Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:59

САЯСАТ

Мәңгілік президент туралы профессор Байдосовтың ұсынысын Қалетаев қолдайды

«Нұр Отан» Назарбаевтың өмірлік президент болуын қарастыратын «Ұлт көшбасшысы» туралы конституциялық заң қабылдауды ұсынбақ ниетте. Бұл туралы партия төрағасының орынбасары Дархан Қалетаев мәлімдеді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы президенттік сайлау алдындағы сайлаушылармен кездесулердің бірі.(Сурет ресми сайттан алынды)
x
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы президенттік сайлау алдындағы сайлаушылармен кездесулердің бірі.(Сурет ресми сайттан алынды)
Мәтін көлемі - +
«Біз бірқатар сарапшыларды шақырып, «Ұлт көшбасшысы» туралы конституциялық заң қабылдау жөнінде ақылдасуды ұсынып отырмыз. Онда мемлекет басшысының мәртебесіне қатысты барлық жайттар қарастырылады, соның ішінде өмір бойғы президенттік мәселесінің заңдық нормаларын да бекітуге болады», – деді Қалетаев.

Оның пайымдауынша, «Н. Назарбаев Ата заң бойынша өз міндетін атқарып жатқан жай ғана президент емес, елдің көсемі ретінде мойындалған басшы». Сондықтан, Д.Қалетаев президент өкілеттілігінің мерзімсіз болуына емес, «оның қоғамдық дәрежесі мен конституциялық дәрежесін салыстыруға» назар аудару керек деген пікір айтады.

«Нұр Отан» ХДП төрағасы бірінші орынбасарының айтуынша, бұл ұсыныс төменнен түсіп жатқандықтан қолдауға ие болып отыр.

«Бұл ұсынысты кең ауқымды мағынада қарастыру қажет. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бүгінгі басшысы ғана емес, ол елдің, ұлттың, халықтың көшбасшысы. Сондықтан мұндай мәселелер тек оның өмір бойғы президенттігімен ғана шектелмеуі қажет», – деді Д.Қалетаев.

ОРТА ҒАСЫРҒА ШЕГІНІС


«Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы екенін айтады.

– Олар қазір бұл заңды өткізіп жібермек. Бұл қандай да бір жетістіктерге қатысты емес. Керісінше, биліктің, «Нұр Отан» партиясының, керек десеңіз президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да осалдығынан. Барлық нәрсенің президент келісімімен жасалатынын ескерсек, бұл да Назарбаевтың өзімен келісілген шаруа, – дейді Б.Әбілов.

Сондай-ақ, Б.Әбіловтың пікірінше, бұл сайлау өткізуді қажетсінбеудің көрінісі. «Сайлаудың әділ өтпейтіні айтпаса да түсінікті, қайтадан 91 пайыз деп көрсету керек. Осылайша жағдайды күрделендіріп, президенттің жүйкесін тоздырғанша, оны мәңгілік етіп сайлап қойған тиімдірек», – дейді ол.

– Уақыт өте, президенттің еңбегін тек оның ұрпағы ғана бағалай алады. Ал біз, замандастары оның еңбегін әртүрлі бағалаймыз. Сондықтан мен президенттік партияның бұл ұсынысын Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің алдында бола тұрып, орта ғасырға шегініп бара жатқаны деп бағалаймын, – дейді «Азат» партиясының жетекшісі Болат Әбілов.

"ПАРТИЯНЫҢ КЕҢСЕСІНДЕ ЕМЕС, ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАРАЛУЫ ТИІС..."

– Біздің алғашқы президентіміз де, алғашқы президент туралы заңымыз да бар. Мен «ұлттың көшбасшысы» деген сөздің мағынасын түсінбеймін. Заңда мұндай аппарат жоқ. Жалпы мұндай шешімдердің партия кеңсесінде емес, Парламентте талқыланып, шешілуі керек деп есептеймін, – дейді сенатор Ғани Қасымов.

Ал сенатордың аттасы, «Ауыл» партиясының жетекшісі Ғани Қалиев болса, президенттік партияның ұсынысына қатысты пікір айтудан мүлде бас тартты.

– Мен бұл сұраққа қатысты ешнәрсе айтпаймын, басқалардан сұрап көріңдер, – деді біздің радиомызға Ғ.Қалиев.

"ЗАҢ АЛДЫМЫЗҒА КЕЛІП ЖАТСА, КӨРЕРМІЗ"

Дархан Қалетаевтың айтқан ойы жүзеге асып, Нұрсұлтан Назарбаевтың мәңгілік президент болуына жол ашатын конституциялық заң жобасы дайындалар болса, Қазақстанның бірпартиялық парламенті не істемек?

