Сенбі, 25 мамыр 2013, Алматы 04:36


ӘЛЕУМЕТ

«Халал» маркалы өнімнің сапасына күмән бар

«Әлемде мұсылмандар саны артқан сайын шариғат шарттарын ұстанатын өндірістер де дамып жатыр. Ислам институттары мен халал тағамдардан басталған өнеркәсіптер қазір косметика, фармацевтика, туризм мен киім өндірісі сияқты көптеген салада қарқынды дамып келеді» дейді Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу тобы.

Халал белгісі бар гамбургер. (Көрнекі сурет)
Халал белгісі бар гамбургер. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +
Дүниежүзіндегі халал индустрияның даму барысын зерттеген EIU (Лондон) экономикалық сараптама тобы Кувейт қаржы орталығымен бірігіп, әлемде халал бизнесін жүргізіп отырған 400-ге жуық кәсіпкермен сауалнама жүргізген. Кәсіпкерлердің жартысынан көбі халал өнімдерге сұраныс жылдан-жылға көбейіп, бұл өндірістен түскен табыстары артып отырғанын айтқан.

Зерттеуге қатысқандардың 81 пайызы «тұтынушылар үшін өнімдердің «халал тағам» деген брэнді – маңызды» деп жауап берген.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, халал заттарға сұраныс көп мемлекеттер – араб елдері. Екінші орында – Солтүстік Африка, үшінші орында Оңтүстік Азия тұр. EIU зерттеу тобы  халал өнімдерді тұтынушылар мұсылмандар көп тұратын Солтүстік Америка мен Батыс Еуропада да ұлғайғанын айтады.

«ХАЛАЛДАН» БІРЕУЛЕР ПАЙДА ТАУЫП ЖАТЫР»

Қазақстанда да соңғы жылдары халал өнімдеріне сұраныс күшейген сайын халал тағамдарын өндіретін компаниялар да көбейген. Қазір бұл салада 500-дей 
Халал тағамдар көрмесіне қойылған шұжықтар. Алматы, 2 қараша 2010 жыл.Халал тағамдар көрмесіне қойылған шұжықтар. Алматы, 2 қараша 2010 жыл.
x
Халал тағамдар көрмесіне қойылған шұжықтар. Алматы, 2 қараша 2010 жыл.
Халал тағамдар көрмесіне қойылған шұжықтар. Алматы, 2 қараша 2010 жыл.
кәсіпорын жұмыс істейді. 2004 жылдан бері елдегі халал тауарлар өндірісін бақылауға алып, рұқсат құжат беріп отыратын Халал талаптары бойынша техникалық сараптау комиссиясы құрылған.

Блогер Тимур Бектұрдың пікірінше, «елде халалға сұраныс жоғары, бірақ халал брэндін пайдаланып кетіп жатқандар да бар».

– Менің білуімше, шариғат шарттары халал комитеті ұсынған белгідегі өнімдерде сақталады. Алайда жұрттың сұранысына орай сыртына «халал» деп жаза салған тауарлар арқылы да базбіреулер пайда тауып жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Маңғыстауда «Халал ма? Халал колбаса бар ма? Халалдығын анықтайтын мөрі бар ма?» деген сұрақтар әлі күнге дейін  «Марста адамдар тұра ма?» дегенмен тең. Тіпті «Мен сонда харам дүние сатып тұрмын ба?» деп, доңыз етінен жасалған шұжығы үшін ренжіп қалатындар бар, – дейді блогер Тимур Бектұр.

Оның ойынша, «шариғат талаптары туралы әлі түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек – себебі халықтың көбі халал мен харамды ажырата алмай жатыр».

«ШАРИҒАТ ЗАҢЫН САҚТАҒАНЫ ШАМАЛЫ»

Ал «бие сүтінен халал косметика жасайтынын» айтқан кәсіпкер Айтуған Мұқашевтың пікірінше, Қазақстан халқы соңғы бес-алты жылда халалдың не екенін біліп қалды, көбі сенімдерінен шыққан халал компанияның тауарларын алады.

– Халалға сұраныс болғаннан кейін халалдың атын жамылып жатқан компаниялардың бар екені рас. Халал деген адамдардың бір-біріне сенімін көрсетіп 
Халал өнімдер көрмесінде Құран оқып отырған бойжеткен. Мәскеу, 7 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)Халал өнімдер көрмесінде Құран оқып отырған бойжеткен. Мәскеу, 7 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Халал өнімдер көрмесінде Құран оқып отырған бойжеткен. Мәскеу, 7 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Халал өнімдер көрмесінде Құран оқып отырған бойжеткен. Мәскеу, 7 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
отыр. Мысалы, өндірістің қаншалықты талапқа сай істеп жатқанын халық ендігі ажырата алатын деңгейге жетті. Қазір жұрт біледі қай мекеменің заты халал, қайсысы күмәнді екенін. Содан кейін бір-біріне айтып, «мына мұсылман жігіттің жасап жатқандары – таза халал» деп, өзара кеңесіп жатады. Халал өндіріске мемлекет те, діни басқарма да араласып кете алмай, тек халықтың өзара сенімі халалға сұранысты арттырып отыр, – дейді кәсіпкер Айтуған Мұқашев.

