Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:46

ӘЛЕУМЕТ / Оралмандар

Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайына келген делегаттардың дені – жастар

Астанада өтіп жатқан құрылтай кезінде Қазақстанның Үрімжідегі паспорттық-визалық бөлімі бастығының ауысқаны белгілі болды. Шыңжаң қазақтарының виза мәселесін Азаттық радиосы үнемі назарынан шығармай келеді.

Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл. Көрнекі сурет
Мәтін көлемі - +

Ресми мәлімет бойынша бұл құрылтайға әлемнің 35 елінен 365 делегат келген. Бұл шараға Қазақстанға түрлі жылдары қоныс аударған 300-ге тарта оралман мен зиялы қауым өкілдері де қатысып жатыр.

БӘЗ-БАЯҒЫ ХАТТАМА СӨЗДЕР

Тәуелсіздік сарайындағы салтанатты жиында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жиырма жыл ішінде «300 мыңнан астам отбасы, миллионнан астам қазақтың» тарихи атамекеніне оралғанын айтты.

Назарбаев құрылтай делегаттарын «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасына қатысты ұсыныстар мен өзгерістерді бірлесіп әзірлеуге шақырды. Бұл заң шетелден келетін қазақтардың құжат тапсыру, тіркеуге тұру, азаматтық алу кезінде алдынан шығатын кедергілерді жоюы тиіс.
300 мыңнан астам отбасы, миллионнан астам қазақ тарихи атамекеніне оралған.

 - Соңғы жылдары 20 мың отбасылық көші-қон квотасы орындалмай келеді. Қандастарымыз  үшін есігіміз қашанда ашық екенін тағы бір мәрте ескерткім келеді, - деді ол.

Назарбаев «Нұрлы көш» жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруды қолға алу керек дейді. Шетелде тұратын жас қазақтарды тарихи отанына келіп, жоғары білім алуға шақырған Қазақстан президенті «Екінші кезеңде қандастарды жаңа өндірісті өңірлер мен ауыл шаруашылығына кеңінен тартудың жолдары сараланатын болады... Шетелдерде техникалық білім алған қазақ жастарын индустриялы аймақтарға қызмет етуге шақырамыз. Қажет болса әлеуметтік қолдау да көрсетеміз» деді.

ҮРІМЖІДЕ ВИЗАНЫҢ КЕЗЕГІНЕ ТІРКЕУ ТОҚТАП ТҰР 

Құрылтайда жарыссөзге шыққандар алдын-ала соғылған қалыптан шыға алмады. Қатысушылар жалпы мақтау, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жеткен жетістіктерді санамалаудан аспады. Бірақ Азаттық тілшісіне қазіргі қазақ диаспорасы алдында қордаланған проблемалардың шетін шығарып, аз да болса ақпарат берген делегаттар да болды. Осыдан бір-екі ай бұрын Қазақстанның Үрімжідегі паспорттық-визалық бөлімінде кезекте тұрған он мыңдай адамның дауы жайында Қытайдан келген қазақтармен әңгімелесудің сәті түсті.
Қалиакпар Сәнімханұлы Үрімжідегі қазақтардың виза алу мәселесін шешу үшін Үрімжіде Қазақстанның Бас консулдығын ашу қажет дейді.

- 2011 жылы 15 ақпанда Қазақстанның Үрімжідегі паспорттық-визалық бөлімнің алдында кезекте тұрған адамдардың саны 10 мыңға жеткені себепті кезекке тіркеу тоқтатылып, әлі жаңартылған жоқ. Оның ең басты себебі - Үрімжідегі паспорттық-визалық бөлімде адам саны шектеулі. Оның біреуі бастық, біреуі орынбасары, екі адам ғана виза берумен айналысады. Сол себептен біздің қазақтар ақпарат құралдарына шағымданған еді.
Үрімжідегі паспорттық-визалық бөлімнің алдында кезекте тұрған адамдардың саны 10 мыңға жеткені себепті кезекке тіркеу тоқтатылып, әлі жаңартылған жоқ.

Соның арқасында бұған дейін қазақ тілін білмейтін адам жұмыс істеп келсе, қазір оның басшысы ауысып, Қайыржан Кеңесұлы деген кісі келді. Қазір күніне 100 адамға нөмір қабылданып жатыр. Бір нөмірде бірнеше паспорт болуы мүмкін. Демек, күніне 200-ге жуық паспортқа виза берілуде. Мәселені шешудің жалғыз жолы – Үрімжідегі визалық-паспорттық бөлімді Консулдық дәрежесіне көтеру. Онда адамдардың саны да артар еді, - деді ол.

