Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 12:23


АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Хиджабпен күрес» қызып тұрған кезде Алматыда мұсылмандар ательесі ашылды

Алматыда мамырдың 9-ы күні стилист, дизайнер Мира Мырзабаева мұсылман әйелдерге арналған «Ханша» атты киімдер коллекциясын таныстырды. Киім үлгілері арасында мұсылман әйелдердің көзін ғана ашық қалдыратын ниқаб та бар.

Дизайнер Мира Мырзабаеваның киім үлгілері. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.
Дизайнер Мира Мырзабаеваның киім үлгілері. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Дизайнер Мира Мырзабаева «бұл көптен бері жүзеге асыра алмай келген идеям еді» дейді.

НИҚАБ НЕМЕСЕ «ҚЫЗДАРДЫҢ ҰМЫТШАҚТЫҒЫ»

12 жылдан бері экономика саласында қызмет ететінін айтқан Мира Мырзабаеваның киім дизайны кәсібін бастауына «Қазақстанда мұсылман әйелдер талғамы мен мүмкіндігіне сай киіне алмайтындығы себеп болған». 
Дизайнер Мира Мырзабаева. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.Дизайнер Мира Мырзабаева. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.
x
Дизайнер Мира Мырзабаева. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.
Дизайнер Мира Мырзабаева. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.

 - Негізі басқа кәсіппен айналысып жүргендіктен, біреулер істейтін шығар деп күткенмін. Бірақ ойымдағыдай істеп жатқан ешкімді көрмедім. Біреулер көйлектерді 200 мың теңгеге бағалайды. Ал біреулер 5 мың теңге дейді. 5 мың теңгелік көйлектер - қырғыз өнімінің сапасы. Ал екі жүз мыңдық көйлекті Қазақстанда көп болғанда он адам ғана алатын шығар. Бағаны тым қымбаттатпай, тым арзандатпай, мұсылман әйелдерге арналған киімдердің орташа бағасын таптым. Біздің киімдеріміздің бағасы 10 мың мен 40 мың теңгенің арасында, - дейді Мира Мырзабаева.

Мира Мырзабекованың киім үлгілерінің арасында әйелдердің жүзін жасырып, көзін ғана қалдыратын ниқаб үлгілері де болды. Оның айтуынша, «бұл жай ғана сән үшін тігілген». 

 - Ол негізі мойында тұратын нәрсе. Соларды көрсету керек болатын. Біреуі түсіріп көрсеткен. Екі қыз түсіруді ұмытып кеткен. Жалпы ол шариғатта жоқ қой. Мысалы, қазір Меккеге қажылыққа бетіңізді жауып барсаңыз, ондағы полицейлер таяғымен бетіңді түсіріп тастайды. Харам дейді. Үйтіп жабуға болмайды деген талап бар ол жақта, - дейді дизайнер.

«ЖАЛАҢАШТАНУҒА РҰҚСАТ БЕРГЕНДЕ, ЖАПҚАНҒА НЕГЕ РҰҚСАТ ЖОҚ?» 

Қазақстанда хиджаб киюге байланысты шыққан даулардан хабардар екенін айтқан Мира Мырзабаева:

 - Қазір (оқу орындарында) хиджабқа тыйым салып жатқаны дұрыс емес. Түркиядағыдай рұқсат беретін бір уақыттар келеді. Жалаңаштануға рұқсат бергенде, жапқанға неге рұқсат бермейді - мен осыны түсінбеймін, - деді.

Дизайнер Мира Мырзабаева ұсынған мұсылман әйелдерінің киім үлгілері. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.Дизайнер Мира Мырзабаева ұсынған мұсылман әйелдерінің киім үлгілері. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.
x
Дизайнер Мира Мырзабаева ұсынған мұсылман әйелдерінің киім үлгілері. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.
Дизайнер Мира Мырзабаева ұсынған мұсылман әйелдерінің киім үлгілері. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.
Бұған дейін Қазақстанның бірқатар оқу орындарында (Ақтөбе, Атыраудағы оқу орындарда, Алматы облысындағы мектепте) шәкірттер мен басшылар арасында хиджабқа қатысты дау туындаған еді. Оқу орны басшылары шәкірттерінің сабаққа хиджаб киіп келуіне қарсы болса, ата-аналар мен шәкірттер хиджабтарын шешуді талап еткен басшылыққа наразылық білдірген. 

