Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 17:59


БАС ТАҚЫРЫПТАР

Ғашықтар күнінде жеңімпазды қыздың өзі таңдады

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Зүбайыр ауылының оқушылары Семей қаласына келіп, Федор Достоевскийдің мұражайы қызметкерлері ұйымдастырған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күні - ғашықтар мерекесіне қатысты.

Орыс жазушысы Федор Достоевскийдің мұражайы ұйымдастырған ғашықтар мерекесі - Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күнін атап өткен оқушылар ұлттық киіммен дастарханда отыр. Семей, 17 сәуір 2012 жыл. Суретті Татьяна Титаева түсірген.
Орыс жазушысы Федор Достоевскийдің мұражайы ұйымдастырған ғашықтар мерекесі - Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күнін атап өткен оқушылар ұлттық киіммен дастарханда отыр. Семей, 17 сәуір 2012 жыл. Суретті Татьяна Титаева түсірген.
Мәтін көлемі - +
Мұражай қызметкерлері мерекені сайыс түрінде ұйымдастырды. Шарт бойынша жігіттер «Қозы Көрпеш» атағына таласты.  

«АРУДЫҢ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ» 

Сәуірдің 17-сі күні қазақ эпосының кейіпкерлерінің есімдерін иеленіп, арулардың назарын аудару үшін додаға түскен жастар өздерінің тапқырлығын танытып, ақындық шабыттарын көрсетті.
Ғашықтар мерекесіне қатысушы жастар алтыбақан тепті. Семей, 17 сәуір 2012 жыл. Суретті Татьяна Титаева түсірген.Ғашықтар мерекесіне қатысушы жастар алтыбақан тепті. Семей, 17 сәуір 2012 жыл. Суретті Татьяна Титаева түсірген.
x
Ғашықтар мерекесіне қатысушы жастар алтыбақан тепті. Семей, 17 сәуір 2012 жыл. Суретті Татьяна Титаева түсірген.
Ғашықтар мерекесіне қатысушы жастар алтыбақан тепті. Семей, 17 сәуір 2012 жыл. Суретті Татьяна Титаева түсірген.

Мұражай маманы Салтанат Сексембаева Азаттық радиосына «Жігіттер ұлттық ойындарда ептілік танытып, махаббат туралы өлеңдерін оқып, өздері жасаған ғашықтар мерекесінің эмблемасын көрермен талқысына ұсынуы тиіс» деген еді.

Қыздар арасындағы сайыстың үш кезеңінің қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Гүлмира Хисамутдинова «Баян Сұлу» атанды. Гүлмира жігіттер жағындағы сайыста алға шығып, «Қозы Көрпеш» атағына лайық болған екі үміткердің бірін таңдады. Арудың жүрек қалауы 11-сынып оқушысы Архат Бағдатовқа түсті.

«ҚОЗЫ МЕН БАЯН»

Сайыстан кейін «өрімдей Қозы мен Баянның арасында бір-біріне деген риясыз сезімнің ұшқыны тұтанғанын» байқаған мұражай қызметкерлері «Мұражайдың кіре берісінде орнатылған алтыбақанға дейін екеуі жұп жазбай, қол ұстасып барғанын, ал мерекелік дастархан басында нәр татпастан бір-біріне ұрлана көз тастап, жымиып отырғандарын» айтты. 
Бұл сайыс ұлттық дәстүрімізге сай, мәнді де сәнді өтті.

Ғашықтар күнінде сайысқа қатысқан 11-сынып оқушысы Бауыржан Меңдекеев «жеңіліп қалғаныма онша қапаланған жоқпын, ең бастысы - мерекеге қатысып, достарына демеу көрсеттім» дейді. 

 - Бұл сайыс ұлттық дәстүрімізге сай, мәнді де сәнді өтті, - деген Бауыржан «бұл кеште көрермендер де, сайысқа қатысушылар да махаббат үшін құрбан болған эпос кейіпкерлерін еске алғанын, қос ғашықтың сезімге адалдығы мен сертке беріктігін құрметтейтінін» айтты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Әбен ақсақл Қайдан: Алиаты
19.04.2012 19:18
+0 / -0
Қазіргі заманның Қозысы мен Баянын көріп жүрсеңіздер, бақытты екенсіздер. Ал менің күнде көріп жүргенім--мүлде басқа көрініс. Әңгіме мынада боп тұр : менің үйімнің маңында екі вуз және бір колледж орналасқан. Әлгілердің студенттері ауламыздағы балалар алаңын түгел жаулап алды. Ол ештеңе емес қой, ал енді істемейтіндері жоқ : шылым тартады, шулап қыз-ойнақ жасайды.Оған да көндіккен сияқтымыз.Ең сорақысы-кіреберістерде бірін бірі айқастыра құшақтап алып ұзақ уақыт сүйісіп тұратындары..Жанынан қариялар өтсе, оларға пысқырып та қарамайды. Негізінен әлгі жігіттердің мойнына асылып тұрғандар--өрімдей қазақ қыздары. Сендер болса,Қозы мен Баянды іздейсіңдер... Біз, қазақ халқы, қыз тәрбиелеуді қолдан шығарып алдық, қыздарды бетімен жібердік. Бабаларымыздың "Қызға --қырық үйден тыю", деген ұлы қағидасын күресінге тастадық. Қызы бұзылған елдің болашағы не болмақ.. Мұндай "ұсақ" мәселе ел көсемдерін толғантып жатқан жоқ. "Келін", "Пәктен айрылу" сияқты аморалдық фильмдердің Қазақстанда шығарылуы (Өзбекстанда, Татарстанда, Әзербайжанда, т.б., емес ) тегіннен тегін емес шығар... Осыны жазып шаршап, терезеге барып қарап едім :екі жұп (Қозы мен Баян, оған Төлеген мен Қыз Жібек қосылған ғой ) айқара құшақтасып бір-бірімен сүйісіп тұр. Анау қыздардың әке-шешесі қызымыз оқуда білім алып жатыр деп мәз боп жүрген шығар.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?