Accessibility links

«Ақпарат алу туралы» заң 5 жыл жоба күйінше тұр


Жаңаөзен тұрғындары құқыққорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп тұр. Ақпан, 2012 жыл. Суретті Ғалым Ағелеуов түсірген.
Жаңаөзен тұрғындары құқыққорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп тұр. Ақпан, 2012 жыл. Суретті Ғалым Ағелеуов түсірген.

Белсенділер биыл Қазақстанда «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы қабылданады деп үміттенеді. Жобада "ақпаратты халықтың адамгершілігін қорғау үшін шектеу" қарастырылған.

Қазақстанда бес жыл бұрын әзірлене бастаған «Ақпараттық қолжетімділік туралы» заң жобасын жуырда парламенттің жұмыс топтары талқылай бастауы мүмкін. Белсенділер заң жобасына ақпаратты шектеуді көздейтін қисынсыз желеулер енгізілген деп алаңдайды. Жобаны құрастыруға мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы өкілдері мен кеңес алу үшін Украинаға барып келген азаматтық белсенділер де қатысқан.

Астанадағы құқықтық медиа орталық заңгері Гүлмира Біржанованың айтуынша, қазіргі жоба Украинада қабылданған құжатқа ұқсайды. Ол заң жобасы қабылданса, Қазақстанда журналистердің жұмысы жеңілдейді деп санайды.

— Мына заң жобасына сәйкес, қоғам қажет деп тапса, бүкіл ақпаратқа қол жеткізе алады. Ал жабық сипаттағы ақпарат болса, халықаралық стандартқа сәйкес үш бөлімді тест қолданылады. Яғни, егер ақпарат халық денсаулығына немесе адам өміріне қауіп төндіретін әрекеттер туралы, бірақ жабық деп танылса, қоғамға қажет әрі маңызды болғандықтан мұндай ақпарат қолжетімді болуы тиіс, - дейді Гүлмира Біржанова.

Парламент депутаты Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобасы қабылданғаннан кейін Қазақстанда мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, ұлттық компаниялар мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйым-мекемелердің ақпараты қолжетімді болмақ.

Заң жобасында «егер ақпаратты ашып көрсетудің қоғамдық мүддеге пайдасынан гөрі зияны көбірек болса, елдің конституциялық құрылысын, қоғамдық тәртіпті, адамның еркіндігі мен құқығын, халық денсаулығы мен ар-намысын қорғау мақсатында ақпаратқа қол жетімділік шектелуі мүмкін» деп көрсетілген.

Жобаға сәйкес, бұл ведомстволар ақпарат беру туралы сауалға бес күн ішінде жауап беруі тиіс. Бірақ азаматтардың өмірі мен қауіпсіздік мәселесіне қатысты ақпарат болса, ведомстволар сауал тіркелген сәттен бастап 48 сағат ішінде жауап беруі тиіс.

Заң жобасында «егер ақпаратты ашып көрсетудің қоғамдық мүддеге пайдасынан гөрі зияны көбірек болса, елдің конституциялық құрылысын, қоғамдық тәртіпті, адамның еркіндігі мен құқығын, халық денсаулығы мен ар-намысын қорғау мақсатында ақпаратқа қол жетімділік шектелуі мүмкін» деп көрсетілген.

Ақпанның 27-сі күні заң жобасын талқылаған президенттік «Нұр Отан» партиясы отырысында гуманитарлық зерттеулер мен жобалар институты директоры әрі «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңес мүшесі Бауыржан Уақпаев «қоғам мүддесі» деген ұғымға нақты анықтама беруді ұсынды. Оның пікірінше, жобаның қазіргі нұсқасында бұл ұғым нақтыланбаған, кейін жұрт оны дұрыс түсінбеуі және дұрыс қолданбауы мүмкін.

— «Қоғамдық мүдде» деген не деген сұраққа қатысты заңгерлер мен журналистер әлі дауласып жүр. Қазір бұл ұғымды әркім өз еркінше түсінгендіктен, кейбір жағдайларда адамдарды қулық-айламен пайдаланып кету мүмкіндігін беріп отыр. Іс жүзінде ақпаратқа негізсіз қолжетімділікке ұласуы мүмкін. Заң жобасын түпкілікті пысықтаған кезде осы «қоғамдық мүдде» деген қарапайым ұғымнан бас тартқан жөн сияқты. Өйткені өмірдегі кез келген жағдайды осы ұғымға бейімдеп алуға болады, - дейді Бауыржан Уақпаев.

ЖАРИЯЛЫЛЫҚ ПРЕЗУМПЦИЯСЫ

«Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымы жетекшісі Тамара Қалееваның айтуынша, Еуропа заңдарында жиі кездесетін «қоғамдық мүдде» немесе «жұртқа танымал тұлға» деген ұғымдарды Қазақстанда қолданбауға тырысады.

Оның айтуынша, Қазақстанда төтенше жағдайларға қатысты ақпаратқа қолжетімділік тым шектелген. Мысалы, биыл ақпанның басында Оңтүстік Қазақстан облысында қазақтар мен тәжіктер тұратын екі ауылда бірнеше автокөлік пен үйді өртеп жіберген. Билік интернет пен ұялы байланысты өшіріп тастаған. 2011 жылы желтоқсанда мұнайшылар шеруін қуып тарату кезінде кемі 16 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланған Жаңаөзен оқиғасы кезінде де осындай жағдай болған.

«Төтенше жағдайлар туралы» заңға әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде ұялы байланыс пен интернет өшірілуі тиіс деген қаулы шықты. Билік бұл қаулыны ақпарат сыртқа тарамас үшін қабылдады. Бірақ ондай төтенше оқиға болған жерде халық әлдебір көмекке зәру болуы мүмкін ғой.

— Ол кезде билік «ұялы байланыс пен интернет желіні жоспарлы жөндеу үшін өшірілді» деп түсіндіруге тырысқан. Кейін «Төтенше жағдайлар туралы» заңға әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде ұялы байланыс пен интернет өшірілуі тиіс деген қаулы шықты. Билік бұл қаулыны ақпарат сыртқа тарамас үшін қабылдады. Бірақ ондай төтенше оқиға болған жерде халық әлдебір көмекке зәру болуы мүмкін ғой. Меніңше, бұл дұрыс емес, - дейді Тамара Қалеева.

Украиналық тағы бір сарапшы әрі экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы кеңесшісі Дмитрий Котляр мемлекеттік шенеуніктердің заң бұзу фактілері туралы немесе дүние-мүлкі мен табысын жариялауға байланысты қоғам мүддесін көздейтін ақпарат қолжетімді болуы тиіс деп санайды.

— Тіпті жеке басқа қатысты ақпарат болса да, сауал жолданса берілуі тиіс. Мысалы, қолжетімді органдар тізімінен алынып тасталған мемлекеттік органдар арасындағы ішкі хат-хабар алмасу туралы ереже бар. Бұл ереже дұрыс емес. Мүлде жабық ақпарат деген болмауы тиіс. Ондай ақпаратқа жариялылық презумпциясы принципі негізінде үш бөлімді тест қолданыуі тиіс, - дейді Дмитрий Котляр.

«Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасының түпкілікті нұсқасы қандай болатынын жоба авторлары мен белсенділердің ешқайсысы білмейді. Үкімет мақұлдауынан кейін оны парламенттің жұмыс топтары талқылап, өзгерістер енгізуі мүмкін.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG