Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 00:06


ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

Маңғыстаудағы ереуілге халықаралық ұйымдар назар аудара бастады

Ирландиялық Front Line құқық қорғау ұйымы жергілікті тұрғындардың өтінішімен Маңғыстаудағы ереуіл аймағын аралап жүр. Мексика, Испания, Палестина елдерінің жұмысшылар кәсіподағы мұнайшыларды қолдап, қазақ үкіметіне хат жолдады.

"Қаражанбас" мұнай компаниясының жұмысшылары ереуілдеп тұр. Ақтау. Мамыр, 2011 жыл.
"Қаражанбас" мұнай компаниясының жұмысшылары ереуілдеп тұр. Ақтау. Мамыр, 2011 жыл.

Мультимедиа

Дыбыс
Мәтін көлемі - +

Қазір Ақтауда жүрген Front Line («Фронтлайн») құқық қорғау ұйымы өкілдері әйтсе де, журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартып отыр.

Тамыздың 26-сы күні Азаттық тілшісі есімін Мария ден таныстырған ұйым өкіліне хабарласқан кезде ол былай деп қысқа жауап қатты.

- Тікелей құқық қорғаушылармен байланысамын. Бұл – құпия ақпарат. Оны журналистерге бермейміз. Бұл ақпаратқа қатысты мысалдарды сайтымыздан көруіңізге болады. Тек бізге Қазақстаннан адамдардың хабарласқанын ғана айта алам, - деді Мария.

«Маңғыстау облысынан хабарласты ма?» деген сұрағымызға ол: «Бұл сұраққа жауап беруге өкілеттілігім жоқ» деді.    

ҰЙЫМ МҰНАЙШЫ ҚЫЗЫНЫҢ ӨЛІМІНЕН ХАБАРДАР

Мұнайшылардың айтуынша, құқық қорғаушылардың құқығын қорғайтын ирландиялық Front Line ұйымы ереуіл аймағына осы аптаның ортасында келген. Олардың айтуынша, сәрсенбі күні ұйымның үш өкілі Қаражанбаста, ал бейсенбі күні Жаңаөзенде болған.

Жаңаөзендік мұнайшы Роза Төлетаеваның айтуынша, шетелдік ұйым өкілдері құқығы тапталып жатқан кәсіподақ жетекшілері мен ереуілшілер мәселесі туралы көбірек білгісі келген.

- Олар мұнда ереуілшілерге, кәсіподақ белсенділеріне қысым көрсетіліп жатыр ма деп сұрады. Қарапайым халық бар білгенін айтты. Ашынған халықтың аузын ешкім жаба алмайды, - дейді Роза Төлетаева тамыздың 26-сы күні Азаттық тілшісіне.
Әкімдік алдында отырған ереуілші мұнайшылар. Ақтау, 2 маусым 2011 жыл

Оның айтуынша, құқық қорғау ұйымы осы аптада айуандықпен өлтірілген мұнайшы қызының өлімі туралы да естіген.

Құқыққорғау ұйымының алдағы жоспары, әзірге, белгісіз. Жағдайға қатысты ешқандай көзқарасын айтпаған құқық қорғаушылар мұнайшыларға да ешқандай уәде бермеген.

Ұйымның ресми сайтында «Front Line-ның мақсаты – күрделі шақта құқық қорғаушыларға жылдам практикалық көмек көрсету» деп жазылған.
Сайттағы мәліметтерге қарап, ұйымның Қазақстандағы құқық қорғаушылардың да қуғындалу мәселесін жіті бақылап келе жатқанын байқауға болады. Мәселен, сайтта тамыздың 11-і күні ұйым Ақтауда құқық қорғаушы Наталья Соколованың алты жылға түрмеге кесілгені туралы хабарлама жарияланған.

ЕРЕУІЛШІЛЕРДІҢ ОРНЫНА ЖҰМЫСШЫЛАР АЛЫНА БАСТАДЫ

Үш айдан астам Маңғыстауда ереуілдеп жатқан мұнайшылар өздеріне қарсы қуғынның тоқтамағанын айтады. Мұнайшы Роза Төлетаеваның айтуынша, айлап жалақы алмаған кейбір отбасылар балаларын мектепке беруден бас тартып отыр.

- Мен де баламды мектепке жіберуден бас тартып отырмын. Мұндағы мұнайшылар балаларының өмірі үшін қорқатынын мәлімдеп отыр, - дейді Роза Төлетаева.

Оның айтуынша, Жаңаөзен мұнайшылары соңына дейін беріспеуге бекініп отыр.
Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде жұмысқа шығудан бас тартқан жұмысшылардың орнына жаңа еңбек күші келгені, кеніштегі жұмыстың қалыпқа түскені турасында баяндалған.