Құрылтайға арнайы келген Қазақстанның Үрімжідегі визалық-паспорттық бөлімінің бастығы Қайыржан Кеңесұлы қазір осы мәселені шешудің алдын ала бастағанын айтады.

- Рас, күніне 50-60  паспорт қабылдап келген кездер болған. Онда бар жоғы 6 адам істесе, оның екеуі ғана виза беретін. Қазір олардың санын төртке жеткіздік. Қазір күніне 150-160 паспорт қабылданады, - дейді Қайыржан Кеңесұлы.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
25.05.2011 21:45
+0 / -0
Қайыржан мырза қызметіңіз құтты болсын! Бірақ Қазақ елі іс қағаздарын толықтай ұлттық тілде жүргізбейінше Қазақ елі ел болмайды деп ойлаймын! Анау жапондарға таң қаламын, өз тілінде сөйлейді, өзі тілінде іс қағаздарын жүргізеді. Ал өзімнің маңқа қазақ бауырларым кім көрінгеннің жетегінде әлі жүр, өтірік мақтауға мәз болып....

Кімнен: сарсен
25.05.2011 23:20
+0 / -0
Маңқа болсаң өзің маңқа шығарсың, біз өр қазақпыз, маңқа дегендердің маңқасын ағызамыз!

Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
25.05.2011 23:26
+0 / -0
Қандастарымыз үшін есігіміз қашанда ашық екенін тағы бір мәрте ескерткім келеді, - деді ол.
=================================================

Олай сиқырланба қарғыс атқыр, сен ешқашанда қазаққа қандас болған емессің, бола алмайсың да!

Кімнен: Аңсар  Қайдан: tekeli
26.05.2011 07:33
+0 / -0
Қалай айтсақта дүрілдетіп өтіп жатқан құрылтайдан шегараның екі жағындағы қазақ баласының күтер үміті көп.Әсірісе,қазақстан жалтақтай беретін қытайдан келген және келмеген қандастар үшін осылай.Келмегенін қайтейін, алматы обылысы келгендерін кері қаутуға мәжібүр етуде.Тіпті биыл жоғарғы білімін тауысып отбасымен бірге қорыстанып ,азаматтыққа тапсырамсырамын деген қыз балаға да осыны істеді күні кеше.
Ал кері қайтарып жібергендені ол жаққа не деп барады?қуды дей ме?бәрінен бататыны ата жұртым деп шөліркеп жете алмай жатқан виза кезегінде жүргендерге қандай рухани соққы болады?
Құрылтай келгеннен кейінгі тіркеу істері туралы сөз ете ме? "азаттық радиосы"ның тілшілері сіздер құрылтай қаулы жасайтын істерге мұны кірістіруге ықпал ете аласыздар ма?

Кімнен: Сены жоғалтам Қайдан: USA
26.05.2011 08:25
+0 / -0
Назарбаев Жоғалсы!бҮЛ БАСЫ ЫСТЕ МЕЙТЫН АЛЖЫҒАН КӘРЫ БӘТШАҒЫР ДЫ СОТ ТАО КЕРЕК МҮДЕТСІЗ ТҰРМЕГЕ ҚАМАО КЕРЕК!!! БҮЛ БӘТШАҒЫР ҚАЗАҚ ҚАЛЫҒҢІҢ ЖАҰЫ! ТЕЗ ДЕП ҚАЗАҚЫСТАНАН ЖОҒАЛ!!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.05.2011 08:32
+0 / -0
Есіл ауылындағы мектепке бармаған оралман отбасыларының балалары. Қарағанды облысы, 2 қыркүйек 2010 жыл. Көрнекі сурет
------------------------------------------------
Сол өңірде тұратын қазақтарым, мына айналайын қазағымның жәудірген балдарының тағдырына араласу ойларыңда бар ма?

Тәуелсіздік сарайындағы салтанатты жиында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жиырма жыл ішінде «300 мыңнан астам отбасы, миллионнан астам қазақтың» тарихи атамекеніне оралғанын айтты.

--------------------------
Осыған шейін 1 млн, кейде 800 мың оралмандар көшіп келді дегеннің өтірік болғаны ма? Өткенде мен осы 1 млнға сенбейтінімді сандармен дәлелдеп едім, шын болғаны ма? Өйткені 91 жыл мен қазіргі кезді алғанда еліміздегі қазақтың саны тек 1 млнға өсті емес пе? Сонда 1 млн тек айтылып келген 1 млн орамалмандардың санынан өскені ме? Жергілікті қазақтардың табиғи өсімі қайда дегенмін. Қаракесек.

