Бейсенбі, 23 мамыр 2013, Алматы 06:21


ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

«Қазақмыстағы» ереуілге тағы бірнеше кеніш қосылды

Жезқазған аймағындағы Анненский кеніш орнында басталған ереуілге мамырдың 6-сы, жексенбі күні тағы бірнеше шахта қосылғаны белгілі болды. Жер астында ереуілдеп жатқан кеншілерді жер үстіндегі әріптестері қолдап шыққан.

Мыс кенішіндегі жұмысшы. Көрнекі сурет
Мыс кенішіндегі жұмысшы. Көрнекі сурет
Мәтін көлемі - +
Азаттық тілшісіне мамырдың 6-сы күні мәлімет берген Жезқазғандағы аймақтық басылымның тілшісі Берік Жағыпаров:

- 65, 67-ші кеніштердің, сонымен бірге «Шығыс және Батыс –Жезқазған» кеніштерінің жұмысшылары да «Анненскийге» жиналып жатыр. Бірақ басшылық олардың ешқайсысын шахтаға түсіріп жатқан жоқ. Өйткені басқа да наразы жұмысшылар кеніштің астындағы жолмен қазіргі 98 адамға қосылып, ереуілдеушілер 4-5 мың болып кетеді ме деп қорқып отыр, - деді.

Бұл ақпаратты корпорация жартылай ғана растап отыр.
Бірақ басшылық олардың ешқайсысын шахтаға түсіріп жатқан жоқ. Өйткені басқа да наразы жұмысшылар кеніштің астындағы жолмен қазіргі 98 адамға қосылып, ереуілдеушілер 4-5 мың болып кетеді ме деп қорқып отыр.

«Интерфакс-Казахстан» агенттігіне «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған аймағы бойынша PR-менеджері Елена Шальнова «Анненский кенішінің жұмысшыларына тағы екі: Шығыс-Жезқазған және Оңтүстік кеніштерінің жұмыскерлері қосылды» деген.

Шальнованың сөзінше, «қазір жер астында ереуілдеп отырғандарға тағы 152 адам қосылған. Қазір жер астында 250 адам бар. Ал жер үстіндегі наразылық танытып жатқандар саны 350-ге жеткен».

Дегенмен Берік Жағыпаров қазір "Анненскийде" мыңнан аса кенші жиналып тұрғандығын айтады.  Алайда «Қазақмыстың» жексенбі, мамырдың 6-сы күні таратқан баспасөз мәлімдемесінде «кеніш маңындағы жағдай қалыпты» деп жазылған.

Бүгін түсте "Анненский" кенішінің территориясында жұмысшылар мен корпорация басшылығы: Эдуард Огай мен оның орынбасары Сергей Дяченкомен кездесу өткен. Басшылық «еңбек дауы конструктивті жолмен шешілсе, ереуілдеп жатқандарға ешқандай жаза қолданылмайды» деп мәлімдеген.

Эдуард Огай Сәтпаев қаласының прокуроры, Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының басшылығына арналған хатын оқыды. Онда Огай «болып жатқан жайтты еңбек дауы деп қарастыруды және ешқандай шара қолданбауды» сұраған.
Эдуард Огай Сәтпаев қаласының прокуроры, Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының басшылығынан «болып жатқан жайтты еңбек дауы деп қарастыруды және ешқандай шара қолданбауды» сұраған.
 
Ал Берік Жағыппаровтың сөзінше, кеше прокуратура жер астындағы кеншілерге барып, олардың бұл ереуілі «заңсыз» деп түсіндірген. Бұл әрекетті кеншілер өздеріне жасалып жатқан қысым деп бағалап, наразы болған.

- Түскі 14.00-де (мамырдың 6-сы күні – ред.) Огай жұмысшылардан бастамашыл топ құрып, әр кеніштен 10-15 адамнан келсін деген. Оған бірақ жер астындағылар келіспеді. Бес кенші шығып өздерінің талаптарын айтты да, қайтадан астына түсіп кетті. Кеншілер шахтаға түскен адамның ең азы 150 мың теңге, ал тікелей кен өндірумен айналысатындарға 350-500 мыңға дейін айлықты көтеруді айтып отыр, - деді Берік Жағыпаров.
 
