Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:32

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзен мен Шетпеге ақша аударылды

Бүгін бірнеше белгілі азамат бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге банкке барып, Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қорына ақша аударды.

Жаңөазен мен Шетпедегі азаматтарға көмек

Мәтін көлемі - +

Ақпанның 8-і күні банкке барып, осы қорға ақша аударған адамдардың бірі, театр режиссері Болат Атабаев «көпті шулатып, бұлайша қайырымдылық жасауға қарсы екенін», мұның бәрін «тек есепшотты жарнамалау мақсатында» жасап отырғанын айтады.

«ЕСЕПШОТТЫҢ ЖАРНАМАСЫ»

– «Бұл дені сау адамның тірлігі емес. Қайырымдылық жасасаң, жаса. Бірақ осының барлығы не үшін керек?» дегенмін. «Бұл сіздің жарнамаңыз емес, есепшоттың жарнамасы» дегеннен кейін ғана келістім, – деді Болат Атабаев ақпанның 8-і күні банк алдында журналистерге.

Қорға ақша аударған әнші Рамазан Стамғазиев Жаңаөзен оқиғасына «көппен бірге 
Әнші Рамазан Стамғазиев. Алматы, 8 ақпан 2012 жыл.
x
Әнші Рамазан Стамғазиев. Алматы, 8 ақпан 2012 жыл.
​​қабырғасы қайысқанын» айтты.

– Сондағы жасы бар, орта буыны бар, үлкен буын бар, қаншама отандастарымыз өмірден өтіп кетті. Солардың артында шырылдап қалған жастар, жас сәбилері бар. Оқып жатқан балалары бар. Адам ретінде қорға атсалысып, аз да болса көмегімізді көрсетіп, сол кісілерге қол ұшын беруге арнайы келіп отырмыз, – деді Рамазан Стамғазиев банктің алдында журналистерге.

«КӨП АДАМ ТІРІ ҚАЛМАЙТЫН ШЫҒАР»

Қорға ақша аударған азаматтардың бірі жазушы Дулат Исабеков «Айлығымды бер» деген азаматтарды атып тастай беретін болсақ, бұл Қазақстанда көп адам тірі қалмайтын шығар» дейді Жаңаөзен оқиғасы жайлы.

Дулат Исабеков сөз арасында апта сайын мыңдаған адам ереуілге қатысып жатқан 
Жазушы Дулат Исабеков. Алматы, 8 ақпан 2012 жыл.
x
Жазушы Дулат Исабеков. Алматы, 8 ақпан 2012 жыл.
​​көрші Ресейді Қазақстанға үлгі етті. Оның айтуынша, «қаншама адам көшеге шығып, пікірлерін айтты – бірақ онда Қазақстандағыдай қалың жұртқа оқ атылған жоқ, әділдікті талап еткені үшін азаматтарды қуғындаған жоқ».

– Олар (оппозиция өкілдері – ред.) «Қазақстан қирасын, болмасын» деп жатқан жоқ. Немесе «биліктің бәрі бір күнде жойылсын, кетсін» деп жатқан жоқ. Сол билікке ескерту жасап жатыр: «Біз әділдікті қалаймыз. Біз сайлау әділ өтсін дейміз. Жаңаөзен оқиғасында жазықтылар жазасын алсын» деп. Соны айтқаны үшін бұлар кінәлі ме? Қайта біздің үкіметке олардың пікірінің зиянынан гөрі пайдасы көбірек, – деді Дулат Исабеков.

ОН ОТБАСЫҒА КӨМЕК

Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қоры 2011 жылдың желтоқсан айында құрылған. Қорды ұйымдастырушылардың бірі, «Рух пен тіл» клубының белсендісі Инга Иманбайдың айтуынша, қорға миллион теңгеге жуық қаражат түскен.

Олар Батыс Қазақстандағы  оқиғалар кезінде зардап шеккен азаматтардың туыстарына – Жаңаөзендегі 6 отбасыға, Шетпедегі 4 отбасыға қаржылай көмек бергендерін айтады.

Шетпеде қайтыс болған азамат Төребек Төлегеновтің әкесі Жәнібек Төлегенов осы қордан 290 мың теңге көлемінде көмек алған.

