Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:57

САЯСАТ

Мәслихат сайлауында кандидаттар жаппай шеттетілді

2012 жылғы парламент сайлауы кезінде бірқатар кандидаттарды сайлаудан шеттету үшін жаңа әдіс – салық декларациясы пайдаланылды. Азаттық радиосы ұйымдастырған дөңгелек үстел басындағы әңгімеге қатысқандар биліктің бұл әдісті белгілі бір адамдарға қатысты қолданғанын сөз етті.

Сайлау комиссиясының мүшелері дауыс санап жатыр. Астана, 15 қаңтар 2012 жыл
Мәтін көлемі - +

Көптеген кандидаттар сайлау бәсекесіне түсіп үлгермеді. Олар сайлау басталмай жатып, тізімнен шығып қалды. Кандидаттарды партиялық тізім бойынша ғана емес, жергілікті мәслихат сайлауына түскендердің тізімі бойынша да бәсекеден тыс қалдырып жатты.

Кандидаттардың көпшілігі тіркеуден ресми түрде өткеннен кейін «табысы мен мүлкін салық декларациясында жария етпеді, жасырды» деген сылтаумен шеттетілді.

Азаттық радиосы ұйымдастырған дөңгелек үстел  басындағы әңгімеге  тізімнен шығып қалғандар қатарында Астана қалалық мәслихатына кандидат болып тіркелген Талғат Солтыбаев, Алматы қалалық мәслихатына кандидаттыққа тіркелген Бақыт Түменова, Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатына депутаттыққа тіркеліп, депутат атанған Хайдар Қапанов, Талдықорған қалалық мәслихатының бұрынғы және «Нұр Отан» партиясы атынан сайлауға түсіп, қайта сайланған мәслихат депутаты Әли Алпысбаев қатысты.

Дөңгелек үстел басындағы пікірталасқа Талдықорған қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы, «Нұр Отан» партиясының атынан сайлауға түскен Марат Бопазов қатысуы тиіс еді. Басында пікірталасқа қатысуға келіскен ол соңғы сәтте редакцияның қоңырауына жауап бермеді.

ҚҰНЫ 40 ТЕҢГЕЛІК ЕКІ АКЦИЯ

Астана қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің одағы атынан қалалық мәслихатқа депутаттыққа кандидат болып тіркеліп, тізімнен түсіп қалған Талғат Солтыбаев «бұл сайлауға билік өте жақсы дайындалған» деген пікір білдірді.

- Халықтың таңдау жасауға еш мүмкіндігі  болмады: өйткені кандидаттыққа тіркелгендер - бір «нұротандық», өзгелері жай әншейін көз алдау үшін тіркеле салғандар! Бар болғаны сол! - деді ол.
Жергілікті мемлекеттік органдар менде жоқ жер телімін менің атымда деп көрсеткен және әрқайсысы  40 теңгеден тұратын қайдағы бір ПИК-терді жазып қойған.

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатына депутаттыққа кандидат болып тіркеліп, жеңіп шыққан қалалық мәслихат депутаты, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының ректоры Хайдар Қапанов та өткен сайлауға сыни көзқарас білдірді.

Хайдар Қапанов салық комитеттерінің адамның табысы мен мүлкі туралы жалған ақпарат беруі және мұны  жергілікті билік пен сот орындарының қолдауы – биліктің өзіне жақпайтын кандидаттарға көрсетіп отырған саяси қысым технологиясы екенін айтты. Ол соттың үш инстанциясынан өтіп, қазір қадағалау сотына арыз түсіруге дайындалып жатыр.

- Орал қаласында өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде мені, «Әділет» және ЖСДП партиясының кандидаттарын шеттетті. Мәселен, жергілікті мемлекеттік органдар менде жоқ жер телімін менің атымда деп көрсеткен және әрқайсысы 40 теңгеден тұратын қайдағы бір ПИК-терді (жекешелендіру инвестициялық купондарын - ред.) жазып қойған, - дейді ол.

САЙЛАУ ЖӘНЕ ЖАҢАӨЗЕН ҚАСІРЕТІ

Қаңтардың 15-і күні өткен сайлауда Талдықорған қалалық мәслихатына «Нұр Отан» партиясы атынан тіркеліп, қайтадан депутат болып сайланған Әли Алпысбаев ешқандай да заң бұзу болмағанын айтады.

Алматы қалалық мәслихатына депутаттықа түскен Бақыт Түменова мүлде басқаша пікірде. Ол биліктің бұл сайлауға алдын-ала жан-жақты дайындалғанын айтады.

- Мәселен, «Алға» партиясы қанша уақыттан бері тіркеле алмай келеді. Ал олардың  сайлау қарсаңында тіркелмек болған әрекетінің жолы кесілді. Сол сияқты «Халық майданы» қоғамдық бірлестігін  де «Мұндай атауда өзге ұйым бар» деген сылтаумен тіркемеді, - дейді Бақыт Түменова.

ЖАҢА ӘДІС

Бақыт Түменованың пікірінше, салық декларациясы әдісі барлық жерде қолданылды. Оның айтуынша, билік бұл әдісті 2007 жылғы сайлау кезінде Алматы қалалық мәслихатына депуатттықа кандидат болып тіркелген заңгер Сергей Уткинге қарсы пайдаланған. Заңгердің атында салық декларациясында «жария етілмеген пәтер бар» деп, сайлау додасынан шеттеткен болатын. Шын мәнінде, ол пәтер Уткиннің атында емес еді. Билік енді бүгін осы әдісті кең ауқымда пайдаланып отыр.
Жаңаөзенде «Нұр Отаннан» өзге бірде-бір саяси партия сайлауалды үгіт-насихат жасай алмады.