Әлеуметтік желідегі белсенді Төлеген Жетпісбаевтың ойынша, «Қазақстан Орталық Азия ішінде халал өнімдерін танытуда алға шықты».

– Өзім бірден сапалы тауардың «Халал» деген жазуы барын таңдаймын. Бірақ халал тағамдарын өндіруде шариғат шарттарын сақтап отырғаны шамалы. Олардың ойынша «шошқа өнімдері қосылмаса болды» дейтін сияқты. Бірақ бизнес жағынан қазақстандықтар халал өнімдерін жарнамалау мен өндіруден Орта Азияда алға шықты, – дейді Төлеген Жетпісбаев.

«Халал» брэнді Қазақстанда кең тараған. Қазір «халал мейрамхана», «халал той», «халал тамада» деген тіркестер жиі айтылады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ерік Қайдан: шымқала
11.05.2012 08:35
+0 / -0
Халал мен харам турасында халықтың түсінігін кеңейту керек! Қазақша айтқанда ХАЛАЛ-рұқсат етілген, ал ХАРАМ-тиым салынған дегенді білдіреді. Біз тек зат нажіс, лас болмаса болды ол халал деп ойламауымыз керек. Мысалға: мас қылушы сусындар адамды ақылдан аздырып, қылмысқа апарғаны үшін харам. Қазіргі шұжықтар шошқа еті қосылмағанмен өлген малдан жасалады көбісі. Өзім бірнеше рет куә болғам, өлген малды терісін ашып колбасныйға өткізіп жатқандарын. Дәл сол колбасныйлардың "мусульманский" дегендерінде көрдім базардан. Өзі өнімнің бағасыда айтып тұрғой еттің өзі 1200 теңге ал колбаса не үшін етпен бірдей бағасы. Оның сүйегі алынып қоспалар қосып, қаншама технологиядан өткесін кемінде еттен 2 есе қымбат болмайма. Бұндай жиіркенішті өнімді намаз оқымасаңызда ЖЕМЕҢІЗ!

Кімнен: степа Қайдан: тараздан
11.05.2012 08:44
+0 / -0
Жалпы өнімнің халалдығын бір ғана мекеме немесе ұйым бақылап үлгірмейді. Халық өзі сапасын талап ету керек! Әйтеуір қарында толтырғанға мәз болмау керек. 10 кг өлексе жегенше арзан бағаға 5 кг таза, адал ет же! Имандылығы бар азаматтар шын халалды шығарар, бірақ ақша үшін өтірікке баратындарда көпқой. Қазіргі жастардың төбелестегі жауыздақ көріністері, тіпті қыз балдардың, осы өлексемен не болса соны жегеннен, ата-анаға мейірімсіз т.т.б. асқа байланысты барі!
Пікір алмасу

Кімнен: айгул Қайдан: құлсары
11.05.2012 12:19
+0 / -0
өте дұрыс пікір, ішкен жегені у болып тарағасын сананы да у билейді. Зұлымдық, қаскөйлік, дұшпандық, дүрдараздық, көрсеқызарлық, жамандау осының бәрі адал ас ішпегеннен бойды таза ұстамағаннан туындайтын нәрселер. Ертеде аналарымыз дәретсіз қазан-ошаққа жақындамаған, баланы да емізбеген