Қаржылай көмек жауырындағы оғын алдырта алмай жүрген жаңаөзендік Нұрлыбек 
Нұрлыбек Нұрғалиев пен зайыбы Гүлжамал Нұрғалиева. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
x
Нұрлыбек Нұрғалиев пен зайыбы Гүлжамал Нұрғалиева. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
​​Нұрғалиевтің де отбасына жеткен екен.

– Жолдасымның дәрі-дәрмегіне негізінен сондайға кетті. Қолұшын бергендеріне рахмет айтамын, – деді Нұрлыбектің әйелі Гүлжамал Нұрғалиева ақпанның 8-і күні Азаттық тілшісіне.

Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қоры ақпан айының басында SMS қызметін де іске қосты. Оған сәйкес, қазақстандық ұялы байланыс операторларының кез-келген түрін пайданалатын адам 9685 нөміріне Help сөзін жазып, SMS жіберу арқылы көмек көрсете алады. Бір SMS-тің құны – 449 теңге.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Алмат Қайдан: Алматы
08.02.2012 17:44
+0 / -0
А-З-А-М-А-Т екенсіздер, Дулат мырза, Рамазан бауырым, істеріңе береке, дендеріңе саулық берсін!

Апырмай, қандай жақсы хабар, осыны оқып, көңілім кәдімгідей көтеріліп қалды ғой, Азаттық радиосына да рахмет.

Кімнен: Мұрат
08.02.2012 18:05
+0 / -0
Ең бастысы жаңаөзендіктер мен шетпеліктер азап, қысымнан аман болсын. Билік оларға тиіспесін

Кімнен: ЗАМАНБЕКТІҢ ІНІЛЕРІ Қайдан: алматы
08.02.2012 18:05
+0 / -0
АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН Рамазан аға! әншілерден 1-төбе көрсеткен өзіңіз. Көпшілік тек әншіні "қарын қамындағылар"деп ойлайды. Енді 25,02,2012-де халықпен бірге Шаханов, Сәрсенбаев ағаларымызбен бірге митингіден көрсек ү сіздің нағыз ұлтшыл екеніңізгн халық дән риза болар еді-ау
Пікір алмасу

Кімнен: майра Қайдан: жаңаөзен
08.02.2012 19:01
+0 / -0
Ағаларымыз Дулат, Болат ,Рамазандарға мың алғыс. Азаттықтан көріп ,өз құлағыммен естіп көзімнің жасын тыя алмадым.Осындайда Тамара Асар қайда жүр өткенде мен естімей қалдым деп Ұрысұлтан ағасының сөзін айтып әнімнің құны 5 тиын деп мүләйімсіп отыр еді ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 20:53
+0 / -0
Болат Атабайды "Халық майданындағы" әріптестерімен бірге мұнайшыларға араша түсіп, шырылдап жүгіргені үшін соттағалы жатқан билікті қалайда тәубесіне түсіру керек! Оларды соттатпай тұрып, әрекет қылмасақ, мына ұйымдастыратын митингілердің арасы тым ұзаққа созылатын түрі бар.

Кімнен: Ақиқат Қайдан: Алматы
08.02.2012 19:25
+0 / -0
Рамазан азамат болсаң 2 айдан бері қайда жүрсің інден енді басыңды шығардыңба суыр құсап
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
08.02.2012 20:26
+0 / -0
Ештен кеш жақсы деген бар, ұрыспайық ағайын. Рамазан мен Дулат ағамызға рахмет айтамыз. Айтуға да ұят екен, бірақ маңғыстаулық жазушы-ақындар мен, әншілерден тырс еткен дыбыс жоқ. Бұлары несі , қорқақтық па, әлде сараңдық па,әлде қатыгездік пе?Намысын дүниеқоңыздыққа жеңгізгені ме? Тамара Асардан сұрап еді, бірдеңе-шірдеңе деп көп сөзге айналдырып кетті, Назарбаевтан жұққан ау деймін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 20:33
+0 / -0
Ақиқат, "игіліктің ерте, кеші жоқ" деуші еді ғой... Біріміз ерте, біріміз кеш түсінетін әдетіміз де бар емес пе?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 20:40
+0 / -0
9685 нөміріне хабарласып "help" сөзін жазуды жалғастырайық! Жаралы жатқан әлі талай боздағымыз бар екенін ұмытпайық!

