Жексенбі, 26 мамыр 2013, Алматы 11:54


ЭКОНОМИКА

Владимир Ким «Қазақмыс» басшылығынан кетеді, бірақ компанияда қалады

«Қазақмыс» директорлары кеңесінің төрағасы Владимир Ким өз өкілетін директорлар кеңесінің тəуелсіз төрағасына табыс ететіндігі жайлы шешімін жария етті» деп хабарлайды компанияның ресми сайты. Ал Ким компания жұмысына «белсенді қатысып жүре беретінін» айтты.

Владимир Ким Владимир Ниді жерлеу шарасы кезінде марқұмның портретінің жанында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
Владимир Ким Владимир Ниді жерлеу шарасы кезінде марқұмның портретінің жанында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +
Бұл қызметті 2005 жылдан бастап атқарған Владимир Ким «өкілеттіктерін табыс еткен соң  бұрынғыша директорлар кеңесінің құрамында атқарушы емес директор ретінде топтың қызметінде белсенді қатысып жүретінін», компаниядағы өзіне тиесілі акциялар пакетін «қысқартуға ниетті емес» екенін айтқан.

«Қазақмыстың» баспасөз мәліметіне қарағанда, компанияның «директорлар кеңесі жаңа кандидатураны іріктеу процесін дереу бастап, келесі жалпы акционерлердің жылдық жиналысына дейін өкілеттіктерді табыс ету процесін аяқтауды жоспарлап отыр».

ЖЫЛДЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ 1,68 МИЛЛИОН ДОЛЛАРҒА КЕМІГЕН КИМ

Businessweek басылымы сәуірдің 16-сы күні «Қазақмыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Кимнің де биылғы жалақысы өндіріс орнының пайдасы кеміген соң өсірілмей тасталды деген хабар таратқан еді.

Басылымның жазуынша, компанияның жылдық есебінде биылғы шілдеге қарай Владимир Кимнің жылдық жалақысы 1,68 миллион АҚШ доллары көлемінде өзгермеген күйі қала береді деп жазылған. Былтыр бір жылдың ішінде Ким 
"Қазақмыс" корпорациясы. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет)."Қазақмыс" корпорациясы. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
x
"Қазақмыс" корпорациясы. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
"Қазақмыс" корпорациясы. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
әлеуметтік қолдау мен бонустарды қоса есептегенде 2,8 миллион АҚШ доллары шамасында еңбекақы алған.

Әлемдегі ең ірі мыс өндірушілердің бірі соңғы жылдың қорытындысы бойынша акциялары 40 пайызға кеміді деп мәлімдеген.

Лондон қор биржасының FTSE 100 индексінің қатысушысына айналған компания биылғы наурыздың 27-сіне қарай бір жылдық табысы 36 пайызға кемігені туралы хабарлады. Компания иелігіндегі мұнай өндірісімен айналысатын департаментін сатқан соң шығынын қайта есептеп, осындай қорытынды жасаған. Мұнай компаниясын сату алдында «Қазақмыс» оны жөндеуге 472 миллион АҚШ долларын жұмсағанын, өндіріс орны тоқтап тұрған кезде шығынға батқанын жазады.

ЖҰМЫСШЫЛАР: «АЙЛЫҒЫМЫЗДЫҢ ЕҢ АЗЫ БІР МЫҢ ДОЛЛАР БОЛСЫН»

Мамырдың 5-і мен 6-сы күндері «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Анненский кенішінің жұмысшылары ереуілге шықты. Олар жалақыны шахтаға түскен адамға 
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шықты. Жезқазған, Анненский кеніші, 6 мамыр 2012 жыл. (Видеодан алынған скриншот)"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шықты. Жезқазған, Анненский кеніші, 6 мамыр 2012 жыл. (Видеодан алынған скриншот)
x
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шықты. Жезқазған, Анненский кеніші, 6 мамыр 2012 жыл. (Видеодан алынған скриншот)
"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шықты. Жезқазған, Анненский кеніші, 6 мамыр 2012 жыл. (Видеодан алынған скриншот)
ең азы 150 мың теңге (1 мың АҚШ доллары шамасында), ал тікелей кен өндірумен айналысатындарға 350-500 мың теңгеге дейін көтеруді талап еткен.

«Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған аймағы бойынша PR-менеджері Елена Шальнова 6 мамыр күні «Анненский кенішінің жұмысшыларына тағы екі – Шығыс-Жезқазған және Оңтүстік кеніштерінің жұмыскерлері қосылды» деп мәлімдеген.