Ал «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» компаниясы болса, тамыздың 26-сы күні «Өзенмұнайгаз» өндіріс кешенінде жағдайдың тұрақталғанын хабарлады.  Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде жұмысқа шығудан бас тартқан жұмысшылардың орнына жаңа еңбек күші келгені, кеніштегі жұмыстың қалыпқа түскені турасында баяндалған.

«Өндіріс процесін қалыпқа келтіру мақсатында «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» мамандарынан жасақталған жұмыс тобы құрылып, сол жерде тəуліктік өнім көлемін қалпына келтіріп, оны тиімді түрде арттыру тәсілдерін анықтау үшін Жаңаөзен қаласына кетті. Қазір өнім көлемі тұрақталды, тіпті оның артқаны да аңғарылады» деп жазылған компанияның баспасөз мәлімдемесінде.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Жаңаөзендік мұнайшылар осы апта басында Палестина, Мексика және Испания елдеріндегі жұмысшылар кәсіподағынан қолдау хат алдық деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл хат сонымен бірге қазақ үкіметіне де жолданған.   

«Қазақстан үкіметінен жұмысшылардың әділетті талаптарын жедел орындауды талап етеміз: түрмеден жұмысшыларды босатуды, кәсіподақ жетекшілерін қуғындауды тоқтатуды, еркін кәсіподақ астына бірігу құқығын сақтауды, еңбекшілердің жалақысын өсіріп, жұмыс ауырлығын ескеріп, қосымша төлемақы төлеуді талап етеміз...» деп жазылған хатта. Хаттан үзіндіні Азаттық радиосына мұнайшылардың бірі оқып берген болатын.
Еуропарламент депутатымен кездесуге жиналған мұнайшылар. Жаңаөзен, 17 шілде 2011 жыл

Әзірге, бұл хаттың үкіметке жеткені-жетпегені белгісіз. Жұма күні үкіметтің баспасөз қызметіне хабарласқанымызбен жауап ала алмадық.
Тамыздың 25-і күні Варшава қаласындағы құқық қорғаушы Балли Мажец Жаңаөзенде кісі қолынан қаза болған мұнайшы қыздың туыстарына хат жолдап, көңіл айтты.

«Қазақстанда мұнайшылардың бірі Құдайберген Қарабалаевтың қызы Жансәулені өлтіріп кеткені туралы қаралы хабар естідік. Бұған жанымыз қатты түршігіп отыр. Кенеттен қыршыннан қиылған жас қыздың өмірі алда еді. Біз Жансәуленің туғандары мен жақындарына және барлық жаңаөзендіктерге қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз» деп жазады хат авторы.

Ол хатта сонымен бірге әлеуметтік құқықтарын талап еткен мұнайшыларды қолдайтынын жеткізген.
 
Осыдан бес-алты күн бұрын Жаңаөзенде мұнайшылар белсендісі Құдайберген Қарабалаевтың 18 жастағы қызы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Көп кешікпей жергілікті полиция қала сыртынан оның мәйітін тауып алады. Туыстарының айтуынша, мәйіттің басында ауыр соққының іздері қалған.

Бұл іске қатысты қазір қылмыстық іс қозғалған.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
26.08.2011 19:11
+0 / -0
Жұмысшылардың орнына жұмысқа кірген екібеткейлерге қапаланып отырмын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.08.2011 19:29
+0 / -0
қапаңызды қалтаңызға салып қойыңыз. Дүние алма-кезек деген осы емес пе? Адасып, өздерінің басына бәле тілеп, жұмыстан шығып кеткен мұнайшылар кезінде қазір өзінің орнына жұмысқа кіріп алған көршісінің немесе ауылдасының талай қытығына тиген болар. Енді басына баяғы қытығына талай рет тиген жұмыссыз көршісінің кебін киіп, мүсәпір халге түскеніне өзі кінәлі емес пе? Енді келіп жұмыстан босағанның орнына кірген адамды екібет деп қаралауға ешқандай қисын жоқ. ОЛда адамның баласы. Ақымақтығынан айырыл қалған мұнайшының бұрынғы шалқақтап жүргенін бұлда көргісі келеді емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уя
27.08.2011 11:07
+0 / -0
дал айттыныз, токал ешкi Кудайдан муйiз сураймын деп сакалынан айырылып калыпты деген осы...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.08.2011 19:44
+0 / -0
Әрине жұмыс таппай бала-шаға асырай алмай жүрген осы Ақтау, Өзеннің адамдарының өзі мұнайшы болып кіруге әбден мүдделі. 15 күн жұмыс жасап, 15 күн демалып, қалтаға 200-300 мың түсіп жатқанын кім жаман көрсін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.08.2011 19:49
+0 / -0
Жұмысынан айырылып қалған мұнайшының орнына жұмысқа кіргенде сол жердің адамы емес пе? Оларды несіне алалап, кіналаймыз. Адам азғыруға ергенде не болатынын ендігі ел білетін болды емес пе?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.08.2011 19:56
+0 / -0
Араға от салмай жайыңа отыр, шешеңді с... РД, КНБ салдақылары...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.08.2011 22:53
+0 / -0
жарайсын бауырым