Ақпан айында дін істері жөніндегі агенттік Азаттық тілшісіне осы мәселеге орай «Қазақстан Республикасы аумағындағы жалпыға бірдей және міндетті орта білім беретін мектептерде хиджаб кию мәселесі ҚР заңнамалық нормаларымен үйлеспейтіндігін хабарлаймыз» деп жауап берді.

Одан бұрын, 2011 жылы наурыз айында Түркістанда шығармашылық өкілдерімен кездесуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі әйелдердің хиджаб тағып, пәренже киюіне қарсы екенін туралы мәлімдеп: «Мен әсіресе оқушы қыздарымыздың хиджаб немесе пәренже киюіне түбегейлі қарсы болғанмын. Біздің әйелдер ешқашан оны кимеген, жүздерін жасырмаған» деген.  

Мира Мырзабаеваның мұсылман әйелдерге арналған киім үлгілері:

Loading
12:00:00 / -:--:--

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: жас алаш Қайдан: Алматы
10.05.2012 14:39
+0 / -0
менше бұл жақсы бастама.расымен де қазір біз жалаңаштануға ұлтты дайындап жатырмыз да жабынуға мұрса бермей,барынша ашықтықты дәріптеп жібердік.қазір көше толған жалаңаш тәндер,қарамау мүмкін емес,қарамауға тырысамыз ақ.бірақ кейде амалсыз түседі."әдейі емес әрине"біз қазақтар өзіміздің мұсылман екенімізді де ойлағанымыз абзал.біз діннен алшақтап кеттік.араб бол демеймін бірақ,сол арабтың тазалғы керек ақ бізге.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
10.05.2012 15:19
+0 / -0
хиджаб пен никабтың мақсаты әйел адам өзінің сұлулығын бөтен еркектер қорғауы. Хиджаб әйел адамның дене бітімін (фигурасын) көрсетпеу керек. мына суреттерде көріп тұрғандай мына қыздардың төсі белі киімнің сыртынан анық байқалып тұр ғой???

мұндай хиджаб харам!!!!!!!!!!!

Кімнен: Ару
10.05.2012 16:30
+0 / -0
Қазақ қыздарының барлығы мұсылманша киініп ата бабаларымыздың ізін қуса екен. Мүмкін сонда біз қазіргі замандағы сатқындықтан, қатыгездіктен, сол сияқты жаман қасиеттен арылып дұрыс жолға түсерміз. Мұсылман Қазақтары жасасын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
11.05.2012 12:11
+0 / -0
Ата-бабаңның кандай дәстүрінен кыз баланын кымтанып оранып журенін көріп едіңіз.Бұл әшеиін арбтардан енген дәстүр.Казак халкы о бастан кыз балага оранып жүруін талап етпеген.Казак кызы бурымды шашын өріп,көйлек камзол киіп өскен.Ал келін болып түскеннен бастап басына орамалын тағып,койлек кимешегін киіп,бакытты өмір сүрген.Ата - баба салт-дәстүрін дінін өзге мемлекеттің дәстүрімен шатастырмайық ағайын.

Кімнен: Заманауи Абай
10.05.2012 17:30
+0 / -0
Мыны дизайнерге риза болып отырғаным.Алла разы болсын, сізге! Осындай қазаққа жағымды жаңалықтар беріп, анда-санда көңілімізді бір көтеріп қойыңдаршы. Сөзін қарасайшы, біреулер істей ме екен, бастай ма екен-деп, ізет көрстіп тұр. Негізі, қазақ қыздары бара-бара ұзынетекті көйлек, бастарына орамал тағып жүретініне еш күмәнім жоқ. Бізде басқа жол жоқ. Не қыздырымызды жартылай, түгелге жуық жалаңаштап, кәпір болып, азғындап кетеміз, не үстеріне шүберек жауып, ұлттығымызды сақтап қаламыз.батысқа еліктеген нешебір қазақ қыздары жүр, үйленбей, бала таппай. тіпті бір-бір көлік мініп алыпты, маған еркектің сүйемелдеуі керек емес дегендей. Тіпті, көшеді, қиылыстарда өзіңе пампылдатып, сигнал беріп, ұрсып қояды, жекіріп: әй мәмбет, убери машину-деп. Қазір мейрамханаларда алдарына нән бокалмен сыраны алып, еркектерше сіміріп отыру-қазақ қыздарына қалыпты жағдайға айналды. Осындай көрініс 20 жыл бұрын болып па еді. Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз осы ма еді, аңсаған? Сол кезде басқа мұсылман халықтар-өзбек, дағыстан, шешен, әзірбайжандардан қатты ұяламын, жерге кіріп кете жаздаймын. Тіпті, мына ішкіш "ұлы халықтардан" ұялатын болдым. Себебі, біздің ақылсыздар олардың ұрғашыларынан да басып озып бара жатыр. Намыстанайық, ұялайық бауырлар!. Мейрамхана, капелерге кіріп барғанда ішіп отырған қазақ қыздарын көрсеңдер, көздерің жайнамасын, керісінше, ала көзбен атыңдар, аңқау, еліктегіш ағаларым мен інілерім!

Кімнен: Намыс Қайдан: Қара жамылған ел
10.05.2012 18:23
+0 / -0
Бет аузын жауып қап қара болып киінген қазақтың қыз келіншектерін көргенде Пакистанда жүргендеи сезімде болады екенсің .Өзіміздің ұлттық нақыштарымыз бинеленген киімдері қара жамылғандаи киінгендерге қарағанда сымбаты боларын білмеитін қыздарымызаи . Басқа ұлтқа , басқа дінге еліктеуді надандық үиреткендеи . Таза дінімізді қор қылған өз билігім , өз Отаным оның көсемі НӘН деп білемін . Кешегі Өзбектердегі паранжаны жамылған Қазақ қыздарына аитарым Ата бабаларымызда сендер киген киім болмаған намысың қаида өзге ұлтқа , өзге пұтқа табынғаның жақсылықтың белгісі емес . Қазақ ұлттық дәстүрге баи ел , елдігіңді көрсет , Қазақтың ару қызы деген атқа лаиық бол .

Кімнен: Сауле Қайдан: Астана
10.05.2012 19:07
+0 / -0
КЕРЕМЕТ БАСТАМА ЕКЕН.ШЫНЫМЕНДЕ ЖАЛАНАШ ЖУРГЕННЕН МЫНАУ АЛДЕ КАЙДА ЖАКСЫ ГОЙ.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.05.2012 19:47
+0 / -0
Қазақтар бәрібір иманды мұсылман бола алмайсыз.Істеп жатырғандарың барлығыда жасанды. Тек еліктеуден аса алмайсыз. Нағыз имандылар түрікмендер мен өзбектер неше мың жыл өтседе дінін тілін салт дәстүрін сатпаған.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.05.2012 19:43
+0 / -0
1 мелион шешендер, 3 мелион дағыстандар неге 130 мелион ұлы халықққа берілмей отыр.Берілмек түгілі айбат шегіп тыр. Өйткені, олардың тылы-сенімді,қыздары ұзынетекті,бастарында - шыт! Осыны түсінбейтін қазақтарға пікірсайысқа түсем деу, бос әупірімшілік.

Кімнен: маубас Қайдан: парламенттен
10.05.2012 21:08
+0 / -0
йә,,, Жаратқан сәтін салып хиджап демей-ақ қояын қазақи ұзын көйлекті, орамал тағатын күн келер !!! және айтарым қара түсті тұмшаланған киімде киілмесе екен деймін ... Гүлді ,,, қазақи өрнекті әуреті жабық киімді киіп ана -апаларымыз,,, бойжеткен қыздарымыз жарқырап жайнап жүрсе екен ... Мына игі істі қолға алған апама дән ризашылығымды бірлдіремін !!! Ісіңіз оң болсын !!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.05.2012 21:48
+0 / -0
Мен бұған түбегейлі қарсымын біз араб емес қазақпыз ,ал мынау әспеттеп қайған араб киімі дауласпаңдар ,сатқындар.ХХІғасырда өркениетке ілесейік ,мына дезайнер сымақ құсап түрік ,әлде араб па киносынан көшіріп жаңалық тапқансымай

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.05.2012 21:25
+0 / -0
Әрине, қап-қарадан гөрі жоғарыда айтылған ана қап халықтарының қыздары құсап ұзынетекті көйлектерінің түстері ашықтау болса жақсы болар еді.Дегенменде, ана жырбақай, бұттары жалтырағандардан гөрі,кимідері қара түсті болса да, мейлі.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.05.2012 21:35
+0 / -0
ара ұяңмен қоса бұзатын екенсің,,,,,,,