Мамырдың 4-і Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген «Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай «наурыз айынан бері 32 мыңнан астам жұмысшы аттестациядан өткенін, жұмысшылардың жалақыларын кемінде 20-30 пайызға өсіретінін» айтқан еді.

«Қазақмыс» кеншілерінің бұл жолғы ереуілі Анненский кенішінде мамырдың 5-і күні басталған болатын. Кеншілер жалақыларын өсіруді талап етіп, шахтадан шықпай қойған.

Қазақстанда «Қазақмыстың» 18 кеніші, 10 кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту өндірістік кешені және 60 мыңдай жұмысшысы бар. Компания 2011 жылы қазған кенінен 299 мың тонна катод мысын өндірген. Бұл - Қазақстанда өндірілетін барлық мыстың 90 пайызы.

«Қазақмыс» кеншілерінің ереуілі туралы Youtube сайтында жарияланған видео-үзіндіні мына жерден көре аласыз:  


Мәншүк АСАУТАЙ

1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Кендебай Қайдан: Ақтау
06.05.2012 18:23
+0 / -0
60000 деген 6 Жаңаөзен ғой! Талаптары дұрыс қой. Ауызбіршілік керек. Енді билік олардың арасына сына қағып жік түсіруге тырысады. Жаңаөзенде солай қылды. Арасына жік түсіріп, көпшілігі жұмысқа шығып кетті. Сосын ,қалған адамға күш көрсетті. Жезқазғандықтар , Жаңаөзен сіздерге сабақ. Ауызбіршілік болмаса, сіздерді де аямайды. Бір тәуелсіз профсоюзға бағыну керек. Сонда ғана жеңесіңдер.

Кімнен: alis Қайдан: jakin
06.05.2012 18:33
+0 / -0
"...еңбек дауына қатысты конструктивті тәсіл қолданылса, ереуілдеп жатқандарға ешқандай шара қолданылмайды...". kalay okisamda tusinbedim. Osi "шара қолданy" degen soez moda sekildi. "Zhaman ueydi konagi biyleydi" degen...
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
06.05.2012 19:14
+0 / -0
Құрметті alis! Ескертпеңізге рақмет. Мәтіннің сіз айтқан тұсы өңделді. Азаттығыңыз

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
06.05.2012 18:49
+0 / -0
4 миллиард доллар тұратын Карметкомбинатты шетелдік Митталға небәрі 150 миллион долларға сатып жіберген, бармақ басты көз қыстымен қазақ ұлтының ең шұрайлы деген жерлерін қытайға беріп жіберген Ұрышайтанның бұл ісін кім не десе о десін, мен өз басым нағыз опасыздық, сатқындық деп есептеймін.
Өзінің маңайына жинап алған өңшең алаяқ сарай олигархтарымен: В.Ким, «Үштік» (Машкевич-Шодиев-Ибрагимов) осылармен жең ішінен қол жалғастырудың арқасында шетелдерге қаншама халықтық қазынамыз-байлығымыз ұрланып, тасымалданып жатыр және ең төменгі бағамен! Ұрланған, тоналған байлығымыздан түскен миллиардтаған долларлар Ұрышайтанмен оның ашкөз тумаларының, көңілдестерінің, алаяқ маңайының пайдасы үшін олардың оффшорлық есеп-шоттарына түсіп жатыр. Әлеуметтік көмектің жымқырылуы арқасында қаншама жұрт аш-жалаңаш отыр! Тіпті мұнайдан түсіп жатқан түсімнің өзі ұрланып жатқандықтан Қазақ Стан Республикасы жылына 30 миллиард доллар «жоғалтып» отыр!
Тағы да көп «нәрселерді» тізбектей берсек мұның аты кәдуелгі ГЕНОЦИД болып шығады.
Компрадарлық шикізат экономикасын құрған Ұрышайтан қаржылық жүйені АҚШ-тың пайдасына (ақшамызды долларға тәуелді етіп) шешіп қойғандықтан Отандық кәсіпкерлік адыра қалып отыр. Ал енді осындай ауыр қылмыстары үшін халық алдында жауап бермес үшін ОЛ «Бірінші Президенттің» қылмыстары үшін жанұясымен, туыс-тумаларымен жауапқа тартылмайтын масқара заңын ойлап шығарды.
Жаңаөзендегі мұнайшыларды, Жезқазғандағы шахтерлерді қанап отырған Ұрышайтанды тақтан түсірмей мұндай жағдай өз жалғасын таба бермекші, әлі талай-талай масқаралардың куәсі болайық деп отырмыз. Ең бастысы, «біз мемлекет болып қаламыз ба?» деген қорқынышты сұрақ туындап отыр...