Кімнен: Qazaq Қайдан: Qazaq Eli
26.05.2011 09:19
+0 / -0
Rahmet Azattiq Radio!!!!!!! Qazaqtar kelinder Qazaqtanga otinem!!!!!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.05.2011 09:20
+0 / -0
өте-мөте қысым көріп отырған елдердегі, (әсіресе Қытай, өзбек қатарлы едерде) Қазағымның көшіне ақ жол тілеймін! АЛЛА қолдап жолдары болсын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.05.2011 11:57
+0 / -0
Мен таңқалам визаны үрімжіде қолмен жазып бастық қол қоиады,алматыдада солай. ал алматыдағы қытай консұлы барін компитермен жазып бастығы қол қоимайды,күніне неше мың виза шығаратын күиге іие. жалпы қазақстанда осы бастық қол қою деген дұрыс емес, сонда не бастықтың басқа жұмысы жоқпа? алде ақша үшінбе?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.05.2011 12:08
+0 / -0
Қаракесек, сен ақымақ екенсің. 300 мың отбасы көшіп келсе, әр отбасында кемінде 3 адамнан болса 900 мың, былайша айтқанда 1 млн. адам болмайды ма? Қазақтар 91 жылдан бері 2 миллиондайға көбейді, оның 1 миллионы елге шеттен келген қандастарымыздың есебінен болды. Қазақтрадың пайыздық мөлшерде 65 пайызға жетуі де көп нәрседен хабарға береді. Ал Қазақстан халқының әлі 16 млн. болып тұрғанының себебі, елден орыстардың және басқа да ұлыстардың көптеп кетіп жатқандығында. Осы процесс жалғаса берсе, бұйырса Қазақстандағы қазақтар 2020 жылға қарай 15 миллиондай болады және жалпы халықтың 80-85 пайызын құрайтын болады. Құдай соған жеткізсін!

Кімнен: Қаракесек
26.05.2011 13:29
+0 / -0
300 отбасы деп жазылғанын аңғармаппын. Кешірім сұраймын. Ақымақ деп айтпай ақ, мені түзетсеңіз де жарап жатыр еді. Жалпы математикадан хабарым көп, жарысқың келсе мен әзір))))
Пікір алмасу

Кімнен: мамык
26.05.2011 17:09
+0 / -0
Қазақстандағы қазақтардың саны 100 миллион болатын күн қашан туар екен?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.05.2011 19:31
+0 / -0
Назарбаевтың және оның қасындағылардың көздері жойылмай Қазақ Елі ешқашан ел болмайды.

Кімнен: Алмас Қайдан: Алатау
26.05.2011 23:25
+0 / -0
НӘН ойдан жасалған ассамблеясында баяндамасын құлшынып, қуанышпен оқып еді, ал құрылтайда бір түрлі көңілсіз,ықылассыз оқыды,бір жадырамады,күнделікті бітпейтін көп шаруаның бірін атқарып жатқандай әсер қалдырды.Қазағым деп тебіренбеді.Көмекшілері жазып берген мәтінді жайбарақат оқып берді.Ассамблеяда шаттанып, мәз-майрам болып отырса, Құрылтайда түйген қабағын бір ашпады.
Пікір алмасу

Кімнен: Сұраушы
28.05.2011 17:13
+0 / -0
Назарбаевтың мазасы болмаған себебі, Қазақстандықтардан шетелден келген қазақтардың айырмашылығы, олардың көздері ашық, жақсы мен жаманды айыра алады. Біздің топастардың құлағына ілген "лапшалары" олардың құлағына ілінбейді. Оның үстіне, Назарбаевтың "үңірейген артын" көріп тұрған, жағымпаздық пен жарамсақтауды білмейтін, намысқой, мәдениетті, ылғи жаңа заманғы шетелдік жастар көп келгеннен кейін, ол итте қандай маза болсын!?

Ендігі 5-ші құрылтайды қашанға белгіледі екен?
Әлде, "сол тұрған жерлеріңде, Қазақстаннан әрменірек
КІШІ ҚҰРЫЛТАЙЛАРЫҢДЫ жасап, жүре беріңдер"-деп, "басы артық"-олардан да құтылды ме екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Ертоғрыл Қайдан: Алматы
28.05.2011 20:22
+0 / -0
Сыбырлағыштары жанын онсыз да үркітіп қойған секілді. Осы басмашылар ұрпағының біреуі мені дәл шекемнен "тарс-тарс" деп атып қала ма деп қорқып тез оқып шыққан ғой.
Оның үстіне, Ассамблеясы оның билігінің нағыз тірекгі мен діңгегі, сондықтан оның мүшелерінің алдында үлпілдеп оқиды қағаздарын.
Ал мыналар дайын қонақ үй және әзір тамаққа мемлекет есебінен "әләуләйтіп" ұшып келгендер ғой - сондықтан оларға именудің өзі айып деп ойлаған ғой Құбырстанның елбасысы.