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.05.2012 21:54
+0 / -0
Бір қарағанда құптарлық жаңалық! Бірақ, бұл-Исламды хиджап арқылы жарнамалап, дінді сыртқы киіммен ұқтырғысы келетін таяз ойлы діншіл қауымның, хиджап қарсылыққа ұшырай берген соң амалдың жоқтығынан қоғамға аз да болса бейімдеген түрі болса қатты қуана алмаспын. Діни киімнің артықшылығын жалаңаш қыздарды мысалға келтірумен ақтай беру-ақылды адамның ісі емес. Мен ХХІ ғасырдағы қазақ мұсылмандарын қоғамды әділдікке үйретіп, өзгенің діні мен сенімін силауды үйрететін жаңашыл қауымның авангарды ретінде ғана көргім келеді. Ал енді ақылың шектеліп, өнерің мен ғылымың өзгеден қалып тұрғанда "к..ін ашып жүргеннен осы жақсы" деп тас бүркенген мешеу жүрісіңді далбасалап ақтай беру ойы озық қауымның ісі емес. Әйтеуір Исламның ішкі мазмұнын емес, сыртқы киім жоралғысын жөндегісі келіп тұратын тоқыраудан шықпай ақ қойдық қой. Ал ана киідер неше жерден арзан, әрі әдемі болс да келіншегім мен қыздарыма сатып алып, Алматының көшесінде киіп жүруге кеңес бере алмаспын. Маған ренжімеңдер!

Кімнен: Қазақ
10.05.2012 23:24
+0 / -0
АЛҒА! МҰСЫЛМАНДАР ЖАСАСЫН! АЛЛА ЖАР БОЛСЫН!

Кімнен: гули Қайдан: озбекстан
11.05.2012 01:08
+0 / -0
дизайны дым адеми емес.багасы колайсыз кымбат.мына коилектерде мода жок.тиге салган.казахша кеймдер мунан мын есе артык.кесте ою ашекей кереметтин бари казактын койлегиде жане кеймдеринде

Кімнен: Әбді Ғалым Оспан
11.05.2012 02:43
+0 / -0
Ар - ұятымызды жалмауыздай жалмап, санамызды сансыратып, перінің қызындай көзімізді арбаған көк жәшік біздің қазақы болмысымызды батысқа түбегейлі жұттырып, қыздарымыздың омырауын ашып, етегін көтеріп, кіндігін ашып, жезтырнақша ұзын тырнақ өсіруге бейімдеп, бейне бір біздің халықта еш қандайда өзіндік киім кию мәдениеті болмағандай, әрі оны заманауи үлгіде көркемдеуге келмейтіндей көркем туындыларымызды бар болғаны ескіліктің нышаны деп шала піскен ақылға салып жүргендер жетерлік өкінішімізге орай. Ғұлама ойшыл Шәкәрім де: …Еуропа білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде. Терең ойлап, сөзімнің түбін біл де, Іштен жыла, шырағым, сырттан күл де. Сол есті елде киім бар мода деген, Керегіне лайықтап киінбеген. Жас балаша қызығып сәкәкүлге Масқара боп жүргенін бір білмеген. Шебелет қалпақ, тар шалбар, қысқа сертек, Киіп алып, қылтиып қағар селтек. Ұнай ма ыстық, суық қозғалысқа Ойланбай, болғаны несі мұнша тентек? Әйелдері қуыршақ үлбіреген, Жалбыр шашақ сәкәкүл талай неген. Кеңірдегін сорайтып, кеудесі ашық, Осы емес пе орынсыз сәнқой деген. Ойлашы, осы ақылға жараса ма, Емес пе ержетпеген бала-шаға? Не денеге, не жанға жайлы емес қой, Осыған да дау айтып таласа ма? Лайықты киім жоқ па бұдан басқа, Керексіз кербезденіп бос шатаспа. Ақылды киім бермес, ғылым берер, Ғылымын ал, өнерін ал, мұны таста!.. - деп жырлаған. Шәкәрім айтқан сол Еуропа қазір исламға бет түзеп келеді мәселеңки мына суреті көріңіз: http://lifeglobe.net/media/entry/0/mus29.jpg осы негізде болса, құба құп. Қыздарымыз үшін орамал іші тәтті тағамға толы қазанның қақпағы секілді болып тұр. Қазаннан қақпақ кетсе иттен ұят кетеді демейме Қазекем. Ниқабты қолдамаймын. Хәкім Абай айтпақшы: "кез келген нәрсе мөлшерінен асса боғы шығады". Алла елшісі саляллаһу алейхи уәссалямның өзі бет - жүзіне ишарат етіп, дөңгелетіп көрсеткен. Көздерін ғана қалдыру бұл енді нақты сол ыстық құмы бұрқыраған шөлейт жерлердің киімі болуы керек. Ал Аллаһ елшісі саляллаһу алейхи уәссалямның ишараты басты негіз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 06:18
+0 / -0
Ал ана киідер неше жерден арзан, әрі әдемі болс да келіншегім мен қыздарыма сатып алып, Алматының көшесінде киіп жүруге кеңес бере алмаспын. Маған ренжімеңдер! ------------------Әй, наданым ай! Сол Алматың ең бірінші Саин көшесін ойлап тапты ғой, батысқа, орекеңе еліктеймін деп. Дүние жүзінде тек бір халық бар тіліне, дініне қарсы, ол -қазақ! Өкінішке орай.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 17:45
+0 / -0
Казакта Хиджап жок и болган жок.Бул Вахабитердн ысы.