– Мен қазір ол мәлімдемемен толық таныс емеспін. Ертең басылым бетіне шықсын, сосын танысып, сізге жауап берейін, – деді біздің радиомызға депутат Алдан Смайылов.

– Мен ол жайында естіген жоқпын, алайда біз өзімізге келетін барлық заң жобаларын қарауға міндеттіміз. Сондықтан ол заңды да қарайтын шығармыз. Дегенмен, мен бұған қатысты дәл қазір түсініктеме бермей-ақ қояйын, – деді депутат Уалихан Қалижан.

Қазіргі мемлекет басшысына өмірлік президент өкілеттігін беру туралы бастаманы 10 қыркүйек күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде профессор Закратдин Байдосов көтерген болатын.

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, халық әрдайым Сіз үшін дауыс береді. Сіз әрқашан халық игілігі және күллі еліміз үшін қызмет жасайсыз. Біз болашақта президенттік сайлауды өткізудің қажеті жоқ деп есептейміз. Сіз Қазақстанды басқаруыңыз және әрқашан елімізге басшылық жасай беруіңіз керек. Конституцияға тиісті өзгертулер енгізу қажет, - деді тарих ғылымдарының докторы Байдосов.

Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы президенті болып сайланды. 2005 жылдың 4-ші желтоқсанындағы президенттік сайлауда жеті жылдық мерзімге қайта сайланды. Қазақстан заңына сәйкес, кезекті президент сайлауы 2012 жылы өтуі тиіс.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
14.09.2009 21:32
+0 / -0
Негізі өмірінің соңына дейін таққа отыру мәселесі жоғарғы қарқынмен іске асырылып жатқандай. Жалпы, сайлау өткізбеу деген халқын сыйламау деген пікір емес пе? Қанша дегенмен жаман-жақсы болсын халқына көсем болып отыр, демек ол халықтың басшысына өз деріне тиеселі мүмкіндіктері мен құқықтарын тұншықтырмау керек қой.
Жалпы айтсам, тәуелсіздікті алған жылдардан осы кезге дейін еліміз қалып қойды деп айтпаймын, алайда еліміздің дамуы заңдылық, себебі біздің жеріміз бай. Дегенмен, парасатты көсемнің болғаны дұрыс әрине.

Жалпы, өмірлік таққа отыру қай сипатқа ие екен? Қазіргі президенттің құдіреттілігі ме, әлде таққа отыруға басқа қазақ ұлы лайықсыз ба?

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
14.09.2009 21:50
+0 / -0
Жарайды сайлансын!

Кімнен: Сырым Қайдан: Мұхтар Әуезовтан
14.09.2009 22:46
+0 / -0
Шатасқаның ғой,Қарагөз!

Кімнен: Тәңірберген Қайдан: Алматы
14.09.2009 23:12
+0 / -0
Дархан күллі қазақтың атынан дархандық жасағаны ғой, әлде ... Мына қарқынмен аэропортты қойып біздің елдің аты да Нұрекеңнің атымен аталып кете ме деп ойлаймын. Жоғарыдағылардың барлығы дерлік өзінің жылы орнынан айырылып қалмау туралы ғана ойлайды. Бір пысықайлар "Нұрлы көш" десе, енді бірі "Нұр Отан" дей салады... Қазақтың қамын жеген басшыны көрсем көзім шықсын. Бәрі құлқынның құлы... Сонда біздің мемлекетіміздің бағыты қалай, қайда жөнеп барады? 20 жылдың ішінде араб мемлекеттері мұнайдың арқасында гүлденіп шыға келді, ал біз ше? Бірінші президентіміздің өзі де 20 жыл басқарды... Ата Заң деп ауыз толтырып айтудың өзі ұяттау болып тұр. Енді оған мына бір заңсымақты қоса салмақшы... Кең даланың төсінде еркін жүрген қазақ енді міне құрсауда.., үйкүшік боп бара ма қалай,өзі? Коммунистер бел омыртқасын үзіп жіберді-ау сірә. Дархан, Сәт(генерал), Закратдин тәрізділер көбейіп, көзі ашық қазақ азайғаны ма?! Енді міне, сайлауды да айналып кетіп өмір бойы президент болмақшы. Содан кейін бізде ХХ съезд болады... Ары қарай Хрущевтың жылымығы... Күндердің-күнінде "Нұр Отан" партиясына тыйым салынатын шығар...

Кімнен: Жантық Қайдан: Қалмакия
15.09.2009 01:05
+0 / -0
Назарбаев өліп қалса да, ол біздің президентіміз деп, табытына табынып отыра берейік

Кімнен: Нұржан Қайдан: Еуропа
15.09.2009 02:30
+0 / -0
Ешбір ел мәңгі басқарушымен гулденбеген. Америкада 18 ғасырда тұңғыш президент 2 мерзімнен кейін кеткен. Ал қазір 21 ғасыр. Бұл қадам мемлекетті кері апарады. Система адамдарға тәуелді болмау керек. Тарихта жақсы атпен қалмайтын болды елбасы.