Кімнен: Көкелерің Қайдан: Алыстағы Алманиядан
08.02.2012 21:16
+0 / -0
М, да,менің елде жоқтығымды пайдаланып, қандастарыңа ет-бауырларың елжіреп, ауыдарыңдағы нанды бөліп беріп жатырсыңдар ма?
Мен жәй қыдырып кеткенімде мынадай істейсіңдер, егер менің көзім кетсе, не қылмайсыңдар?
Мен аман-есен елге келейін, сосын сендерге көкелеріңді таныстырамын.
Асықпай күте тұрыңдар, көкелеріңді!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 21:50
+0 / -0
Ойбай, көке, көзіңді неге құртпайсың?!

Кімнен: Нұрым Қайдан: Атырау
08.02.2012 22:00
+0 / -0
Ұлықпан неге тым-тырыс, Маңғыстаудың топырағынан шыққан...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 22:47
+0 / -0
Ойбай, Ұлықпан да "әңгіме" айтатын жағдайға жетіп қалыпты.
Көшербаевтың арқасында қалтасына беш-он тиын түсіп, сол артын түртіп жүр-ау, шамасы.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
08.02.2012 23:34
+0 / -0
Ақылбек Жеменей керек десең Шетпеден шыққан, Ғаділбек Ондыдан тырс жоқ.Жігіттер, жігіттер деп жүріп, қорқақ болып кеткен бе?

Кімнен: Дау Қайдан: Шымкент
08.02.2012 23:43
+0 / -1
Ешқандай көмектің қажеті жоқ,елбасы жағдайды дұрыс шешті,босқа байбалам салмайық.Еліміз тыныш болсын
Пікір алмасу

Кімнен: ұмытпаймыз,кешірмейміз! Қайдан: жаңаөзеннен
09.02.2012 01:26
+0 / -0
Дау десе қара даудың басасың ғой сірә.Сенде Шымкентский сасық вариант қой подхалим .Жігіттер Ұлықпанды айтасыңдар-ау оның ақшасы шашына шампунь мен бальзамнан ауыспай жатқан болар шамасы.
Пікір алмасу

Кімнен: Өскемен Қайдан: Өскемен
09.02.2012 01:42
+0 / -0
елбасы бағалы металл қорғасын бөлді
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
09.02.2012 10:42
+0 / -0
Құрметті оқырмандар,

Жаңаөзен мен Шетпеде зардап шеккендерге көмек қорының банктегі есеп шоты:


Алматы, АГФ АО БанкЦентрКредит

БИК KCJBKZKX

РНН 600300022316

Расчетный счет банка KZ368560000003862370

КБЕ 19

Назначение платежа:

Лицевой л/сч KZ978560000004943695

ИМАНБАЕВА ИНГА ЕРГАЙЫПОВНА

РНН 091220874737

Кімнен: Түркі Қайдан: Алтай
09.02.2012 11:09
+0 / -0
Зиялы қауым, неге ұлттық партия құруға әректтенбей отыр таңым бар. Қазақ мемлекетін қазақ басқармай ел болмаймыз. Көзқаман билік тек қана қарын қамы мен құлқынын ғана ойлайды. Оны өткен 20 жыл анық көрсетіп берді.
Пікір алмасу

Кімнен: Ардақ Қайдан: Қазақстан
09.02.2012 13:38
+0 / -0
Осылайша өз қотырымызды өзіміз қасып, "өзімізге" өзіміз көмектеспесек, үкімет бізден әлдеқашан алшақтап кеткен. Қазақта айтпайды ма, аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Заңқой
09.02.2012 23:14
+0 / -0
Ашықтан ашық ұлтшылдықты қолдайтын партия құру біздің конституция деп аталатын қойын кітапшамыздың талабына кереғар келеді.

Кімнен: Abylai Қайдан: Atyrau
10.02.2012 00:59
+0 / -0
duys bopty

Кімнен: Auyldan Қайдан: Atyrau
10.02.2012 10:46
+0 / -0
Өнер адамдары осындайда қолдамағанда қашан қолдайды енді. Бұғып жата бермей, азаматтық позициясын неге айтпайды екен, тек маңғыстаулықтар ғана емес, басқалары да.

Кімнен: Руза Қайдан: Кереку қаласы
11.02.2012 14:48
+0 / -0
Алла разы болсын Сіздерге, Азаматтар! Мен де шамамша 5000теңге аударғам. Білемін, қордың басында шетінен тұлға адамдардың отырғанын, тыйынын да өздеріне падаланбайтынын!