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.08.2011 20:40
+0 / -0
Астанада оффисте отырып алып 500 000-нан 1000 000-ға дейін қалтаға басып,шетелде көңіл көтеріп жүрген бастықтың шиөкпе балаларының ала алмағанын даулап отырған маңғыстаулықтардікі өте дұрыс! Әлемде барлық елдің жұмысшылары еркіндік алып,ертең күнім не болады деп уайымдамайтыны толып жатыр.Бізде,бұрынғы КСРО елдерінде ғана тоталитарлы биліктің басқаруымен бала бақшадан бастап молаға дейін қарапайым адамды қанап,тас кенеше сорып жатқаны!Еще к...құрыстырып сәл бір ағаш ексе де,мектеп салса да Елбасының арқасы дейді-ау,өңшең құлдар!
Үндеме деумен 70 жыл жүрдік ғой,бұғып!Не болдық?Тіпті ана тіліңе де өз төріңнен орын болмай жатыр!Біздің Қазақстан жезөкше болғаны ма,сонда?Жоғарың тұтас орыс,төменің тұтас қайыршы!Еще батыр едік,ғұн,сақ,ұлы түркіміз дейсіңдер! Оттапсыңдар!

Кімнен: Даке Қайдан: Жаңаөзен
26.08.2011 23:16
+0 / -0
Босаған орынға әрқашанда отыратын адам табылады, әрине тек ол орын ата бабадан мирасқа қалған болмаса. Сондықтан қапаланатын ештеңе жоқ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.08.2011 06:08
+0 / -0
Мемлекет өз халқының мүддесін инвесторлар табанының астына жығып беріп отырған елде өзгерістерге жетудің жалғыз жолы жалпы ұлттық наразылық шеруіне апаратын сияқты.
Мұнайшылар алып отырған ең төменгі айлық жалақы бір отбасын асырамақ түгіл мұнайшының өзінің еңбекке жарамдылығын қамтамасыз ете ала ма? Бұл мәселеде екі жақ (мұнайшылар мен үкімет) келіссөзге отырып, түбегейлі шешімге келмейінше нақты шешімін таппайды. Келіссөзде белгіленген ең төменгі жалақының мөлшері бүгінгі 16600 тенге емес, оның үш есесінен кем болмауымен қатар түрлі ауыртпалықтардың коэффиценттері үстеме ретінде қанымдалған болуы керек! Бұл өмір шындығына жақын көрсеткіштер. Мұнай саласындағы арамтамақтарды қысқартатын болса, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын недәуір көтерумен қатар бюджетке де қомақты қаржы құюға толығымен жетеді. Жетпей тұрғаны өз елінің азаматтарына деген өкіметтің пейілі ғана.

Кімнен: Ақерке Төлешова Қайдан: ОҚО Қазығұрт ауд.
27.08.2011 11:26
+0 / -0
Қайран қазақ, Өлді заман деген осы шыгар. Миссионерлермен шенеушиктердин калтасына акша сыймай жатканда тер төгіп еңбек еткен кара қазақ жалақысын алаалмай жур. Өлді заман не деген жиркеништи. Мунайшыларга алла жар болсын, Солакай саясаттын ишинен оң қабақ танытатын иманды бир басшы табылар ИншАллла

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.08.2011 20:03
+0 / -0
1 000 000 тенге барма, жумыс бар.

Кімнен: Канат Қайдан: Кокшетау
28.08.2011 01:23
+0 / -0
Всё!!! БОЛЬШЕ немогу это всебе держать! Я знаю, кто уговаривал за деньги придумать что нибудь страшное. Я не согласился. Галым Агелеуов, ты же согласился?! Почему трубку не поднимаешь? Ты ведь сразу после убийства уехал? Давай Расскажи, тебе легче станет...Расскажи как нас Айнур Курманов ...на встречи вызывал. Я всё. больше не могу быть с вами. Устал.

Кімнен: Оян қазақ! Қайдан: Алматы
30.08.2011 22:18
+0 / -0
Бірі жоңғар, бірі ұйғыр - үкімет,
Қарғыс атсын, айтарымыз лағынет!
Қараң батсын, желкелерің қиылып,
Қайтпастай боп, жер бетінен құрып кет!

Кімнен: БАУКЕ
02.09.2011 22:28
+0 / -0
Не болды биздин казактарга ааааааааааааа

Кімнен: Жусип ЖП Қайдан: шымкент
13.09.2011 18:13
+0 / -0
13 мың тенге жалқы бар жетеди сол бизге.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?