Іле-шала «Қазақмыс» корпорациясының бас директоры Эдуард Огай жұмысшылардың талаптары толығымен орындалатынын айтып, жазбаша келісім бергені хабарланды.

Reuters ақпарат агенттігі мамырдың 6-сы күні «Қазақмыс» корпорациясы жұмысшыларының орташа айлығы – 240 000 теңге (1 мың 622 АҚШ доллары), бұл – елдегі орташа жалақыдан үш есе көп» деген ақпарат таратты.

НИ, КИМ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚМЫС»

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын серіктерінің бірі болған Владимир Ни кезінде «Қазақмыс» корпорациясы директорлар кеңесінің құрамына 
Бизнесмен Владимира Нидің жерлеуі кезінде қойылған портреті. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.Бизнесмен Владимира Нидің жерлеуі кезінде қойылған портреті. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
x
Бизнесмен Владимира Нидің жерлеуі кезінде қойылған портреті. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
Бизнесмен Владимира Нидің жерлеуі кезінде қойылған портреті. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
кірген еді. Владимир Ни қайтыс болған соң Владимир Ким компания акцияларының 11 пайызын Қазақстан үкіметіне сатқан.

Осы оқиғадан соң халықаралық Global Witness ("Глоубал Уитнес") ұйымы «Қазақмыс» басшысының акция сату шешіміне қатысты анық мәлімет сұраған болатын. Ұйым Владимир Ким акцияларын «Қазақмыстың» аз үлесті акционерлерімен кеңеспей сатып жіберді деп жазған.

Қазақстанда «Қазақмыстың» 18 кеніші, 10 кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту өндірістік кешені және 60 мыңдай жұмысшысы бар. Компания 2011 жылы қазған кенінен 299 мың тонна катод мысын өндірген. Бұл – Қазақстанда өндірілетін барлық мыстың 90 пайызы.

Ал Владимир Ким – әлемдегі 2012 жылғы ең бай адамдардың «Форбс» журналы жариялаған тізіміне Қазақстаннан енген үш адамның бірі.

Бұрын Алматыда компартияның аудандық бөлімінде нұсқаушы болған, 2002 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесіне енген, 2005 жылдың қазан айынан бастап «Қазақмыс» тобы директорлар кеңесінің төрағасы болған Владимир Ким 3,5 миллард доллар байлықпен 314-орында тұр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.05.2012 16:47
+0 / -0
Қалай айтсаң, олай айт, бәрі-бір әркім өзінің қанына тартады?
Назарбаев заманы, аузы қисық болса да, "крышалары" барлардың заманы болды.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
12.05.2012 17:23
+0 / -0
Жетпіс пұшты жетпіс жеті атаңның ауызын қу қалмақ қазақ ұлтын келімсектердің табанының астына салып бергенімен қоймай "мә, езгіле!" деп, оларды аспанға көтеріп миллиардер етіп жатыр...
Пікір алмасу

Кімнен: Есен Қайдан: Алматы
13.05.2012 09:25
+0 / -0
Миллиардер еткені үшін оған қайтара беріліп жатқанның қанша екенін кім білсін! Сол үшін де әлгі Ни дегені өлгенде оны жоқтап Алматыға сенат бастығы Қ. Тоқаев бастаған үкіметтік делегация келді, ал Қадыр Мырза Әли мен Тұманбай Молдағалиев қайтыс болғанда, мысалы, ешқайсысы келмеді, Содан-ақ биліктің доллар құлдары екені тағы бір көрінген. Бүгінгі бүкіл биліктің арамтірлік жасаушы чиновниктері, ең жоғарғысынан бастап, мына екі АҚЫННЫҢ тырнағынан садаға кетсін!

Кімнен: ұлтшыл Қайдан: пәбіләдәр
12.05.2012 17:39
+0 / -0
кеи кеиде, мен де ашынам .ашынам дағы тасынам .осы қазақ ел бола алмаиды ау ,деп күнде жатсам да ,тұрсам да оиымнан бір кетер емес.қалаи ел боламыз мына түрімізбен .бүкіл баилықтың тұтқасын келімсектер ұстап отырғанда .аи қазақ құл бола түс .құлдық саған ғана жарасқан.
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
13.05.2012 09:13
+0 / -0
"Ұлтшыл" ағайын, "атаңа нәлет ит қалмақ!" деп ата-бабаларымыз кіжініп, ақырында иттей қыңсылатып қуып тасталғандардың тұқымы, иә, қазақты корейдің, еврейдің мазағына айналдырды. Қарсы шыққанның алдын өлтіртіп, соңын соттатып отыр. Осындайда ашынып үйде жата бергенше 5-10 адам болса да жақтас тауып, не істеу керекті ақылдасқан дұрыс, яғни қимыл жасайық! Қимыл жасалып жатыр, бірақ азбыз, көбейту, көбеюіміз керек. Ізде, ұйымдастыр, қосыл. Наразылық жиынға қатыс, саяси партиялардың, оппозициялық қозғалыстардың басшыларымен кездес, сөйлес.

Кімнен: Ақылшы Қайдан: Ақымақстаннан
12.05.2012 19:48
+0 / -0
Азаттық! Сендерге өтініш, мұсылман еместерге МАРҚҰМ сөзін қолданбаңдар. МАРҚҰМ сөзі тек қайтыс болған мұсылмандарға айтылады! Қайдағы бір будист па шоқынғанба әйтеуір қолдана бермеңдер мұндай сөзді! Мұндай еліміздің жілік майын ішкендерге АЛЛАНЫҢ ЛАНЕТІ БОЛСЫН десек артық болмайды. (марқұм нидің опртреті деп қойыпсыздар), жариялаңыз пікірімді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.05.2012 23:59
+0 / -0
Иә, Марқұм сөзі Мұсылман адамдарға ғана қолданылады.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 00:13
+0 / -0
Жеті милион қазақ шуылдап жұріп бір кәрісті бір сатыға әрең тұсірдік қалған итжеген көкбеттерге қашан қазақша сайратамыз өздері өңшең бастық

Кімнен: Намыс
13.05.2012 00:15
+0 / -0
Қазақстандағы барлық саланы і кәсіпорындарды Назарбаев өзіне шекешелендіріп алған мұна Ким де басқаларыда , жаи әшеиін отырған қуыршақтар , Ел басын баиытып , өздеріде баиып отыр оған дәлел Атыраудағы Шеврон компаниясы 1961 жылы банкротқа ұшырап жабылған оны Американдық Гифен тауып қоқыстан шығарып көкемізге ұсынған , Шевронның шын хозаиыны біздің көкеміз , ал Американдықтар басты ролдегі адамның көмекшілері , қысқаша аиытқанда Назарбаев Қазақстанды оның баилығын өзіне шекешелендіріп алған , оны дәлелдеитін құжаттар Германияда сақтаулы , кезегі келгенде жариаланады . Біз білмеитін шындықтар өз кезегінде ашылады , әзірге өз кезегін күтіп жатыр сол кезде кімнің кім екенін білетін боламыз .

Кімнен: қазақұлы Қайдан: алматы
13.05.2012 01:03
+0 / -0
Кезкелген келімсектерге құл болып кетті қазақтар.Алматыдағы Жібек жолының бойындағы кафе мейрамханалардың бәрі келімсек түріктердікі қаражұмысшылары қазақтар.Бұның бәріне бүгінгі ақша десе отанын сатып жіберетін биліктегілер кінәлі оларда ар намыс атымен жоқ.

Кімнен: қазақ Қайдан: сқо
13.05.2012 03:20
+0 / -0
Азаттық! Ақылшының сөзіне қосыламын,МАРҚҰМ сөзі тек қайтыс болған мұсылмандарға айтылады!

Кімнен: Беймәлім Қайдан: Белгісіз
13.05.2012 10:31
+0 / -0
Reuters ақпарат агенттігі мамырдың 6-сы күні «Қазақмыс» корпорациясы жұмысшыларының орташа айлығы – 240 000 теңге (1 мың 622 АҚШ доллары), бұл – елдегі орташа жалақыдан үш есе көп» деген ақпарат таратты.---------------------------

Жаңаөзен мен Қаражанбасмұнай компанияларындағыдай екі жировка табылып жатырса тіпті де таң қалмаймын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.05.2012 13:56
+0 / -0
Ата-бабаларымыз жерімізді келімсектер үшін қорғаған болып шықтыма ағайын ? Бұларда, билікте біздін пікірімізбен санаспайды, тіпті казакша окымайды да. Осынша байлыкты қазақтың игілігіне жарату үшін ,оны бірінші кезекте қазақтың өзіне қайтарып алу керек. Ол үшін ары таза ұлтжанды азаматтарымызды биліктің жоғарғы жағына топтастыруымыз керек.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Борышкерлер, Eurovision дауы және Pussy Riot

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Иранда президент сайлауынан шеттілген қазіргі президент Махмуд Ахмединежадтың жақтасы кім?