Кімнен: Әбді Ғалым Оспан
11.05.2012 20:30
+0 / -0
Мына сілтемені көріңіз http://salih.ucoz.ru/e3f9f1.jpg
Хәкім Абайдың өзін қазір осы бойда от басымен көшеге шықса бақабис дейтін шығар мына дүмшелер. Кимешек қазақтың салтында жоқ дейтін шығарсыңдар енді Нүрекең кимешек болмаған десе, солай ма? Абдуль Вахабиундардың әйелдері қап қара хиджаб киеді, тура шеиттер секілді, ал Аллаһ елшісі саляллаһу алейхи уәссалям тек қап қара киіңдер деген жоқ қой. Қазақта қаза тапқан үйдің қатындары қазан төңкеріп, қара киім кигеннен ол үйдің азалы екенін сырттан келген жолаушы бірден білген. Сол себепті қара хиджаб киюге тыйым салу керек. Ол жалпы түрде көрініс алмас үшін бұл сырттан қараған адамға тіпті ерсі! Етек жеңін ұзартты екен деп қыздарды оқудан шығару сонда сіздердің ойларыңызша әділеттік пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 21:55
+0 / -0
Қара киеме, ақ киеме? әркім өзі біледі, нелерің бар, ең басты Ислам талап еткен шартта, кең-мол киінсін! Ал хиджабқа қарсылар маған есе қатының мен бала-шағаңды бырақ жалаңаштап таста! бәрібір барар жерің көрстан.
Пікір алмасу

Кімнен: Есеке
12.05.2012 21:56
+0 / -0
Сонда бұрынғы қазақ қыздары хиджап кимегенде қандай көйлек киген? Сол көйлекті қазіргі қыздар кие ме екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Әбді Ғалым Оспан Қайдан: Astana
12.05.2012 22:10
+0 / -0
Сабыр сақтап, алдымен сөздің парқын түсініп алсаңызшы, шаш ал дегенде, бас ал деп отқаным жоқ қой, "жалпы түрде көрініс алмас үшін" - деген сөздің мәнісін дұрыс ұқтыңыз ба? Сезіміңізге ерік беру салдарынан (ашуға беріліп): "жалаңаштап таста!" - деген сөзді айтқызып отырған малғұн сіздің сөзіңіз арқылы оларды (орамалға қарсы болушыларды) одан сайын құздың шетіне итеруде екенін сезбеген боларсыз. Шайттанның ашу деген найзасына, Алланың сабыр деген қалқаны бар!. Қынабы жоқ қылышымызға ие болайық. Халиф болған Омар розиаллаһу анһудың өзі бір күнде діңге келген жоқ!

Кімнен: Mao Қайдан: Xitoy
14.05.2012 10:57
+0 / -0
мыналарын хиджабтан айырмашылыгы неде? уахабизмнің экспансиясы гой! заманына сай киын
аурат жерин жабык болса болды емеспе!

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?