Кімнен: Нұржан Қайдан: Еуропа
15.09.2009 02:34
+0 / -0
Bul kadam memleketti keri aparadi. Kazir 21 gasir demokratialik kogam gana progresske aparadi. Al eger elbasi zandi siylamasa kalaysha karapaim tulgalar zandi siylaidi? Amerika'da 18 gasirda tungish president George Washington 2 merzimnen kein ketken. Al kazir 21 gasir. Sistema adamdarga taueldi bolmau kerek. Sonda gana elimiz kushti boladi. Kazir Lenin jane Stalinnin eskertkishteri kaida? Eshkandai memleket mangi baskarushimen damimagan jane guldenbegen. Sonda bizdi Kazakhstan halkin mal dep esepteidi ma? Men tolik karsimin. Negizi elbasi kazir zansiz bilikte. Uyati jok eken.

Кімнен: Нұржан Қайдан: Еуропа
15.09.2009 02:35
+0 / -0
Esh uyattari jok eken...

Кімнен: нур Қайдан: алматы
15.09.2009 09:20
+0 / -0
Жол картасы не үшін керек болды десек, осы үшін екен ғой. Халыққа ауыл жылы деп 3 жыл бойы айқалағанда жасалмаған жақсылық, осындай кризис тұсында жасалуына таң қалып жүргеніміз рас еді. Сөйтсек, оның астары енді түсінікті болды. Сенген сиырымыз сол болса, күйсеген аузы қисайсын.

Кімнен: Қалман Қайдан: батыс
15.09.2009 09:57
+0 / -0
қазақтар-ау, қайда барасыңдар?! үйдегі түрік мылжыңдарын езіп отыра бергенше,жан-жақтарына қарасаңдаршы! бұлар не бүлдірейін деп жатыр,сендермен санасуды мүлде қойды ғой."мәңгілік патша" дегенді қайдан шығарды?!Бізге өзгеріс қажет, өзгеріс!!!!! жантықтардың жағымпаздануынан өзімді үш рет ататын шығармын...

Кімнен: Пенде Қайдан: Астана
15.09.2009 10:08
+0 / -0
Айтар сөз жоқ!!! Маған бәрінен бұрын бүгін осындай жағымпаздықпен жарысып жүргендер (ертең ғұмыр болса әрине) ертеңгі мемуарларында қалай ақтаталар екен деген ой қызықтырақ....

Кімнен: Ол
15.09.2009 13:31
+0 / -0
Оттаған мақала, мәңгілік ешкім жоқ.

Кімнен: Ол Қайдан: батыстан
15.09.2009 13:37
+0 / -0
Оттаған сөз, мәңгілік ешкім жоқ

Кімнен: Өмірбай Қайдан: Бейнеу
15.09.2009 13:58
+0 / -0
Адам мәңгі өмір сүре алмайтыны белгілі. Олай болатын болса, мәңгілік президент атауын өзгерту керек, мысалы "өлгенше президент" деген сияқты. Ал "мәңгі президент" деген сөз, өлген соң да президент бола беру дегенді білдірмей ма? Сонда Қазақстанды бір кездері өлік президент басқара ма? Ол қалай жүзеге асады? Түсінбедім

Кімнен: Алекс Қайдан: оттуда
15.09.2009 14:19
+0 / -0
Калетаев и Нуротан НУРЖ...ПА!!

Кімнен: Әбдірашит Қайдан: Алматы
15.09.2009 16:36
+0 / -0
Қазақстан Конституциясын жағымпаздардың шұлғауына айналдыруға жол бермейік!!!

Кімнен: Инабат Қайдан: Астана
15.09.2009 17:05
+0 / -0
НАН-ның өзі қалай ойлайды екен?

Кімнен: Сыр қазағы Қайдан: Қызылорда
15.09.2009 19:17
+0 / -0
Бұл мәселеге менің көзқарасымды сұраған ешкім жоқ. Ал мен сияқтылар бірнеше миллион.

Кімнен: Медгат
15.09.2009 19:43
+0 / -0
назарбаев заңнан үлкен емес

Кімнен: Handas Қайдан: Shetelden
16.09.2009 09:59
+0 / -0
Mening pikirim: NAN de jele ornen heymasa, Bugin'gi Japon eli ohsas patxaleh ornatep, eldi Okimetke bashartep, Ozi jane keyin'gi urpahtare mangi patxalegen jalgastersa ...
Ay haydam,ogan da eraze bolmayten bolar...
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі