыс ұсыныс! Жер-жердегі салық комитеттерінің алдына қаппен, арбамен, қытайдың ала дорбасымен тезектерді апарып жинап қою керек, бір уақыттарда үкіметтің жоспарын орындау үшін иттің, кеуіп қалған тулақтың да жүндерін күзеп алып осылайша тапсырыпты ғой аталарымыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Adamzat
17.04.2012 12:35
+0 / -0
Тауып айттың, тезек салығын тезекпен төлесек, жақсы болар еді. Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты, бізде заң шығарғыштар заңды, дұрыстап та шығара алмайды. малдың тезегіне салық төлейік, өзіміздің де тезегімізге салық төлейік, салықты барлық нәрседен төлейік. Жай тариф дейді, ауылда сасып жатыр дейді, біз де ауылдан шықтық, ауылда малдың иісі сасып кетіпті дегенді естімеппін. қыс бойы жиналса да, жазға жетпей кеуіп, үстіне шөп шығып жер болып кететін. үш жылдан кейін жермен айырмашылығы болмай қалатын, қайдағы сасыған иіс екенін білмеймін. оны кім айтып малдың тезегі сасиды деп.

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
16.04.2012 16:28
+0 / -0
Қазба байлықты жыртқыштықпен тонап жатқан шетелдік Компанияларға миллиардтаған долларға жеңілдік беріледі, ал ауылдың азғантай малының тезегіне салық салынады, сонда бұл үкімет кімнің үкіметі болғаны? Жұмыртқадан жүн қырыққан бұл қандай үкімет?

Кімнен: Намыс .
16.04.2012 18:59
+0 / -0
Ауылда күнін әзер көріп отырған шаруаларға мал тезегі үшүн салық салу күпкілі , ерсі қылық екені баиқалып тұр . Онда малға арнап пампрыстар тігіп саудаға шығарсын . Ауылды құртып бола келген билік , тағыда ауылға ауыз салды . Бәрімізде ауылда туып , ауылда өстік , өз ауылымызға қарсы биліктің озбырлығына шикі шешіміне тосқауыл қоиыуымыз керек , жетесіз билік басыма мініп арымен , намысымды таптаптағаның аз болғандаи , тезекке салық алып баиырсың . Өздері тоисада көздері тоимайтын қырсық билік дегеніңе жетпедеп тілеимін .
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақстан
17.04.2012 11:32
+0 / -0
Бұл тек халықты байытпауға жасалып жатқан тірліктер. Осы кезге дейін қанша сау малды ауру қылып қырып тастады. Енді тезекке салық. Ауылды құртып бәрін қалаға шақырады, қалаға келсең уйің жоқ, солай қаласың қаңғып. Бұлай бола берсе арты жақсы болмайды...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.04.2012 19:24
+1 / -0
Тамақты ең көп жейтіндер мен ең көп тышатындар осы министрлер, солар төлесін салықтарын ,Онсызда кедей шаруаларда не әкелеріеің құны қалып едіей, боққарындар!
Пікір алмасу

Кімнен: Алматылық
16.04.2012 20:20
+0 / -0
Мына комментерді оқып, күлкіден жатып қалдым. Азаттыққа мұндай комментердің шықпағанына да біраз болды осы. Өте көңілді болды.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
16.04.2012 21:32
+0 / -0
Әулекі билік мына бетімен көр де тұрыңдар, әлі "осырық" салығын да ойлап шығарады. Бас эколог Мэлстің меңзеп "газ шығарады" дегені сол болуға тиісті, ол газдың кәдімгі осырық деп аталатынын шала тілді ол қайдан білсін, танауына таза қазақша сөздің исі де бармаса...

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
17.04.2012 16:20
+0 / -0
Ай бауырларым ай зоопарктен сиырды коресиндерде сиырдын тезегине салык салгыларын келеди биле билсендер ауылда адамдар бар сол торт тулик малдын аркасында кунин корип журген укиметтин оларга омиринде берген комеги жок енди адамдар оз бетимен кунин корсе соны да коре алмай салык салгыларын келеди алде бул укиметтин пигылы аса туяк калмасынба екен

Кімнен: Әбді Ғалым Оспан
18.04.2012 17:07
+0 / -0
Енді сиырға памперс алыңыздар деген заң шығаратын шығар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 01:06
+0 / -0
Өзін өзі қорлаған қазақ, қалалықтарға салық заңы қарастырғанда екі қазақ депутаты қарсы шыққан, алған ұйлері көп арендаға беріп саудасы ешқандай салықсыз шаруасы жұріп жатыр

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?