- Биылғы сайлаудың  осыған дейінгі  сайлаулардан тағы бір өзгешелігі – Жаңаөзендегі қасіретке, онда төтенше жағдай жариялануына қарамастан, сайлау өткізілуі болды, - дейді Түменова. - Жаңаөзенде «Нұр Отаннан» өзге бірде-бір саяси партия сайлауалды үгіт-насихат жасай алмады.


«НҰР ОТАНҒА» ҚАТЫСТЫ ЕРЕКШЕ КӨЗҚАРАС

Талғат Солтыбаев өзінің атындағы 729 теңге мен әйелінің атындағы 33 теңгені «жасырып, салық декларациясында көрсетпегені үшін» кандидаттық тізімнен алынып тасталған. Сөйте тұра билік орындары кандидаттың салық декларациясын тапсыруына қатысты өздері де заңға қайшы әрекет жасаған.

Мәселен, президенттік «Нұр Отан» партиясының атынан Астана қалалық мәслихатына депутаттыққа түскен кандидаттың қосымша декларация тапсыруына салық комитеті мүмкіндік жасаған.
Бірінші тапсырған декларацияда Ерлан Сыдықов өз атына тіркелген пәтерді,  банктегі есепшотта  доллар және теңгемен жатқан қаржысы барын көрсетуді «ұмытып кеткен»...

Талғат Солтыбаев сондай кандидаттардың бірі – Ерлан Сыдықовқа қатысты дәлел-құжаты бар екенін айтады. Бұл құжат бойынша, Ерлан Сыдықов 29 желтоқсан күні қосымша декларация тапсырған. Себебі бірінші тапсырған декларацияда ол өзінің атына тіркелген пәтерді,  банктегі есепшотта доллар және теңгемен жатқан қаржысы барын көрсетуді «ұмытып кеткен».
Бұл құжаттардың көшірмесін Талғат Солтыбаев  жергілікті салық комитеті мен прокуратура, сотқа тапсырған. Ауған соғысының ардагері «Олардың бәрі мұндай заң бұзушылыққа көз жұма қарады» дейді.

- Бұл істе олар бір команда сияқты...  Салық комитеті заң бұзады, қалалық инспекция бұған жол береді, прокуратура мұны көрмейді, сот шағымыңды назарға алмайды. Бұл нені білдіреді? Бұл біздің елдегі жемқорлықтың  қаншалықты кең қанат жайғанын көрсетеді, - дейді ол.

Дөңгелек үстелдің аудио нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша тыңдауға болады:
Мәслихат сайлауында кандидаттар жаппай шеттетілді



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
19.01.2012 00:37
+0 / -0
атын өшкір Ұры отан сендерді кіл жағымпаздарды құдай атады көріндерде тұрындар ак пен караны айырып білетін таніріміз Алла бар жазаларынды беріп аяк колдарын келесіде акшага жетпейтіндей сал мүгедек кылады сендерді кіл жәрбакөштер

Кімнен: пролд
19.01.2012 10:32
+0 / -0
Халықтың қарғысына бөленіңдер!!! Төрт метр ақ матаға оранып, екі метр үйіңе кіргенде, не деп жауап береді екенсіңдер!

Кімнен: тазалықты аңсаған адам Қайдан: былғанған жерден
19.01.2012 20:49
+0 / -0
Нұр Отан партиясы осы жолы сайлауда екінші болып келген ОСДП партиясымен парламентте бірге болудан қорықты. Анығында; егер де, госслужбадағылар мен "арам қатқыр мұғалімсымақтар", сол сияқты "құйыршықтар" көмектеспегенде, кім біледі, Нұр Отан да парламентке өте алмай қалған болар еді. ОСДП партиясын негізінде барлық халық жақтайды. Барлығы да тура да таза болғанды, шындық жолмен жүргенді қалайды емес пе? Сұрасаңыз, барлық адамдар солай деп жауап береді. Ал, шындықты жақтайтын кезде тайқып, құйыршық болып, сол ұрылардың соңынан еріп кете барады. Бұл - олардың шындықты айтуға, тіпті өзі үшін шындықты айтуға дәттерінің бармайтыны, жүрексіз, сайқымазақ екендіктерін көрсетеді. Осы істеп отырғандары үшін ол дүниеде де, бұл дүниеде де жауап беретіндерін, яғни әрбір істеген ісіңнің жауабы болатынын білмейтін болар деп ойлаймын. Осындай істі 1-2-3 адам ғана жасаса, мемлекеттік масштабта ол түк те емес, ал, қоғам болып жасалған осындай істердің арты үлкен қайғы-қасіретке ұшыратады. Оның масштабы да үлкен болмақ. Одан құтылу мүмкін болмайды. Авось, меня пронесет. Я не виновата ни в чем. Меня заставляли же, я не по собственной воле делал ,-деп ойлауы мүмкін әрбір адамның. Бірақ, ақиқаты сол - ол кезде еш кешірім болмайды және құтылып қалам, аман болам деген болмайды. Бұл - табиғаттың заңы. Алланың қаһарына ұшырады деген сол болады. Бірақ, ол кезде, бәрі уже кеш болады. Сөйтіп, адам баласы өмір бойы ештеңе түсінбей, малғұндықпен күн кешеді.

Кімнен: Алмабек Ақтайлақұлы Қайдан: Астана қаласы
20.01.2012 03:53
+0 / -0
Құрметті Ауған соғысының ардагері Талғат Солтыбаев Ерлан Сыдықов барлық жағдайлардан иммунитеті/ яғни қорғаныс қабаты/бар адам. Ол адамға тиісуге болмайды.Ағамыз Президентті мәңгілік етуге бастама көтерген адам.Сонысы үшін ЕҰУ - ң ректорлығын қалпағымен қағып түсіріп алған.Ах ах ах ах ауууууууууууууууу ай.