Кімнен: сержан Қайдан: алматы
11.05.2012 11:43
+0 / -0
Халал халал деп каншама азық-түліктерді жеп жатырмыз.Осыларды тексеретін бір ұйымның жоғын карашы.Осылай өз-өзімізді алдап жүре берсек жарайма?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 14:04
+0 / -0
Kazakhstanda halal kazir katty damyp jatyr dei almaimyn, osydan 4-5 jyl buryn jaksy damygan arnaiy komitet kurylyp ar oblystan okilder tagaiyndalyp, bashynyn durys uiymdastyraalmauynan kop jigit ketip kaldy... Degenimen halal jaiynda halykka durys informazia jetkendikten jane de, halyktyn islamga degen kozkarasynyn jaksaruynan osy onimge degen suranys bar, birak halaldyn atyn jamylyp alaiaktyk jasap jurgender de de bar, olardy jazalaityn kazakstanda arnaiy zan jok janae de okimettin konili salgart budan da baska maselelerdi sheshe almai jurgen okimetke halaldyn ne keregi bar.Halalga degen suranys jalgyz musylmandardyn arasynda emes baska din okilderinin arasynda da barshylyk... Kazir shetten akelinetin tagamdarga neshe turli dunie kosylady goi sony biletin baska ult okilderi de halaldy aluga tyrysady... Jagdai osyndai..
Biz musylmanbyz deimiz jegenimizdi alla biledi.. Mynandai hadis bar Bir tuir haram tamaktan ari otse, kyryk kun dugan kabyl bolmaidy....Sol ushin musylmandykty tutyngandar mumkindiginshe Halal tutynady. bizge kelsen auyldan azirge kindik ajyramagan son, kurt , mai, etimiz halaldan bop tur mumkindiginshe balalarga da sony tusindiremiz. Arzan tamak iship, kymbat auyruga shaldykkymyz kelmeidi.. Haram adamnyn minez kulkynda ozgertetinin galymdar daleldep ketken.. Haram kosmetika tutynatyn kyzdarymyzdan da kop narse baikap jurmiz... Bizdiki tenizge tamshy bolu gana...
Ol jaiynda kop aituga kop mysal keltiruge bolady...Dunienin ekonomikalyk kuldyrauyna karjy jagdaiy gana sebep emes, karjyny jasaityn adamdardyn ruhani kuldyrauy, ruchani kuldyrauga haramdy kop tutynu sebep,. Haram adamga ult ta, din de, tilde kajet emes...
Ult bolamyn desen besigindi tuze demekshi, besik terbeterdi tuzegenimiz durys bolar.. Eger ogan bergenimiz haram bolsa, odan kandai adaldyk kutuge bolady..Auyru astan, dau karyndastan degendei, kazirgi el arasyndagy auyrudyn negizi sapasyz tamaktan ekenin bilsek deimin.. Kop agalar osygan man bere almauda...eger halyk ar turli auyrudan kyrylyp jatsa, senin biznesmen bolganyn, senin oppozicioner bolganyn kimge kerek....
Пікір алмасу

Кімнен: ара
11.05.2012 14:18
+0 / -0
бар гой ондай уйым?

Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
11.05.2012 15:05
+0 / -0
Өткенде муфтият (діни басқарма) бірнеше хала өндірушілерді жинап, "Нұрхалал" кооперативін құрды. Сондщағы жиналысы діни адамдардың емес, Нұротан партиясының мүшелерінің жиналысына ұқсап кетті. Шығып алып діни басқарманы мақтады келіп, бірақ нақты іс бойынша сөйлеген адам аз болды.
ЕЕ, рухани сала аз болғандай енді бизнеске де қол сұқты мына имамдар. Өткенде Зекет қорын ашып алды. Бұл жақсылықтың нышаны емес.

Кімнен: маубас Қайдан: парламенттен
11.05.2012 16:36
+0 / -0
күйбің тірлік ... у - шу ... сабылысқан адамдар ...тек ақша табу... айтайын дегенім қала өмірі ... халал қайсысы,,, харам қайсысы ажырату мүлдем қиын ... себебі қалада ақша қазақшылықтан жоғары тұр... ешкімді кінәлап жатқаным жоқ ... айтайын дегенім ауыл ғой ... Ауылда тек қана адал тамақтар ... әкең қой сойып өз қолымен , шешең қазан ошақтың басы , өзің бау-бақша суарып ... кешкісін күн қайтқанда маңдай термен тапқаның алдыңда ақ дастарханда тұр ... Халал ма ХАЛАЛ !!!

Кімнен: Халал Қайдан: Харам ел
11.05.2012 17:00
+0 / -0
Бізде халал жоқ бәрі харам , ішіп отырған суымыз , жұтып отырған ауамыз , ішкен тамағымыз бәріде харам , кешегі баталы елді батасыз қылған жетесіз биліктің жасап отырғандарыда харам , харам патша , харам әкім , зиалылардыңда көбі харамға аиналып бара жатыр , харам патшасы бар елдің сиқы осы .

Кімнен: nurlan Қайдан: almati
13.05.2012 14:15
+0 / -0
қазақсеанда халал нәрсе бар дегенге менің йтімде сенбеиді ет дұкендерінде щошқаның етімен басқа малдың еттері қосылып сата беріледі сол еттен өзінще халлал бір кәфе сізге тамақ жасап береді сонша жылдан бері оздерін елбасы дін басымыз деп жүргендердің халқым шошқа етін жемеңдер арақ ішпеңдер ол харам деген сөз естімеппін

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?