Кімнен: кухня қобыландысы
06.05.2012 18:58
+0 / -0
Егер қазір Әбіләзов Қазақмыс шахтасының қасында алпыс мың адам шахтерлерге жиырма мың теңгеден ақша үлестіріп, арақ құйып тұрса бұл билік өзінің жаназасын шығара берсін.

Кімнен: alis Қайдан: jakin
06.05.2012 19:54
+0 / -0
60'000 * 100=6'000'000
Пікір алмасу

Кімнен: берік Қайдан: қазақ елі
06.05.2012 23:39
+0 / -0
Кухня қобыландысы оттапсын! Қалық Аблязовтың жиырма мыңына қарап қалған жоқ!Олар адал еңбек ақысын талап етіп отыр. Маңдай терісімен тапқан еңбек ақысын алмай ешқайда кетпейді! Ас үйде отырып арандатпай тыныш отыр Аблзовтың қандай қатысы бар бұл жерде?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 00:01
+0 / -0
Мына масқараға қараңызшы!
Эдуард Огай Сәтпаев қаласының прокуроры, Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының басшылығына арналған хатын оқыды. Онда Огай «болып жатқан жайтты еңбек дауы деп қарастыруды және ешқандай шара қолданбауды» сұраған.
- Сонда біздің малғұндар олардан Қазақтарды жазалап, еселеріңді қайтпарып береміз - деген болды ғой! бұл Қазақты өз жеріне сидырмай, мал қылу ма? бұл не деген қорлық!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 23:11
+0 / -0
Береке бірлік жетіспей тұр бұл толқуларды кімнен көрер екен Аблязовтан ба әлде оралмандардан көрер ме екен мүмкін мұсылмандар шығар әлде калғозшы мырзалар ма

Кімнен: сорлы Қайдан: кор болган ел
07.05.2012 00:21
+0 / -0
калын елим казагым кайран журтым ....кашан сен жаксы омир сурер екенсин кашан....? каншама киыншылыкты басыннан откерип келесин . монголдын шапкыншылыгы .... орыстын кугындауы...енди оз жеринде кытайдын басынуы......

Кімнен: Асылбек Қайдан: Улытау
07.05.2012 06:16
+0 / -0
ЖАҢАӨЗЕНДЕ,ШЕТПЕДЕ МҰНАЙШЫЛАРҒА ОҚ АТЫП ,АЛАШ АЗАМАТТАРЫН ҚЫРҒАН (НӘН)БИЛІК,2011ДІҢ 27ШІЖЕЛТОКСАН КҮНІ ,ЖЕЗҚАЗҒАН,САТПАЕВ ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ШАХТЕРЛАРДЫ АЛДАУ РЕТІНДЕ ,20 ЖЫЛ БЕРМЕГЕН АҚШАЛАЙ ПРЕМИЯНЫ ШАХТЕРЛАҒА ТАРАТТЫ. АЛ ЕНДІ МҰНАЙШЫЛАР ҚЫРҒАННАН КЕЙІН ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРМЕСЕ,ҚАЗАҚМЫС КОРПАРАЦИЯСЫНЫҢ 51%, НЫҢ ИЕСІ В,КИМ 13% НЫҢ ИЕСІ Б,НАЗАРБАЕВ (НӘННІҢ БАУЫРЫ)ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СОЙЫЛЫН СОҒЫП ОТЫРҒАН БИЛІК ШАХТЕРЛАРҒА ОҚ АТАТЫН БА ЕДІ,

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.05.2012 08:59
+0 / -0
Ау-у-у, өткен жолы қытайлардың "әкесін танытамыз" деп жүрген Қызылордалық БИС компаниясы қайда?
Пікір алмасу

Кімнен: Кене
07.05.2012 14:09
+0 / -0
АЛЛА жар болсын сендерге бауырлар,

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?