Кімнен: Алатау Қайдан: алмат
27.05.2011 09:16
+0 / -0
ЕСЕНГҮЛ КӘПҚЫЗЫ!

Айтар ой, жеткізер мәселе, көкірекке көмілген шер толық ақтарылмапты. Сіз неге жалтақтайсыз? Қ.Жұмаділовтан тартып талай өзегі от болғандардың бірін неге сөйлетпегенсіз? Әлі де кеш емес, ащы да болса шындық қымбат!

Кімнен: ағылан Қайдан: ҚАЗАҚСТАН
27.05.2011 20:38
+0 / -0
НӘН қазақ халқының нағыз жауы!! Қазаққа шын жаны ашыса, баяғыда ақ әкелмей ме бауырларды елге!! Орыстың кө..н жалаған билік басындағы мәңгүрттер қазақ халқына болсын демейді!!
Қазақтар, бауырларым ешеңеге қарамай барынша елге келуге ұмтылыңдар!!! Елге ел қосылса құт!!
Пікір алмасу

Кімнен: Өтінуші
28.05.2011 17:18
+0 / -0
ағылан, өте дұрыс айтады. Топастарға ренжімей, қанша қиындық көрсеңдер де, елге жетуге бар күштеріңді аямай салыңдар!
Сендер ғана мына азғындаған қазақ қоғамын емдей аласыңдар!

Кімнен: Еркін Қайдан: Алтай
29.05.2011 20:42
+0 / -0
"Бүкіл түркілердің ағасы", "Бүкіл қазақтардың көшбасшысы", Құрылтайда баяндамасын оқығанда қысылып, қымтырылып, бір нәрсені артық айтып қоям ба, деп қорқып тұрғандай болды. Кімнен қорқып, үрейленіп тұрды екен. Баяғы орыстар ғой, Ресей ғой. Солар не ойлап қалады, мынау ұлтшыл болайын деген бе деп ойлап қала ма деп, сауысқанша екі шоқып, бір қарап тұрды. Бұл кісі басқа диаспоралардан қаймықпайды, ал орыстар десе, зәре- құты қашып,бейшара күйге түседі. Мүмкін, жас кезінде Теміртауға келгенде озбыр, бұзық орыстар дізесін әбден батырып, қорлап, зорлап, кемсітіп, психологически өздеріне тәуелді,кіріптар етіп тастаған шығар.Тәуелсіздік алғалы 20 жылда Н.Н. бір де бір рет Ресейге қарсы шыққан жоқ, менің басқа пікірім бар деп, бір рет те айтқан жоқ. тек көбіне өзі сұранумен "аюдың қүшағына" кіріп барады, кіріп барады. Ал одақтық мемлекет құрып отырған Лукашенко өз халқының мүдделерін қорғап Медведов-путиндермен қаншама шайқасты... Тіпті бір туған ағайындардың арасында да келіспеушіліктер болады ғой. Кешегі өктем отарлаушы ел мен отар болған елдің арасында ешқандай қайшылықтар болмайды дегенге кім сенеді. . Гәп басқада болып тұр ғой.

Кімнен: Жіптіктей биязы Қайдан: Аппақ-аппақ жапалақтап
31.05.2011 23:58
+0 / -0
Жалғыз НАН емес, оның жетекшілігіндегі әкім-қаралардың көпшілігі орысқа жалтақ, патшаға жағымпаз, халқына озбыр.
Мойнымызға кілең бұрынғы партократтар мен шала қазақ мәңкүрттерді отырғызған күйі 20 жылдықты қалай тойлаймыз-ау?! Баспасөздің 80 пайызы орысша, теледидардың көбісі дерлік орыстікі (қазақтікі некен-саяқ, оның өзі орыстардан көшіріліп алынған), қала-даладағы байланыс орысша, мемлекеттік органдардың құжаттары орысша, басшылардың мәлімдемелері мен жиналыстағы баяндамалары орысша....... Халайық, мына жылдардағы тәуелсіздіктің тойы тарихымыздағы соңғы той болып кетпесін.